- •Әлемдік экономиканың теорияларына қысқаша шолу жасап, негізгі теориялардың мазмұнын ашып көрсетіңіз.
- •8. Әлемдік экономикадағы либерализациялау үдерістерінің мәні мен басты бағыттарына сипаттама беріңіз.
- •9. Әлем елдерін экономикалық тұрғыдан топтастыру тәсілдеріне шолу жасап, олардың негізгі көрсеткіштерін атап өтіңіз.
- •10.Әлем елдерін экономикалық даму деңгейі мен экономикалық қуаты жағынан топтастырудың негізгі көрсеткіштерн түсіндіріңіз.
- •11.Әлем елдерін адами даму индексі бойынша топтастыру мен талдаудың мәнін ашып, оның көрсеткіштеріне шолу жасаңыз.
- •12.Әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық модельдеріне шолу жасап, олардың ерекшеліктерін қысқаша сипаттаңыз.
- •14. Әлем елдерінің экономикалық даму деңгейінің біркелкі болмауының әлемдік экономикадағы салдарларын түсіндіріңіз.
- •15. Әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық алшақтықтарды азайтудың басты бағыттарына сипаттама берініз.
- •16. Әлем елдерінің даму қарқыны әр түрлі болуының әлемдік экономикаға тигізетін әсерлерін сипаттаңыз.
- •20.Әлемдік еңбек рыногына сипаттама беріңіз, жұмысшы күшінің халықаралыық миграциясының салдарларын көрсетіңіз.
- •22.Капиталдың әлемдік рыногына түсініктеме беріп, оның әлемдік экономикалық дамудағы рөлін анықтаңыз.
- •Әлемдік экономиканың алтын-валюта қорларының экономикалық маңызын көрсетіп, оларға жалпы шолу жасаңыз.
- •26. Әлемдік экономиканың кәсіпкерлік ресурстарына анықтама беріп, экономикалық функцияларына шолу жасаңыз.
- •27. Әлемдік экономиадағы ғылыми-білім ресурстарының маңызын ашып, әлемдік ғылыми орталықтарға қысқаша шолу жасаңыз.
- •28. Әлемнің ғылыми-ағарту ресурстарын қысқаша сипаттап, олардың экономикалық маңызын көрсетіңіз.
- •29. Ұлттық экономикаға анықтама беріп, қазіргі әлемдегі ұлттық экономикалық үлгілерге қысқаша шолу жасаңыз.
- •30. Әлемдік эколномикадағы ашық және жабық ұлттық экономикалық үлгілердің қайшылықтарын түсіндіріңіз.
- •31. Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігін түсіндіріп, оның теориялық негіздерін түсіндіріңіз.
- •32.Әлем елдерінің сыртқы экономикалық саясатының негізгі бағыттарын қысқаша түсіндіріңіз.
- •1.Интеграциялық бірлестіктің мәні мен типтер
- •Еуропа Одағының интеграциялану тәжірибесіне қысқаша шолу жасап, ол одақтың басқа топтарға көрсететін үлгісінің оң және теріс жақтарын сипаттаңыз.
- •36. Еуразия экономикалық одағының қысқаша тарихы мен мәселелеріне қысқаша жолу.
- •37. Әлемдік экономикадағы дамыған елдер тобына қысқаша шолу жасап, олардың әлеуметтік-экономикалық үлгісіне сипаттама беріңіз.
- •Дамушы елдердің дамыған елдерден артта қалуының себептерін анықтап, дамушы елдердің негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін талдаңыз.
- •Әлемдегі дамушы елдер тобына анықтама беріп, оларды бір топқа жатқызудың себептерін түсіндіріңіз.
- •44. Әлемдегі «жаңа индустриалды елдер» түсінігін анықтап, олардың негізгі экономикалық саясаттарын сипаттаңыз.
- •46. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтудің негізгі екі стратегиясына сипаттама беріңіз, олардың басты ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •47. Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуінің басты бағыттары мен нәтижелері.
- •48. Қытай Халық Республикасының экономикалық реформалары мен жетістіктеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
- •50.Трансұлттық компанияларлың құрылымдық ерекшеліктері мен стратегиялық ұстанымдарының қабылдануының елге тигізетін әсерін көрсетеңіз.
- •52. Трансұлттық компаниялардың қазіргі әлемдік экономикадағы үлгісін, экономиканың жаһандануындағы рөлін сипаттаңыз.
- •53. Қазіргі әлемдік экономиканың жаһандануының басталуы, кезеңдері мен себептерін ашып көрсетіңіз.
- •54. Демографиялық үдерістердің жаһандық мәселе есебінде әлемдік экономикаға тигізетін әсерлері мен оны шешу мәселелерін бейнелеңіз.
- •58. Адамзаттың азық-түлік мәселесінің мәнін ашып, азық-түлік мәселесін шешу шараларына қысқаша болжау жасаңыз.
44. Әлемдегі «жаңа индустриалды елдер» түсінігін анықтап, олардың негізгі экономикалық саясаттарын сипаттаңыз.
