Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қытай тіліндегі құрмалас сөйлем жалғаулықтарыны...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.03 Кб
Скачать

II Қытай тіліндегі құрмалас сөйлем жалғаулықтарының қазақ тіліне аударылуы

Қытай тілі аналитикалық тілге жататындықтан сөздер сөйлемде морфологиялық өзгеріске түспейді. Сөз бен сөздің байланысы морфологиялық түрленулер арқылы емес, сөздердің рет тәртібі және көмекші сөздер арқылы жүзеге асады. Сөздердің сөйлемде түрленбеуі сөздердің рет тәртібі мен сөздерді байланыстыратын көмекші сөздердің рөлін арттырып ғана қоймай, тұтас жай сөлемдер құрамында түрліше тұрақты конструкциялардың қалыптасуына себеп болады. Мысалы, қытай тілінде жай сөйлем құрамында мекенді, мезгілді, тәсілді т.б. білдіретін даяр конструкциялар бар. Қолданыс қажетіне қарай осы кострукциялар сол қалыптасқан дайын күйінде сөйлемге енгізіліп отырады. Тілдік қарым-қатынас қашан да тек сөз немесе жай сөйлем арқылы жүріле бермейді. Күрделі ойды бейнелеу үшін күрделі сөйлем түрлері қалыптасады. Мұндай күрделі сөйлемдер тіл білімінде құрмалас сөйлем деген атаумен белгілі. Қытай тілінде де жай сөйлемдер сөзден құралса, құрмалас сөйлемдер әлденеше жай сөйлемдерден құралады. Құрмалас сөйлемдерді құрайтын жай сөйлемдер ең алдымен мағыналық жақтан байланысты болуы шарт, онан соң барып қазақ тіліндегідей жалғаулықтардың дәнекер болуымен құрылымдық байланысқа түседі. Дегенмен, қытай тілінде сөздер түрленбейтіндіктен, жалғаулықтар бар болса да, жалғаулар жоқ. Сондықтан, құрмалас сөйлемді құраған алдыңғы және соңғы сөйлемдердің байланысуында қазақ тіліндегідей алдыңғы сөйлемнің көсемше тұлғасында тұрып байланысу ерекшелігі қытай тілінде жоқ құбылыс. Және қытай тіліндегі құрмалас сөйлем түрлері көбінде олардың жалғаулықтары арқылы анықталады. Яғни, құрмалас сөйлемдерді құраған жай сөйлемдер де тұрақты кострукциялар арқылы байланысады. Сондықтан, құрмалас сөйлемдердің мағынасын түсіну және оны қазақ тілінде дұрыс бейнелеу үшін алдымен құрмалас сөйлемдерді қалыптастырып тұрған конструкциялардың мағынасын анық білу қажет. Мағыналық жақтан өзара байланысты бірнеше сөйлемге түрліше конструкцияны қолданғанда олардың білдіретін мағыналары да түрліше болып шығады. Содан барып, құрмалас сөйлемнің мағынасы ғана емес, түрі де өзгереді. Айталық, 你明天去,我不去 деген екі компанентке түрліше конструкцияларды қолданып құрмалас сөйлем құрап көрелік:

如果你明天去,我就不去。(Егер сен ертең барсаң, мен бармаймын.)

只要你明天去,我就不去。(Ертең сен барсаң болғаны, мен бармаймын.)

因为你明天去,所以我不去。(Ертең сен барасың, сондықтан мен бармаймын.) Мұндағы 1-сөйлем болжалдық, 2-сөйлем шартты, 3-сөйлем себеп-салдарлық байланыстағы құрмалас сөйлемдер. Қорыта айтқанда, қытай тілінде құрмалас сөйлемдердің жалғаулықтары да тұрақты конструкциялар. Сондықтан, оларды аудару барысында түп нұсқаны дұрыс түсіну үшін ең алдымен осы кострукциялардың мағыналарын білген жөн. Сонымен қатар, қытай тілінде құрмалас сөйлемдер мағыналық жақтан тығыз байланысты, құрылымдық жақтан бірін бірі қамтымайтын екі немесе одан да көп сөйлемдерден құралады. Сондықтан аудару барысында оның құрамындағы жай сөйлемдердің орыналасу рет тәртібіне, қытай-қазақ тілдеріндегі құрмалас сөйлем түрлерінің сәйкес келу- келмеу жағдайларына да ерекше көңіл бөлу керек деп ойлаймыз.