- •Әлемдік экономиканың теорияларына қысқаша шолу жасап, негізгі теориялардың мазмұнын ашып көрсетіңіз.
- •8. Әлемдік экономикадағы либерализациялау үдерістерінің мәні мен басты бағыттарына сипаттама беріңіз.
- •9. Әлем елдерін экономикалық тұрғыдан топтастыру тәсілдеріне шолу жасап, олардың негізгі көрсеткіштерін атап өтіңіз.
- •10.Әлем елдерін экономикалық даму деңгейі мен экономикалық қуаты жағынан топтастырудың негізгі көрсеткіштерн түсіндіріңіз.
- •11.Әлем елдерін адами даму индексі бойынша топтастыру мен талдаудың мәнін ашып, оның көрсеткіштеріне шолу жасаңыз.
- •12.Әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық модельдеріне шолу жасап, олардың ерекшеліктерін қысқаша сипаттаңыз.
- •14. Әлем елдерінің экономикалық даму деңгейінің біркелкі болмауының әлемдік экономикадағы салдарларын түсіндіріңіз.
- •15. Әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық алшақтықтарды азайтудың басты бағыттарына сипаттама берініз.
- •16. Әлем елдерінің даму қарқыны әр түрлі болуының әлемдік экономикаға тигізетін әсерлерін сипаттаңыз.
- •20.Әлемдік еңбек рыногына сипаттама беріңіз, жұмысшы күшінің халықаралыық миграциясының салдарларын көрсетіңіз.
- •22.Капиталдың әлемдік рыногына түсініктеме беріп, оның әлемдік экономикалық дамудағы рөлін анықтаңыз.
- •Әлемдік экономиканың алтын-валюта қорларының экономикалық маңызын көрсетіп, оларға жалпы шолу жасаңыз.
- •26. Әлемдік экономиканың кәсіпкерлік ресурстарына анықтама беріп, экономикалық функцияларына шолу жасаңыз.
- •27. Әлемдік экономиадағы ғылыми-білім ресурстарының маңызын ашып, әлемдік ғылыми орталықтарға қысқаша шолу жасаңыз.
- •28. Әлемнің ғылыми-ағарту ресурстарын қысқаша сипаттап, олардың экономикалық маңызын көрсетіңіз.
- •29. Ұлттық экономикаға анықтама беріп, қазіргі әлемдегі ұлттық экономикалық үлгілерге қысқаша шолу жасаңыз.
- •30. Әлемдік эколномикадағы ашық және жабық ұлттық экономикалық үлгілердің қайшылықтарын түсіндіріңіз.
- •31. Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігін түсіндіріп, оның теориялық негіздерін түсіндіріңіз.
- •32.Әлем елдерінің сыртқы экономикалық саясатының негізгі бағыттарын қысқаша түсіндіріңіз.
- •1.Интеграциялық бірлестіктің мәні мен типтер
- •Еуропа Одағының интеграциялану тәжірибесіне қысқаша шолу жасап, ол одақтың басқа топтарға көрсететін үлгісінің оң және теріс жақтарын сипаттаңыз.
- •36. Еуразия экономикалық одағының қысқаша тарихы мен мәселелеріне қысқаша жолу.
- •37. Әлемдік экономикадағы дамыған елдер тобына қысқаша шолу жасап, олардың әлеуметтік-экономикалық үлгісіне сипаттама беріңіз.
- •Дамушы елдердің дамыған елдерден артта қалуының себептерін анықтап, дамушы елдердің негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін талдаңыз.
- •Әлемдегі дамушы елдер тобына анықтама беріп, оларды бір топқа жатқызудың себептерін түсіндіріңіз.
- •44. Әлемдегі «жаңа индустриалды елдер» түсінігін анықтап, олардың негізгі экономикалық саясаттарын сипаттаңыз.
- •46. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтудің негізгі екі стратегиясына сипаттама беріңіз, олардың басты ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •47. Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуінің басты бағыттары мен нәтижелері.
