- •Әлемдік экономиканың теорияларына қысқаша шолу жасап, негізгі теориялардың мазмұнын ашып көрсетіңіз.
- •8. Әлемдік экономикадағы либерализациялау үдерістерінің мәні мен басты бағыттарына сипаттама беріңіз.
- •9. Әлем елдерін экономикалық тұрғыдан топтастыру тәсілдеріне шолу жасап, олардың негізгі көрсеткіштерін атап өтіңіз.
- •10.Әлем елдерін экономикалық даму деңгейі мен экономикалық қуаты жағынан топтастырудың негізгі көрсеткіштерн түсіндіріңіз.
- •11.Әлем елдерін адами даму индексі бойынша топтастыру мен талдаудың мәнін ашып, оның көрсеткіштеріне шолу жасаңыз.
- •12.Әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық модельдеріне шолу жасап, олардың ерекшеліктерін қысқаша сипаттаңыз.
- •14. Әлем елдерінің экономикалық даму деңгейінің біркелкі болмауының әлемдік экономикадағы салдарларын түсіндіріңіз.
- •15. Әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық алшақтықтарды азайтудың басты бағыттарына сипаттама берініз.
- •16. Әлем елдерінің даму қарқыны әр түрлі болуының әлемдік экономикаға тигізетін әсерлерін сипаттаңыз.
- •20.Әлемдік еңбек рыногына сипаттама беріңіз, жұмысшы күшінің халықаралыық миграциясының салдарларын көрсетіңіз.
- •22.Капиталдың әлемдік рыногына түсініктеме беріп, оның әлемдік экономикалық дамудағы рөлін анықтаңыз.
- •Әлемдік экономиканың алтын-валюта қорларының экономикалық маңызын көрсетіп, оларға жалпы шолу жасаңыз.
- •26. Әлемдік экономиканың кәсіпкерлік ресурстарына анықтама беріп, экономикалық функцияларына шолу жасаңыз.
- •27. Әлемдік экономиадағы ғылыми-білім ресурстарының маңызын ашып, әлемдік ғылыми орталықтарға қысқаша шолу жасаңыз.
- •28. Әлемнің ғылыми-ағарту ресурстарын қысқаша сипаттап, олардың экономикалық маңызын көрсетіңіз.
- •29. Ұлттық экономикаға анықтама беріп, қазіргі әлемдегі ұлттық экономикалық үлгілерге қысқаша шолу жасаңыз.
- •30. Әлемдік эколномикадағы ашық және жабық ұлттық экономикалық үлгілердің қайшылықтарын түсіндіріңіз.
- •31. Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігін түсіндіріп, оның теориялық негіздерін түсіндіріңіз.
- •32.Әлем елдерінің сыртқы экономикалық саясатының негізгі бағыттарын қысқаша түсіндіріңіз.
- •1.Интеграциялық бірлестіктің мәні мен типтер
- •Еуропа Одағының интеграциялану тәжірибесіне қысқаша шолу жасап, ол одақтың басқа топтарға көрсететін үлгісінің оң және теріс жақтарын сипаттаңыз.
- •36. Еуразия экономикалық одағының қысқаша тарихы мен мәселелеріне қысқаша жолу.
- •37. Әлемдік экономикадағы дамыған елдер тобына қысқаша шолу жасап, олардың әлеуметтік-экономикалық үлгісіне сипаттама беріңіз.
- •Дамушы елдердің дамыған елдерден артта қалуының себептерін анықтап, дамушы елдердің негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін талдаңыз.
- •Әлемдегі дамушы елдер тобына анықтама беріп, оларды бір топқа жатқызудың себептерін түсіндіріңіз.
- •44. Әлемдегі «жаңа индустриалды елдер» түсінігін анықтап, олардың негізгі экономикалық саясаттарын сипаттаңыз.
- •46. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтудің негізгі екі стратегиясына сипаттама беріңіз, олардың басты ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •47. Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуінің басты бағыттары мен нәтижелері.
- •48. Қытай Халық Республикасының экономикалық реформалары мен жетістіктеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
- •50.Трансұлттық компанияларлың құрылымдық ерекшеліктері мен стратегиялық ұстанымдарының қабылдануының елге тигізетін әсерін көрсетеңіз.
- •52. Трансұлттық компаниялардың қазіргі әлемдік экономикадағы үлгісін, экономиканың жаһандануындағы рөлін сипаттаңыз.
- •53. Қазіргі әлемдік экономиканың жаһандануының басталуы, кезеңдері мен себептерін ашып көрсетіңіз.
- •54. Демографиялық үдерістердің жаһандық мәселе есебінде әлемдік экономикаға тигізетін әсерлері мен оны шешу мәселелерін бейнелеңіз.
- •58. Адамзаттың азық-түлік мәселесінің мәнін ашып, азық-түлік мәселесін шешу шараларына қысқаша болжау жасаңыз.
30. Әлемдік эколномикадағы ашық және жабық ұлттық экономикалық үлгілердің қайшылықтарын түсіндіріңіз.
Ашық экономика - сыртқы дүниемен кең ауқымды сауда-экономикалық және қаржы байланыстары бар экономика. Мұндай экономикалык жүйе сыртқы сауда, капитал экспорты менимпорты арқылы халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын көздейді.
Ашық экономиканың жағымды жақтары:
Мемлекеттегі ресурстрадың жалпы көлемі өзгереді, сонымен бірге ресуртар ұтымды орналастырылады және тиімді қолданылады.
Өндірістің кооперацияоануы және мамандануы жетілдірілді.
Өндірістің кеңеюінен және оның ұтымды ұйымдастыру есебінен қосымша пайда түседі.
Ішкі нарықтағы бәсекелестік нығаяды, ол өз кезегінде шығындардың азаюына және тауар сапасының жақсаруына алып келеді.
