Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қытай тіліндегі құрмалас сөйлем жалғаулықтарыны...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.03 Кб
Скачать

Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ШСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

МАГИСТРАТУРА

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«Қытай тіліндегі құрмалас сөйлем жалғаулықтарының мағынасы мен қолданылу әдістемесі» тақырыбына

Магистрант Сиязбай Әйгерім Группа МИЯ 14-02-01 ________ /қолы/

Жетекші ф.ғ.к., доцент ЗиядаұлыБ. _____________________ /қолы/

Қорғауға жіберілді «___» _________2015 ж.

Кафедра меңгерушісі Дабылтаева Р.Е. ________

/қолы/

Жұмыс қорғалды «___» ________2015 ж. бағамен ____________________

Алматы 2015

Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................................3

I Қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдер жөнінде қысқаша шолу..........................................................................................................................5

1.1. Қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдер және құрмалас сөйлем құрылымдары.........................................................................................................5

1.2. Қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдердің түрлері жене олардың өзіндік ерекшеліктері.........................................................................................................8

II Қытай тіліндегі құрмалас сөйлем жалғаулықтарының қазақ тіліне аударылуы.............................................................................................................19

2.1. Салалас құрмалас сөйлемдердің аударылуы...............................................20

2.2. Сабақтас құрмалас сөйлемдер мен көп қабатты құрмалас сөйлемдердің аударылуы.............................................................................................................28

Қорытынды .........................................................................................................38

Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................39

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері, көптеген дамыған шет елдермен байланысымыздың маңыздылығы артуда. Сол себепті бүгінде жастардың шет тілін меңгеру өте маңызды. Егер оқып жатқан шет тілдің грамматикасын жақсылап меңгерсе, онда сол тілде еркін сөйлеуге, ойлауға мүмкіндік туғызады. Қытай тілін үйреніп жатқан студенттерге осы тілді үйренуде иероглифтардың жазылуын, дыбысталуын меңгеріп қана қоймай, әртүрлі әдістер, көрнекіліктермен грамматиканы тереңірек түсінуге жол ашу

Тілдік грамматикалық бірліктер морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем десек, құрмалас сөйлем солардың ішіндегі ойды бейнелеу жағынан ең көлемді бірлік екендігі даусыз. Кемінде екі не одан да көп жай сөйлемдерді өз құрамына қамтып келетін құрмалас сөйлемнің әдеттегі толық, тиянақты ойды білдіретін жай сөйлемдерге қарағанда құрылымы жағынан да, мазмұндық күрделілігі жағынан да өзіндік ерекшеліктері жетерлік.Оның үстіне қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдер, олардың лексика-грамматикалық ерекшеліктері және осы ерекшеліктерді саралай келе оларды қазақ тілінде қалай бейнелеу мәселесі алғаш рет диплом жұмысына арнаулы тақырып етіп алынып,жан-жақты зерттеліп отыр.

Зерттеу жұмысының зерттеу нысаны.

Қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдер және оның қазақ тіліне аударылу жолдары

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері

Қытай тілі сабақтарында грамматикалық құрылымдар арқылы студенттерге әртүрлі методикамен қытай тілінің грамматикасын тереңірек ашып және оларды қолдану арқылы өз ойларын екрін түрде жеткізу жолдарын қарастыру.

Қытай тіліндегі салалас, сабақтас және көп қабатты құрмалас сөйлемдердің өзіндік ерекшеліктерін,құрылымдық қалыптасуын, түрлерін анықтау.Сол арқылы қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдердің қазақ тіліне аударылу жолдарын көрсету. Зерттеу жұмыстың мақсатына сай мынадай міндеттер туындады:

— Қытай тіліндегі жай сөйлемдерге оның ішінде құрмалас сөйлемдерге қатысты бұрын соңды жарық көрген зерттеу еңбектерін тауып оқып, жинақтау, сол арқылы қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдердің табиғатын жетік түсіну, талдау жасау, өзіндік байымдаулар жасап, қорытынды шығару.

— Құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемдерден өзгешелігін көрсету.

— Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің синтаксистік байланысқа түсуіне себеп болған ішкі семантикалық мағынасы мен құрылымдық формаларына талдау жасау

—Көп қабатты құрмалас сөйлемдердің ішкі қабаттық жүйелерін анықтаудың принциптері мен тәсілдерін анықтау —Қытай тіліндегі салалас, сабақтас және көп қабатты құрмалас сөйлемдердің әр қайсысының қазақ тіліне аударылу жолдарын мысалдар арқылы жеке-жеке түсіндіру

Зерттеу әдістері

Жұмыста негізінен талдау жасау, сипаттау, салғастыру әдісі қолданылды.

Зерттеу жұмысының жаңалығы

Қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдер және олардың қазақ тіліне аударылу жолдары қазірге дейін арнаулы зерттеу нысаны ретінде қарастырылған жоқ. Жұмыста алғаш рет қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдер жөніндегі жарық көрген зерттеу еңбектеріндегі жаңалықтар жинақталып, жүйеленіп көрсетілді. Құрмалас сөйлемдер жөніндегі кейбір өзекті мәселелер туралы өзіндік талдаулар мен байымдаулар жасалды.

Құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемдерден өзгешелігі, құрмалас сөйлемдердің жасалу ерекшеліктері, оны құраған жай сөйлемдердің өзара байланысы синтаксистік және семантикалық тұрғыдан сараланды.

Құрмалас сөйлемдердің байланыс түрлері нақты мысалдар арқылы жеке-жеке жан-жақты түсіндірілді. Көп қабатты құрмалас сөйлемдерді талдау жолдары көрстілді. Диплом жұмысы көтерген өзекті мәселе ретінде қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдердің аударылу жолдарының нақты мысалдармен дәлелденуін атауға болады. Ойды бейнелеудегі күрделі синтаксистік бірлік ретінде құрмалас сөйлемдердің мәтінде ұстайтын орны, аударма жұмысындағы маңызы ерекше. Сондықтан диплом жұмысында құрмалас сөйлемдердің әрбір жеке түріне, оны құрайтын әрбір жалғаулықтың маңызы мен мағыналық аударылуына ерекше мән беріліп, ісжүзіндік көптеген мысалдармен мұқият талданды.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық мәнділігі

Зерттеу жұмыста құрмалас сөйлемнің құрылымы мен мағынасы және қазақ тіліне аударылуы жөнінде жасалған өзіндік талдаулар мен байымдаулар бұдан кейінгі қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдерді, оның аударылу жолдарын ары қарай зерттеуге теориялық жақтан негіз болады деп ойлаймын.

Практикалық жақтан осы тақырыпқа қызығатын ізденушілердің студенттер мен магистранттардың өз зерттеу жұмысына пайдалануына болады. Сондай-ақ жұмыста жинақталған әр түрлі ерекшелікке ие мысалдарды күнделікті оқыту ісінде оқытушылардың құрмалас сөйлемдерді түсіндіруге қолдануына болады.

Зерттеу пайдаланылған негізгі материалдар мен дерек көздері

Жұмыста негізгі дерек көзі ретінде «Қазіргі қытай тілінің грамматикасы» пайдаланылды. Зерттеу еңбектерінен «Қазіргі қытай тіліне жалпы шолу» (ЖауЖиңминь),«Қазіргі қытай тілі грамматикасының арнаулы мәселелері» (Жалпы редакциясын басқарған Чин Лижүн.» қатарлы еңбектер пайдаланылды.

I Қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдер жөнінде қысқаша шолу

1.1.Қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдер және құрмалас сөйлем құрылымдары

Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер мен әдеттегі жай сөйлемдер құрылымдық жасалуы жағынан негізінен бірдей болады, құрмалас сөйлемді құрайтын жай сөйлемдерде жеке дара сөйлемдік интонация болмайтындықтан толық, аяқталған ойды білдіре алмайды. Жалпы алғанда, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді төмендегідей үш жақтан айыруға болады.

1.Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер синтаксистік құрылымы жағынан бірін-бірі қамтымайды.

Бастауыш-баяндауыштық тіркестер әдетте құрмалас сөйлемдерді құрайтын жай сөйлем болуға өте ыңғайлы келеді, дегенмен бастауыш-баяндауыштық тіркес атаулының барлығы сөйлем бола бермейтіндігін де айрықша ескерген жөн, егер ол басқа бір синтаксистік құрылымның шылауында тұрса , онда ол сөйлем бола алмайды. Мысалы:

他记得你去年已经来过了。

Бұл мысалдағы “你去年已经来过了” деген бастауыш-баяндауыштық тіркес сөйлемде толықтауыш мүше болып тұр.

