Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қытай тіліндегі құрмалас сөйлем жалғаулықтарыны...docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86 Кб
Скачать
☆

2.1. Салалас құрмалас сөйлемдердің аударылуы

1. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдердің аударылуы

Ыңғайлас құрмалас сөйлемдерде бір істің бірнеше жағы немесе бір-бірімен қатысты бірнеше іс баяндалады. Мұндай сөйлемдерді қазақ тіліне аударуда қытай тіліндегі ыңғайлас құрмалас сөйлемдердің ерекшелігін сақтап, әр жай сөйлемнің баяндауыш мүшесін сақтап аударуға баса мән берген жөн деп ойлаймыз.

Ыңғайлас сөйлемдердің аударылу жолдарын төмендегідей бірнеше жаққа жинақтап көрсетуге болады.

1) Егер ыңғайлас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер 还、也、又、同时 секілді жалғаулықтар арқылы байланысқан болса, қазақ тілінде оны «да, де, және, тағы, әрі, сондай-ақ, сонымен бірге, орнына, сонымен бір уақытта» деген сияқты шылаулармен бейнелеуге болады. Мысалы:

1) 瞧你做的这叫什么事呀?人家帮了你这么大的忙,你连句感谢的话都没有,还冲人家发脾气。Бұл сенің қайткенің? Біреу саған сонша көмектесіп жатса, бір ауыз рахыметің жоқ, тағы келіп елге ашу шақырасың.

2) 我们要在继续提高产品质量、增加品种的同时,大大地增加产量。

Біз өнімнің сапасын көтеріп, түрін көбейтумен бір уақытта өнім мөлшерін де арттыруымыз керек.

3) 这是非常重要的、同时也是十分艰巨的任务。

Бұл өте маңызды және өте жапалы міндет.

2. Ыңғайлас құрмалас сөйлемдердегі既……,又……;又……,又……; 也……,也…… конструкцияларын қазақ тілінде «-да...-да, әрі...әрі...» секілді шылаулармен аударуға болады. Мысалы:

1) 他是个既聪明又能干的人。

Ол ақылды да іскер адам.

2) 他这样做既影响了个人的前头,也影响了公司的声誉。

Оның бұлай істеуі өз келешегіне де, фирманың атына да кесірін тигізді.

3) 我们这儿的水果又便宜又好吃

Біздің бұл жердің жемістері әрі арзан әрі дәмді.

4) 校园里又干净,又整齐。

Мектеп ауласы таза да ретті.

5) 屋里也热,外头也热,跳到河里也还是热,真不知道躲到哪儿才好。

Үй де, сырт та ыстық, өзенге түссең де ыстық, қайда барарыңды білмейсің.

6) 我也找了,她也找了,我们都没找到。

Ол да, мен де іздедім, екеуіміз де таппадық.

3. Ыңғайлас құрмалас байланысты білдіретін 有时......有时......;有的……,有的……; 一会儿……,一会儿……;一方面……,(另)一方面……;时而……,时而……;一来……二来…… ;连同...... конструкцияларын қазақ тіліне реті бойынша «кейде...., кейде...», «кейбіреуі...кейбіреуі...», «біресе...,біресе...», «бір жағынан..., енді бір жағынан...», «бірде...,бірде...», «біріншіден..., екіншіден...», «...мен, қосқанда» түрінде аударуға болады. Мысалы:

1) 周末,我有时在家,有时去学校。

Апта соңына қарай мен кейде үйде боламын, кейде мектепке барамын.

2) 这些水果有的我吃过,有的从没见过。

Бұл жемістердің кейбіреуін жегенмін, кейбіреуін бұрын көрмеген екенмін.

3) 他一会儿进,一会儿出,忙个不停。

Ол бір кіріп, бір шығып дамыл таппайды.

4) 我来中国一方面学习汉语,另一方面开阔一下眼界。

Менің Қытайға келудегі мақсатым бір жағынан қытай тілін үйрену, енді бір жағынан көзаямды ашу.

5) 这几天时而晴天,时而下雨。

Соңғы күндері күн біресе ашылады, біресе жауады.

6) 一来今天太晚了,二来我身体也不太舒服,就不跟你们去了。

Біріншіден, күн тым кеш болып кетті, екіншіден, денсаулығым да жақсы болмай тұр, сендермен бірге бармай-ақ қояйын.

