- •2. Қр конституциясы- мемлекеттің Негізгі Заңы.
- •3.Әкімшілік құқық пәні, әдістері және жүйесі.
- •2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері
- •1.Құқық ұғымы,оның теориялық негіздері,белгілері
- •3.Әкімшілік жаза, оның түрлері
- •2. Мемлекет ұғымы, құрылымы және теориялық негіздері
- •3. Азаматтың әрекет қабiлеттiлiгі.
- •2. Құқық қорғау органдары, олардың қызметтері .
- •2.Қр сайлау жүйесі
- •3.Мемлекеттік басқару:ұғымы,қағидаттары,басқару органдары.
- •3.Қр салық туралы заңдары. Салық кодексі.
- •2.Қр конституциясы бойынша адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары
- •3.Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарының жүйесі
- •1.Қр азаматтық құқығының пәні, әдістері, принциптері
- •2.Сот органының құрылымы. Соттар қызметін ұйымдастырудың негізгі принциптері
- •3.Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік
- •1.Мемлекеттің түрлері ( басқару формасына, территориялық құрылымына, саяси режиміне қарай.
- •2.Қр азаматтық кодексіне жалпы сипаттама
- •1 Бөлім. Жалпы ережелер
- •3.Азаматтық құқықтың субъектілері.
- •2.Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің Негізгі Заңы
- •3.Мәмле, оның түрлері мен үгілері
- •3.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.
- •1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару, оның түсінігі және принциптері.
- •2. Отбасы құқығы. Неке және отбасы кодексі
- •3.Қр азаматтық құқығының пәні, әдістері принциптері.
- •2.Қазақстан республикасындағы аумақтық және жергілікті мемлекеттік басқару.
- •3.Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілері.
- •3.Жерге меншік құқығы және пайдалану.
- •1.Қр конституциясы - мемлекеттің негізгі заңы
- •1.Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нормаларының жиынтығы
- •1.Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары, олардың қызметі.
- •2.Қазақстан республикасындағы аумақтық және жергілікті мемлекеттік басқару.
- •3.Қр неке және отбасы кодексі бойынша некені тіркеу және некеден шығу тәртібі.
- •41 Емтихан билеті
- •48Билет.1.
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері
Cыбайлас жемқорлық дегеніміз-мемлекеттік қызметті атқаратын адамдардың оларға теңестірілген адамдардың лауазымды өкілеттілігін ,соған байланысты мүліктерін пайдалана отырып жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды беруі немесе алуы.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдығы. Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мынандай бағда-рламалық бағыттарын белгілеп берді:- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басымдығы, оны тудыратын себептер мен оған ықпал ететін шарттарды жою;- мемлекеттік ресурстарды бөлуді бақылауды күшейту;- мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын іске асыруын бақылау;- сыбайлас жемқорлықпен күреске өкілетті билік органдарын кеңінен тарту; - әр түрлі салаларда сыбайлас жемқорлықтың орын алу деңгейін анықтау кезінде халықаралық рейтингтер жүйесін пайдалану;-халықаралық институттар-дың, отандық үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партия-лардың, мемлекеттік органдар-дың өзара іс-қимыл жасасуы.
|
3.Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән жайлары.Қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет екені белгілі. Осы тұрғыдан іс-әрекеттің
Қылмыс екенін жоятын мән – жайларды алсақ, бұл әрекет қоғамға пайдалы болып саналады. Себебі, адам қарсы сес көрсету арқылы тойтарыс беріп, өз мүлкін, өмірін, қоғам мүлкін аман алып қалу.
Қылмыстық заң бойынша оған:
- қажетті қорғану,
- аса қажеттілік,
- психикалық мәжбүрлеу немесе күштеу,
- орынды кәсіби тәуекел,
- жалған қорғану.
Қажетті қорғану - әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады.
Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ.
Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т.б. игілігін қорғаудың тәсілі болып саналады.
Жалған қорғану – қорғанудың әртүрлі объективтік жағдайларға байланысты істеген қатесі болып табылады.
