Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қытай тіліндегі құрмалас сөйлем жалғаулықтарыны...docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86 Кб
Скачать
☆

2.2. Сабақтас құрмалас сөйлемдер мен көп қабатты құрмалас сөйлемдердің аударылуы

1.Қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлемдердің аударылуы Қарсылықты құрмалас сөйлемдерде оның құрамындағы бағыныңқы сөйлемде айтылған ой басыңқы сөйлемде айтылған ойға қарама-қарсы болып келеді. Қарсылықты құрмалас сөйлемдерді оны құраған жай сөйлемдердің мағығыналық байланысына қарай қайшы мәнді қарсылықты және қарсы мәнды қарсылықты деп екіге бөлуге болады. Қайшы мәнді құрмалас сөйлемдерде оны құраған жай сөйлемдер мағынасы жағынан мүлде қарама –қайшы болады да, қарсы мәнді құрмалас сөйлемдерде ондағы жай сөйлемдер мағынасы жағынан мүлде қарама-қарсы болмайды. Қарсылықты мәні солғындау келеді. Осы ерекшеліктеріне қарай қарсылықты құрмалас сөйлемдердің аударылуын да екіге бөліп қарастыруға тура келеді.

1.Қайшы мәнді құрмалас сөйлемдердің аударылуы

Қайшы мәнді құрмалас сөйлемдер әдетте жұп жалғаулықта арқылы байланысады. Олар: 虽然(虽、尽管)……,但是(但、然而,可是、却、而)Бұл жалғаулықтар қазақ тіліне төмендегідей тәсілдер арқылы аударылады:

① Алдыңғы сөйлем шартты рай формасымен аяқталады да, оған «да» шылауы жалғанады. Соңғы сөйлем «бірақ, алайда, сөйтсе де» деген жалғаулармен басталады. Кейде соңғы сөйлемнің басындағы «бірақ, алайда, сөйтсе де» жалғаулықтарын айтпаса да болады.

② Алдыңғы сөйлемдегі есімшенің ған/ген формасынан кейін көмектес септік «мен» жалғану арқылы соңғы сөйлем «бірақ, алайда, сөйтсе де» деген сөздермен басталады. Кейде соңғы сөйлемнің басындағы бұл сөздерді айтпаса да болады.

③ Алдыңғы сөйлемді еш жалғаулықсыз аяқтап, соңғы сөйлемді «бірақ, алайда, сөйтсе де» деген жалғаулықтармен аяқтау арқылы да бейнелеуге болады. Мысалы:

1) 虽然明知去了要吃苦,可她却偏要迎着苦头去。

Барғанда жапа шегетінін біле тұраса да, жапа шегу үшін әдейі бармақшы.

2) 天气虽然这么冷,但我身上还在出汗呢。

Күн осынша суық болса да, денем терлеп тұр.

3) 尽管他住得比较远,然而却来得最早。

Ол бұл жерден алыста тұрса да, елден бұрын ерте келеді.

4) 这两座山虽很高,却是不会再增高了,挖一点儿就会少一点儿,为什么挖不平呢?

Бұл екі тау биік болғанымен, бірақ тағы биіктей бермейді ғой. Қаза берсең, аласара береді, оларды не үшін тегістеп тастамасқа?

5) 虽然我有不同意见,但是我并没提出来。

Менің пікірім басқаша болғанымен айтқан жоқпын.

虽然我一再邀请他,但是他还是拒绝了。

Мен оны қанша шақырсам да, бірақ ол бәрібір келуден бас тартты.

他年龄虽小,但读的书不少。

Оның жасы кіші болғанымен, оқығаны көп.

2. Қарсы мәнді қарсылықты құрмалас сөйлемдердің аударылуы

Қарсы мәнді қарсылықты құрмалас сөйлемдерде жалғаулықтар әдетте жұп күйінде емес, алдыңғы сөйлемнен кейін жеке-дара қолданылады. Қытай тіліндегі қарсы мәнді білдіретін жеке жалғаулықтардан 不过,然而,可是,却,但是(但),而,只是,倒 қатарлылар бар. Мұндай дара жалғаулықтар арқылы байланысқан құрмалас сөйлемдерді аударғанда, алдыңғы жай сөйлемнің баяндауышын аяқталған тиянақты формамен аударып, онан соң соңғы жай сөйлемді «бірақ, алайда, дегенмен» секілді жалғаулықтармен аударуға болады. Мысалы:

1) 这个菜看起来不错,不过味道差点儿。

Мына көкөністің түрі жақсы болғанымен, дәмі нашар екен.

