- •Әлемдік экономиканың теорияларына қысқаша шолу жасап, негізгі теориялардың мазмұнын ашып көрсетіңіз.
- •8. Әлемдік экономикадағы либерализациялау үдерістерінің мәні мен басты бағыттарына сипаттама беріңіз.
- •9. Әлем елдерін экономикалық тұрғыдан топтастыру тәсілдеріне шолу жасап, олардың негізгі көрсеткіштерін атап өтіңіз.
- •10.Әлем елдерін экономикалық даму деңгейі мен экономикалық қуаты жағынан топтастырудың негізгі көрсеткіштерн түсіндіріңіз.
- •11.Әлем елдерін адами даму индексі бойынша топтастыру мен талдаудың мәнін ашып, оның көрсеткіштеріне шолу жасаңыз.
- •12.Әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық модельдеріне шолу жасап, олардың ерекшеліктерін қысқаша сипаттаңыз.
- •14. Әлем елдерінің экономикалық даму деңгейінің біркелкі болмауының әлемдік экономикадағы салдарларын түсіндіріңіз.
- •15. Әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық алшақтықтарды азайтудың басты бағыттарына сипаттама берініз.
- •16. Әлем елдерінің даму қарқыны әр түрлі болуының әлемдік экономикаға тигізетін әсерлерін сипаттаңыз.
- •20.Әлемдік еңбек рыногына сипаттама беріңіз, жұмысшы күшінің халықаралыық миграциясының салдарларын көрсетіңіз.
- •22.Капиталдың әлемдік рыногына түсініктеме беріп, оның әлемдік экономикалық дамудағы рөлін анықтаңыз.
- •Әлемдік экономиканың алтын-валюта қорларының экономикалық маңызын көрсетіп, оларға жалпы шолу жасаңыз.
- •26. Әлемдік экономиканың кәсіпкерлік ресурстарына анықтама беріп, экономикалық функцияларына шолу жасаңыз.
- •27. Әлемдік экономиадағы ғылыми-білім ресурстарының маңызын ашып, әлемдік ғылыми орталықтарға қысқаша шолу жасаңыз.
- •28. Әлемнің ғылыми-ағарту ресурстарын қысқаша сипаттап, олардың экономикалық маңызын көрсетіңіз.
- •29. Ұлттық экономикаға анықтама беріп, қазіргі әлемдегі ұлттық экономикалық үлгілерге қысқаша шолу жасаңыз.
- •30. Әлемдік эколномикадағы ашық және жабық ұлттық экономикалық үлгілердің қайшылықтарын түсіндіріңіз.
- •31. Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігін түсіндіріп, оның теориялық негіздерін түсіндіріңіз.
- •32.Әлем елдерінің сыртқы экономикалық саясатының негізгі бағыттарын қысқаша түсіндіріңіз.
- •1.Интеграциялық бірлестіктің мәні мен типтер
- •Еуропа Одағының интеграциялану тәжірибесіне қысқаша шолу жасап, ол одақтың басқа топтарға көрсететін үлгісінің оң және теріс жақтарын сипаттаңыз.
- •36. Еуразия экономикалық одағының қысқаша тарихы мен мәселелеріне қысқаша жолу.
- •37. Әлемдік экономикадағы дамыған елдер тобына қысқаша шолу жасап, олардың әлеуметтік-экономикалық үлгісіне сипаттама беріңіз.
- •Дамушы елдердің дамыған елдерден артта қалуының себептерін анықтап, дамушы елдердің негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін талдаңыз.
- •Әлемдегі дамушы елдер тобына анықтама беріп, оларды бір топқа жатқызудың себептерін түсіндіріңіз.
- •44. Әлемдегі «жаңа индустриалды елдер» түсінігін анықтап, олардың негізгі экономикалық саясаттарын сипаттаңыз.
- •46. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтудің негізгі екі стратегиясына сипаттама беріңіз, олардың басты ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •47. Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуінің басты бағыттары мен нәтижелері.
- •48. Қытай Халық Республикасының экономикалық реформалары мен жетістіктеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
- •50.Трансұлттық компанияларлың құрылымдық ерекшеліктері мен стратегиялық ұстанымдарының қабылдануының елге тигізетін әсерін көрсетеңіз.
