Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор-мировая экономика 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182.75 Кб
Скачать

20.Әлемдік еңбек рыногына сипаттама беріңіз, жұмысшы күшінің халықаралыық миграциясының салдарларын көрсетіңіз.

Еңбек ресурсы деп еңбек шаруашылығымен айналысуы үшін физикалық дамуы мықты, ақыл қабілеті және білімі бар тұрғындардың бір бөлігін айтамыз. Оларға жұмысқа жарамды жастағы адамдар, жұмыс жасап жүрген зейнеткерлер және еңбекке қабілетті жасы жас жұмыс істеп жүрген жеткіншектер жатады.

Экономикалық белсенді халық қатарына Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасы бойынша әлемде 10 жастан 72 жасқа дейін аралықты қамтиды.

Еңбек ресурстарының сандық аспектілері:

Еңбек ресурстарының басты бөлігін экономикалық белсенді халықты құрайды. Экономикалық белсенді халық- жұмыс істеп жүрген және белсенді жұмыс іздеп жүрген халықтың бір бөлігін айтады. Ол ХХ ғасырдың аяғында әлем халқының жартысын яғни -47,8% құраса, оның ішінде 60%-ы еркектер, 40%- әйел адамдарды құрайды.

Экономикалық белсенді халық әлемнің заманауи демографиялық дамуына байланысты Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азияда - 55%-ы, Оңтүстік Азияда -20%-, ал өндірісі дамыған мемлекеттерде 16% -ы шоғырланған

Экономикалық белсенді халықтың сапалық көрсеткіштері:

  • Білім деңгейі

  • Жұмысбастылықтың салалық құрылысы

  • Жұмыс күшінің кәсіптілік-біліктілік құрылысы

Білім деңгейі

Өндірісі дамыған елдерде дамушы елдерге қарағанда жұмыс күшінің сапасынан, яғни жалпы білім беру деңгейінен, жоғары квалификациялы мамандардың санынан,жұмыс күшінің мобильділігінен озады. Дамушы елдерде тек жоғары және орта білімі барлармен ғана еңбек ресурстарының сапасы анықталмайды, соған қоса сауаттылықтың деңгейі де қарастырады. Сауаттылығы төмен елдерде көп елдерде еңбек өндірісінің төмен деңгейін көрсетеді, яғни бұрынғы шаруашылық түрін тоқтатып қояды,техникалық прогресті тежейді.

Жұмысбастылықтың салалық құрылысы:

  • Ауылшаруашылығында жұмысбастылықтың меншікті салмағы минималды деңгейіне жетті: Ұлыбританияда - 2,5%; АҚШ - 3,1%; Германии и Швеции - 5,6:%; Франции - 8%; Японии - 10%.

  • Өндіріс және құрылыс саласында ақырындап жұмысбастылық деңгейі төмендеп барады: Японияда- 31,4%, Италии - 38%;.Франции - 32%; Великобритании - 36,6%; АҚШ - 27,9%, Канаде - 26%.

  • Қызмет көрсету саласында жұмысбастылықтардың үлесінің өсуі жалғасып жатыр: АҚШ-та - 59%; Канаде и Великобритании - 57%; Швеции - 59,5%; Франции - 52%; Японии - 50%; Италии - 44,7%

  • Барлық десе жұмысбастылықтың үлесі ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығына топталған. ( Индонезияда -56%; Пакистане -51%; Египте - 35%).

Жұмыс күшінің кәсіптілік-біліктілік құрылысы

  • Барлық мемлекеттерде көрініс тауып жатқан үрдіс- ауыл шаруашылық саласында жұмысбастылық үлесі азайып, ал қызмет көрсету саласында ұлғайып жатқаны Даму деңгейі барынша жоғары елде, бұл тендеция соншалықты көрінеді.

  • Экономикалық белсенді халықтың категориясының тез өсуі- орта маманданған және жоғары білімі бар жұмысшылардың  ғылымды қажетсінетін өндірісте жұмыс істеуі. Бұл тенденция барлық елдер тобында көрініс табады..

Дамыған және экономикасы өтпелі елдерде қызметкерлер категориясы кәсіптік құрылымында саны бойынша екінші орынды алады.

  • Постиндустрияландырудың нәтижесі ретінде барлық елдер тобында қызмет көрсету саласында жұмысшылар саны қарқынды өседі.

Еңбек миграциясының теріс және оң салдары бар:

Теріс жақтары:

1. Активті эмиграция экономика, ғылым, техниканың кейбір бағыттарының дамуын баяулатады.

2.Қоғам халықтың ең интелектуалды тобы, жоғары кәсіби, іс-әрекет белсенділігі бар ғылыми-еңбек потенциалын жоғалтады.

3.Халықтың кетуі елдегі демографиялық жағдайға әсер етіп, оның қартаюына әкеледі.

Оң жақтары:

1.Кәсіби ұтыс: кәсіби білімнің жоғарылауы, нарықтық экономикамен танысып, оны басқару әдістерін білу.

2. Экономикаға валюта қаржыларының келуі

3. Еңбек рыногындашиеленісті төмендету.

