- •2. Қр конституциясы- мемлекеттің Негізгі Заңы.
- •3.Әкімшілік құқық пәні, әдістері және жүйесі.
- •2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері
- •1.Құқық ұғымы,оның теориялық негіздері,белгілері
- •3.Әкімшілік жаза, оның түрлері
- •2. Мемлекет ұғымы, құрылымы және теориялық негіздері
- •3. Азаматтың әрекет қабiлеттiлiгі.
- •2. Құқық қорғау органдары, олардың қызметтері .
- •2.Қр сайлау жүйесі
- •3.Мемлекеттік басқару:ұғымы,қағидаттары,басқару органдары.
- •3.Қр салық туралы заңдары. Салық кодексі.
- •2.Қр конституциясы бойынша адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары
- •3.Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарының жүйесі
- •1.Қр азаматтық құқығының пәні, әдістері, принциптері
- •2.Сот органының құрылымы. Соттар қызметін ұйымдастырудың негізгі принциптері
- •3.Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік
- •1.Мемлекеттің түрлері ( басқару формасына, территориялық құрылымына, саяси режиміне қарай.
- •2.Қр азаматтық кодексіне жалпы сипаттама
- •1 Бөлім. Жалпы ережелер
- •3.Азаматтық құқықтың субъектілері.
- •2.Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің Негізгі Заңы
- •3.Мәмле, оның түрлері мен үгілері
- •3.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.
- •1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару, оның түсінігі және принциптері.
- •2. Отбасы құқығы. Неке және отбасы кодексі
- •3.Қр азаматтық құқығының пәні, әдістері принциптері.
- •2.Қазақстан республикасындағы аумақтық және жергілікті мемлекеттік басқару.
- •3.Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілері.
- •3.Жерге меншік құқығы және пайдалану.
- •1.Қр конституциясы - мемлекеттің негізгі заңы
- •1.Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нормаларының жиынтығы
- •1.Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары, олардың қызметі.
- •2.Қазақстан республикасындағы аумақтық және жергілікті мемлекеттік басқару.
- •3.Қр неке және отбасы кодексі бойынша некені тіркеу және некеден шығу тәртібі.
- •41 Емтихан билеті
- •48Билет.1.
3.Қр азаматтық құқығының пәні, әдістері принциптері.
Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан. Азаматтык құқықтын мынандай принцштері бар: 1) азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың тендігі; 2) меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық; 3) шарт еркіндігі; 4) жеке істерге кімнің болса да озбырлыкден араласуына жол беруге болмайтындығы; 5) азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру; 6) нұқсан келтірілген құьдықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету; 7) азаматтық құқықты сот арқылы қорғау. Міне, осы принциптердің бәрі де Азаматтық кодекстің " Азаматтық зандардың негізгі бастаулары" деп аталатын 2-бабын да бекітілген. Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамнын аза-матгық зандарының алдынақойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және ізгілікті қасиеттері көрініс береді. Енді осы көрсетілген принциптерді талдасақ дейміз.
Азаматгық принщштері (кағидаттары) — ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтык-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматгық заңының мейлінше маңыз-ды тұстарын көрсетеді. Демек азамаггық заңды түсіну мен оны қолдану азаматтық қүқықтың тек жалпы принциптері (қағидаттары) арқылы мүмкін болады. Принциптер (қашдаттар) Азаматтық құқық жүйесінде әрқа-шанда бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да баска нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек принциптер өзгелерден басым түседі. Принциптер азаматтық-қүқықтық нормалардың барлық жүйесін қамтып, бас-шылыққа алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы азаматтық зандардың жалпы негіздері мен мәнісі бекін түсуіне байланысты, енді принциптер нормативтік мәнге ие болды және оны колдану мівдеттілікке айналды. Бұрын-сонды азаматтық прин-циптер заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырьшдама ретінде бекітілмеген еді, тек "азаматтық заны жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты" деген жалпы тұжырымдамамен шектелетін (Қазақ КСР АК-тің 4-бабы). Профессор Ю.Г.