- •52. Трансұлттық компаниялардың қазіргі әлемдік экономикадағы үлгісін, экономиканың жаһандануындағы рөлін сипаттаңыз.
- •53. Қазіргі әлемдік экономиканың жаһандануының басталуы, кезеңдері мен себептерін ашып көрсетіңіз.
- •54. Демографиялық үдерістердің жаһандық мәселе есебінде әлемдік экономикаға тигізетін әсерлері мен оны шешу мәселелерін бейнелеңіз.
- •58. Адамзаттың азық-түлік мәселесінің мәнін ашып, азық-түлік мәселесін шешу шараларына қысқаша болжау жасаңыз.
Әлемдік экномика, халықаралық экономика, халықаралық экономикалық қатынастар деген түсініктердің бірлігі мен айырмашылығына анықтама беріңіз. «әлемдік экономика», «әлемдік шаруашылық» және «дүниежүзілік шаруашылық» терминдері Болатов кітабында синоним ретінде қарастырылады. Бұлардан тек «халықаралық экономика» өзгеше болып келеді. Әлемдік экономикаға (әлемдік шаруашылық) тар және кең мағынада анықтама беруге болады. Кең анықтамасында, әлемдік экономика-бұл барлық ілемнің ұлттық экономикаларының жиынтығы, ал тар мағынада сыртқы әлеммен қарым – қатынас орнататын (яғни елдер арасында жүретін саталатын тауарлар мен қызметтер) ұлттық экономиканың белгілі бір бөліктерінің жиынтығы. Тағы бір анықтамасы - халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болған және өзара тығыз байланысқан әлемнің барлық елдерінің ұлттық экономикаларының жиынтығы. Бұл ерекше, ғаламдық экономикалық жұйе, оның құрама бӛлiктерi ретiнде әлемдегi барлық елдердiң (қазiргi кезде дүние жүзінде шамамен 260 астам елдер бар) ұлттық шаруашылықтары кiредi.
Әлемдік экономиканың ерекшеліктері:
Әр түрлі деңгейде дамыған әлемнің барлық ұлттық экономикалыран қосады. Қазіргі кезде әлемнің елдері мен аймақтар арасында өте үлкен айырмашылықтар бар.
ӘЭ жеке мемлекеттердің және сол сияқты халықаралық ұйымдардың заңдары мен ережелері іске асады.
ӘЭ шаруашылық байланыстар мемлекеттік шекарасы арқылы іске асырылады. Әр елдің өзінің экономикалық, ұлттық мүдделері болады.
ӘЭ-да саяси фактор әсері жоғары болады.
Ал халықаралық экономика ұлттық шаруашылықтардың байланысын қарастырады.
Әлемдік экономика біртұтас жүйе ретінде тауарлар, қызметтер қозғалысы сонымен қатар экономикалық ресурстармен тығыз байланысады. Осының негізінде елдер арасында халықаралық экономикалық қатынастар, яғни сыртқы экономикалық, әлемдік шаруашылық байланыстар туындайды. Халықаралық экономикалық қатынастар бұл – резиденттер мен резидент еместер арасындағы арасындағы шаруашылық қатынастар. Оларды формалары бойынша жіктеуге болады. Дәстүрлі түрде жеке формаға тауарлар мен қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы деп бөледі. Экономкалық ресурстардың ауысымы халықаралық экономикалық қатынастардың капиталдардың халықаралық қозғалысы, жұмыс күшінің халықаралық миграциясы, халықаралық біліммен алмасу сияқты формалары негізінде жатыр.
Дүниежүзілік шаруашылықты өзара байланысты екі жүйеден - ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар.
Әлемдік экономиканың қалыптасу алғышарттары мен даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз.Әлемдік шаруашылық — халықаралық еңбек бөлінісі және әр түрлі елдер арасындағы сауда, экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық қатынастар жүйесі. Ол өндіргіш күштердің ұлттық шаруашылықтағы шеңберін кеңейту жағдайында пайда болды. Әлемдік шаруашылық экономикалық байланыс пен дүние жүзі экономикалық және территория бөлу ретінде XX ғасырда қалыптасты.