2) 这是西北极普通的一种树,然而绝不是平凡的树。

Бұл батыс солтүстіктің жай ғана бір ағашы, бірақ, қарапайым ағаш емес.

3) 所有的课程我们已经都考完了,可是他说还有一门。

Біз барлық сабақтан емтихан тапсырып болдық, бірақ, ол тағы бір сабақ бар дейді.

4) 我好心帮他,他反倒冲我发脾气。

Мен жақсы ниетпен оған көмектессем, олмаған мінез көрсетеді.

5) 是生活改变了我,而不是我改变了生活。

Мен өмірді емес, керісінше өмір мені өзгертті.

6) 他来是来了,不过很快就走了。

Ол келуі ғой келді, бірақ, тез кетіп қалды.

7) 我认错了,但是他不原谅我。

Мен қателігімді таныдым, бірақ, ол мені кешірмейді.

8) 我很想看这个电影,只是没有时间,不能去。

Мен бұл фильмді көргім-ақ келеді, бірақ, уақытым жоқ, бара алмаймын.

只是 жалғаулығы кейде шартты байланысты да білдіреді. Мұны түп нұсқа арқылы айыруға болады. Мысалы:

我今天进城,只是买几本书,没什么要紧事。

Мен қалаға тек бірнеше кітап сатып алу үшін ғана барамын, басқа маңызды жұмысым жоқ.

3. Қарсылықты байланысты білдіретін тағы 固然......但是 құрылымы бар. Бұл қарсы мәнді қарсылықты байланысқа жатады. Мұнда алдыңғы жай сөйлемде бір факт мойындалып, соңғы сөйлем оған қарсы қойылады. Аударылуы жағынан жоғарыдағы қарсылықты сөйлемдермен бірдей. Мысалы:

去看看他固然是可以的,但不去也不失礼。

Оған амандасып барсақ болады, бірақ, бармасақ та әдепсіздік болмайды.

这样办固然最稳当,但是太费事。

Осылай істесек өте орынды, бірақ әуіресі көп.

2. Болжалдық сабақтас құрмалас сөйлемдердің аударылуы

Болжалдық құрмалас сөйлемдерде алдыңғы бағыныңқы сөйлемде мәлім бір тұспал, жорамал айтылып, соңғы басыңқы сөйлемде сол жорамал іске асқаннан кейінгі нәтиже түсіндіріледі. Болжалдық құрмалас сөйлемдерде негізінен жұп жалғаулықтар қолданылады. Біз осы жалғаулықтардың қолданылу ерекшеліктеріне қарай отырып төмендегідей аудару тәсілдерін қолдануымызға болады.

1. Егер болжалдық құрмалас сөйлем 如果(假如、倘若、若、要是、要)……,就(那么、那、便)жалғаулықтары арқылы байланысқан болса, онда бұл жалғаулықтарды қазақ тіліне « Егер...са, онда» формасымен аударуға болады. Нақты сөйлем мағынасына қарай кейде «егер» немесе «онда» деген сөздерді айтпауға да болады. Мысалы:

1) 如果你有时间,就去那儿看看吧。

Егер уақытың болса , ол жерге барып көріп қайт.

2) 如果生活上有什么困难,就跟我说一声。

Егер тұрмысыңда қиыншылық болса, маған айтып қой.

3) 假如不努力学习,就完不成学习任务。

Егер тырысып оқымасақ, оқу міндетін орындай алмаймыз.

4) 倘若不是去年修水库,今天便不会有这样的好收成。

Егер өткен жылы суқоймасын салмағанда, бүгін мұндай мол өнім алмаған болар едік.

5) 你若不承认错误,他不会原谅你的。

Қателігіңді мойындамасаң, ол сені кешірмейді.

6) 要是你认为必要的话,我就一定设法去办。

Егер сен қажет десең, онда мен бір амалын тауып істейін.

7) 要不是你提醒我开会,我就忘了。

Егер сен ескертпегеніңде, мен жиналыс барын ұмытып кетеді екенмін.

2. Егер болжалдық құрмалас сөйлемдер即使(就是、就算、纵然、哪怕)……,也(还)…… түріндегі жалғаулықтармен байланысқан болса, онда бұл жалғаулықтарды қазақ тілінде алдыңғы сөйлемдегі етістік баяндауышты шартты рай формасымен аяқтап, оған және «да» шылауын тіркеу арқылы бейнелеуге болады. Немесе алдыңғы сөйлемнің етістік баяндауышын бұрынғы өткен шақ ған\ген формасымен аяқтап, оның соңынан «күнде де», «күннің өзінде де» деген жалғаулықтарды тіркеу арқылы бейнелеуге болады.