- •48. Қытай Халық Республикасының экономикалық реформалары мен жетістіктеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
- •50.Трансұлттық компанияларлың құрылымдық ерекшеліктері мен стратегиялық ұстанымдарының қабылдануының елге тигізетін әсерін көрсетеңіз.
- •52. Трансұлттық компаниялардың қазіргі әлемдік экономикадағы үлгісін, экономиканың жаһандануындағы рөлін сипаттаңыз.
- •53. Қазіргі әлемдік экономиканың жаһандануының басталуы, кезеңдері мен себептерін ашып көрсетіңіз.
- •54. Демографиялық үдерістердің жаһандық мәселе есебінде әлемдік экономикаға тигізетін әсерлері мен оны шешу мәселелерін бейнелеңіз.
- •58. Адамзаттың азық-түлік мәселесінің мәнін ашып, азық-түлік мәселесін шешу шараларына қысқаша болжау жасаңыз.
22.Капиталдың әлемдік рыногына түсініктеме беріп, оның әлемдік экономикалық дамудағы рөлін анықтаңыз.
Халықаралық капиталдар қозғалысы, оның елдер арасындағы белсенді миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды формасы мен бөлігі болып табылады. Халықаралық капиталдар рыногы қазіргі заманда әлемдік экономиканың ісәрекетінде, халықаралық шаруашылық байланыстарын дамытуда анықтауыш элемент болып табылады.
Капиталды шетке шығару бұл жүйелі түрде пайда алу және басқадай экономикалық, саяси ұтыс мақсаттарында ақшалай немесе тауар түріндегі құндылықтардың шет елге ауысуы. Капиталдың шет елге ауысуы дегеніміз бір елдің ұлттық айналымымнан капиталдың бір бөлігін алып, оны қабылдаушы елдің өндірістік немесе айналым процесіне әр түрлі формалар арқылы ауыстыру процесін айтамыз.
Капиталды шетке шығару арқылы капиталистік ұдайы өндірістің қалыпты әрекет етуінің күрделі мәселелері шешіліп, елдің тауарлы экспортының өсуіне әсер етеді. Осының нәтижесінде капитал экспорттаушы елде машина, құралжабдыққа ішкі сұраныс өсіп, пайда нормасының төмендеу тенденциясы тоқтатылады.
Қазіргі кезеңде елдер арасындағы капитал ауысуы үшін барлық алғышарттар бар, ол халықаралық еңбек бөлінісі мен халықаралық өндірістің кооперациясымен күшейтілуде.
Капиталдың шет елге ауысу себептері арасынан донор елдегі капиталдың салыстырмалы артықшылығы ерекшеленеді. Бұл капиталды шет елде үлкен пайда алу мақсатында орналастырып, дивиденд немесе пайыздар арқылы пайда лау үшін жүзеге асырылады.
90 жылдарға дейін әлемде тиімді пайдалануды қажет ететін резервті капиталдың зор көлемдері қалыптасты. Олар сақтандыру компаниялары, зейнеттік, сенімділік, инвестициялық және тағы басқадай қорлар арқылы жинақталады.
20 ғ екінші жартысында капиталды шетке шығару үнемі өсуде. Капитал экспортының өсу қарқыны тауарлы экспорт пен өндірісі дамыған елдердің ЖІӨ өсу қарқынынанда асуда. Капиталды шетке шығару көлемінің күрт өсуі кезінде оның халықаралық миграциясы күшеюде.
Капитал қозғалысы халықаралық тауар саудасынынң субституты болып табылатындықтан, оның негізінде де тауар экспортындағыдай себеп жатыр: рынокты кеңейту, жоғары пайда алу, шет ел ресурстарын сатып алу, саяси мақсаттар.
