- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш.Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
- •Мазмұны
- •Фонетика
- •Лексика
- •Морфология
- •Сөз таптары
- •Синтаксис
- •Тіл ұстарту жұмыстары.
- •Студенттердің өздік жұмысы (сөж)
- •Соөж тақырыптары.
- •Әдебиеттер
- •Силлабус (syllabus)
- •Пән мазмұны Пән модульдері Пән модульдері мен олардың көлемін бөлу (сағатпен)
- •Технологиялық карта
- •Іү тарау
- •Пәннің әдебиетпен қамтылу картасы
- •1.6. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •1.8. Курстың саясаты және процедурасы.
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1.Пәннің тақырыптық жоспары
- •2.2 Студенттедің өзіндік жұмысының тақырыптары
- •2. 3. Модуль бойынша аралық бақылау мен қорытынды бақылау (емтихан) сұрақтары
- •2.3.1. Модуль бойынша аралық бақылау сұрақтары
- •2.3.2. Модуль бойынша аралық бақылау сұрақтары
- •2.5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •2.5.1. Негізгі әдебиет
- •2.5.2. Қосымша әдебиет
- •1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі
- •2. Буын, тасымал, екпін, дауыс ырғағы
- •Автомобиль тарихынан
- •3.Үндестік заңы
- •Қарағанды көмірін кім тапты?
- •Лексика. Сөз және мағына. Сөздің көп мағыналылығы
- •Мәтіннен ауыспалы мағыналы сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіріңіз.
- •3. Сөздіктен төмендегi сөздердiң синонимдерiн тауып жазыңыздар. Сол синонимдерді пайдалана отырып, сөйлем құраңыз.
- •Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысты.
- •Фразеологизмдер және оларға ұйытқы сөздер
- •Фразеологизмдердің сөз табына қатысты
- •Фразеологизмдердің көп мағыналығы
- •Фразеологиялық синонимдер
- •Фразеологиялық антонимдер
- •Фразеологиялық варианттар
- •Фразеологизмдердің шығу арналары
- •Қайран, Бетпақдала, құлазып қалдың-ау!
- •6. Кәсіби сөздер. Кірме сөздер
- •Диалектизмдер. Көнерген сөздер. Неологизмдер. Термин сөздер
- •Қазақ тілінің лексикографиясы
- •Морфология. Сөз құрамы
- •Оның ғылыми еңбектері кен орындарын ашық әдіспен зерттеудің теориясы мен тәжірибесінің маңызды мәселелеріне арналған 100-ден аса ғылыми еңбектері бар.
- •Қазіргі кезде қысқарған сөздерді тауып, олармен сөйлем құрастырып жазыңыздар.
- •12. Синтаксис
- •Сөздердің синтаксистік байланысы
- •Аналитикалық тәсіл
- •1.Мәтіннен есімді сөз тіркестерін теріп жазыңыздар
- •2. Мәтіннен етістікті сөз тіркестерін топтап жазыңыздар
- •3. Мәтіндегі сөз тіркестерін түрлеріне, құрамына, байланысу формалары мен тәсілдеріне талдау жасаңыздар.
- •13. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері
- •Бастауыш
- •Күрделі және үйірлі бастауыштар
- •Баяндауыш
- •14. Жай сөйлем, түрлері
- •1. Мәтінмен танысып, өз тарапыңыздан жаңа ақпараттар қосып, бірнеше хабарлы сөйлем құрастырып жазыңыздар.
- •2. Мәтіндегі хабарлы сөйлемдерді бұйрықты сөйлемдерге айналдырып, нақышына келтіріп оқыңыздар.
- •3. Бірнеше толымсыз, атаулы сөйлемдер құрастырып жазыңыздар
- •15. Құрмалас сөйлем, түрлері
- •Нормативті қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары
Фразеологизмдер және оларға ұйытқы сөздер
Тұрақты сөз тіркестері мен күрделі сөздер сөздікте берілгенде, бірінші сөздің әліппелік тәртібіне қарай орналастырылады. Фразеологизмдердің бірінші сөзі көп жағдайда ұйытқы сөз деп аталады.
Әсіресе сын есімдерден (ақ, ала, көк, қара, қызыл), сан есімдерден (бір,екі,үш, он, он екі, қырық, мың), бірлі жарым етістіктерден болған ұйытқы сөздер әрқашан фразеологизмдердің бірінші сөзі болып жұмсалады.