1) 即使我们国家很富,也要保持艰苦奋斗的光荣传统。

Мемлекетіміз қатты байыған күнде де қажырлылықпен күрес жүргізу сынды даңықты дәстүрімізді сақтауымыз керек.

2) 即使我们的工作得到了极其伟大的成绩,也没有任何值得骄傲自大的理由。

Қызметте ұлы жетістіктерге жетсек те, асқақтауға еш негіз жоқ.

3) 明天就是下雨,也不会很大的。

Ертең жаңбыр жауса да көп жаумайды.

4) 就算没有人帮助他,他也做得完。

Оған ешкім көмектеспесе де, ол өзі бітіре алады.

5) 哪怕雨下得再大,我也得今天走。

Жаңбыр қанша қатты жауса да, бүгін кетуім керек.

3. Қытай тілінде болжалдық құрмалас сөйлемдерде, әдетте бағыныңқы сөйлем алдында, басыңқы сөйлем артында тұрады. Дегенмен, бейнелеу қажетіне қарай кейде бағыныңқы сөйлем соңына, басыңқы сөйлем алдыға түсетін жағдайлар кездеседі. Мұндай кезде сөйлемнің рет тәртібін өзгертіп аудару керек. Мысалы:

1) 结果绝不会是这样,如果当初就让他做的话。

Егер басында оған істеткенде, ешқашан мұндай болмас еді.

2) 明天能不能帮我修修录音机,要是你不忙的话。

Егер ертең қарбалас болмасаң, радиомды жөндеп бере аласың ба.

4. Егер болжалдық құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулықсыз байланысқан болса, сөйлем мағынасына қарай жоғарыда баяндалған бірінші аудару тәсілімен аударған жөн. Мысалы:

1) 你不来,我就给你送去。

Ертең келмесең, мен саған апарып беремін.

2) 明天下雨,我们就不去公园了。

Ертең жаңбыр жауса, паркке бармай-ақ қояйық.

3) 有什么困难,我们一定帮您解决。

Қиыншылығыңыз болса, біз сізге көмектесіп шешіп береміз.

3. Шартты сабақтас құрмалас сөйлемдердің аударылуы

Шартты құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы бөлігінде мәлім бір шарт ортаға қойылады да, басыңқы бөлімінде осы шартты қанағаттандыру мақсатында орындалған іс-қимыл баяндалады. Жалғаулықтардың қолданылу ыңғайына қарай шартты құрмаластардың аудармасын төмендегідей бірнеше жаққа жинақтауға болады.

1.Шартты байланысты білдіретін 只要……,就…… құрылымын қазақ тілінде алдыңғы сөйлемнің баяндауыш формасын шартты раймен аяқтап, соңына «болғаны» деген сөзді тіркеу арқылы, яғни, «... са болғаны» түрінде бейнелеуге болады. Немесе етістіктің жедел өткен шақ формасынан кейін «екен» сөзін қосып айту арқылы да бейнелеуге болады. Мысалы:

只要努力,就一定能学好汉语。

Тырысса болғаны, қытай тілін жақсы оқуға болады.

只要按时吃药,你这病就好了。

Дәріні уағында ішсең болғаны, ауыруың жазылып кетеді.

只要你承认错误,他就会原谅你的。

Қателігіңді мойындасаң болғаны, ол сені кешіреді.

只要你坚持锻炼,是可以达到减肥效果的。

Табандылықпен дене шынықтырсаң болғаны, арықтай аласың.

2.Егер шартты байланысты білдіретін жалғаулық формасы 只有……,才……, 除非……,才…… құрылымы түрінде келсе, онда бұл қазақ тіліне « тек.....ғана» немесе «...ғана» түрінде аударылады. Мысалы:

只有努力学习,才不辜负父母的希望。

Тек тырысып оқығанда ғана ата-ананың үмітін ақтауға болады.

你只有真正走进大众生活,才能写出好作品。

Көпшіліктің өміріне аралассаң ғана жақсы шығарма жаза аласың.

除非是到了春天,你才能看到这种报春花。

Қозыгүлін көктемде ғана көре аласың.

除非他承认错误,否则我不会原谅他。

Қателігіңді мойындағанда ғана ол сені кешіреді.

