Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор-мировая экономика 1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182.75 Кб
Скачать

53. Қазіргі әлемдік экономиканың жаһандануының басталуы, кезеңдері мен себептерін ашып көрсетіңіз.

Жаһандану-жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл зерделеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар: 1) “менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. 2) экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. 3) аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. 4) ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы.

Экономиканың жаһандануы-бүкіл әлемдік маштабында тауарлар, қызметтер, капитал жұмыс күші және білімнің біртұтас нарығының қалыптасуы.Оның мәні-әлемдік шаруашылықтың біртұтастылығының өсуі,оның өзара тығыз байланысқан және өзара тәуекелді жеке елдердің ұлттық экономикасының кешеніне айналуы.Өндірістің интерұлттанудың өте жоғарғы сатысы, оның ары қарай дамуы. Экономиканың жаһандану әрекеті келесі негізгі бағыттармен дамиды: 1. Халықаралық сауда:тауарлармен; қызметтермен; технологиялармен; интеллектуалды жеке меншік объектілерімен.

2. Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы: капитал (тікелей инвестициялар түрінде); жұмыс күші (төмен мамандырылған және жоғары мамандандырылған жұмысшылардың миграциясы түрінде).

3. Халықаралық қаржылық операциялар: несиелер (жеке, мемлекеттік, халықаралық ұйымдардың); негізгі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және басқалар); туынды қаржылық инструменттер (фьючерс, опцион т.б.), валюталық операциялар.

Жаһандану дәуіріндегі экономиканың дамуының қозғалтқыш күші ретінде келесі өзгерістер болып табылады:

• нарықтар арасындағы қашықтықты қысқартатын технологиялық өзгерістер, әсіресе, көлік, коммуникация және ақпараттар саласында;

• халықаралық саудада және инвестицияларда мемлекеттер бекіткен кедергілердің қысқаруы, дүниежүзі бойынша ашық экономиканы қалыптастыру;

• жаһандық операцияларды жүргізуге қажетті, шетелдерде сауда мен инвестиция тәуекелділігін азайтатын, кең мағынада институционалды және құқықтық сенімділікті қамтамасыз ететін институттарды дамыту, мысалы: ДСҰ, ХВҚ, Дүниежүзілік банк.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]