Капитал экспорты, оның белгілі әрекет етуінің принциптеріне сәйкес әртүрлі формада жүзеге асады. Өзінің формасы бойынша шетелдік капитал салымдары әртүрлі болуы мүмкін. Шығу көздері бойынша мемлекеттік және жекеменшік капиталға бөлу қабылданған. Мерзімі бойынша қысқа, орта, ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Пайдалану мақсаты бойынша шет елдік салымдар кәсіпкерлік және қарыз болып бөлінеді. Кәсіпкерлік инвестициялар тікелей және портфелді болады.
Әлемдік экономиканың алтын-валюта қорларының экономикалық маңызын көрсетіп, оларға жалпы шолу жасаңыз.
Алтын валюта қоры - мемлекеттік ұлттық банкі мен қаржы органдарында сақталатын алтын және шетелдік валюта қоры. Бұған халықаралық валюта-несие ұйымдарындағы алтын мен шетелдік валюта енеді. Алтын валюта қоры құрамына: алтын және басқа да қымбатты металдар;банкнот және тиын түріндегі шетелдік валюталар; шетелдерде сақталатын банк қаражаты; ұлттық банкіде сақталатын валюталық құнды заттар; халықаралық танымға ие резервтік активтер; шетелдік үкіметтер мен халықаралық қаржы мекемелерінен берілген кепілдікті аудармалы вексельдер кіреді. Алтын және басқа қымбат металдар халықаралық төлемдердің күшін сақтау үшін кепілдік-сақтық қор ретінде пайдаланылады. Олардан басқа валюта нарығына интервенция көмегімен өз валютасының сыртқы курсын қолдау үшін ұлттық банк шетелдік валюта түрінде қор сақтайды. Алтын валюта қорымен жасалатын шаралардан түсетін табыс көзінің бірі - банкаралықдепозиттер. Қазақстан ұлттық банкісінің қаржы ісіндегі халықаралық тәжірибеде қолданылатын күрделі тәсілдерді пайдалана білуі алтын-валюта қорын көбейтуге мүмкіндік туғызады.
Алтынвалюта активтерін басқарудың мақсаты активтердің ликвидтілігімен сақталуын, сатылу күшінің сақталуын қамтамасыз ету, сондайақ табыстың жоғарылауын қамтамасыз етеді.
Елдердің алтын резервтерін сақтау себептері
1. Ресми активті резервтердің диверсификациясы
2. Физикалық қорғаныс
3. Экономикалық тұрғыдан қорғалғандық
4. Кіріс
5. Сақтандыру
6. Сенім
7. Бірқатар ақша қызметін атқарушы қаржылық актив.
Қазіргі кезде алтын қоры 3 түрлі формада болады:
қазыналық және мемлекеттік банктердегі орталықтандырылған қоры ретінде;
заңды және жеке тұлғалардың(банк, фирма) жекеменшік жинақтамалары;
Алтын металл экономика саласында қолданылады,мысалы: зергерлік және тіспротездік бағытта
Резерв бойынша әлем елдерінің тізімі:
Қытай 3497 млрд. USD
Жапония 1274 млрд. USD
Еуродақ 903 млрд. USD
Сауд Арабиясы 614 млрд. USD
Швейцария 530 млрд. USD
Ресей 471.6 млрд. USD
Бразилия 378 млрд. USD
Оңтүстік Корея 323 млрд. USD
24. Қазіргі кездегі әлемдік экономикадағы сыртқы қарыздың мәселелерін анықтап, олардың экономикалық өсуге тигізетін әсерлерін көрсетңіз. Сыртқы борыш - шетелдік кредиторлар турасында белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы. Елдің сыртқы борышының болуы орынды әлемдік практика болып саналады. Алайда, оның шегі болады, ол шектен мемлекеттік борыштың артуы қауіпті бола бастайды. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын қаражаттардың көлемі - елдің Ұлттық банкінің таза алтын-валюта резервтерінің 50 пайызынан acпауы тиіс. Сыртқы қарыздарды көптен-көп ауқымда тарту кредитор - елдерге экономикалық және саяси тәуелділікке ұрындыруы мүмкін.