Әлемдік экономиканың эволюциялық процесінде бірнеше кезеңдер анықталады:
1-ші кезең: ХХ ғ. 10-50 жылдарды қамтиды,яғни бұл кезең Бірінші дүниежүзілік соғыстың басынан 1950жылдарды қамтиды. Әлемдік шаруашылықтың дамуындағы дағдарыс құбылыстар кезеңі болып табылады. Тек 1920 жылдар мен Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі аралықта әлемдік экономика жағдайы қалпына келе бастады, яғни осы аралықта әлемдік сауда көлемі 40 жыл өткеннен кейін ғана 1913 жылғы деңгейіне жетті, ал өндіріс факторлары - одан да кеш. 1913 жылы Ресей империясының тауар экспортының көлемі 1млрд долл, ал АҚШ-тың- 2,6 млрд долларды құраса, 1928 жылғы көреткіш Ресейде тауар экспорты көлемі- 0,7млн долл болса, АҚШ-та- 5,8 млн долларды құрады, яғни бұл көрсеткіштер әлемнің сол кездегі 2 державасындағы дағдарысты көрсетеді. Тек 50-жылдары ғана 1913 жылғы көрсеткіштер деңгейіне әлем экономикасы деңгейі көтеріледі.
2-ші кезең. ХХ ғ. 50-70 жж. ӘЭ-ның жылдам өсу мен даму кезеңі. Бұл кезде әлемде интеграциялық топтасулар пайда бола бастады (ЕО,ЭКК(СЭВ)) және трансұлттану процессі қарқынды дамыды,осы процестің салдарынан мемлекеттер арасында білім , кәсіпкерлік қабілеттілік және кәсіпкерлік капиталдың қарқынды араласуы көрініс тапты, әлемдік несие капиталының қалпына келуі және сол кезде әлемдік шаруашылықта социалисттік және дамушы мемлекеттердің ерекше орнына үміттенді.
3-ші кезең. ХХ ғ. 80-ші жылдарынан осы күнге дейін. Әлемдегі елдердің өзара әрекеттесу мен тәуелділігінің күшеюі, экономиканың жаһандануы.Бұл кезең дамыған мемлекеттер үшін постиндустриализацияға өту кезең есебінде және көптеген артта қалушы мемлекеттер үшін- экономикасының қалуын белсенді түрде көтеру есебінде, ал бұрынғы социалистік елдер үшін- нарықтық экономика аясына қайтып келу есебінде, ал барлық мемлекеттер үшін- шаруашылық өмірдің жаһандануы, аймақтануы және интеграциялануы, трансұлтану мен ырықсызданудың өсуі және қаржы секторы мәнінің қажеттілігінің артуымен сипатталады.
Әлемдік экономиканың теорияларына қысқаша шолу жасап, негізгі теориялардың мазмұнын ашып көрсетіңіз.
Әлемдік экономиканың сұрақтарын қамтитын ортақ теория жоқ. Алайда дүниежүзілік шаруашылықтың жеке аспектілерін талдайтын экономикалық және әлеуметтік теориялар мен концепциялар қолданылады.
Экономикалық теория мемлекеттердің бір факторлардың артықшылығы мен басқа факторлардың тапшылығын тауарлар мен қызметтердің эксорты мен импортын реттеу және сыртқы саудасын дамыту үшін мақсатты пайдалану керектігіне негізделеді. Сыртқы сауданың негізгі теориялары мен концепцияларына меркантилистік теория, абсолютті артықшылық теориясы, салыстырмалы артықшылық теориясы, өндіріс факторларының арақатынасы теориясы, нақты артықшылықтар теориясы, сыртқы сауданың стандартты моделі жатады. Сыртқы сауданы түсіндіретін альтернативті теорияларға: технологиялық құлдырау теориясы, өнімнің өмірлік циклі теориясы, масштаб эффектісі негіздегі халықаралық сауда теориясы.
Мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтермен ғана емес, сонымен бірге өндіріс факторларымен айырбас жасайды. Әсіресе, капиталдың халықаралық қозғалысын түсіндіретін көптеген теориялар бар. Оларға халықаралық капитал қозғалысының дәстүрлі теориялары(неоклассикалық, неокенсиандық, марксистік), қарыз ақша капитал қозғалысының артықшылығын, тікелеә инвестициялардың әртүрлі моделдерін түсіндіретін
теориялар(монопистік артықшылықтар теориясы, өнімнің өмірлік циклі теориясы, интернациоландыру моделі, марксиситік модель) бар. Алайда басқа өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы теориялары – жұмыс күші, кәсіпкерлік қабілет, білім жақсы дамымаған.
