- •Әлемдік экономиканың теорияларына қысқаша шолу жасап, негізгі теориялардың мазмұнын ашып көрсетіңіз.
- •8. Әлемдік экономикадағы либерализациялау үдерістерінің мәні мен басты бағыттарына сипаттама беріңіз.
- •9. Әлем елдерін экономикалық тұрғыдан топтастыру тәсілдеріне шолу жасап, олардың негізгі көрсеткіштерін атап өтіңіз.
- •10.Әлем елдерін экономикалық даму деңгейі мен экономикалық қуаты жағынан топтастырудың негізгі көрсеткіштерн түсіндіріңіз.
- •11.Әлем елдерін адами даму индексі бойынша топтастыру мен талдаудың мәнін ашып, оның көрсеткіштеріне шолу жасаңыз.
- •12.Әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық модельдеріне шолу жасап, олардың ерекшеліктерін қысқаша сипаттаңыз.
- •14. Әлем елдерінің экономикалық даму деңгейінің біркелкі болмауының әлемдік экономикадағы салдарларын түсіндіріңіз.
- •15. Әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық алшақтықтарды азайтудың басты бағыттарына сипаттама берініз.
- •16. Әлем елдерінің даму қарқыны әр түрлі болуының әлемдік экономикаға тигізетін әсерлерін сипаттаңыз.
- •20.Әлемдік еңбек рыногына сипаттама беріңіз, жұмысшы күшінің халықаралыық миграциясының салдарларын көрсетіңіз.
- •22.Капиталдың әлемдік рыногына түсініктеме беріп, оның әлемдік экономикалық дамудағы рөлін анықтаңыз.
- •Әлемдік экономиканың алтын-валюта қорларының экономикалық маңызын көрсетіп, оларға жалпы шолу жасаңыз.
- •26. Әлемдік экономиканың кәсіпкерлік ресурстарына анықтама беріп, экономикалық функцияларына шолу жасаңыз.
- •27. Әлемдік экономиадағы ғылыми-білім ресурстарының маңызын ашып, әлемдік ғылыми орталықтарға қысқаша шолу жасаңыз.
- •28. Әлемнің ғылыми-ағарту ресурстарын қысқаша сипаттап, олардың экономикалық маңызын көрсетіңіз.
- •29. Ұлттық экономикаға анықтама беріп, қазіргі әлемдегі ұлттық экономикалық үлгілерге қысқаша шолу жасаңыз.
- •30. Әлемдік эколномикадағы ашық және жабық ұлттық экономикалық үлгілердің қайшылықтарын түсіндіріңіз.
- •31. Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігін түсіндіріп, оның теориялық негіздерін түсіндіріңіз.
- •32.Әлем елдерінің сыртқы экономикалық саясатының негізгі бағыттарын қысқаша түсіндіріңіз.
- •1.Интеграциялық бірлестіктің мәні мен типтер
- •Еуропа Одағының интеграциялану тәжірибесіне қысқаша шолу жасап, ол одақтың басқа топтарға көрсететін үлгісінің оң және теріс жақтарын сипаттаңыз.
- •36. Еуразия экономикалық одағының қысқаша тарихы мен мәселелеріне қысқаша жолу.
- •37. Әлемдік экономикадағы дамыған елдер тобына қысқаша шолу жасап, олардың әлеуметтік-экономикалық үлгісіне сипаттама беріңіз.
- •Дамушы елдердің дамыған елдерден артта қалуының себептерін анықтап, дамушы елдердің негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін талдаңыз.
- •Әлемдегі дамушы елдер тобына анықтама беріп, оларды бір топқа жатқызудың себептерін түсіндіріңіз.
- •44. Әлемдегі «жаңа индустриалды елдер» түсінігін анықтап, олардың негізгі экономикалық саясаттарын сипаттаңыз.
- •46. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтудің негізгі екі стратегиясына сипаттама беріңіз, олардың басты ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •47. Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуінің басты бағыттары мен нәтижелері.
- •48. Қытай Халық Республикасының экономикалық реформалары мен жетістіктеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
- •50.Трансұлттық компанияларлың құрылымдық ерекшеліктері мен стратегиялық ұстанымдарының қабылдануының елге тигізетін әсерін көрсетеңіз.
- •52. Трансұлттық компаниялардың қазіргі әлемдік экономикадағы үлгісін, экономиканың жаһандануындағы рөлін сипаттаңыз.
- •53. Қазіргі әлемдік экономиканың жаһандануының басталуы, кезеңдері мен себептерін ашып көрсетіңіз.