Сыртқы борыштың болуы жасалынған өнімнің бір бөлігін елден тыс жерге берудің қажеттігін білдіреді. Мемлекеттік борыш бойынша пайыздық төлемдердің тез өсу үрдісі бар. Мұндай төлемақыларболашақ экономикалық дамуды тежейді және реципиент-ел бюджетінің тапшылығын ұлғайтады.
Сыртқы борыштың өсуі сонымен қатар реципиент-елдің халықаралық абыройын төмендетеді және ел үкіметінің саясатына халықтың сенімін кетіреді. Ірі және созылмалы тапшылықтардың және мемлекеттік борыштың болуының келеңсіз зардаптары микроэкономикалық тұрақтылықтың бұзылуымен бірігеді.
Инвестициялардың «ығыстыру әсерінен» басқа, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша пайыздың жоғары деңгейі шетел капиталын тартады, бірақ қаражаттардың мұндай ағыны сыртқы борыштың өсуін білдіреді. Шетел инвестицияларын отандық бағапы қағаздарға жүмсаудың артықшылығы Ұлттық валютаға сұранымды арттырады және халықаралық валюта рыногында оның бағамының өсуін тудырады. Валюта бағамының артуы экспорттың қымбаттауына және импорттың арзандауына жеткізеді, мұның нәтижесінде экспорт қысқарады, ал импорт артады. Сауда балансы теріс сальдоға саяды. Таза экспорт жиынтық сұранымның компоненті болатындықтан, оның қысқаруы немесе теріс сальдосы Ұлттық өндіріске тежеушілік ықпал жасайды.
Қазақстанға қарыз беруші негізгі елдер - Нидерланд, Ұлыбритания және Қытай. Ұлттық банк дерегінше, Қазақстанның бұл елдерге қарызы 72 миллиард доллардан асқан. Қазақстан ұлттық банкі дерегінше, 2013 жылдың үшінші тоқсаны қорытындылары бойынша, елдің сыртқы қарызы 148 миллиард АҚШ доллары болған.
Қазақстан ең көп қарыз алған елдер мен ұйымдар - Нидерланд (33 миллиард 800 миллион доллар), Ұлыбритания (22 миллиард 300 миллион доллар), Қытай (16 миллиард 600 миллион доллар), халықаралық ұйымдар (12 миллиард 500 миллион доллар) және АҚШ (11 миллиард 400 миллион доллар). Қазақстанның ірі инвесторлары ретінде көбінесе АҚШ пен Қытай аталғанымен, Қазақстанның ең көп қарыздар елі елі - Нидерланд.
2014 жылдың тоғыз айындағы есеп бойынша, халықтың жан басына шаққанда Қазақстанның сыртқы қарызы (фирма аралық берешектерді қоспағанда) 4 мың 400 долларды құрады. Сарапшылардың есебінше, 2013 жылы халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) 12 мың 886 доллардан келген. Яғни ЖІӨ-нің үштен бірі - елдің сыртқы қарызы.