Басин азаматтық құқық принциптерінің ролі мен маңызы туралы былай деп тұжырымдайды: "Бірінші-ден, ол тікелей әрекет ететін нормалар түрінде кездеседі. Екіншіден, ол жаңа заңды жасау немесе бұрынғы заң құжатта-рын өзгерту кезінде ескеріледі. Үшіншіден, құқық ұксастығын қолдану қажет болған жағдайда заң принциптері басшы-лыққа алынады. Төртіншіден, мүдцай принциптер құқықтык нормалардың бастапкы мазмұнының немесе шарт талаптарының тиісті жағдайларьшың мазмүнының түсінілуі жүзеге асырылгада назарға алынуы тиіс (мысалы, Азаматтық кодекстің 6,392- баптарынқараңыз). Бесіншіден, заңпринциптерінесүйе-не отырып, зан нормалары арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, мұның өзі егер бұл аталған жағдай кездескенде ғана қолданылады. Осы мәселелерге орай оған екі жағдайды қосып айтуға болар еді: біріншіден, принциптер тек заң актілері жүйесінің сипатын керсетіп қоймайды, сонымен қатар ол заңгерлердің құқыктағы кұқықтарын белгілейді. Екіншіден, азаматтық кұқық принциптері өзінің реттеу жүйесі арқылы бірқатар мемлекеттік құқықтық инсти-туттар мен нормаларды, яғни бірінші кезекте азаматтардың конституциялык құқығын азаматтық құқықтар аркылы өзіне тән тәсілдермен қорғауды нақтылай түседі. Азаматтык құқықтын мынандай принцштері бар: 1) азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың тендігі; 2) меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық; 3) шарт еркіндігі; 4) жеке істерге кімнің болса да озбырлыкден араласуына жол беруге болмайтындығы; 5) азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру; 6) нұқсан келтірілген құьдықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету; 7) азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.Міне, осы принциптердің бәрі де Азаматтық кодекстің " Азаматтық зандардың негізгі бастаулары" деп аталатын 2-бабын да бекітілген. Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамнын аза-матгық зандарының алдынақойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және ізгілікті қасиеттері көрініс береді.
№14 билет
1. Іс жүргізудегі бақылау және құзырлы органдардың жауапкершілігі.
Іс жүргізу барысында азаматтар мен заңды тұлғалардың , мемлекеттің құқықтары мен бостандақтарын, заңды мүдделерін толық қорғап жан-жақта қамтамасыз ету үшін ароцесске қатысушылардың барлығы заңда көрсетілген барлық талаптарға сай әрекет етуі қажет. Осы мақсатта заңда бірқатар кепілдіктер беру қарастырылған. Олар: 1)конституциялық кепілдіктер (барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдігі, соттардың тәуелсіздігі, т.б.),2)сотта айыпталушының (қорғаушы алуға құқығы, кінәсіздік презумпциясы т.б.) құқықтырын қорғауға кепілдіктер. Бұл жағдайда процессуалды қатнастар екіжақта сиаптта болады, бір жақтың құқықтарын қорғау екінші жақтаң міндеттерін орындау арқылы қамтамасыз етіледі.Сондықтанмемлекет заңда азаматтардың құқықтарын бекіте отырып оны нақт қамтамасыз етуге міндеттеннеді. Ол үшін осы қызметтерді атқаратын құқық қорғау органдарының іс жүргізу қызметін бақылау маңызды роль атқарады.
Іс жүргізудегі бақылау:
1. Сот істі бірінші инстанция сотында қарамас бұрын өзіне дейін істі жүргізген, тексерген, органдардың шешімдеріне сүйене тоырып үкім шығарады.
2. Азаматтар іс жүргізген мемлекеттік орген немесе лауазымды тұлғаның заңды бұзған шешімдері мен іс-әрекеттеріне шағымдануға құққығы бар.
3.Соттың шығарған шешім мен үкіміне қарсы прокурордың адвокаттың айыпталушының, жәбірленушінің т.б. шағымдану құқығы
4. Іс жүргізудегі прокурорлық бақылау: 1) Прокурор жедел іздестіру, істі тексеру, анықтау жұмыстарын бақылайды; 2)Әкімшілік істерді жүргізудібақылауға құққығы бар; 3)Сот шешімдеріне наразылық білдіруге құқылы, ондай жағдайда прокурордың шағымы жоғары тұрған сотта қаралады; Іс жүргізудегі бақылаудың тағы бір түрі – ведомстволық бақылау. Ведомстволық бақылауға ішкі істер органының басшысының істерді тексеру, анықтаумен, әкімшілік істерді жүргізумен айналысатындардың жұмысын бақылауынжатқызуға болады. Бақылаудың келесі бір түріне - іс жүргізуге қатысушылардың құқық қолданатын органдардың қызметін бақылап, олардың заңсыз әрекеттеріне шағымдануын жатқызуға болады.Сонымен қатар ҚР Конституциялық кеңесінің шешімі бойынша әркімнің өз құқығын қорғауға, соның ішінде сот арқылы қорғауға мүмкіндігі бар.
