Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_normativti__1179_aza_1179_tili.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Фонетика

Фонетиканың зерттеу нысанасы туралы түсінік. Дыбыс, әріп, алфавит: сөз тіл дыбыстарының жиынтығынан қалыптасатындығы, әріп – тіл дыбыстарының жазудағы шартты таңбасы болатыны, алфавит - әріптердің жүйелі тәртіпке негізделген жиынтығы екендігі. Алфавиттегі әріптердің саны мен қазақ тіліндегі дыбыстардың саны арасындағы сәйкессіздіктерді анықтау: орыс тілінен және орыс тілі арқылы еуропалық тілдерден, оның ішінде ағылшын тілінен енген сөздерде ғана жазылатын әріптер; э, ю, я, ё әріптерінің дыбыстық мәні, дауысты у мен дауыссыз у дыбыстарының бір таңбамен жазылатыны (ту, тау т.б.).

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Дауысты және дауыссыз дыбыстар (вокализм, консонантизм). Дауысты дыбыстардың тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай жіктелуі (жуан және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік езулік дауыстылар). Дауысты дыбыстардың емлесі.

Дауыссыз дыбыстар, олардың жіктелуі: қатаң, ұяң, үнді дауыссыздар. Айтылу жолына, жасалу жолына қарай түрлері (эксплозив, фрикатив, альвеоляр; лабиаль, денталь, лингваль, фрикатив). Дауыссыз дыбыстардың емлесі.

Сатылай комплексті талдау. Қазақ тіліндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру үлгісі. Тіл дыбыстарының жүйесі, жасалуы мен айтылу ерекшеліктері, дауысты, дауыссыз дыбыстардың өзіне тән белгілері, түрлері математикалық тәсілмен өрнектелетіні.

Дыбыстарды математикалық тәсілмен талдау барысында дыбыстардың бір-бірімен ұқсастықтары, өзара жақындықтары сараланып, бөлшектің алымы мен бөліміне белгілі тәртіппен орналастырылатыны.

Буын, оның түрлері. Тасымал. Буынның тасымалға қатысы. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар. Екпін (акцентуация), оның түрлері. Қазақ тіліндегі екпін орнының тұрақтылығы. Екпін түспейтін қосымшалар.

Үндестік заңы. Буын үндестігі (сингармонизм) – сөздегі дауысты дыбыстардың үндесуіне байланысты заңдылық. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. Аралас буындар (беташар, қасірет).

Дыбыс үндестігі (ассимиляция), оның түрлері. Ілгерінді (прогессивті), кейінді (регрессивті), тоғыспалы ықпал. Дыбыс үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. Дыбыс үндестігіне қатысты орфоэпиялық және орфографиялық нормалар.

Сатылай сатылай комплексті талдау. Сөзге фонологиялық талдау сызбасы. Сөздің айтылу, жасалу, жазылу жолына жуан, жіңішке және аралас болып келетіні. Буын, оның түрлері, тасымал заңдылықтары, екпін және екпін түспейтін қосымшалар, буын үндестігі мен дыбыс үндестігі (ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал) жүйелі түрде бірінен-бірі туындап сатылап талданатыны.

Лексика

Сөз және оның мағынасы лексиканың қарастыратын мәселелеріне жататындығы. Сөздің негізі лексикалық мағына, ал сөйлемдегі өзара қатынасы грамматикалық мағына екендігі. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы, сөз мағынасын ауыстырып қолдану жолдары. Сөздің көп мағыналылығы. Полисемияның бірі ғана сөз табына қатыстылығы және бір негізден тарайтындығы.

Омоним. Омоним сөздер мен көп мағыналы сөздердің белгілері, айырмашылықтары. Омонимдер мен омографтар жайында түсінік.

Синоним. Синонимдік қатар, ондағы сөздердің мағыналық, реңктік ерекшеліктері. Синонимдердің бірі ғана сөз табына қатыстылығы.

Антонимдер. Антонимдердің ойды анықтап, көркемдеп, әсерлі жеткізудегі мәні. Полисемияға, синонимдерге, омонимдерге қатысы.

Тұрақты сөз тіркестері, олардың өзіндік ерекшеліктері. Идиомалық пен фразалық тіркестер. Мақал-мәтелдер, олардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылығы, тәрбиелік мәні. Мәтелдердің фразеологизмдермен ұқсатығы орны. Табу сөздердің пайда болу жолдары. Дисфемизмнің әдеби тілге жатпайтыны. Сөздің актив, пассив кабаттары. Диалект сөздер, олардың тіл мәдениетіне қатысы, әдеби тілге жатпайтындығы. Кәсіби сөздер, қолданылу орны, термин сөздерге жақындығы. Термин сөздер, олардың жасалу жолдары. Кірме сөздер. Араб-парсы тілдерінен және орыс тілінен енген сөздердің дыбыстық өзгерісі.

Сатылай комплекесті талдау. Берілген сөзге лексикалық сатылай комплексті талдау сызбасы. Сөйлемдегі сөздердің семантикалық негізде: атауыш (номинатив) немесе тура мағнасын, сөздің шығу тегіне қарай мағынаның түрлерін; сөздердің тіркесу сипатына байланысты мағынаның түрлерін айқындау, лексиканың құрамы негізінде: сөздердің қолданылу сипатына қарай түрлерін; сөздің сөздікте анықтау жолдары сызба бойынша талданатыны.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]