除非你来,否则我是不会去的。

Сен келсең ғана мен барамын.

除非打车去机场,否则肯定来不及了。

Әуежайға таксимен барғанда ғана үлгереміз.

3. Егер шартты байланысты білдіретін жалғаулықтар无论(不论、不管、任、任凭)……,都(总、总是、也) түрінде қолданылған болса, қазақ тіліне «мейлі...болсын(болмасын)», «мейлі...са да», «...қарамай...» сияқты формалармен аударуға болады. Мысалы:

无论老师或者学生,都得遵守学校的规定。

Мейлі мұғалім немесе оқушы болсын, барлығы да мектептің ережелеріне бойсынуы керек.

无论春夏秋冬,那里的气候都很好。

Мейлі қай маусым болса да, ол жердің климаты өте жақсы.

不管我们谁有困难,他都热情帮助。

Мейлі біздің қайсымызда қиыншылық болса да, ол қашанда ыстық ықыласпен көмектеседі.

别管天气如何,你都得准时到。

Мейлі ауарайы қандай болмасын, сен дәл уақытында жетуің керек.

别管谁,都得遵守交通规则。

Мейлі кім болса да, жол ережесіне бойсынуы керек.

任凭你怎么问他,他都回答得出来。

Сен одан қалай сұрасаң да, ол жауап бере алады.

任凭你是谁,都得履行合同的条款。

Сен кім болғаныңа қарамастан, келісімшарттағы шарттарды орындауың керек.

4. Шартты құрмалас сөйлемдерде әдетте бағыныңқы сөйлем алдында, басыңқы сөйлем соңында тұрады. Бірақ, тілдік бейнелеу қажетіне қарай кейде бағыныңқы сөйлем соңында келетін жағдайлар да кездеседі. Ондайда қазақ тіліне бағыныңқы сөйлемнің орнын ауыстырып, алдына қойып аудару керек. Мысалы:

一定能学好的只要你肯下功夫。

Күш жұмсасаң болғаны, сөзсіз жақсы үйрене аласың.

她不会不来的,除非家里有什么急事。

Үйінде шұғыл жұмыс шығып қалмаса болғаны, ол келмей қоймайды.

4. Себеп-салдар сабақтас құрмалас сөйлемдердің аударылуы

Себеп-салдарды білдіретін құрмалас сөйлемдерде бағыныңқы сөйлем себепті, басыңқы сөйлем салдарды(нәтижені) біліреді. Мұндай сөйлемдер жалғаулықпен де жалғаулықсыз да байланыса береді. Орны жағынан кейде бағыныңқы алдыда, кейде басыңқы алдыда тұра береді. Қайсысы себеп, қайсысы нәтижені білдіріп тұрғандығын олардың құрмалас сөйлемдегі ілгерінді-кейінді орны мен жалғаулықтардың мағынасы арқылы айыруға болады. Жалғаулықтардың қолданылу ыңғайына қарай себеп-салдарлы құрмалас сөйлемдердің аударылуын төмендегідей бірнеше жаққа жинақтауға болады.

1. Егер басыңқы сөйлем алдыда жалғаулықсыз тұрып, бағыныңқы сөйлем онымен 因为 жалғаулығы арқылы байланысса, сөйлемнің рет тәртібін өзгертпей-ақ, 因为 сөзін «өйткені», «себебі» деген сөздермен тікелей аудара беруге болады. Мысалы:

1) 他今天没上课,因为感冒了。

Ол бүгін сабаққа келген жоқ, себебі, тымау тиіп ауырып қалды.

2) 我们一定胜利,因为真理在我们这边。

Біз сөзсіз жеңіске жетеміз, өйткені ахиқат біз жақта.

2. Егер бағыныңқы сөйлем жалғаулықсыз алдыда келіп, басыңқы сөйлем онымен 因此,因而,所以 секілді жалғаулықтармен байланысса, қазақ тіліне «сондықтан», «сол себепті» деген жалғаулықтар арқылы аударуға болады. Мысалы:

1) 我们是多年的同事,因此对他很了解。

Біз көп жылдық қызметтестерміз, сондықтан мен оны жақсы білемін.

2) 今天进城要办的事情很多,因而一清早他就出门了。

Бүгін қалаға барып бітіретін істер өте көп, сол себепті ол таңсәріден жолға шықты.

3) 他感冒了,所以没来上课,

Оған тымау тиіп ауырып қалды, сондықтан сабаққа келген жоқ.