Мысалы: ақмаржан, ақ жауын, көк майса, бір ұғым, есі жүзді, қырық жамау, өлер жері, өлгенше жақсы көреді, ішкен асын жерге қояды т.б.
Ұйытқы сөз фразеологизмдердің бірінші сөзі болып келуі басты шарт болып табылмайды. Екі компонентті зат есімнен болған фразеологизмде ұйытқы сөз бірінші болып та, соңынан екінші болып та тұра береді. Дегенмен, ұйытқы сөз фразеологизмдердің бірінші (басқы) компоненті болып қолданылды өте жиі ұшырасатындығын жоққа шығаруға болмайды. Мұны мына төмендегі фразеологизмдердің құрылым-құрылсынан айқын көруге болады.
Мысалы: «бел» сөзіне қатысты фразеологизмдер. Есім фразеологизмдер: а) қынама бел, бұраң бел, құмырсқа бел, асқар бел, аш бел т.б. ә) бел бала, бел құда, бел орақ, белі жоқ, бел орта.
Етістік фразеологизмдер: бел алды, бел байлайды, бел буды, бел қайысты, бел бүкпеді, бел жазды, белі ауырмайды т.б.
Тілдегі кез келген сөз фразеологизмдерге ұйытқы сөз бола алмайды. Халықтың өзімен қоса жасасып келе жатқан байырғы сөздік қордағы сөздері ғана ұйытқы сөз бола алады.
Фразеологизмдердің сөз табына қатысты
Белгілі бір ұғымды бір сөзбен де, екіншісіне одан көп сөздердің жымдасып келіп, жанама мағынада айтылуы арқылы да білідруге болады. Тұрақты тіркестерге тән ортақ қасиет бұлардың құрамындағы сөздер дараланбай, мағынаның тұтастығы мен бірлігіне бағынышты, әрі тәуелді болады да, бір сөздің орнына жүреді. Мәселен, араға от жақты деген идиалының мағынасы араздастыру, жауластыру деген ұғымды білдіреді. Фразеологизмдер мағына жағынан бір ұғымды білдіріп, бір сөздің орнына жүргендіктен, сөйлем ішінде бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрады. Олай болса, әрбір тұрақты тіркес белгілі бір сөз табына бағынышты болады деген сөз. Мысалы: көзді ашып жұмғанша дегеннен тез жылдам деген мағынаны түсінеміз. Бұл мағына үстеуге қатысты болғандықтан сөйлемде пысықтауыштық қызметін атқарады. Сол сияқты дүниенің төрт бұрышы деген бүкіл әлем, жер шары дегенді білдіреді. Мағынасы жағынан зат есімге жатады. Сөйлем ішінде бост. қызм. атқарады.
Қос тіркестігі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан негізінен 4 топқа болып қарауға болады:
Етістік мағыналы фразеологизмдер
Сындық мағыналы фразеологизмдер
Заттық мағыналы фразеологизмдер
Үстеу мағыналы фразеологизмдер.
Етістік мағыналы фразеологизмдер: көзінің еті өсті – көкірек керді менсінбеді, қолды болды – ұрланды, екі аяғын бір етікке тықты – тықсырды, қуырды т.б.
Сындық мағыналы фразеологизмдер: аспанмен тілдескен – биік, ұзын, қаламы асүйрік – жазғым, қаламы төселген үріп ауызға салғандай – сүйкімді, әдемі.
Заттық мағыналы фразеологизмдер: кіндік кесіп, кір жуған жер – туған ел, отан, отбасы – үй іші, ошақ.
Үстеу мағыналы фразеологизмдер: атқан оқтай – түп-тузу, жұлып алғанша – тез, жылдам, аяқ астынан – кенеттен, жоқ жзерде т.б.
Қос тіркестігі фразеологизмдердің сөз табына қатыстылығы жағынан ең көбі – етістік фразеологизмдер. Жеке сөзбен тұрақты тіркес мағына жағынан бір ұғымды білдіріп, бірінің орнына бірі жүргенімен, бұлардың білдіретін мән-мағыналары бірдей, тепе-тең емес. Тұрақты тіркестен туатын ұғым жеке сөзбен салыстырғанда анағұрлым күшті, әсіресе мағынада айтылады. С.Қ. жағымды-жағымсыз экспрессивтік мәні болады.