Әлеуметтік теориялардың ішінде экономикалық теорияға салыстырмалы түрде келетіндері мемлекеттің экономикалық дамуының белгілі кезеңбері бар екенін көрсететін экономикалық өсу сатылары теориясы. Біркелкі өркениет әлеуметтік теориясы негізінде барлық әлем елдері біркелкі саяси, әлеуметтік, экономикалық құрылымға – батыс қол жеткізген либералды демократияға ұмтылуы жатыр. Өркениеттер қақтығысы теориясы әлем көпполярлы деп түсніндіріледі және ол сегіз негізгі өркениеттен: батыс, ислам, индуистік, қытай, жапондық, православиелік, африкалық, латынамерикалық өркениеттен тұрады.
Әлемдік шаруашылық әлемдік жүйе ретінде тарихи, динамикалық, дамушы категория болып табылады. Оның бір даму фазасынан екіншісіне өтуі осы өзгерістерді түсіндіретін концепцияларды алға шығарады. Ол концепцияларға Ламакиннің кітабында сегіз концепция мен теориялар: империализм мен неоимпериализм, модернизация, тәуелділік, әлемдік жүйе концепциясы, Ростоу теориясы, дара тәуелділік теориясы, өзара тең партнерлік, жаһандық концепция жатқызылған.
4. Әлемдік экономиканың негізгі субъектілерін көрсетіп, олардың атқаратын фунцияларын бейнелеңіз. Әлемдік экономиканың негізгі субъектілері ретінде келесілерді көрсетуге болады: мемлекет, интеграциялық топтар, хқ ұйымдар, ТҰК, аймақтық интеграциялық бірлестіктер. Бұлардың атқаратын функцияларына келсек:
Мемлекет - әлемдік экономиканың негізгі субъектісі болып табылады. Мемлекеттің дамуы ұлттық шаруашылықпен тығыз байланысты болып келеді. Әлемдік экономикадағы мемлекеттің рөлі: Мемлекет тікелей немесе жанама түрде капиталсалымының структурасы мен көлеміне әсер етеді; Мемлекет ақша-кредиттік саясат құралдары арқылы инвестициялық іс-әрекетке және жеке секторды тұтынуға әсер етеді. Көптеген салалардың дамуы мемлекеттік инвестицияларға байланысты(ауыл шаруашылығы, ғылыми-зерттеу проектылері); мемлекет жұмыскер бола отырып, жұмысбастылықты қамтамасыз етеді.
Қазіргі трансұлттық корпорациялар (ары қарай ТҰК) әлемдік экономикада үстем рөл атқарады. Оның дәлелі кейіннен БҰҰ-ның сауда және даму конференциясына кірген, зерттеу материалдары мен статистикасы ТҰК дамуының негізгі ресми қайнар көзі болып табылған арнайы комиссияның құрылуы болды. Ол комиссия 1974 жылы БҰҰ-ның ТҰК феноменін зерттеу үшін арнайы құрылған еді. Трансұлттық корпорациялар экономикалық қуаттылығын ұлғайта отырып, халықаралық экономикалық қатынастарға және жалпы осы даму кезеңінде шаруашылықтың әлемдік жүйесінің маңызды экономикалық субъектілеріне айналып келе жатқандығын сеніммен айта аламыз. Бұған ЮНКТАД-тың кейбір статистикалық мәліметтерімен таныса отырып көз жеткізуге болады.ТҰК дүниежүзілік өнеркәсіптік өндірістің 70%-нан астамын, әлемдік сыртқы сауданың 80%-нан астамын, сонымен қатар жаңа техникаға, технология мен ноу-хауға лицензиялар мен патенттердің әлемдік базасының 80%-на жуық бөлігін бақылайды. ТҰК үлесіне дүниежүзіндегі тікелей инвестицияның көп бөлігі тиеді, оның ішіндегі ең алғашқы жүз ТҰК олардың жалпыәлемдік көлемінің 65%-ға жуығын өз қолына шоғырландырады. ТҰК бақылауына бидай, кофе, жүгері, орман материалдары, темекі, кендір мен темір кенінің әлемдік нарығының 90%-ы; мыс пен боксит нарығының 85%-ы; шәй мен қалайы нарығының 80%-ы; бана, табиғи каучук және өңделмеген мұнайдың 75%-ы тиесілі. ТҰК-ның халықаралық өндіріс, сауда, қаржы мен басқа да салалардағы мәні дүниежүзілік трансұлттық өндіріс көлемінің өсу қарқынына үздіксіз пропорционал ұлғаюда, оның динамика фрагменті байқалады .