Жаңа индустриалды елдер - соңғы онжылдықтарда бір-қатар өндіріс салалары, соның ішінде өндеу саласы пайда болған, осының нәтижесінде өндіріс өнімін әлемдік нарыққа жеткізуді кеңейтіп отырған дамушы елдер тобы.
Оңтүстік Корея экономикасының негізгі бағыттары мемлекеттің алпыс жылдық тарихында қатты өзгерді. Дамыған елдердегідей 90-шы жылдар басында ел экономикасының негізгі тірегі қызмет көрсету саласы бола бастады. Бүгінде аталған сала ЖІӨ-нің үштен екісін құрап отыр.
Қазіргі таңда ел экономикасы алдымен электроника, тоқыма, автокөліктер секілді халықтық тұтыну тауарларына, сондай-ақ, болат өндірісі мен кеме жасау секілді ауыр өнеркәсіп секторына арқа сүйейді. Бұл салалардың өнімі экспорттың негізгі бөлігін құрайды.
Бүгінде Оңтүстік Корея ІЖӨ деңгейі (710 млрд.$) бойынша әлемде 11-ші орынды иеленеді. Елдің экономикасы кешегі 80-90 жылдары шапшаң қарқынмен дамып, жылына 8-12 пайызды құрады.
Бүгінде Оңтүстік Корея экономикасын алға сүйреп отырған локомотивтердің бірі — бұл тұтынушылық электроника тауарлары өндірісі.
СингапурРеспубликасы 40 жылдың ішінде халықаралық саясат, экономикасының қарқынды дамуымен бүкіл әлем мойындаған Оңтүстік-ШығысАзиядағы алып шаһарға айналды.Сингапур да 90-шы жылдардың орта тұсында Оңтүстік-Шығыс Азиядағы өндірісі жедел қарқынмен (жылына 14 %) дамыған елдердің қатарына қосылды. Бүгінде бұл елдің өнеркәсібінде роботтар кеңінен пайдаланылады. Жапония мен Гонконг ірі инвесторлар саналады. Сингапур мұнай өңдеу жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы орындардың бірінде. Мұнда жылына 20 млн. тоннадан астам мұнай өңделеді. Жоғары технологиялар саласында ғылымның жетістігі табысты қолданылады. Сондықтан да Сингапур компьютерлер шығару мен роботтарды өндіріске енгізу бойынша Азияда Жапониядан кейінгі екінші орында. Жыл сайын Сингапурға 5 млн. турист келіп қайтады. Олар Сингапурды «сүйкімді Азия» немесе «экватордағы Еуропа» деп атайды.
Гонконг (Сянган) экономикасы еркін нарықтық қатынасқа негізделген, салық мөлшері төмен, мемлекет экономикаға араласпайды. Мұнда ауыл шаруашылығына жарамды жер де аз, табиғи ресурстарға аса бай емес. Сондықтан да азық-түлік пен шикізаттың көп бөлігі, тіпті ауыз суға дейін шеттен тасымалданады. ІЖӨ-нің 90 пайызы қызмет көрсету салаларының үлесіне тиеді. Бүгінде Гонконг тектен-тек дүниежүзілік ірі қаржы орталықтарының бірі атанып отырған жоқ. Бұл жөнінен ол Азияда бірінші, ал әлемде алғашқы үштікке кіреді. Жуырда Гонконг пен Қазақстан арасында Бейнеу-Шымкент магистралды газ құбырын салуға он бес жылдық мерзімге 1,8 млрд. доллар несие беру жөнінде келісімге қол қойылды.
Тайвань да Қытайдың провинциясы саналғанымен шын мәнінде тәуелсіз мемлекет. Ол әлемдегі капиталды ең ірі сыртқа, әсіресе, Оңтүстік Шығыс Азияға шығарушылардың бірі. Соңғы бес жылда оның көлемі 36 млрд. долларға жетті. Бұл елде де электр қуаты негізінен жалпы әлеуеті 4,9 млн. КВт-тық алты АЭС-те өндіріледі. Оған қажетті уран шикізаты Шығыс Азияның басқа елдері секілді Африкадан әкелінеді. Осы заманғы озық технологияға қол жеткізген Тайвань электронды тауарлардан ОЕМ-құрылғысы мен оған дисплейлер шығаруға маманданған. Кеме жасау ісіне де маманданып, әсіресе, спорттық яхталарды көбірек шығарады. Сондай-ақ, бұл ел шығаратын сапалы спорттық киімдер мен аяқ киімдер, құрал-жабдықтар, теннис ракеткалары мен түрлі доптар әлемдік рынокта үлкен сұранысқа ие. Туризм саласы да елдің экономикасында елеулі рөл атқарады. Мұнда демалыс пен қонақ үйлерде шығысқа тән дастарқан молшылығы мен батыстық үлгідегі жанға жайлы қызмет көрсету жағдайлары жасалғандықтан әлемнің әр түкпірінен туристер ағылып келіп жатады. Дегенмен, Тайвань экономикасы шеттен тасымалданатын отын мен шикізаттарға тәуелді. Ал, экспортқа осы заманғы өнеркәсіп тауарлары шығарылады. АҚШ, Жапония, Германия және Гонконг елдері сауда-саттықтағы ең басты әріптестері.