- •54. Демографиялық үдерістердің жаһандық мәселе есебінде әлемдік экономикаға тигізетін әсерлері мен оны шешу мәселелерін бейнелеңіз.
- •58. Адамзаттың азық-түлік мәселесінің мәнін ашып, азық-түлік мәселесін шешу шараларына қысқаша болжау жасаңыз.
36. Еуразия экономикалық одағының қысқаша тарихы мен мәселелеріне қысқаша жолу.
Еуразиялық экономикалық қауымдастығы (ЕурАзЭҚ) – өзіне кіретін елдердің сыртқы ортақ кеден шекарасын құруға, бірыңғай сыртқы экономикалық саясатты, тарифтерді, бағаны және жалпы нарықтың жұмыс істеуін құраушыларды жасап шығаруға байланысты функциялар берілген халықаралық экономикалық ұйым.
Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру туралы шартқа 2000 жылы 10 қазанда Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан президенттерімен Қазақстанның астанасы Астана қаласында қол қойылды.
Кеден одағының құқық иеленушісі болып ұйым БҰҰ принциптері мен халықаралық құқық нормаларына толық сәйкес құрылды. Ол халықаралық құқықтық субъектілікке ие. 2003 жылы Еуразиялық экономикалық қауымдастық БҰҰ Бас ассамблеясында бақылаушы мәртебесін алды.
Қауымдастықтың мақсаты
ЕурАзЭҚ Бірыңғай экономикалық кеңістіктің Кеден одағына қатысушы-елдерді құру процесін тиімді алға жылжыту, әлемдік экономика мен халықаралық сауда жүйесіне интеграциялау кезінде олардың тәсілін үйлестіру үшін құрылды.
Ұйым қызметінің басты векторларының бірі – халықтың өмір сүру деңгейін арттыруда олардың экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану кезінде әлеуметтік-экономикалық түрлендіруді келісу жолымен Қауымдастық елдерін динамикалық дамытуды қамтамасыз ету.
Қауымдастықтың негізгі міндеттеріне мыналар кіреді:
еркін сауда режимін толық көлемде рәсімдеуді аяқтау, бірыңғай кеден тарифін және тарифтік емес реттеу шараларының бірыңғай жүйесін құру;
тауралар мен қызметтердің саудасының ортақ тәртібін және олардың ішкі нарыққа қол жетімділігін белгілеу;
валюталық реттеу және валюталық бақылаудың бірыңғайланған тәртібін енгізу; кедендік реттеудің бірыңғайланған ортақ жүйесін құру;
әлеуметтік-экономикалық дамудың бірлескен бағдарламасын әзірлеу және іске асыру; өндірістік және кәсіпкерлік қызмет үшін тең жағдай жасау;
көлік қызметінің ортақ нарығын және бірыңғай көлік жүйесін құру; ортақ энергетикалық нарық құру;
ЕурАзЭқ құрамы
Бес мемлекет - Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылған сәтінен бастап оның мүшелері болып табылады. 2002 жылы мамыр айында Молдавия мен Украина басшылығының өтінішімен бұл елдерге ЕурАзЭҚ жанындағы бақылаушы мәртебесі берілді. 2003 жылы Арменияның осындай өтініші қанағаттандырылды. Өзбекстан 2006 жылы қаңтар айында ЕурАзЭҚ мүшесі болды.
ЕурАзЭҚ басшы органдарының құрылымы: Мемлекетаралық кеңес, Біріктіру комитеті, Парламентаралық Ассамблея, Қоғамдастық соты.
ЕурАзЭҚ бюджеті
Қоғамдастықтың бюджеті әр бюджет жылына Біріктіру комитетімен Қоғамдастық мемлекеттерімен келісім бойынша әзірленеді және Мемлекетаралық кеңес бекітеді.
Қоғамдастық бюджеті үлес жарналары есебінен қалыптастырылады: 40 пайызын Ресей, 15 пайыздан Белоруссия, Қазақстан, Өзбекстан, 7,5 пайыздан Қырғызстан мен Тәжікстан енгізеді.
37. Әлемдік экономикадағы дамыған елдер тобына қысқаша шолу жасап, олардың әлеуметтік-экономикалық үлгісіне сипаттама беріңіз.