5. Әлемдік экономиканың жаһандануының себептері мен басты бағыттарына сипаттама берңіз. Экономиканың жаһандануы – бұл ғылыми-техникалық прогресстің жылдам дамуы мен ақпараттық қоғамды қалыптастыруы, сонымен қатар, халықаралық сауданың және капитал қозғалысының либеризациясы негізінде экономикалық интеграцияның өсу процесі. Экономиканың жаһандану әрекеті келесі негізгі бағыттармен дамиды: 1. Халықаралық сауда:тауарлармен; қызметтермен; технологиялармен; интеллектуалды жеке меншік объектілерімен.
2. Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы: капитал (тікелей инвестициялар түрінде); жұмыс күші (төмен мамандырылған және жоғары мамандандырылған жұмысшылардың миграциясы түрінде).
3. Халықаралық қаржылық операциялар: несиелер (жеке, мемлекеттік, халықаралық ұйымдардың); негізгі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және басқалар); туынды қаржылық инструменттер (фьючерс, опцион т.б.), валюталық операциялар.
Жаһандану дәуіріндегі экономиканың дамуының қозғалтқыш күші ретінде келесі өзгерістер болып табылады:
• нарықтар арасындағы қашықтықты қысқартатын технологиялық өзгерістер, әсіресе, көлік, коммуникация және ақпараттар саласында;
• халықаралық саудада және инвестицияларда мемлекеттер бекіткен кедергілердің қысқаруы, дүниежүзі бойынша ашық экономиканы қалыптастыру;
• жаһандық операцияларды жүргізуге қажетті, шетелдерде сауда мен инвестиция тәуекелділігін азайтатын, кең мағынада институционалды және құқықтық сенімділікті қамтамасыз ететін институттарды дамыту, мысалы: ДСҰ, ХВҚ, Дүниежүзілік банк.
Жаһандану үдерісі халықаралық экономикалық интеграцияның өсуіне, яғни бүкіл әлемнің бірегейлігіне алып келеді, сонымен бірге, мемлекет арасындағы тауар және қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің ағымына теріс әсер ететін кедергілердің жоюлуына септігін тигізеді.
Қазіргі кезде жаһанданудың негізгі көріністерінің бірі - аймақтық экономикалардың интеграциясы. Дүниежүзінде бойынша ең ірі интеграциялар қатарына Солтүстік америкалық НАФТА (3 мемлекет), Еуропа одағы (27 мемлекет), сонымен қатар АСЕАН, МЕРКОСУР Анд пактісі, ОПЕК, 2010 жылы құрылған Кеден одағы (Ресей, Қазақстан, Белорусь) жатады.
Жаһандануының көрініс беру формалары:
ақпараттың таратылуы мен айырбастың жаһанды жүйесінің пайда болуы;
тауар қозғалысының жаһанды жүйесінің қалыптасуы;
жаһанды қаржы жүйесінің қалыптасуы;
ұлттық экономиканың даму жолдары мен перспективаларың анықтау үшін ӘЭ-ның даму бағыттарын ескерудін жоғары маңыздылығы және т.б.
Жаһандану үдерісінің дамуының тағы бір маңызды критерийлерінің бірі – экономиканың ашықтығы, яғни мемлекеттің басқа елдермен ашық саяси-экономикалық жағдайда болу. Ашық экономика келесі принциптерді көздейді:
- айқындылық, ұлттық макроэкономикалық деректерге еркін қолжетімділік;
- ел ішінде экономикалық еркіндік;
- дүниежүзілік интеграциондық процестерге мемлекеттің және оның субъектілерінің араласуы.