Малайзия – қарқынды дамушы индустриалды-аграрлық мемлекет. Халықтың Адам басына бұл көрсеткіш 15 300 долл. құрайды (2008 ж.) және аймақтағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. ІЖӨ құрылымы келесі түрде бөлінген: ауыл шаруашылығы - 9,7%, өнеркәсіп - 44,6%, қызмет көрсету саласы - 45,7% (2008 ж.). Соңғы жеті жылда елдің алтын валюталық қоры үнемі ұлғайып келді .Еңбекке жарамды халықтың саны - 11,2 млн.адам (2008 жылғы мәліметтер бойынша), олардың 13%-ы ауыл шаруашылық саласында, өнеркәсіп саласында - 36%, қызмет көрсету саласында - 51%. ІЖӨ ең улкен үлесі қызмет көрсету саласына тиесілі, оның басым бөлігі үстеме және бөлшектем сату сауда, сондай-ақ қаржы қызметі; сақтандыру және жылжымайтын мүлік алу. Жұмыссыздық деңгейі 3,2% пайызды құрайды
45. «Өтпелі экономика» түсінігінің мәні мен қандай жүйеден қандай жүйеге көшу керектігін бейнелеңіз. ХХ ғ 90 жж әлемдік социалистік жүйе құлағаннан кейін өтпелі экономикалы елдер пайда бола бастады. Бұл топқа Орта және Шығыс Еуропаның 12 елі, 15 ел - бұрынғы советтік мемлекеттері және Монғолия, Қытай мен Вьетнам (бірақ ресми түрде соңғы екі ел социалистік болып саналады). Бұрынғы әкімшілік – әміршіл экономика жүйесінде тек Солт. Корея мен Куба қалды.
Өтпелі экономика – ескі экономикалық жүйенің құлдырап жаңа жүйенің қалыптасуын айтады. Өтпелі экономиканың сипаттары ол тұрақсыздық, өтудің «соңғы» пунктерінің нұсқаларының көптігі, экономикалық емес факторлардың басым болуы.
Тарихи шағын уақыт аралығында мыналар өзгереді: ресурстарды бөлу тәсілдері, ұдайы өндіріс түрлері, экономикалық дамудың мақсаты мен құралдары, мотивация модельдері, құқықтық институттар.
Практикада 2 экономикалық реформалардың баламасы бар:
Радикалды (тез) реформалар – «шоковая терапия(талықсықпалы ем)», бұдан Ресей, Польша өтті
Эволюциялы біртіндеп өту (постепенного эволюционного перехода) – Қытай және Венгрия өтті.
Өтпелі экономикалы елдер мен дамушы елдердің мақсаттары ортақ. Ол – заманауи нарықтық экономиканы құру. Бұл қатардағы елдерге дамыған елдерді қуып жетудің ең басты амалы. Сондықтан оларды кейде «қуып жету дамуы» («догоняющего развития») немесе постсоциалистік елдер деп атайды. Бұл қатардағы кейбір елдер дамушы нарығы бар елдер қатарына қосылған (Россия, Казахстан, Украина, Латвия, Литва, Эстония, Чехия, Венгрия, Польша, Хорватия, Вьетнам)
Өтпелі экономикалы елдер әлемдік экономикада аралық (промежуточное) орын алады. Бір жағынан қарағанда көптеген экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер бойынша (жан басына шаққандағы ЖІӨ, өмір сүрудің орташа ұзақтығы, балалар өлімі, сатып алу қабілеті «өмір сүру сапасы» және т.б.) дамушы елдер арасында орындар алады. Оларда салыстырмалы түрде индустриалды дамыған немесе индустриалды – аграрлы экономикасы дамыған және ғылыми-техникалық пен адами әлеуеті айтарлықтай көп.
Өтпелі
экономикалы елдер әлемдік ЖІӨ-нің 17%-н
өндіреді, соның ішінде орталық және
шығыс Еуропа - 3
дан
артық, ТМД елдері - 4%-ға жуық, Қытай –
шамамен 10%.
Өтпелі экономикалы елдер түрлері:
Қазіргі ТМД-ға біріккен, бұрынғы совет елдері. Олардың кейбір елдерінде нарықтық реформалар табысты өтуде және экономикалық өсуі көрініп келеді. Ал басқа елдерде (Беларусь, Узбекистан, Туркменистан) нарықтық реформалар өте әлсіз жүруде. Кейбірінде өмір сүру деңгейі күрт төмендеп, олар кедей елдер қатарына қосылуда.
Орталық және Шығыс Еуропа елдері(ОШЕ), Балтық елдерімен бірге. Бұл елдер салыстырмалы түрде даму деңгейң жоғары және олардың 12 – сі ЕО – қа мүше. ОШЕ елдеріндегі кейбірі көшбасшылардан әлдеқайда артта олар: Албании, Болгарии, Румынии және бұрынғы Югославияның елдері (Македония,Сербия, Черногория, Босния и Герцеговина.
Келесі топқа Қытай мен Вьетнамды жатқызуға болады.