7) 去年连同今年,他共完成了五十万字的书稿。

Ол былтыр мен биыл әріп саны жиыны бесжүзмыңнан асатын қолжазба жазды.

4. Ыңғайлас құрмалас байланысты білдіретін不是......,而是 құрылымы қазақ тіліне «....емес, қайта(керісінше)...» түрінде аударуға болады. Мысалы:

他们要到大城市不是为了去工作,而是为了去享乐。

Олар үлкен қалаға жұмыс үшін емес, керісінше ойын-күлкі үшін бара жатыр.

Ал қытай тілінде «болымды + болымсыз» формамен айтылатын是.......不是......құрылымы қазақ тілінде «болымсыз+болымды» формамен аударылады. Мысалы:

1) 我们使用的方法是民主的说服地方法,而不是强迫的方法。

Біздің қолданып отырған әдісіміз зорлықты әдіс емес, демократиалық иландыру әдісі.

2) 这种种族的差别显然是一种自然现象,而不是社会现象,它纯属于生物学的的范畴,其标志是在体制形态上具有某些遗传性的生理特征。

Мұндай нәсілдік айырмашылықтар қоғамдық құбылыс емес, керісінше бір түрлі табиғи құбылыс екендігі айдан анық, ол тек физиологиялық категорияға тән, оны белгісі денедегі физиологиялық тұқым қуалаушылық ерекшелігі болып табылады.

2. Сатылы салалас құрмалас сөйлемдердің аударылуы

Қытай тілінде сатылы құрмалас сөйлемдерде алдыңғы жай сөйлемде айтылған ой соңғы жай сөйлемдерде онан ары біртіндеп тереңдеп баяндалады. Мұндай құрмалас сөйлемдеде бірер істің көлемі, саны, сапасы, уақыты аздан көбейеді, кішкенеден ұлғаяды, таяздан тереңдейді, оңайдан қиындайды. Сатылы құрмалас сөйлемдердегі мұндай байланыстар оны құраған жай сөйлемдерді байланыстырып тұрған жалғаулықтар арқылы жүзеге асады. Сондықтан, құрмалас сөйлемдерді, оның ішінде сатылы құрмаластарды аударғанда ең алдымен анықтап алатын мәселе осы жалғаулықтардың мағынасы мен оны қазақ тілінде қалай бейнелеу болып табылады. Сөйтіп жалғаулықтардың қолданылу жағдайына қарай сатылы құрмалас сөйлемдердің аударылуын төмендегідей бірнеше түрге бөліп көрсетуге болады.

1. Сатылы байланысты білдіретін 而且、并且、何况、况且、甚至 секілді жалғаулықтар тек соңғы сөйлемге ғана қолданылған болса, онда бұл жалғаулықтарды қазақ тіліне «оның үстіне, тіпті, және, әуелі» сияқты шылаулармен бейнелеуге болады. Мысалы:

1) 天气也的确暖和了,而且还是一年比一年暖和了。

Ауарайы да шынымен жылынды, оның үстіне жылдан жылға жылынып барады.

2) 她被评为先进生产者,并且出席了先进生产者经验交流会。

Ол үздік өндіруші болды, және үздік өндірушілердің тәжірибе алмасу жиналысына қатысты.

3) 上海地方那么大,况且你又不知道他的地址,一下子怎么能找到他呢?Шаңхай үлкен, оның үстіне сен оның мекен-жайын да білмейді екенсің, сонда оны қалай тауып ала қоймақсың?

4) 工作这么多,甚至连睡觉的工夫也没有。

Қызмет өте қарбалас, тіпті ұйықтауға да уақыт жоқ.

Сатылы құрмаластарды байланыстыратын жеке-дара қолданылатын жоғарыдағы жалғаулықтардан сырт, тағы 何况 сөзі арқылы да сатылы байланыстағы құрмалас сөйлемдер құралады. 何况 жалғаулығының мағынасы мен соған байланысты аударылатын құрмалас сөйлем де жоғарыдағыдан өзгешерек болады. 何况 қазақ тіліне «...ны қойып,...да...» немесе «...былай қойғанда, ...» түрінде аударуға болады. Мұндай жағдайда құрмалас сөйлемді құраған жай сөйлемдердің орны қазақ тілінің айту дағдысына қарай алмастырылып аударылады. Мысалы: 他在生人面前都不习惯讲话,何况要到大庭广众之中呢?Бұл сөйлемді қазақ тіліне төмендегідей екі түрлі формада бейнелеуге болады.

