Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор-мировая экономика 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182.75 Кб
Скачать

46. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтудің негізгі екі стратегиясына сипаттама беріңіз, олардың басты ерекшеліктерін анықтаңыз.

Өтпелі экономика – ескі экономикалық жүйенің құлдырап жаңа жүйенің қалыптасуын айтады. Өтпелі экономиканың сипаттары ол тұрақсыздық, өтудің «соңғы» пунктерінің нұсқаларының көптігі, экономикалық емес факторлардың басым болуы.

Тарихи шағын уақыт аралығында мыналар өзгереді: ресурстарды бөлу тәсілдері, ұдайы өндіріс түрлері, экономикалық дамудың мақсаты мен құралдары, мотивация модельдері, құқықтық институттар.

Тәжірибеде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтудің негізгі екі стратегиялық реформалардың баламасы бар:

  1. Радикалды (тез) реформалар – «шоковая терапия(талықсықпалы ем)», бұдан Ресей, Польша өтті;

  2. Эволюциялы біртіндеп өту (постепенного эволюционного перехода) – Қытай және Венгрия өтті.

Радикалды реформалар стратегиясы - нарықтың қалыптасуының және инфляцияға қарсы саясаттың құралдарын - бағалар либерализациясы, мемлекеттік шығындардың қысқарауы, дефицитсіз бюджетке қол жеткізу деп санайтын экономикалық концепция. Нарықтық экономикаға өтудің радикалды реформалар стратегиясы нарықтың өзін - өзі реттеу идеясына негізделеді. Сол үшін негізгі мақсат - экономикадағы мемлекеттің ролін азайту болып табылады. Бұл стратегияны ХВҚ және Халықаралық қайта құру және даму банкінің мамандары құрастырған. Бұл стратегия нарықтық экономикаға өтуді 10 - 15 жыл аралығында қамтамас етеді және келесі шараларды қамтиды:

      • Негізгі тауарлар мен қызметтер көлеміне бағалар либерализациясы;

      • Мемлекет ролін қайта қарастыру;

      • Әлеуметтік - экономикалық қатынастарды нарықтық қатынастар қамтиды;

      • Мемлекеттік мүліктің жедел жекешелендірілуі;

      • Сыртқыт экономикалық қызметін либерализациясы.

Эволюциялы біртіндеп өту стратегиясы - біртіндеп эволюциялық даму, жүйелі, баяу реформаларды жүргізідің және нарықты қалыптаструдағы негізгі роль мемлекетке жүктейтін экономикалық концепция. Эволюциялық біртіндеп өту стратегиясының ерекшелігі - мемлекет жоспарлы экономика жүйесінің механизмдерін біртіндеп нарықтық қатынастарға ауыстырады.

Бұл стратегияның жалпы сипаттамалары:

      • Нарықтық қатынастар бастапқыда тауарлар өндірісін қамтиды, кейін инвестициялық салаларға таралады.

      • Бағалар иберализациясы мемлекет бақылауында өтеді;\

      • Жоғары инфляцияны болдырмау мақсатын ұстанатын қатал қаржылық саясат;

      • Нарықтық инфраструктураның қалыптасуы.

Эволюциялы біртіндеп өту стратегиясын жақтаушылар жедел бағалар либерализациясына және тез жекешелендіруге қарсы.

47. Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуінің басты бағыттары мен нәтижелері.

Басқа республикалар сияқты Қазақстанның да нарыққа бағытталған экономика құруға бет алғанына он жылдан да асты. Бұрынғы жоспарлы экономиканы нарықтық экономика түріне алмастыру экономиканың барлық салаларында дерлік жүргізілді. Көлемі мен тереңдігі жөнінен бұрын болып көрмеген әлеуметтік – экономикалық және саяси дағдарыстан елімізді алып шығу жолында күрделі істер атқарылуда. Біздің халқымыз көшпелі экономиканың ауыртпалығы мен бейнетін бастан кешіруде.

Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты нарыққа бет алған экономика жолына 1992 жылдың қаңтарында аяқ басты. Нарықтық экономикаға өту барысында Қазақстанға өзара тұтасып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:

      • экономиканы тұрақтандыру және оны тамыры тереңге кеткен дағдарыстан шығару;

      • нарықтық қатынастарды құру және дамыту.