Шетелдік жаңа технологияларды, құрал - жабдықтарды, ақпаратты, басқару тәжірибесін алып пайдалану мүмкіндігі.
Ашық экономиканың жағымсыз жақтары:
Ұлттық экономикаға әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыстар әсері күшееді, ұлттық экономиканың тұрақсыз болу тәуекелі артады.
Шетелдік бәсекелестік жеке өндірістің және экономикадағы отандық салардың құлдырауына алып келуі мүмкін.
Ұлттық экономиканың импорттан тәуелділігі артады. Егер импорт 30% асатын болса, кейбір тауарлар өндіру саласындағы жағдайды өзгерту қажет.
Ашық экономика ұлттық шаруашылықтардың байланысына алып келеді. Яғни, экономикалық тәуелділік пайда болады. Экономикалық тәуелділік мемлекеттегі жағдайларға теріс әсерін тигізеді.
Жабық экономика — халықаралық сауда-саттық процесінен оқшауланған экономика. Ол тек қана өз елінің технологиясы мен тауарларын пайдаланады, шет ел инвесторларын өз еліне жібермейді, олардың тауарларын алмайды, шет елден әкелінетін тауарларға шектен тыс көп салық салады, халыққа сапасы төмен болса да, өз елінің тауарларын өткізеді. Жабық экономикада таза экспорт есепке аынбайды.
Жабық экономиканың жағымды жақтары:
Отандық өнеркәсіптің дамуы;
Әлемдік экономикалық жағдайдалардан, импорттан тәуелсіздік, экономиканың салыстырмалы түрде тұрақтылығы;
Жабық экономиканың жағымсыз жақтары:
Тұтынуға және өндіріске қажет тауар, материал, технология дефициты.
Төмен техникалық үдеріс.
Шетелдік валютаның жетіспеушілігі.
Инвестициялық саясат тек ғана мемлекет тарапынан жүргізіледі, кәсіпкерер қатыспайды.
Өмір сүру деңгейі салыстырмалы түрде төмен болу.
31. Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігін түсіндіріп, оның теориялық негіздерін түсіндіріңіз.
Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеті - мемлкеттің экономикасының және даму перспективаларының негізгі көрсеткіші болып табылады. Әрине, ұлттық экономика бәсекелестігі мемлекеттегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқа факторларға байланысты болады.
Ұлттық экономика бәсекелестік мәселесі ғылыми және экономикалық зерттеулердің объектісі болып табылады. Көп мемлекеттерде бәсекелестік мәселесі бойынша ұлттық органдар құралған (АҚШ, Франция, Жапония).
Қазіргі уақытта Бүкіләлемдік экономикалық форум 2011 жылы енгізілген «Growth Competiteveness Index» индексін қолданылады. Бұл индекс ұлттық экономиканың тұрақтылыққа жету қабілеттілігін анықтау үшін қолданылады. Бұл өспелі бәсекелестік индексі үш көрсеткішке негізделген: макроэкономикалық жағдай, мемлекеттік институттардың сапасы, технологиялардың даму деңгейі.
Ұлттық экономика бәсекелестігі және оның құрамды бөліктерінің - тұрақты көрсеткіш емес.
М. Портер теориясы бойынша халықаралық нарықтағы мемлекеттін бәсекелестігін белгілі детерминаттар жиынтығы «Ұлттық ромб» анықтайды. «Ұлттық ромб» мемлекеттің өзінің бәсекелестік арттықшылдықтарын жүзеге асырудағы жағымды немесе жағымсыз ортаны қалыптастыратын, бір - бірімен байланысты детерминаттар жүйесін анықтайды. Ол 4 құрамнан тұрады: 1. Фирмалардың стратегиясы, бәсекелестігі, құрылымы; 2. Сұраныс параметрлері; 3. Факторлық параметрлері, көрсеткіштері, 4. Жақын және қосалқы салалар.
Фирмалар стратегиясы, бәсекелестігі, құрылымы ұлттық бісекелестікті қамтамассыз етуде айтарлықтай орын алады. Егер фирмалар арасында бәсекелестік болмаса, фирмалар стратегиясы бәсекелестік жағдайындағы қызметке бағытталмаса, онда бұл фирмаларда халықаралық нарықта бәсекелестік артықшылығы болмайды.
Сұраныс парамерлері - бұл біріншіден, сұраныс сыймдылығы, оның даму динамикасы, тауар түрлері бойынша дифференциясы, сатып алушылардың тауар және қызмет сапасына талап етушілік.
Факторлық параметрлер - мемлекеттің және оның экспортқа бағытталған салаларының бәсекелестік артықшылдықтарын қалыптастыруға қажетті материалды және материалды емес шарттар болып табылады.
Жақын және қосалқы салалардың ұлттық экономикада болуы әлемдік нарықтағы экспортқа бағытталған салалардың бәсекелестігі үшін маңызды. Яғни осы салаларды қажетті материалдармен қамтамассыз ететін салалар. Мысалы, жартылай фабрикаттар, ақпарат т.б.
Бұл детерминаттармен қатар М. Портер кездейсоқ жағдайларды және мемлекет ролін қарастырған. Кездейсоқ жағдайлар мемлекеттің бәсекелестік арттықшылығын күшейту немесе әлсірету мүмкін. Бұл жағдайларға жаңа технологиялар дамуын, ресурстар бағасының өзгеруін, әлемдік қаржылық нарықтағы өзгерістерді, валюталық курс өзгерісін т.б жатқызуға болады.
Мемлекеттің ролін негізгі детерминаттарға әсер ету болып табылады. Оның әсері жағымды және жағымсыз болу мүмкін. Мемлекет детерминаттарға экономикалық саясат арқылы әсер етуі мүмкін.