Ол топ алдында сөйлегенді қойып, бейтаныс адамның алдында сөйлеуден де ұялады.

Ол бейтаныс адамның алдында сөз сөйлеуге қорғанады, топ алдында қалай сөз сөйлесін.

在沙漠里行走本来就够艰难的了,何况又碰上这么大的风。

Құмда жүру онсызда оңай болмай тұрғанда, ол аз болғандай қарсымыздан тағы қатты боран соқты.

北京都下雪了,何况哈尔滨。

Харбинді қойып, Бейжіңге де қар жауды.(Бейжіңге қар жауғанда, Харбинге жаумай қала ма)

2. Сатылы байланысты білдіретін 不但(不仅、不只、不光)……,而且(还、也、又)…… сияқты жұп жалғаулықтарды қазақ тіліне «...ғана қоймай, оның үстіне....», «...былай тұрсын, ...оның үстіне (тіпті, әуелі)», «...мен бірге, ...да...», «...ғана емес, ...да...» секілді формалармен аударуға болады. Мысалы:

1) 北京的水果不但便宜,而且好吃。

Бейжіңнің алмасы арзан ғана емес, дәмді де.

2) 不但他知道这件事,而且我也知道。

Бұл істі ол ғана емес, мен де білемін.

3) 他不仅在学习上帮助我,还在生活上帮助我。

Ол оқуда ғана емес, тұрмыста да маған көмектеседі.

4) 我们的祖国不只土地广阔,而且物质丰富。

Отанымыздың жері кең, байлығы да мол.

5) 不光数量多,质量也不错。

Санының көптігін айтпағанда, сапасы да жаман емес.

Сатылы байланысты білдіретін жоғарыдағы жалғаулықтардан сырт, қытай тілінде тағы 尚且……,何况(更不用说、还)……;别说(慢说、不要说)……,连(就是)… қатарлы жалғаулықтар бар. Бұл жалғаулықтар қазақ тіліне « былай болса, олай болмай ма», «сені қойып, мен де», «сен тұрмақ, мен де» сияқты мағыналарда аударылады. Мысалы:

1) 这么冷的天气,大人尚且受不住,何况是孩子。

Мұндай суыққа үлкендер төзбегенде, балалар қайтіп төзсін.

2) 老年人尚且有那么大的干劲,何况我们青年呢?

Біз сияқты жастарды қойып, қарттардың өзі осындай үлкен қайрат-жігер көрсетіп отыр.

3) 这个汉字很难,别说是学生了,就是老师也不认识这个汉字。

Бұл иероглиф өте қиын, оқушыны қойып, мұғалімнің өзі танымайды.

4) 这个问题很难,别说是我了,就是他也回答不了。

Бұл сұрақ өте қиын, мені қойып, ол да жауап бере алмайды.

Сатылы байланысты білдіретін жұп жалғаулықтарда кейде екі болымсыздық формасы қатарласып 不但不(不但没,非但不,非但没)......,反而(反倒还)түрінде айтылатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай формаларды қазақ тіліне «...ды қойып, керісінше...» түрінде аударған дұрыс деп ойлаймыз. Мысалы:

1) 他不但不听老人的话,反而还骂老人。

Ол үлкендердің сөзін тыңдағанды қойып, керісінше оларға тіл тигізеді.

2) 吃了减肥药以后,不但没瘦,反而更胖了。

Арықтататын дәріні қабылдағаннан кейін, арықтағанды қойып, керісінше семіріп кетті.

3) 他不但不听父母的话,反倒顶起嘴来。

Ол ата-анасының сөзін тыңдағанды қойып, керісінше сөз қайтаратынды шығарды.

3. Талғаулықты салалас құрмалас сөйлемдердің аударылуы

Талғаулықты құрмалас сөйлемдерде баяндалған бірнеше іс-қимыл бірі талғай айтылады. Мұндай байланыс та жалғаулықтар арқылы жүзеге асады. Жалғаулықтардың мағынасы мен қолданылу ыңғайына қарай оны төмендегідей бірнеше жақтан көрсетуге болады.