3.Егер бағыныңқы сөйлем 因为,由于 жалғаулықтарымен келіп, басыңқы сөйлеммен 因此,因而,所以 жалғаулықтары арқылы байланысса, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын етістіктің бұрынғы өткен шақ формасымен «ған, ген) аяқтап, оған «дықтан, діктен» қосымшаларын жалғау арқылы бейнелеуге болады. Немесе алдыңғы сөйлемді тиянақты формамен аяқтап, соңғы сөйлемді «сондықтан, сол себепті, сол үшін» деген жалғаулықтармен бастауға болады.

因为……,所以……., 由于......,所以…….

1) 由于教练指导正确,因此大家的游泳成绩提高得非常快。

Жаттықтырушы дұрыс жол көрсеткендіктен, көпшіліктің малту деңгейі өте тез жоғарылады.

2) 因为要赶早上第一班汽车,所以天还没亮他就起来了。

Таңертеңгі алғашқы автобусқа үлгеру керек болғандықтан, ол орнынан таң атпай тұрды.

3) 由于各民族形成的时期各不相同,历史条件各有差异,因此,各民族所经历的社会历史发展阶段也各不相同。

Әрбір ұлттың қалыптасу мезгілі әртүрлі, тарихи шарт-жағдайлары да түрліше, Сондықтан, әрбір ұлттың бастан кешкен қоғамдық тарихи даму белестері де түрліше болып табылады.

4. Бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің орны алмасып, басыңқы сөйлем之所以 деген жалғаулықпен алдыға шығып, бағыныңқы сөйлем 是因为 деген жалғаулықпен соңында тұрса, қазақ тілінде алдыңғы басыңқы сөйлемнің соңына «...себебі» деген сөзді қосу арқылы аударуға да болады. Мысалы:

他之所以成绩好,是因为一直都很努力。

Оның нәтижесі жақсы болатын себебі ол әрқашан тырысып оқиды.

大家之所以感到满意,是因为事情办得很顺利。

Көпшіліктің разы болатын жөні бар, өйткені іс өте сәтті орындалды.

Жоғарыдағы сөйлемдерді қазақ тілінде тағы «Ол әрқашан тырысып оқиды, сондықтан, оның нәтижесі жақсы», «Іс өте сәтті орындалғандықтан, көпшілік разы» деп аударуға да болады. 5. Қытай тілінде жалғаулықсыз байланысқан себеп-салдарлы құрмалас сөйлемдерді қазақ тіліне себеп-салдарлық мағынасын шығарып, сәйкесті жалғаулықтармен аударған жөн.

他这几天很忙,一直没来上课。

Ол соңғы күндері өте қарбалас болғандықтан, сабаққа келген жоқ.

Жоғарыдағы сөйлемнің себеп-салдарлық мәні қазақ тілінде «дықтан» қосымшасы арқылы бейнеленіп отыр.

6. Егер себеп-салдар құрмалас сөйлем 既然(既)……,那么(就)……жалғаулықтары арқылы байланысқан болса, онда оны қазақ тіліне «болған екен, онда», «болады екен, онда» мағынсында аударған жөн. Мысалы:

既然知道做错了,就应当赶快纠正。

Қате істегеніңді білген екесің, онда дереу түзетуің керек.

既然她不喜欢,你就别买了。

Ол ұнатпайды екен, онда сатып алма.

既然孩子想跟你去,那么你就带他去吧。

Бала сенімен бірге барғысы келген болса, ертіп бар.

7. Егер себеп-салдарлы құрмалас сөйлем 可见 сөзі арқылы байланысқан болса, онда «көруге болады, деген сөз, өйткені» сияқты сөздермен аударылғаны жөн Мысалы:

司机酒气熏天,可见事故是酒后驾车所致。

Жүргізушіден арақ иісі аңқып тұрғанына қарағанда жол апаты арақ ішіп көлік жүргізуден болды деген сөз.

看到他吃惊的样子,可见他事先不知道此事。

Оның шошыған кейпіне қарағанда бұл істі алдынала білмеген ғой.

他最近成绩提高了,可见比以前努力了。

Соңғы кезде оның оқу нәтижесі жақсарды, бұл оның бұрынғыдан тырысып оқығандығын білдіреді.

大多数人都不明白,可见老师没讲明白。

Елдің көбі түсінбегеніне қарағанда мұғалім түсіндіріп айтпаған.