Тұлғасы жағынан құрмалас сөйлемге ұқсайтын, ісжүзінде жай сөйлемнің бір мүшесі ғана болатын синтаксистік формаларды тани білу керек. Мысалы:

无论在怎样艰苦的情况下,我们都要热爱生活。

Бұл сөйлемдегі “无论……,都……”құрмалас сөйлемге тән форма болғанымен, сөйлемнің пысықтауыш мүшесі болып тұр.

2.Жалғаулықтар құрмалас сөйлемдерді айырудағы негізгі белгі болып табылады.

«Жалғаулықтар» дегеніміз сөз немесе сөйлемдерді байланыстыру рөлін атқаратын сөздер мен сөз тіркестері. Жалғаулықтар құрмалас сөйлем түрлерін анықтаудағы негізгі белгі болып табылады. Қытай тілінде жалғаулықтардың үш түрі бар: тек жалғаулық қызметін атқаратын сөздер. Мұндай сөздер грамматикалық мүше емес, тек грамматикалық тәсіл ғана бола алады. Екіншісі, жалғаулық орнына қолданылатын үстеу сөздер. Мұндай сөздер сөйлемде әрі синтаксистік мүше болады әрі жалғаулық рөлін де атқарады. Мысалы: 只有......才,只要......就 мұндағы 才,就 сөздері үстеулер. Үшіншісі, кейбір тұрақты тіркестерден жасалған оңашаланған мүшелер. Мұндай сөз немесе тіркестер де жалғаулық қызметінде жұмсалады. Айталық, 反之,总而言之,一方面......,另一方面...т.б. Қытай тілінде жалғаулықтардың төмендегідей екі түрлі рөлі бар. Бірінші, кейбір сөйлемдерге жалғаулық қолданылмаса, олардың басын қосып байланыстыру мүмкін болмайды немесе мағыналық байланысы анық болмайды. Мысалы:

1)(不论)我到了哪儿,我都想念故乡。

2)(即使)他上大学,我也不稀罕。

Жоғарыдағы жақша ішіндегі жалғаулықтар қолданылмаған жағдайда бұл екі сөйлемді құраған бөліктер бір-бірімен еш байланыспайды.

Екінші, жалғаулықтар арқылы құрмалас сөйлемдерді құраған жай сөйлемдер арасындағы логикалық байланыстарды анық бейнелеуге болады. Айталық, төменде келтірілген мысалдағы жақша ішіне алынған жалғаулықтарды алып тастаса, ол сөйлемді түсіну мүлде мүмкін емес. Мысалы:

(如果)他们知道了这个困境,(那么),(即使)心里不愿意,(也)会考虑我们的要求的,(除非)公司不批准;(而且)(只有)在他们同意以后,我们(才)有可能解决这个问题。

Мағыналық байланыстың болуы жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысып құрмалас сөйлем құрауының негізі болып саналады. Мысалы, 下雨了 деген тіркес пен 农民们挺高兴 арасында себеп пен нәтиже байланысы бар. Сондықтан олар өзара жалғасып бір құрмалас сөйлем құрау мүмкіндігіне ие. Ал олардың өзара бірігуіне жалғаулықтар мен мағыналық реті себеп болады. Кейбір құрмалас сөйлемдер қытай тілінде ешбір жалғаулықсыз жай сөйлемдердің мағыналық байланысы мен мағыналық реті арқылы жасалады. Бұл қытай тіл білімінде «мағыналық тіркесім» делінеді. Мысалы:

警察迅速掏出手枪,那女人尖叫了一声。

那女人尖叫了一声,警察迅速掏出手枪。

Бұл екі құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бірдей болғанымен, олардың қолданылу реті бірдей емес, содан барып ұқсамаған себеп-салдарлық байланыс туындаған.