1. Қытай тілінде талғау байланысын білдіретін, қазақ тіліне « не...не...», «немесе...немесе...» түрінде аударуға болатын 或者(或、或是)……,或者(或、或是)……… жалғаулықтары бар. Мысалы:

1) 或者你到我这儿来,或者我到你那儿去。

Не сен маған кел, не мен саған барайын.

2) 午饭或者吃饺子,或者吃米饭。

Түскі асқа не түшпәра не күріш жейміз.

3) 周末,或者看书,或者逛街,不呆在家里。

Демалыс күндері кітап қарамасам, базарға барамын, үйде болмаймын.

4) 或者他或者你,只要去一个人。

Не ол не сен, екеуіңнің біреуің ғана бар.

5) 你去或者他去都行。

Сен барсаң да, ол барса да болады.

Талғау байланысын білдіретін 是……,还是… құрылымы сұраулы сөйлемдерде қолданылады. «...ма/ме, әлде...» формасында бейнеленеді. Мысалы:

他是忘了,还是故意不来?

Ұмытып кетті ме, әлде әдейі келмей қойды ма?

你喜欢白色还是红色?Ақ түсті ұнатасың ба, әлде қызыл түсті?

2.Талғау байланысын білдіретін不是……,就是……; 要么(要就是)……,要么(要就是)жалғаулықтары қазақ тіліне «...болмаса, болады...», «не олай...,не бұлай...», «не..., не...» түрінде аударылады. Мысалы:

1) 这件事不是你做的,就是他做的。

Бұл істі сен істемеген болсаң, ол істеді. (Бұл істі не сен істедің, не ол істеді.)

2) 今天没来上课的,不是生病了,就是有事。

Бүгін сабаққа келмегендер не ауырып қалды, не жұмыстары бар.

3) 他不是在家休息,就是去上山。

Ол үйінде демалмаса, тауға шығады. (Ол не үйінде демалады, не тауға шығады.)

4) 要么加个班干完它,要么拖到明天再说。

Бұл істі жұмыс уақытын созып не бүгін бітіріп тастайық, не ертеңге қалтырайық.

5) 要么你去,要么我去,要么我们俩都去。

Не сен не мен, немесе екеуіміз де барайық.

3.Талғау байланысын білдіретін жоғарыдағы жалғаулықтарға ұқсамайтын қытайтілінде тағы 与其……,不如(还不如,倒不如)……; 宁可……,也不…… құрылымдары бар. Бұл құрылымдарды қазақ тіліне аудару барысында олардың жалпы «олай істегеннен гөрі, бұлай істеген жөн», «солай істеген күнде де, бұлай істемейді» деген мағынада қолданылатындығын білу қажет. Сосын нақты сөйлемнің ыңғайына қарай икемді аударуға көңіл бөлу керек. Мысалы:

1) 与其在这儿等他,还不如先去呢。

Бұл жерде күткеннен гөрі, өзіміз барғанымыз жөн.

2) 与其坐车去,倒不如走路去。

Автобуспен барғаннан жаяу барғанымыз жақсы.

3) 与其老麻烦别人,不如自己做。

Басқаларды әуірелей бергенше өзің істегенің дұрыс.

4) 与其扔掉,还不如送给需要的人。

Бұны лақтырып жібергеннен гөрі, қажет қылатын адамға бере салған жөн.

5) 我宁可走路去,也不愿坐车去。

Жаяу барсам да, автобусқа отырмаймын. (Жаяу барсам барайын, автобусқа отырмаймын.)

6) 我宁可多干点儿,也不能累着你。

Өзім көбірек істесем істейін, оны шаршатуыма болмайды.

7) 他宁可饿死,也不张嘴求人。

Ол аш қалса да, қайыр тілемейді.

8) 母亲宁可自己辛苦点儿,也要供孩子上学。

Анасы өзі жапа шексе де, баласын оқытады.

4. Ұласпалы салалас құрмалас сөйлемнің аударылуы

Ұласпалы құрмалас сөйлемде бірнеше жай сөйлем арқылы жалғасты жүріліп жатқан іс-қимыл рет-ретімен баяндалады. Ұласпалы құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің орнын алмастыруға болмайды. Орны ауысқан жағдайда жай сөйлемдердің арасындағы реттік байланыс бұзылады да, тұтас құрмалас сөйлем ұласпалы байланыс күйінен айырылады. Ұласпалы байланысты білдіретін жалғаулықтардың қолданылуына қарай олардың аударылу жолдарын төмендегідей үш жаққа топтап көрсетуге болады.