  1. Әлемдік қаржы ресурстарының түсінігі, көздері және түрлерін анықтап, олардың әлемдік экономикадағы атқаратын рөлін сипаттаңыз. Қаржы ресурстары – экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы. Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады. Экономикасы бір орталқтан басқарылатын елдерде басым үлесті мемлекеттің және муниципалдық құралымдардың қаржы ресурстары құрайды, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде қаржы ресурстарының елеулі бөлігі кәсіпкерлік капиталдан тұрады. Қаржы ресурстарының көздері: белгілі бір кезеңде жаңадан жасалған таза табыс, ұлттық байлықтың бір бөлігі (бұрыннан қорланған қаражат), қарыз алу, сыртқы көздерден тартылған қаражат. Қаржы ресурстарының жұмсалу арналары алуан түрлі. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен салықтар мен алымдар, мемлекеттік мүлікті пайдаланудан, сатудан алынған түсімдер, елдің босалқы алтын қорын сатудан, мемлекеттік облигациялар мен бағалы қағаздарды шығару мен сатудан алынған қаражат, мемл. кәсіпкерлік қызметтен алынған пайда, сыртқы және ішкі қарыз алу жолымен алынатын ақшалай қаражат, сақтық қорлары мен сақтандыру қорларын, заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарын пайдалану жолымен алынған қаражат есебінен құралады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпорындардың, коммерция ұйымдардың) қаржы ресурстары негізінен өндірістік-кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс алу, акционерлік капитал қалыптастыру, үлеспұлдық және жарғылық жарналар жинау, меншікті мүлікті жалға беру, сату, қарызға қаражат алу, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау, шет ел инвестицияларын тарту, сақтандыру өтемдерінің түсімі, айыппұлдық шаралардан түскен қаражат нәтижесінде құралады. Қаржы ресурстарының көздеріне:1.  Жалпы қоғамдық өнімнің және ұлттық табыстың өсуі;2.  Сыртқы экономикалық қызметтен түскен табыстар;3.  Шаруашылық айналысына тартылған ұлттық байлықтың бір бөлігі;4.  Қарыз қаражаттары жатады.Әлемдік қаржы орталықтары, ірі көлемдегі халықаралық капитал шоғырланған және түрлі халықаралық қаржы операциялары кең ауқымда жүргізіледі. Әлемдік қаржы орталықтары дамуының аса маңызды үрдістері – операциялардың ауқымын кеңейту; дамушы елдерде орналасқан осындай орталықтар санының көбеюі; белгілі бір орталықта белгілі бір операция түрлерінің мамандануы және шоғырлануы. Орталық инфрақұрылымының негізін әдетте қор құндылықтарымен операциялар жасайтын аса ірі биржалармен тығыз байланысқан ұлттық және ұлтаралық банкілер құрайды. Ірі брокерлік кеңселер мен түрлі инвестициялық қорлар да айтарлықтай рөл атқарады. Қазіргі кезде қаржы инфрақұрылымы ақпараттық инфрақұрылыммен толығуда. Әлемдік қаржы орталықтары – халықаралық валюталық, несиелік және қаржы операцияларын жүзеге асыратын, құнды қағаздармен, алтынмен келісім жасайтын бан- ктер мен мамандандырылған несиелік-қаржылық институттарының шоғырланған орталықтары. Ертеде, олар ұлттық нарықтар базасында құрылған еді, кейін әлемдік, валюталық, несиелік, қаржылық нарықтарда, алтын нарықтары негізінде құрылды. Бүгінгі таңда, осындай орталықтарға Лондон, Нью-Йорк, Токио, Цюрих, Люксембург, Майндағы Франкфурт, Сингапур және басқа да орталықтар кіреді. Лондон. Ұлыбритания, атап айтатын болсақ Лондон бүгінгі таңда негізгі әлемдік қаржы орталығы болып та- былады. Аталған қаржы орталығы бүкіл әлемде инвес- торлардан тартылған қаражат көлемі бойынша бірін- ші орынды алады. Күнделікті валютамен жасайтын келісімдерінің мөлшерінің өзі шамамен, 500 млрд. долл. құрайды.Лондонда негізгі әлемдік алып компаниялардың өкілдіктерінің орналасуы тарихи қалыптасқан жағдай. Қазіргі күні шетелдік инвестициялық банк­тер операцияларының 80 пайызға жуығы Лон­дон арқылы жасалынады.

Әлемдік қор рыногындағы мұнан кейінгі орын Нью-Йорк, Гонконг, Сингапур қалаларындағы қаржы орталықтарына тиесілі. Ша­ғын ғана Гонконг қаласы осы жағдайға байланысты өзінің экономикасының көлемі жағы­нан 9-шы орын алса, мұндағы қаржы орталы­ғы жасалынатын қаржы операцияла­рының көле­мі жағынан бүкіл дүние жүзі бойынша үшінші орынға көтеріліп отыр. Ол бүгінгі күні Еуропаға қарағанда барынша жедел даму үстіндегі Азияның басты қаржы орталығы атанып отыр.

Әлемдегі төртінші ірі қаржы орталығы болып Сингапур қаласы табылады. Мұнда халық­аралық деңгейдегі аса ірі қаржы мекемелері шоғырлан­ған. Оның ұдайы жетілдіріліп отыратын нормативтік базасы, сенімді макроэкономикалық жағдайы, сонымен қатар барған сайын өсіп келе жатқан Азия қаржы рыногындағы алатын орны халықаралық инвестициялар үшін барынша тартымды бола түсуде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]