Ашық экономика құруда экономикасы дамыған және «жаңа» өндірісі дамыған мемлекеттер алда келеді. Олардың қатарына АҚШ, Ирландия, Гонконг, Сингапур секілді елдер кіреді.
Жаһанданудың екі негізгі салдары бар. Біріншісі, жаһандануға белсенді қатысушылардың экономикалық өсуінің үдеуі. Екіншісі, әлемдік шаруашылықтың барлық қатысушыларының өзара тәуелділігінің күшеюі. Жаһандануға белсенді қатысушы елдердің экономикалық өсуінің үдеуінің себебі, елдердің тауар, қызмет көрсету, капитал, білім және жұмыс күшінің әлемдік нарықтарыда өз артықшылықтарын белсенді қолданатындықтан. Бұл салыстырмалы артықшылық теориясы (елдерге тауарлар мен қызмет көрсетудің тек ең тиімдісін өндіруге ұсынады) мен өндіріс факторының арасалмағы теорияларына (елдерге өзінде жеткілікті көп экономикалық ресурстарды экспорттауға, ал жетіспейтін ресурстарды импорттауын айтады) сәйкес. Екі теорияның қорытындыларына сәйкес жаһанданудан экономикасы неғұрлым ашық ел жеңеді.
Экономиканың жаһандануының оң, сонымен қатар, теріс әсері де бар. Оң әсеріне халықаралық мамандандырылған өндірістің және технологиялардың жылдам таралу салдарынан еңбек өнімділігінің артуы, өндіріс көлемінің және жан басына шаққандағы табыстың ұлғаюы жатады. Ал теріс әсеріне мемлекеттер мен қоғамдық топтар арасындағы теңсіздіктің ұлғаюы, экономикалық өсімнің тұрақсыздығы, ұлттық мемлекеттік бақылаудың азаюы жатады.
6. Әлемдік экономикадағы аймақтанудың себептер мен бағыттарын ашып көрсетіңіз. Жаһандану бүкіл әлемді бір нарыққа біріктіреді. Алайда статистика бойынша, ұлттық экономиканың сыртқы экономикалық байланыстары алдымен көрші мемлекеттермен байланысты болады. Мемлекеттің осындай бағыты аймақтану деп аталады. Аймақтану үдерісі ХХғ 50 жылдарында Еуропа құрлғынан бастау алып ,одан біртіндеп Азия,Африка елдеріне,Латын Америка елдерінен,АҚШқа дейін таралды.Аймақтану ол халықаралық экономикалық интеграцияның негізгі базасы болып табылады.Бұл термин көрші елдердің экономикасының бір әлемдік кешен болып қалыптасуы,негізгі мақсаты сол елдердің компанияларының бір орталыққа бірігуі.Оған мысал ретінде ХХ ғ АҚШтың ірі ТҰКның Канада мен Мексиканың немесе Батыс Европаның корпорацияларымен қарым қатынасты кушейтуі.
Көптеген дамушы және өтпелі экономикалық мемлекеттер өздерінің сыртқы экономикалық байланыстарын аймақ бойынша көрші елдерге емес, дамыған мемлекеттерге бағыттайды.
Жалпы алғанда, кейбір экономистер ойлағандай аймақтану шаруашылық өмірде айтарлықтай білініп келеді. Дәлел ретінде олар келесі фактты келтіреді: соңғы он жылдықта халықаралық экономикалық қатынастар айтарлықтай динамикалық түрде дамығанымен, олар динамикалық түрде аймақтардың немесе көрші аймақтардың арасында дамуда. Сонымен қатар, бұл жаһандануға қарсылық деген де пікір бар.
Алайда алыс бір болашақта әлемдік шаруашылық біріңғай тауар, қызмет, капитал, жұмыс күші мен білімнің ортақ нарығына айналады деп қарастыратын болсақ, онда аймақтануды сол мақсатқа жетудегі өозғалыс деп қарастыруға болады. Осы тұрғыдан алғанда аймақтану жаһандануға қарсылық емес, оған апарар жол.