Дегенмен жалғаулық арқылы байланысқан сөйлемдердің барлығы құрмалас сөйлем бола бермейтіндігін де ескеру керек. Өйткені кейде айтпақшы ойды күшейтіп көрсету мақсатында жай сөйлем немесе сөйлем топтарының ішінде де жалғаулықтар қолданылуы мүмкін. Мысалы:

不仅我父亲,而且我许多同学的父亲也都不容易。

只有在这个时候,他才能忘却心中的不快。

Бұл мысалдардағы 不仅...... 而且......, 只有...... 才......құрылымдары құрмалыс сөйлемдерге қолданылатын жалғаулықтар болғанымен, жоғарыда жай сөйлемдердің белгілі бір мүшелерін көрінекілендіріп, күшейтіп көрсету үшін қолданылған.

3. Интонациялық кідіріс құрмалас сөйлемді құрайтын жай сөйлемдердің шегін айқындайтын белгілердің болып есептеледі.

Әдетте жай сөйлемдердің ішінде дыбыстық кідіріс болған күнде де ол тен осы сйлемді құраған синтаксистік мүшелер арасында ғана болумен шектеледі. Сол себепті, сөйлем ішіндегі кідіріс пен сөйлем аралық кідірісті айыра білген жөн. Мысалы:

那些刚进校的大一新生,都喜欢用这种又结实又便宜的书包。

远远的地平线上,出现了几个移动的身影。

到了苏南以后,我们亲眼目睹了中国农民创造的奇迹。

我心里明白,这一切都是她给我造成的。

Жоғарыда көрсетілген сөйлемдер сырттай қарағанда екі жай сөйлемнен құралған құрмалас сөйлемге ұқсағанымен, ісжүзінде барлығы да жай сөйлемдер. Сөйлем ішіндегі кідірістер сөйлем аралық кідіріс емес, керісінше сөйлем мүшелері арасындағы кідірістен болған бөлінулер болып табылады.

Жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдердің соңына әдетте нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі қатарлы сөйлем соңынан қойылатын белгілер тұрады. Ал құрмалас сөйлемді құрайтын жай сөйлемдерден кейін үтір қойылады. Бұл да жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдерді айыратын белгілердің бірі деуге болады. Мысалы:

我们爱祖国爱人民爱和平。(Салалас тіркес баяндауышы болып келген жай сөйлем)

我们爱祖国,爱人民,爱和平。(Салалас құрмалас сөйлем)

他走过去关上门。(Көп баяндауышты жай сөйлем)

他走过去,关上门。(Ұласпалы құрмалас сөйлем)

Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің құрылымдық формасы

Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдер бастауыш-баяндауыштық сөйлем болуы да, бастауыш-баяндауыштық емес сөйлем болуы да мүмкін. Мысалы:

1) 因为他是世界闻名的政治家,所以我们要下半旗纪念他。

2) 有一幅漫画,画的是一位跋涉在群山之间的旅人。

3) 一个破庙,几尊灰头灰脸的菩萨。

Жоғарыдағы 1-құрмалас сөйлемнің құрамындағы екі жай сөйлем бастауыш-баяндауыштық сөйлемдер. 2-құрмалас сөйлемнің алдыңғы жай сөйлемі бастауыш-баяндауыштық емес, соңғы жай сөйлемі бастауыш-баяндауыштық сөйлем. 3-құрмалас сөйлемді құраған екі жай сөйлем де бастауыш-баяндауыштық емес сөйлемдерге жатады.

Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің бастауышы бірдей болуы да, әртүрлі болуы да мүмкін. Бастауыш мүшелер бірдей болған жағдайда бастауыш тек алдыңғы жай сөйлемде ғана айтылып, соңғы жай сөйлемдерде айтылмауы мүмкін. Мысалы:

她找不到我们,先是惊奇,后是大哭,最后想起了找警察叔叔。

只要轻点鼠标,来自不同大洲的人们就可以交谈。

Жоғарыдағы 1-құрмалас сөйлемнің алдыңғы жай сөйлемінде ғана бастауыш мүше көрсетілсе, 2- құрмалас сөйлемде бастауыш мүше соңғы жай сөйлемде тұр.

Дегенмен құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің бастауышы бірдей болған жағдайда жоғарыдағыдай түсіріліп айтылмай, барлық жай сөйлемде айтылуы мүмкін екенін де білген жөн. Мысалы:

我是清华大学培养出来的,我回清华。

我需要的不是蜻蜓,我需要的捉蜻蜓的乐趣。

Бұл ек құрмалас сөйлемде де жай сөйлемдердің бастауышы бірдей, солай бола тұра барлық жай сөйлемде бастауыш мүше қолданылған.