Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор-мировая экономика 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182.75 Кб
Скачать

32.Әлем елдерінің сыртқы экономикалық саясатының негізгі бағыттарын қысқаша түсіндіріңіз.

Мемлекеттің сыртқыэкономикалық саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің пайдасын қолданумен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған. Сыртқыэкономикалық саясат арқылы мемлекет ұлттық капиталдың халықаралық нарықтардағы өзгерістерге бейімделуінің экономикалық және саяси шарттарын жеңілдетуге тырысады. Сыртқыэкономикалық саясат экономикалық және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Батыс елдерінің сыртқыэкономикалық саясатының сипатты белгісі- өз мүдделерін әлемдік мүдделермен теңдестіру болып табылады.

Жалпы елдің сыртқыэкономикалық саясатының бағыттары белгілі бір тарихи кезеңге сәйкес өзгерді.

50-60 жылдары елдің сыртқыэкономикалық саясаты әлемдегі доллардың үстемдігінің күшеюіне байланысты болды. Сыртқыэкономикалық саясат тіркелген валюталық бағамдарды реттеуге, күшті валюталық және кедендік бақылауды орнатуға, соғыстан кейінгі елдің сауда, төлем балансын түзетуге, сыртқыэкономикалық операцияларды тұрақтандыруға бағытталды.

70-80 жылдары дамыған елдер терең циклдық және құрылымдық өзгерістерге тап болды. Сыртқыэкономикалық қатынастарды либерализациялаудан бас тартпай, мемлекеттер ішкі нарықты әлемдік шаруашылық жүйесінде болып жатқан кері процесстерден қорғау мақсатымен жасырын протекционистік шараларды жүзеге асыра бастады. Валюталық, несиелік сфераларда орталықсыздандыру үдерісі жүргізілді, ал сауда сферасында кедергілердің өсуі байқалды.

90-жылдары сыртқыэкономикалық саясат экономикалық интеграцияның тереңдеуіне байланысты сыртқы саудада сауда кедергілерін жоюға, несие, валюталық сфераларда көптеген шектеулерді жоюға, капитал, тауар және еңбек күшінің еркін жылжуына жағдай жасауға бағытталды.

Қазіргі таңда елдер экономикаларының бір-біріне тәуелділігі өсіп келеді. Осыған байланысты сыртқыэкономикалық саясат жаһандану үдерісімен тоғысып жатыр. Қазір дамыған елдердің экономикалық саясаты жаңа нарықтырды ашуға, ТҰК мүддесіне сай елдердің экономикалық және қоғамдық жүйелерінің қайта құруға бағытталған.

33.Халықаралық экономикалық интеграцияның мәні мен даму деңгейлеріне сипаттама беріңіз.

Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы – ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен өзара тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің құрылуы. Елдің мұндай жақындасуы мен бірлесуінэкономикалық интеграция деп атайды.

1.Интеграциялық бірлестіктің мәні мен типтер

1.Экономикалық бірігу – бұл мемлекетаралық келісімдер формасын алатын шаруашылық механизмдерді жақындатуға әкелетін елдердің өзара ықпал ету процесі.

Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен «integer» — толық) – экономикалық тұлғалардың бірігуі,олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық шаруашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Экономикалық интеграция өндірістік–технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуді, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді.

Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.

Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.

Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық процестіңдайындық кезеңі немесе преференциалдық режим.

Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолднылады.

Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.

 Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекетаралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап етеді.

Интеграциялық процестің төртінші деңгейі –ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын  мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының – капитал және жұмыс күші – қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.

Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтінэкономикалық одаққа айналады. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше-мемлекеттер үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО – ғы (Еуропа одағы) шеңберінде – бұл ЕО комиссиясы.

Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін – бұл Саяси одақ (СО). Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым көпшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. Іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді.

Бірақ интеграциялық топтардың бірде-біреуі дамудың бұл деңгейіне жеткен жоқ, тіпті өз алдына бұндай мақсаттар қойған жоқ.

34.Әлемдік экономикадағы ірі интеграцияның бірліктерін атап, олардың ерекшеліктерн көрсетіңіз.

Әлемдік экономикадағы ірі интеграциялық бірлестіктерге Еуропалық Одақ, САЕСА ( NAFTA), АSEAN, MERCOSUR, АТЭҚ ( АТЭС).