Жалпы аймақтану мен интеграция үдерістері жаһандану процесінің әсерінен пайда болды.Яғни әлемде қанша мемлекет бар болса сол мемлекеттердің арасындағы нақты шекарасының бұзылуы.Аймақтану қазіргі таңда аймақтар арасындағы жаһанданубелгісі.
7.Әлемдік экономикадағы интеграциялық үдерістерді түсіндіріп, оның даму сатыларына шолу жасаңыз. Халықаралық экономикалық үрдістер ХХ ғ. екінші жартысынан бастап дамып келе жатыр. Бұл өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы нәтижесінде пайда болды. Қазіргі заманда елдердің интеграциялық одақтары әлемдік экономиканың негізгі субъектілеріне айналды.
Интеграция – экономикалық тұлғалардың бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция өндірістік-технологиялық байлансытарын кеңейту мен тереңдетуі, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық әрекеттерге өзара кедергілерді жою бағыттарында айқын көрінеді.
Интеграция – бұл жаһанданудың бірден-бір сатысы болып саналады. Ал әлемдік деңгейде өзара тығыз байланыста болуды интеграциялық бірлестіктер жеңілдетеді. Қазіргі таңда әлемде 470-ке жуық интеграциялық бірлестіктер бар. Ал іс жүзінде жұмыс істейтіндерінің саны – 120.
Халықаралық экономикалық интеграцияның алғышарттары:
- интеграцияланушы елдердің экономикалық даму деңгейі мен нарықтық дәрежесінің бірегейлігі;
- елдердің географиялық жақындығы, көп жағдайда, ортақ шекараларының және тарихи қалыптасқан экономикалық байланыстарының болуы;
- экономикалық интегрция экономикалық және басқа да жалпыға ортақ сипаттағы, саяси қолдау, экономикалық даму және қаржыландыру, ұйымдастыру, реттеу сияқты нақтылай мәселелердің бірлігі;
- демонстрациялық эффект ( бір елдер бірігіп экономикалық бірлескендіктен экономикасы дамиды);
- «домино эффектісі». Яғни, белгілі бір аймақтың көптеген интеграциялық бірлестіктердің мүшелері болғаннан кейін бұл бірлестіктердің басқа да шекаралас мемлекеттерге әсер етуі. Аталған әсер оңтайлы және теріс ықпалды болуы мүмкін: бірлетікке мүше болғанда оңтайлы, интеграциядан тыс қалғанда сауданың қысқаруы.
Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады. Олардың әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып табылады.
Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде қалыптасқан интеграциялық топ пен жеке мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін. Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қатысты қолайлырақ режим ұсынады. Әр елдің ұлттық кедендік тарифтерінің сақталуына негізделген преференциалдық келісімдер интеграциялық процестің дайындық кезеңі болып табылады. Преференциалдық келісімдерді басқару үшін мемлекетаралық органдар құрылмайды.
Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты сауда кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Бұндай келісімде әр ел сыртқы экономикалық қызметін өзі жүргізеді, оны жоғалтпайды. Еркін сауа аймағына мүше елдердің бірінде орналасқан кішігірім мемлекетаралық секретариатпен басқарылуы мүмкін.
Интеграцияның үшінші деңгейі Кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады. Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекетаралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап етеді. Бұл мемлекеттер сыртқы сауда саясатын үйлестіруі қажет.
Интеграциялық процестің төртінші деңгейі ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының – капитал және жұмыс күші қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Біріңғай сыртқы тариф негізінде өндіріс факторларының мемлекетаралық қозғалысының еркіндігі ұйымдық тұрғыдан сыртқы саясат мемлекетаралық үйлестердің анағұрым жоғарғы деңгейін талап етеді. Бұл мемлекеттер өздерінің сыртқы экономикалық саясатын үйлестіруі керек. Бұндай үйлестіру тұрақты қызмет ететін секретариатқа негізделген қатысушы мемлекеттердің ел басшылары мен үкіметтерінің мезгілді кеңесулерінде жүзеге асырылады.
Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты валюта, бюджет, ақша саясаты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтін экономикалық одаққа айналады. Мұнда бүкіл топтың атынан оперативті шешім қабылдай алатын орган құрылады. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің бір бөлігінен бас тартады, яғни мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Мысалы, ЕО шеңберінде ЕО Комиссиясы. [