5. Мақсат сабақтас құрмалас сөйлемдердің аударылуы

Мақсат байланысты құрмалас сөйлемдерде алдыңғы бағыныңқы сөйлемде мәлім бір мақсат ортаға қойылады да, соңғы басыңқы сөйлемде сол мақсатқа жетудегі іс-әрекеттер баяндалады. Мақсат байланысты құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің ілгерінді-кейінді орны тұрақты бола бермейді. Кейде бағыныңқы алдыда, кейде басыңқы алдыда тұрады. Бірақ, бағыныңқы сөйлем көп жағдайда жалғаулықтар арқылы байланысқа түседі. Сондықтан, құрмалас сөйлем құрамындағы қайсы жай сөйлем жалғаулықпен келсе, сол сөйлем бағыныңқы болады деген сөз. Жалғаулықтардың қолданылу ретіне қарай мақсат құрмаластардық аударылуын төмендегідей бірнеше жақтан бейнелеуге болады.

1. Егер бағыныңқы сөйлем сөйлем 为,为了 деген жалғаулықтармен келсе, онда қазақ тілінде «үшін», «деп» деген секілді шылаулармен немесе етістіктің қалау рай формасынан кейін «болып» деген көмекші етістікті тіркеу арқылы бейнелеуге болады. Мысалы:

1) 为了提高口语,他请了一位老师。

Сөйлеу деңгейін көтеру үшін, ол мұғалім жалдады.

2) 为了买这本书,我去了三趟书店呢。

Осы кітапты сатып алмақ болып кітап дүкеніне үш рет бардым.

3) 为了方便市民购买,超市延长了营业时间。

Қала тұрғындарының зат сатып алуына қолайлы болсын деп супермаркет жұмыс уақытын ұзартты.

2. Егер бағыныңқы жай сөйлем 以便, 以, 用以, 好,为的是,以免,省得,免得 деген жалғаулықтармен басыңқы сөйлемнің соңында келсе, қазақ тіліне аударғанда сөйлемнің орнын алмастырып, бағыныңқы сөйлемді басыңқы сөйлемнің орнына қойып, жоғарыдағы жалғаулықтарды «үшін», «жолында» сияқты шылаулар арқылы бейнелеуге болады. Мысалы:

1) 母亲随即搬到南京,以便时常去探望、鼓励他。

Оны үнемі көріп, жігерлендіріп тұру үшін анасы тез арада Наньжиңге көшіп барды.

2) 我把发动机重新检查了一遍,以免中途发生故障。

Жол ортада проблема болмасын деп маторды тағы бір рет тексердім.

3) 你早一点回来,免得你妈担心。

Мамаң алаңдамасын десең ертерек қайт.

4) 老师反复讲解,以帮助学生更好地理解。

Оқушылар тіпті де жақсы түсінсін деп мұғалім қайта-қайта түсіндірді.

5) 传染病人应隔离,以防止交叉感染。

Басқаларға жұқтырмас үшін жұқпалы ауырумен ауырған адамға карантин жасау керек.

6) 检查前通知大家一下,大家好有个准备。

Көпшілік дайын отыру үшін тексерерден бұрын айтып қой.

省得 жалғаулығын қазақ тілінде етістіктің бұрынғы өткен шақ (ған, ген ) формасының үстіне ша, ше қосымшаларын жалғау арқылы да бейнелеуге болады. Мысалы:

1) 你就住这儿,省得天天来回跑。

Күнде арлы-берлі сабылып жүргенше осында тұа бер.

2) 你把这本书带给他,省得我再跑一趟。

Мені тағы жүргізгенше мына кітапты сен ала кет.

6. Көп қабатты құрмалас сөйлемдердің аударылуы

Қытай тілінде әдетте құрмалас сөйлемдер екі не одан да көп жай сөйлемдерден құралады. Дегенмен кейбір құрмалас сөйлемді құрайтын жай сөйлемдердің өзі құрмалас сөйлем деңгейінде болады. Басқаша айтқанда, жай сөйлемнің ішінде тағы да жай сөйлем қамтылып жатады. Сөйтіп құрмалас сөйлемдер көптеген қабаттарға бөлінеді. Екі не одан да көп қабаттардан құралған жай сөйлемдер көп қабатты сөйлемдер болып есептелінеді. Мысалы:

