Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор-мировая экономика 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182.75 Кб
Скачать

10.Әлем елдерін экономикалық даму деңгейі мен экономикалық қуаты жағынан топтастырудың негізгі көрсеткіштерн түсіндіріңіз.

Қазіргі таңда 240-қа жуық елдер бар.Әлемдегі елдердің қандай да бір жалғыз-ақ және жеткілікті классификациясы (типологиясы) жоқ. Классификацияның әр түрлі нұсқасы әр түрлі белгілерге (критерийлерге) негізделеді. Елдердің топ-топқа бөлінуі олардың тарихи, экономикалық, саяси және мәдени өркендеуінің ерекшелігіне байланысты.

Әлем елдері типологиясының критериилері:

  • Жан басына шаққандағы ЖІӨ;

  • Экономиканың салалық құрылымы;

  • ЖІӨ-дегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі;

  • Өмір сүру деңгейі мен сапасы (білімділік деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, т.б.).

Бүкіләлемдік банктің әдістемесі бойынша елдердің классификациясы. Бүкіләлемдік банк өз методологиясы бойынша жылсайын әлемнің елдеріндегі жалпы ұлттық табыстың (ЖҰТ) жан басына шаққандағы көрсеткішті есептеп отыра барлық мемлекеттер мен территорияларды келесі топтарға бөледі:

Жан басына шаққандағы табыстары жоғары елдер (12616 долл. жоғары - 2012 ж.)

Жан басынашаққандағытабыстарыорташаелдер(1036 долл. -12616 долл. дейін - 2012 ж.)

а) орта табысы жоғары: 4085-12615 АҚШ доллары

ә) орта табысы төмен: 1036-4085 АҚШ доллары

Жан басына шаққандағы табыстары төмен елдер (1035 долл. аз - 2012 ж.)

Әлемде жоғары табысты -61 ел, орта табысты-99 ел, төмен табысты 33 ел бар

Ең жоғары табысты ел-Монако (186950 доллар жан басына шаққанда); Лихтенштейн, Норвегия, Швейцария, Катар, Люксембург, Дания, Австралия,Швеция.

Қазақстан жан басына 9730 доллар есебімен, әлемде 73 орында.

Елдің ЖІӨ-нің абсолютті өлшемі елдің экономикалық қуатын көрсетеді. Осы көрсеткіш бойынша:1 )АҚШ -16 трлн.долл 2) Қытай -12 трлн.долл 3)Индия 4) Жапония 5) Германия 6) Ресей

11.Әлем елдерін адами даму индексі бойынша топтастыру мен талдаудың мәнін ашып, оның көрсеткіштеріне шолу жасаңыз.

1990 жылдан бастап, БҰҰ адамзат даму индексі көрсеткішін енгізді ( адами даму әлеуетінің индексі). Адами даму әлеуетінің индексі әлемдегі барлық елдер үшін өмірдің күтілетін ұзақтығы, сауаттылық, білім алу және өмір сүру сапасының кешенді салыстырмалы көрсеткіші болып табылады. Бұл индекс дамыған, дамушы, дамуы артта қалған елдердің айырмашылықтарын айқындау үшін және экономикалық саясаттың өмір сүру сапасына әсерін анықтау үшін қолданылады. Индексті 1990 ж пакистандық экономист Махбуб уль-Хак пен үнді экономисті Амартья Сен енгізді. Адами даму индексін есептегенде негізгі үш көрсеткіш қолданылады :

  • Күтілетін өмір сүру ұзақтығы көрсеткіші

  • Халықтың сауаттылық деңгейі(білім алуға кеткен орташа уақыт ) және күтілетін білім алу ұзақтығы

  • Өмір сүру сапасы

Сонымен қатар, әлеуметтік дамудың әлеуметтік-экономикалық дифференциациясының сапалық және сандық жақтарын сипаттайтын ғылыми негізделген, жалпыланған көрсеткіштер жүйесі жасалды. Ол жүйеге мынындай коэффициенттер кіреді:

  • Адами даму индексінің дифференциациясы коэффициенті. Ол талданатын елдердің, елдің ішкі аймақтарының, әлеуметтік топтарының айырмашылық деңгейін сипаттайды.

  • Денсаулық индексінің дифференциациясының коэффициенті. Ол бір елдегі денсаулық жағдайының, екінші елге қарағанда қаншылықты жақсы/нашар екенін көрсетеді.

  • Білім беру индексінің дифференциациясы коэффициенті.

  • Табыс индексінің дифференциациясының коэффициенті.

  • Өлім индексінің дифференциация коэффициенті

Адами даму индексінің мәні бойынша елдерді даму жағынан негізгі 4 топқа бөледі : өте жоғары (42 ел), жоғары (43 ел), орташа ( 42 ел), төмен ( 42 ел)

Адами даму индексі бойынша 2010 ж:

1) Норвегия

2) Австралия

3) АҚШ

4) Нидерланды

5) Германия

10) Жапония

55) Ресей

69) Қазақстан

101) Қытай

Білім жүйесінің индексі бойынша:

1) Жаңа Зеландия-1

2) Норвегия-0,99

3) Австрия

4) Ирландия

35) Қазақстан

49) Ресей

Жас ұзақтығы: 1)Макао-84,36 жас

2) Андорра-82,51 жас

3) Жапония-82,12 жас

4) Сингапур-81,98 жас

5) Гонконг-81,36

152) Қазақстан-67,87

Соңғы орындарда: Замбия- 38,63 жас; Ангола-38,20 жас

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]