Қазақстан өзінің іс жүзіндегі жеке дара экономикалық саясаты мен өз реформасын өзінің ұлттық валютасын енгізгеннен соң 1994 жылдан бастап ғана жүргізе бастады. Осыдан кейін ғана өкіметтен ұлттық банктің экономикалық саясаты азды-көпті қажетті дәйектілікке және алдын-ала болжауға ие болды. Өкінішке орай, 1992 жылғы мамырда реформаның қабылданған стратегиясынан бас тартқан соң келесі жылдар аса асқындаған және шапқылаған инфляция, өндірістің құлдырауының өсу және тұрғындар өмір деңгейінің шапшаң төмендеу жылдарына айналды. Реформа жылдары инфляция деңгейі 13250есе өсті, өндірістің құлдырауы 1991 жыл деңгейінің 50 пайызына, ал өмір деңгейі 4 есеге дейін құлдырады.

Қазақстанда реформа жасау жылдарында, нарықтық экономикаға көшуде орасан зор көп жұмыстар атқарылды:

-барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге баға мен тариф ырықтандырылды;

-сыртқы экономикалық қызмет көп жағдайда ырықтандырылды, соның

ішінде әртүрлі тарифтік емес шектеулер мен экспортқа шығарылатын

өнімдерге кеден бажы алып тасталынды;

-1995 жылғы 1-шілдеден салық жөніндегі жаңа заң енгізілді, салық

саны бұрынғы 45-тен енді 11-ге дейін қысқарды. Олардың алым көлемі

ретке қойылды, олар экономикадағы нарықтық қатынастарға лайықтандырылды;

-түбегейлі институциалдық өзгерістер жасалды және жасалынып жатыр. Елімізде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жоғары қарқынмен жүргізілді, реформа жылдары (1992-1995) мемлекеттік 16 мың кәсіпорын жекешелендірілді, оның ішінде экономиканың экспорттық секторына жататын өнеркәсіптің ірі – ірі жетекші кәсіпорындары бар. Бүгінде шаруа-

шылық қызметпен айналысатын субъектілердің жалпы санының 80 пайыздан астамы жекеменшікте, мемлекет меншігінде тек 15,5 пайызы ғана қалған;

-рыноктық инфраструктураның базасы жасалды: 100 ден астам екінші дәрежедегі банк жұмыс істейді, олардың 30 дан астамы жеке меншіктегі, 72- сі акционерлік, 6-ы шетелдік банктер. Кейбір банктер банкрот болып, кейбіреулері өзара бірігіп, қосылып, іріленіп деген сияқты табиғи процесс жүріп жатыр. Ұлттық банк қабылданған заң бойынша тәуелсіз банкке айналды. Инвестициялық және қамсыздандыру компаниялары, зейнетақы және басқа қорлар сияқты банкке жатпайтын қаржылық институттар құрыла бастады, толық нарықтық тәртіпке қазақстандық банкаралық валюта – қаржылық биржа, бірнеше тауар биржасы – осының бәрі нарықтық экономиканың өзіне тән айнымас белгілері;

-нарықтық экономиканың, оны мемлекеттік реттеудің құқықтық базасы жасалды, ол үнемі жетілдірілуде.

Қорыта айтқанда, Қазақстанның бүгінгі экономикасы нарықтық экономикаға әбден ұқсайды, бұдан былай жоспарлы экономикаға қайтар жол жоқ.

Нарықтық экономикаға өту барысында экономикамызда төмендегідей бағыттар бойынша құрылымдық өзгерістер жүргізілді:

-мемлекет меншігінде болған барлық өнеркәсіп орындары мен ауыл-

шаруашылық бірлестіктерін жекеменшікке беру;

-экономика құрылымында өнеркәсіптің әсіресе өңеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру. Өнеркәсіптің артта қалған салаларында өнімділікті арттыру үшін және жаңа техникамен технологияларды пайдалану үшін шетел инвестицияларын тарту;

-ҒТР нәтижелерін экономиканың барлық саласында кеңінен пайдалану;

-жеке кәсіпкерлікті дамыту;

-отандық тауардың сапасын жақсарту рақылы дүние жүзілік нарықтағы бәсекелестігін арттыру;

-экономикадағы қажетсіз салаларды басқа салалармен ауыстыру, орта және ұсақ кәсіпорындардың санын көбейту;

-Әлемдік шаруашылыққа интеграциалану, яғни халықаралық еңбек бөлінісіне қатысып, сыртқы сауда құрылымын өзгертіп, экспортқа тек шикі-затты ғана емес, сонымен қатар дайын өнімді шығару.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]