这样的人往往经验很多,(салалас) 这是很可贵的;(қарсылықты)但是如果他们就以自己的经验为满足,(болжалдық)那也很危险。

Көп қабатты құрмалас сөйлемдер алдыңғы тарауда айтып өткеніміздей кем дегенде үш жай сөйлемнен құралады және олар арасындағы байланыс біріңғай бір түрлы емес, әртүрлі болуы керек. Құрмалас сөйлем қанша көп жай сөйлемнен құралса да. Егер олардың арасындағы байланыс бір түрлі болса, онда ол құрмалас сөйлем бола алмайды. Көп қабатты құрмалас сөйлемдерді аударуда алдымен тұтас сөйлемге, ондағы жай сөйлемдер арасындағы жалғаулықтарға, мағыналық байланыстарға қарай отырып, оған қабаттар бойынша талдау жасау керек. Жай сөйлемдер арасындағы байланыстарды және олар арқылы қалыптасқан қабаттарды айқындап алғаннан кейін барып аударуға кіріскен жөн. Көп қабатты құрмалас сөйлемдерді аударудың нақты бір қалыптасқан формасы жоқ. Олардың кейбіреуін түп нұсқадағы құрылымдық формасын өзгертпей-ақ сол қалпында аударуға болса, кейбіреуін қазақ тілінің бейнелеу дағдысына қарай орнын алмастырып, мағынасын сақтап аударуға болады. Жалпы алғанда көп қабатты құрмалас сөйлемдерді аудару барысында түп нұсқаның мағынасын өзгертпеу, аударылатын тілдің (қазақ тілінің) бейнелеу дағдысына сәйкестендіру принципін ұстанған жөн деп білеміз. Төменде әр түрлі көп қабатты сөйлемдердің аудармасынан бірқанша мысалдар келтірдік.

1) 你如果不按人民的意志办,或者工作不能让人民满意,人民就有权利批评你控告你,甚至罢免你惩办你。

Сен егер халықтың еркі бойынша істемесең, немесе қызметің халықты қанағаттандырмаса, халықтың сені сынауына, сенің үстіңнен шағымдануына, тіпті сені қызметіңнен босатуға, жазалауына құқы бар.

2) 高尔基在自学的过程中,既没有名师的指点,更没有资料可供查阅,碰到的困难当然比寻常人更多,但是疑难总是吓不倒他的。

Горкий өздігінен үйрену барысында онда жол сілтейтін ұстаз да, оқитын материал да болмаған, жай адамдарға қарағанда әрине көп қиыншылық көрген, бірақ, мұндай қиыншылықтар оны қорқыта алған жоқ.

3) 青年是努力的,是热心的,但是因为理解不够,工作经验不够,常常容易犯错误。

Жастар тырысшаң, қызу қанды келеді, бірақ, түсінігі таяз, қызмет тәжірибесі аз болғандықтан, ылғи да қателікке ұрынады.

4) 她的脚步缓慢,却很坚定,看来无论是热情的女主人,还是任何其它力量,都无法使这位奇异的女客留在这小巷深处的四合院里。

Оның аяқ алысы баяу болғанымен салмақты еді, ыстық ықыласты үй иесі әйел де, немесе әлдеқандай басқа бір күш те осы бір ғажап әйел қонақты тар көшенің түкпіріндегі төрт бұрышты аула ішіне айалдата алар емес.

Қорыта айтқанда көп қабатты құрмалас сөйлемдерді аударғанда түп нұсқаның мағынасын дәл шығару үшін ондағы қабаттық байланыстарды дұрыс анықтай білу қажет.

Қорытынды

Зертттеу жұмыстың бірінші тарауы қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдердің өзіндік сипатына, жасалу жолдарына, көп қабатты құрмалас сөйлемдерді талдау әдістеріне, сондай-ақ кіріккен құрмалас сөйлемдердің ерекшеліктеріне арналды. Себебі жұмыстың негізгі мақсаты болып табылатын қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдердің қазақ тіліне аударылу жолдарын анық білу үшін алдымен қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдер жөнінде жан-жақты түсінік беруге тура келді. Сөйтіп, бірінші тарауда қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктерінен тартып, олардың салалас, сабақты және олар қамтылатын жекелеген құрмалас сөйлем түрлеріне дейін, өз құрамына әлденеше жай сөйлемді қамтитын күрделі құрмалас сөйлемдер, кіріккен құрмалас сөйлемдерге дейін мүмкіндігінше жан-жақты баяндалды. Екінші тарау қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдердің қазақ тіліне аударылуына арналды. Онда қытай тіліндегі салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің әр түрі және оларды байланыстыратын жалғаулықтардың қазақ тіліндегі баламалары мен негізгі үлгілері нақты мысал сөйлемдерді аудару тәсілі арқылы түсіндірілді.