Дамыған елдерді әлемдік шаруашылықтың ядросы деп атауға болады. Олар әлем бойынша ЖІӨ-ң жартысынан көбін алады, әлемнің басқа елдеріне ориентир болып табылатын әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары деңгейіне жеткен. Дамыған елдер тобы 30-дан астам елдер мен территориялдарды қамтиды. Дамыған елдердің негізгі белгілері: 1) жан басына шаққандағы ЖІӨ жоғарғаы көлемі; 2) экономикасының көп салалық құрылымы; ғылымды көп қажет ететін салалар, қызмет көрсету саласы басты орын алған; 3) қоғамның әлеуметтік құрылымы бойынша өте бай және өте кедей халықтар арасындағы алшақтықтың үлкен еместігі (кедей халық-20%, бай халық-20%); 4) орта класс орны өте көп. ЖІӨ көлемі бойынша нарықтық экономикалы дамыған елдер тобына жататын 7 елге: Германия, Италия, Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Жапония жатады және басқа да Батыс Еуропа елдері, сонымен қатар Еуропалық қауымдастық, Солтүстік Америка және Жапония жатады. Дамыған елдер тобы әлемнің индустриалды дамыған елдерінің ішінде маңызды орынға ие, әлемдік ЖҰӨ 47%-ын және халықаралық сауданың 51%-ын қамтамасыз етеді. Дамыған елдер тобының ішінен 3 орталықты атап өтуге болады, оларды триада деп атайды: ЕО, НАФТА мен Азияның дамыған елдері, бастысы Жапония. Бұл триаданы бөліп көрсететін себебі, онда әлемнің ЖІӨ-ң жартысы өндіріледі, сонымен қатар ЕО, НАФТА мен Азияның дамыған елдері заманауи капитализмнің түрлі әлеуметтік-экономикалық моделдерін ұсынады. Еуропалық континентте әлемнің ірі 7 индустриалды елдерінің 4-уі орналасқан, ондағы маңызды бірлестіктердің бірі ЕО елдері, олар әлемдік ЖІӨ-нің 21%-ын, экспорттың 41%-ын, ЕО елдерінің ЖІӨ-ң 73%-ын және экспортының 64%-ын алады. Триаданың әрбір мүшесінің өз перифериясы бар, ол эконмикалық тығыз байланыстағы елдерден тұрады. НАФТАда ол Латын Америкасы, ЕО – орт-шығыс Еуропа, таяу және орта Шығыс (жерортатеңіз елдері), Африка. Азия- Шығыс, оңт-шығыс Азия мен Австралия. Аталған 3 топ бір-бірімен халықаралық экономикалық қатынастың барлық формаларымен бәсекелесуде. Дамыған елдер әлемдік саудада басымдылыққа ие, бірақ та соңғы он жылдарда олардың үлесі төмендеп барады. Әлемдік экономикадығы АҚШ рөлі. АҚШ әлемдік экономикалық жүйенің жетекші державасы болып табылады және ол келесідей басымдықтарға байланысты негізделген: 1. ірі шаруашылық әлеуеті – табиғи-шикізаттық, .демографиялық, өндірістік, ғылыми-техникалық; 2. Ішкі нарықтың үлкен сыйымдылығы; 3. Өндіріс пен капитал орталықтандырудың ірі масштабы; 4. Ірімасштабты ғылыми зерттеулер мен дайындықтар жүргізуі; 5. Өндіріс пен қызмет сферасының жаңа салаларының дамуы, заманауи экономикалық (постиндустриалды) құрылым; 6. Дамудың тұрақты жоғарғы қарқыны; 7. елдің экономикалық саясатының негізін анықтайтын қағидаттардың жиынтығы мен басымдылығы – экономикалық қызметтің еркіндігін қолдау, еркін бәсекелестікті қорғау, кәсіпкерлік белсенділіктің кеңеюі, монополияны шектеу. АҚШ өзінің экономикалық және қаржы әлеуетін ұстай отырып,еңбектің өнімділігі, ЖІӨ-ң қарқыны бойынша, ғылми-техникалық үдерісте және сыртқыэкономикалық байланыстардың даму деңгейі бойынша бәсекелестерінің алдында. АҚШ ғылыми-техникалық әлеуеті бойынша әлемде бірінші орынды алады. Батыс Еуропаның әлемдік экономикадағы рөлі. Еуропалық экономиканың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін салаларға: 1. Дәстүрлі: автокөлікқұрылысы –Германия, Франция. Авициялық өндіріс – Ұлыбритания, Германия, Франция. Текстиль өнеркәсібі – Италия, Франция. 2. Жаңа: бағдарламалық қамсыздандыру – Германия, Бельгия, Нидерланды. Цифрлық телекөрініс – Франция, Германия. Мобилді байланыс – Швеция, Ұлыбритания, Финляндия.