Жалған қорғану - қоғамға қауіпті әрекет. Жалған қорғануды жүзеге асырған адм кінәлі деп танылады., қылмыстық жауаптылыққа тартылады.. Іс-әрекеттің қылмыс еместігін айқындайтын мән-жайлар:
1) қажетті қорғану;
2) аса мәжбүрлі қажеттілік;
3) қылмыскерді ұстау кезінде зиян келтіру;
4) жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру;
5) орынды тәуекел;
6) күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу;
7) бұйрықты немесе өкімді орындау
№4билет
1.Құқық ұғымы,оның теориялық негіздері,белгілері
Құқық дегеніміз-мемлекет шығарған, бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етілетін, жалпыға бірдей міндетті, нормаларының жиынтығы. Ең алғашқы жазбаша құқықтық нормаларға ежелгі Вавилондағы (1901жылы француз археологиялық экспедициясы Сузы қаласынан тапқан) 282 баптан тұратын Хамурппи патшаның заңдарын жатқызуға болады. Құқықтың қоғам өмірінде қызметі: 1.Реттеушілік қызметі- қоғамдық қатнастырдың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін адамдар арсындағы, адамдар мен мемлекет арасындағы қатнастарды нақты құқықтық нормалармен реттеуінен көрінеді
2.Қорғаушылық қызметі-азаматтардың құқықтыры мен бостандықтарын қауіпті әрекеттерден қорғауда мемлекеттік органдардың қызметі нәтижесінде жүзеге асады.
3.Гуманистік қызметі- құқықтың қоғамдық әділеттілік, адамгершілік құндылықтарды насихаттауында
4.Тәрбиелік қызметі- заңды түсініп біліп, орындауға тәбиелеуінде.
5.Идеологиялық қызметі құқық белгілі бір құндылықтарды насихаттай отырып қоғамдық санаға ықпал етуінде жүзеге асады.
Құқық туралы негізгі теориялар: табиғи, тарихи, реалистік, социологиялық, нормативтік, психологиялық, материалистік теориялар.
Құқықтың белгілері: жүйелілігі, нормативті сипаты, формальді анықтылығы, мемлекеттің күшіне сүйенуі, жалпыға міндеттілігі. Құқықтың жүйелілігінің негізін конституция құрайды басқа заңдар соған сәйкес болуы керек. Құқықтың нормативтік сипаты- рұқсат етілген тыйым, салынған және атқаруға міндетті әрекеттерді нормалап анықтау арқылы қоғамдық қатнастарды реттеуінде. Құқықтың формальді анықтылығы оның қағидаларының нақтылығынан көрінеді. Заңда әрбір ұғым, әрбір сөз сол заңда көрсетіліп түсіндірілген мағынада ғана қолданылуы тиіс. Құқықтағы тұжырымдарды өздігінше өзгертуге ешкімнің құқы жоқ.. Құқық мемлекеттің күшіне сүйенеді. Мемлекет оның органдары құқықтың жүзеге асуына көмектеседі, жағдай жасайды. Құқық жалпыға бірдей міндетті, әрбір азамат заңдарды орындауға міндетті.
Құқықтық мемлекет дегеніміз бүкіл іс қимылы заң талабы шеңберінде әрекет ететін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етілетін, оған кепілдіктер беретін мемлекет. Құқықтық мемлекеттің белгілері:
1)мемлекеттік биліктің үш тармаққа бөлінуі;
2)заң үстемдігі;
3)заң алдында адамдардың теңдігі;
4)мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі;
5)азаматтардың құқықтық санасының және құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейде болуы;
6)барлық қоғам мүшелерінің заңды орындауын бақылау; дамыған азаматтық қоғам, нарықтық экономика, құқық қорғау органдарының тиімді жүесінің болуы, заңдардың халқаралық құқық нормаларға сәйкестігі т.б.
Құқықтың қайнар көздері: құқықтық әдет, құқықтық прецедент (үлгі), құқықтық нормативтік шарттар, нормативтік- құқықтық актілер. Нормативті құқықтық актілер – мемлекет қабылдаған және қорғайтын құқықтың қайнар көзі. Нормативті актілер заң және заңға бағынышты актілер болып бөлінеді. Нормативті құқықтық актілерді жасау құқықтық шығармашылық деп аталады.
Құқықты жүзеге асырудың төмендегідей тәсілдері бар:
- құқықты сақтау (тыйым салынған әрекеттерді жасамау, одан бас тарту);
- құқықты орындау ( жүктелген міндеттерді орындау үшін белсенді әрекеттер жасау);
-құқықты пайдалану (тұлғаның өзіне берілген құқықтыр мен бостандықтарды пайдалану еркі);
- құқықты қолдану (құзырлы мемлекеттік органдардың құқықты жүзеге асыруға бағытталған қызметі);
Құқықтық норма дегеніміз – қоғамдағы қатнас субъектілірінің құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей, мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже.
Құқықтық нормының түрлері:
1.Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл шаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік т.б. бағыттағы нормалар;
2. Құқықтың әр саласына қарай конституциялық, азаматтық, қылмыстық, еңбек, отбасы, әкімшілік т.б. саладағы нормалар;
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы нормалар;
2.ҚР мемлекеттік басқару жүйесі және формалары.Мемлекет басқаруы бойынша Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШты келтіруге боладыДиктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.