Жалпы алғанда қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдерді қазақ тіліне аудару барысынан түйгеніміз: ең алдымен қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын жалғаулықтардың қазақша мағынасын толық түсіну керек. Сонда ғана құрмалас сөйлем арқылы бейнеленген түп нұсқа ойын дұрыс түсінуге жол ашылады. Ал қандай құрмалас сөйлемді қандай үлгімен аудару мәселесінде тұрақты бір үлгі бар деп айту қиын. Себебі ұқсас бір ойды әр аудармашы тіл байлығына қарай түп нұсқа ойын сақтай отырып, түрліше үлгіде құбылтып аударуы мүмкін деп ойлаймыз.

Пайдаланған әдебиеттер

1.邵敬敏主编《现代汉语通论》,上海教育出版社,2001年第一版。251-бет.

2.罗安源 著《简明现代汉语语法》,中央民族大学出版社,2001年 北京。296-бет.

3.卢福波著《对外汉语教学实用语法》,北京语言文化大学出版社1996年版 256-бет.

4.苗东霞 编著《HSK考前强化》,(语法)北京语言大学出版社2004年重印。

5.梁鸿雁编著《HSK应试语法》北京大学出版社2004年版。

6.刘宝顺,徐秀珍编写,贺德尔汗翻译《现代汉语语法》,新疆教育出版社1987年第一版。

7. 秦礼君 主编《现代汉语语法专题》,海洋出版社1990年版。

8. 高更生、王红旗 《汉语教学语法研究》,语文出版社1996年版。

9. 黄伯荣,廖序东主编《现代汉语》,(下册),甘肃人民出版社1995年版。

10. 陈阿宝 主编《现代汉语概论》,北京语言文化大学出版社2002年版。

11. 陆俭明 主编《现代汉语基础》,线装书局2000年版。

12. 刘月华 潘文娱 等 著 《实用现代汉语语法》(增订本)商务印书馆 2003年•北京。

13. 吕叔湘 著《汉语语法分析问题》,商务印书馆1979年。

14. 高明开 著《语法理论》,商务印书馆1960年。

15. 李大魁 主编《现代汉语》,中国人事出版社2000。

16. 陈燕燕《汉哈比较语法》,新疆人民出版社1986年。

17.中国社会科学院语言研究所词典编辑室编《现代汉语词典》[修订本] 商务印书馆 2001年,北京

18.梁传宝,高宁编著《新编日汉翻译教程》,上海外语教育出版社1999年。

19.汉哈俄语言学术语词典编委会编写《汉哈俄语言学术语词典》,中央民族出版社2009年。

20. Горелов В.И. Теоретическая грамматика современного китайского языка. – М., 1989.

21. Шутова Е.И. Синтаксис современного китайского языка. – М., “Наука”, 1994.

22. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы, “Санат” 1996.

23. Зиядаұлы Б., Қытай тіліндегі грамматикалық тұрақты құрылымдар. Шет тілдер және іскерлік карьера университеті 2009 ж.

24. Қалибек Т. 《现代汉语语法•句法》– Алматы, “Абылай хан атындағы Қаз. ХҚ және ӘТУ”, 2004.

25. Дүкенбай Назари. Қытайша-қазақша тіл білімі терминдерінің сөздігі. –Үрімжі. “ШҰАР Халық баспасы” ,1985.

26. Карбай Абдисаұлы, Тұрған Әлтайұлы. Қытайша-қазақша аударма оқулығы. Шинжаң оқу-ағарту баспасы. Үрімжі, 1999

27. Мәкен Ілікенов. Қытайша-қазақша шағын тіл білімі сөздігі. –Пекин. “Ұлттар баспасы”, 1984.

马坎编《汉哈语言学小词典》,民族出版社1984年版。

28. Сүлейменова Э., Мадиева Г., Шаймерденова Н., Авакова Р. т.б. Тiл бiлiмi сөздiгi. – Алматы, 1998.

29. Аманжолов А.С. Қазақша-орысша лингвистикалық терминдері. –Алматы, 1997.

30. Лингвистический энциклопедический словар. –Москва, Сов. Энциклопедия, 1990.

31. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. –М., 1966.

32. Большой китайско-русский словарь. Под обшей редакцей Ма Юншян, Лю Ие. – Чанчун, 1992.

33. Нұрхалық Абдырақын. Сөйлем мүшелері және оны талдау.// Қазіргі қытай тілінің грамматикасы. Алматы, 2010 ж.251-256 б.