38. Дамыған елдер экономикасындағы негізгі даму бағыттарына сипаттама берініз. Дамыған елдердің негізгі бағыттарының бірі болып экономиканың ашықтығы болып табылады. Барлық дамыған мемлекеттер интенсивті түрде сыртқы экономикалық қатынастарға қатысады және ХЕБ артықшылығын пайдаланады. Ашық экономика - әлемдік нарықпен және халықаралық еңбек бөлінісімен тығыз байланысты елдің экономикасы. Авторитарлық жабық жүйелердің антиподы. Экономиканың қаншалықты ашық екендігін көрсететін көрсеткіштерге:
экспорт пен импорттың ЖҰӨ қатынасы;
шетелге және шетелден келетін капитал қозғалысы;
валюта қайтарымдылығы;
дүниежүзілік экономикалық ұйымдарға қатынасу деңгейі.
Қазіргі жағдайда ашық экономика ұлттық экономиканың дамуының басты факторына айналып отыр сонымен қатар әлемдік экономикалық стандарттарға қол жеткізудің ориентирі болып табылады.
Екінші жағдай ол халықаралық саудаға елдің араласуы. Сыртқа сауда саясатының негізгі мақсаттары:
осы елдің халықаралық еңбек бөлінісіне кіруінің дәрежесі мен әдісін өзгерту;
экспорт пен импорт көледерін өзгерту;
елді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету(шикізат, энергия және т.б);
экспорт пен импорт бағаларының өзгерту. Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар:
еркін сауда саясаты;
протекционизм.
Еркін сауда саясаты таза күйінде мемлекеттің сыртқы саудаға тікелей араласудан бас тартып, рынокқа негізгі реттеуші рөлін жүктеуін білдіреді. Бірақ бұл мемлекеттің осы шаруашылық іс-әрекетінің бағытына әсер етуден толық шеттелуін білдірмейді. Мемлекет өз шаруашылық субъектілеріне максималды еркіндік беру үшін басқа елдермен келісім-шарттарға отырады.
Еркін сауда оң саяси салдарға әкеледі. өйткені елдердің өзара байланыстылығы күшейіп бір біріне дұшпандық әрекетінің мүмкіндігін төмендетеді.
Еркін сауда саясатының жүргізілуі экономикасы дамыған елдерге халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде еркін сауда саясаты таза күйінде ешқашан және еш жерде қолданылған жоқ.
Протекционизм – отандық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясат. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі рыноктық күштердің еркін іс әрекеті жоққа шығарылады. өйткені әлемдік рыноктағы жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекеге жармдылығы әр түрлі осыған байланысты дамуы жағынан артта қалған елдер үшін күштердің еркін іс әрекеті падасыз болуы мүмкін. Күшті шетелдік мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке экономикалық дамуы төменірек елдерде экономиканың тоқырауына және осы елде тиімсіз экономикалық құрылымның қалыптасуына ікелуі мүмкін.
39. Дамыған елдердің әлеуметтік экономикалық мәселелрінің негізгі негізгі қайшылықтарын көрсетіңіз. Қазіргі кездегі дамыған елдердің көбісінің негізгі әлеуметтік экономикалық мәселерінің бірі халықтың қартайуы болып табылады. Өмір сүру сапасының жоғары болуынан зейнеткерлердің саны жұмыс істейтін халықтың санынан асып түседі. Сәйкесінше бұл зейнетке шығу жасы мен салықтардың өсуіне алып келеді, бұл орта таптың наразылығын тудырады.
Екінші дамыған елдердің әлеуметтік экономикалық мәселелерінің бірі бұл еңбек миграциясы. Бұның арқасында көп мемлекеттерарзан еңбек күші ретінде пайдаланады. Елдің өзінің халқы аз еңбек ақыға жұмыс жасағысы келмейді, сол себепті еңбек нарығын қажетті еңбек күшімен қамтамасыз етуге болады. Бір жағынан елдің жәрдемақылары жоғары болғандықтан мигранттар жұмыссыз ретінде жәрдемақы алып,еңбек етпейді. Және де бұл еңбек миграциясы ұлтық бұзақы групировкасын тудырады, бұл мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіпті. Тағы да маңызды мәселелердің бірі таптар арасындағы табыс бойынша алшақтық болып табылады. Елдердегі инфляция деңгейі еңбек ақысы аз халықтың жағдайын одан гөрі нашарлатып жібереді. Елде бірінші қажеттіліктер қымбаттайды. Сонымен бірге дағдарыстың себебінен елдерде жұмыссыздық проблемасы туындады.