1. Жеке-дара қолданылатын就、便、于是、这才、后来、然后、接着、跟着сияқты жалғаулықтар қазақ тілінде жеке-жеке «...сымен», «...сала», «...сөйтіп...», «сөйткеннен кейін барып», «...кейін....», «...онан соң...», «...ілесіп...», «...кейін келе...» қатарлы формалармен бейнеленеді. Мысалы:

1) 每次回到家,他就一声不响地走进自己的房间。

Ол әр жолы үйге келісімен үн-түнсіз өз бөлмесіне кіріп кетеді.

2) 他脸色很不好,我便带她去了医院。

Оның өңі бұзылып тұрғанын көре сала ауыруханаға апардым.

3) 我们请来了专家,于是问题很快解决了。

Біз маман шақырдық, сөйтіп мәселе өте тез шешілді.

4) 孩子们都睡了,他这才坐到桌前打开了书。

Ол балалары ұйықтағаннан кейін барып кітап қарауға отырды.

5) 他还是去年二月里来过一封信,后来再没来过信。

Одан былтыр ақпан айында бір рет хат келген, одан кейін қайтып хат келген жоқ.

6) 她给孩子换上干净衣服,然后把他送到幼儿园。

Ол баласына таза киім кигізді де балабақшаға апарды.

7) 他进来不久,跟着老张就进来了。

Ол кіргеннен кейін көп өтпей артынша Лаужаң кірді.

8) 灰白色的沉重的云中间时时发出闪光,接着一声钟响。

Түнерген сұр бұлт арасынан әлсін-әлі шашыраған жарқыл көрінді де, іле-шала тарс еткен дауыс естілді.

2. Ұласпалы байланыс жұп жалғаулықтар арқылы да беріледі. Қытай тілінде ондай жалғаулықтардан 首先……,然后……;先......再......;一……,就……;起初……,才…… қатарлы түрлері бар. Бұл жалғаулықтарды қазақ тіліне «Алдымен..., онан соң...», «....сала...», «Әуелі..., сосын...», «Алғашында...., кейін келе...» секілді формалармен аударуға болады. Мысалы:

1) 你们首先要背生词,然后再读课文。

Сендер ең алдымен жаңа сөздерді жаттаңдар, онан соң мәтінді оқыңдар.

2) 这次旅行我想先去上海,然后再去南京。

Бұл жолғы саяхатта алдымен Шаңхайға, онан соң Нанжиңге бармақшымын.

3) 大家一看老师来了,就静了下来。

Оқушылар мұғалімнің келгенін көре салып, тыныштала қалды. 4) 我先学习一会儿,然后上街买东西。

Мен алдымен біраз үйреніп, онан соң базарға барып зат аламын.

5) 大家先随便聊聊,然后我们再讨论。

Көпшілік алдымен еркін отырып әңгімелесіп алыңдар, соан соң талқылайық.

6) 起初我没在意,后来才知道问题的严重性。

Бастапта мен мән бермегенмін, кейін барып мәселенің ауыр екенін бір-ақ білдім.

7) 起初我对他也有很多误解,后来才慢慢了解他的。

Алғашында мен ол туралы қате түсінікте болдым, кейінтін біртіндеп түсіндім.

3. Ұласпалы құрмалас сөйлемді құраған жай сөйлемдер кейде жалғаулықсыз да рет-ретімен айтыла береді. Мұндай жағдайда оны түп нұсқадағы айтылу реті бойынша аударған жөн. Мысалы:

1) 下雪了,大地变得洁白一片。

Қар жауып ұлы дала ақ көрпеге оранды.

2) 他推开门,轻轻地走了进来。

Ол есікті ашып ептеп басып кіріп келді.

3) 他把衣服叠好,整整齐齐地放在柜子里。

Ол киімдерді қаттап, реттеп шкафқа салып қойды.

Бұл мысалдардан жалғаулықсыз байланысқан жоғарыдағы ұласпалы байланыстағы жеке сөйлемдер қазақшада да түп нұсқадағы ретін бұзбай сол қалпында аударылғандығын байқаймыз.