25. Әлемдік экономикадағы қаржы және басқа да көмектердің экономикалық мәнін көрсетіңіз. Қаржы ресурстары – экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы. Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады. Экономикасы бір орталқтан басқарылатын елдерде басым үлесті мемлекеттің және муниципалдық құралымдардың қаржы ресурстары құрайды, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде қаржы ресурстарының елеулі бөлігі кәсіпкерлік капиталдан тұрады. Қаржы ресурстарының көздері: белгілі бір кезеңде жаңадан жасалған таза табыс, ұлттық байлықтың бір бөлігі (бұрыннан қорланған қаражат), қарыз алу, сыртқы көздерден тартылған қаражат. Қаржы ресурстарының жұмсалу арналары алуан түрлі. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен салықтар мен алымдар, мемлекеттік мүлікті пайдаланудан, сатудан алынған түсімдер, елдің босалқы алтын қорын сатудан, мемлекеттік облигациялар мен бағалы қағаздарды шығару мен сатудан алынған қаражат, мемл. кәсіпкерлік қызметтен алынған пайда, сыртқы және ішкі қарыз алу жолымен алынатын ақшалай қаражат, сақтық қорлары мен сақтандыру қорларын, заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарын пайдалану жолымен алынған қаражат есебінен құралады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпорындардың, коммерция ұйымдардың) қаржы ресурстары негізінен өндірістік-кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс алу, акционерлік капитал қалыптастыру, үлеспұлдық және жарғылық жарналар жинау, меншікті мүлікті жалға беру, сату, қарызға қаражат алу, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау, шет ел инвестицияларын тарту, сақтандыру өтемдерінің түсімі, айыппұлдық шаралардан түскен қаражат нәтижесінде құралады.Әлемдік қаржы орталықтары, ірі көлемдегі халықаралық капитал шоғырланған және түрлі халықаралық қаржы операциялары кең ауқымда жүргізіледі. Әлемдік қаржы орталықтары дамуының аса маңызды үрдістері – операциялардың ауқымын кеңейту; дамушы елдерде орналасқан осындай орталықтар санының көбеюі; белгілі бір орталықта белгілі бір операция түрлерінің мамандануы және шоғырлануы. Қазіргі кезде қаржы инфрақұрылымы ақпараттық инфрақұрылыммен толығуда. Әлемдік қаржы орталықтары – халықаралық валюталық, несиелік және қаржы операцияларын жүзеге асыратын, құнды қағаздармен, алтынмен келісім жасайтын бан- ктер мен мамандандырылған несиелік-қаржылық институттарының шоғырланған орталықтары. Ертеде, олар ұлттық нарықтар базасында құрылған еді, кейін әлемдік, валюталық, несиелік, қаржылық нарықтарда, алтын нарықтары негізінде құрылды. Бүгінгі таңда, осындай орталықтарға Лондон, Нью-Йорк, Токио, Цюрих, Люксембург, Майндағы Франкфурт, Сингапур және басқа да орталықтар кіреді. Лондон. Ұлыбритания, атап айтатын болсақ Лондон бүгінгі таңда негізгі әлемдік қаржы орталығы болып та- былады. Аталған қаржы орталығы бүкіл әлемде инвес- торлардан тартылған қаражат көлемі бойынша бірін- ші орынды алады. Күнделікті валютамен жасайтын келісімдерінің мөлшерінің өзі шамамен, 500 млрд. долл. құрайды.Лондонда негізгі әлемдік алып компаниялардың өкілдіктерінің орналасуы тарихи қалыптасқан жағдай. Қазіргі күні шетелдік инвестициялық банктер операцияларының 80 пайызға жуығы Лондон арқылы жасалынады.
Әлемдік қор рыногындағы мұнан кейінгі орын Нью-Йорк, Гонконг, Сингапур қалаларындағы қаржы орталықтарына тиесілі. Шағын ғана Гонконг қаласы осы жағдайға байланысты өзінің экономикасының көлемі жағынан 9-шы орын алса, мұндағы қаржы орталығы жасалынатын қаржы операцияларының көлемі жағынан бүкіл дүние жүзі бойынша үшінші орынға көтеріліп отыр. Ол бүгінгі күні Еуропаға қарағанда барынша жедел даму үстіндегі Азияның басты қаржы орталығы атанып отыр.
Әлемдегі төртінші ірі қаржы орталығы болып Сингапур қаласы табылады. Мұнда халықаралық деңгейдегі аса ірі қаржы мекемелері шоғырланған. Оның ұдайы жетілдіріліп отыратын нормативтік базасы, сенімді макроэкономикалық жағдайы, сонымен қатар барған сайын өсіп келе жатқан Азия қаржы рыногындағы алатын орны халықаралық инвестициялар үшін барынша тартымды бола түсуде.