Дамыған елдердің әлемдік экономикадағы орны мен рөлін сипаттап, олардың жаһандану жағдайындағы қайшылықтарын көрсетңіз. Дамыған елдер — индустриалды және ғылыми-техникалық төңкеріс кезеңін басынан өткерген, экономикада, мәдениетте және саяси-әлеуметтік құрылымда едәуір жоғары деңгейге көтерілген елдер.
Ресей географтары дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейіне, әлемдік экономикадағы орнына қарай экономикасы дамыған елдер, өтпелі экономика тән елдер және дамушы елдер деп үлкен үш топқа бөледі. Дамыған елдер тобына нарықтық экономика тән, Экономнкалық ынтымақтастық пен даму ұйымына ("Париж клубы") мүше елдер енеді. Бұл елдерге жиынтық ішкі өнімнің және энергияны тұтынудың жан басына шаққандағы көрсеткішінің жоғары болуы, адамның өмір жасының ұзақтығы, қызмет көрсету саласының басымдылығы, экономикасының "ашықтығы", ауыл шаруашылығы үлесінің төмендігі тән. Аталған елдер экономикалық дамудың постиндустриялық кезеңіне аяқ басқан; олардың үлесіне дүниежүзілік жиынтық өнімнің жартысынан астамы тиесілі. Постиндустриялық елдердің экономикасының ашық сипатта болуына "көрінбейтін экспорт" (көлік және қаржы қызметі, туризм, байланыс, ақпараттық қызмет көрсету) әсерін тигізеді. Бұл елдерде байланыс жүйелерінің күшті дамуы ірі фирмалардың қызметкерлерінің үйінде жұмыс істеуіне (АҚШ-та олардың саны 4 млн адамға, ал Ұлыбританияда 1,3 млн адамға жетті), жеке филиалдардың жұмысын үйлестіру мақсатында бейнеконференциялар ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Кейбір ғалымдар постиндустриялық елдер тобына халықаралық мамандану ерекшелігіне байланысты экономикасында қызмет көрсету саласы басым болатын дамушы елдерді (Панама, Либерия, Джибути және т.б.) де енгізеді. Дегенмен бұл елдердің жалпы әлеуметгік-экономикалық даму деңгейі дамыған елдерден әлдеқайда төмен екендігі ескерілуі қажет. Экономикасы дамыған елдер тобын: жоғары дамыған елдер Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері және "қоныс аударған капитализм" елдері деп жіктейді. Жоғары дамыған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Италия, Ұлыбритания және Канада әлемдік экономиканың басты үш орталығын (еуропалық, америкалық және азиялық) қалыптастырады. Бұл елдер арасында соңғы жылдары, әсіресе Жапонияның даму қарқыны айрықша көзге түседі, ол қазіргі кезде аса ірі халықаралық қаржы және өнеркәсіп орталығына айналған. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері экономикасының даму деңгейінің ғана емес, халықтың әл-ауқатының да жоғары болуымен және саяси жағдайдың тұрақтылығымен ерекшеленеді. Әлемдік экономикада өзіндік орны бар бұл елдердің ЖІӨ құрылымында банк қызметі мен туризмнің үлесі едәуір жоғары. Бұрын Ұлыбританияның отары болған Аустралия Одағы, Израиль, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Республикасы "қоныс аударған капитализм" елдері болып табылады. Экономикасының даму ерекшелігіне байланысты бұл топқа жоғары дамыған елдер қатарына енетін Канаданы да жатқызуға болады. Аталған елдердің экономикасында әлемдік деңгейдегі экономика алпауыттары жетекші рөл атқарады. Басқа дамыған елдерге қарағанда бұл елдерде тау-кен өнеркәсібінің үлесі жоғары, экспортында шикізат пен ауылшаруашылық өнімдері басым.
Халықаралық валюта қорының Дамыған елдер тізіміне кірген елдер:
Австралия, Австрия, Бельгия, Канада, Кипр, Чехия, Дания, Финляндия,Франция, Германия, Грекия, Гонконг, Исландия, Ирландия, Израиль,Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Люксембург, Мальта, Нидерланд,Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сингапур, Словакия, Испания,Швеция, Швейцария, Тайвань, Ұлыбритания, АҚШ, Андорра, Бермуд аралдары, Фарер аралдары, Ватикан, Лихтенштейн, Монако және Сан-Марино.