Еуропа одағы — Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі. Еуропа одағы (ЕО) — халықаралық саяси және экономикалық, валюталық бірлестік.Соңғы жылдары ЕО-ғы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия,Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді.таңда ЕО-тың әлемдік экономикада маңызы зор. Себебі, әлемдік сауданың 1/3 және ЖІӨ нің 1/5 бөлігі ЕО-қа тиеселі. Сонымен қатар, ЕО-тың ортақ валютасы әлемдік экономикада сауда қатынастарын реттеуде маңызды.

Солтүстік Американдық Еркін Сауда жөніндегі Келісім (НАФТА, NAFTA, North American Free Trade Agreement) − Канада, АҚШ және Мексика арасындағы Еуропалық Одақ модельдеріне негізделген еркін сауда жөніндегі келісім. НАФТА келісімі 1994 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

НАФТА әлемде 368 млн. адамнан және сатып алу қабілетінен тұратын көлемі бойынша екінші нарық болып табылады, оның сатып алу қабілеті Еуропалық экономикалық кеңістікпен (ЕВР) тең келді. АҚШ экономика көлемі бойынша НАФТА зонасының ІЖӨ-ң 88,4 құрайды.

Латын Америкасындағы ең үлкен әрі ең интеграциялық одақ – оңтүстік конустағы ортақ нарық елдері, оларға: Аргентина, Бразилия, Парагвай және Уругвай немесе МЕРКОСУР.МЕРКОСУР – Оңтүстік Америка құрлығы елдерінің ортақ нарығы. Құрлықтың ІЖӨ-нің 75 пайызын құрайтын ұйым аумағында 250 млн адам өмір сүруде. МЕРКОСУР-ді Кедендік одақ деп те атайды. Бірақ бұл ұйымды еркін сауда аймағы деп атаған дұрыс.

Меркосур мақсаты – аймақтың экономикаларының халықаралық бәсекелестігінің артуы, қарқынды әрі өзара сауда мен инвестицияны тиімді қолдану арқылы қатысушы елдердің экономикалық өсуін қастамасыз ететін бірлестік құру.

Ұйым мына мәселелерді шешу үшін әрекет етеді: АҚШ-тың айтарлықтай ықпалы; көлік инфрақұрылымының дамымауы; Аргентина мен Бразилия қатынастарының қарама-қайшылығы; МЕРКОСУР ішіндегі энергетикалық интеграцияның қарама-қайшылығы; энергоресурстармен қамтамасыз етудің тұрақсыздығы; энергоресурстарға ішкі бағаны тежеу саясатының тиімсіздігі; жетілмеген заңнамалар; әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақсыздық.

AСЕАН (ағылш. The Association of Southeast Asian Nations — Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiнің ассоциациясы) — Оңтүстiк-шығыс Азияның 10 елi кіретін өңірлік саяси, мәдени әрі экономикалық ұйым. 1967 ж. тамыздың 8 ИндонезияМалайзияФилиппиндерСингапур және Таиланд негізін қалаған.Ұйым мақсаты — экономикалық өсуді, әлеуметтік, мәдени дамуды жаңғырту, аймақта бейбітшілікті қамтамасыз ету.

Ұйым аймақта экономикалық өсімді, әлеуметтік және мәдени дамуды жеделдету, аталған салаларда белсенді ынтымақтастық пен өзара көмек көрсету мақсатында ғылым мен технология, қоршаған орта, мәдениет пен ақпарат, әлеуметтік даму ынтымақтастығын үйлестіреді. 1995 жылы АСЕАН елдері Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында ядролық қарусыз аумақ құру туралы шартқа қол қойды.

Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму одағы (AТEC)— 1989 жылы Австралияның бастамасымен құрылған халықаралық ұйым. Мақсаты: Азия-Тынық мұхит аймағы (АТА) халықтарының мүддесіне сәйкес экономикалық дамуды қамтамасыз ету; дүниежүзілік экономиканың дамуға жәрдемдесу; аймақтық өзара экономикалық тәуелділік жағдайында көпжақты еркін сауда жүйесін қамтамасыз ету; Азия-Тынық мұхит аймағындағы ашық сауда мен инвестициялық саясаттағы кедергілерді жою; аймақтық ынтымақтастықта еркін сауда принциптерін жүзеге асыру. Негізгі принциптері: өзара құрмет, жауапкершілік және серіктестік; дамушы мемлекеттердің мүддесіне сәйкес өзара тиімділік; ашық диалог арқылы консенсус қажету

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]