Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.32 Mб
Скачать

2.3 Ұлттық бұйымдарды дайындаудың негізгі талаптары.

Әрбір халықтың өзінің бай қазынасы, асыл байлығы, ұлттық мәдениеті бар. Қолөнер – мол рухани мәдениеттің маңызды бір саласы, бабамыздың сан ғасырлар қиялынан шыққан, атадан-балаға мирас болып келе жатқан үлкен өнер туындысы, баға жетпес асыл мұрасы. Соған орай халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат ерекшелігімен эстетикалық талғамына байланысты қолөнер өзіндік ерекшелігімен ғасырдан - ғасырға сақталып, дамып, келер жас ұрпақтарға беріліп отырған.

Тарихтың ұзақ соқпағында қалыптасқан қазақтың бұл сәндік ою-өрнекті қолөнері бұйымдары жіпке тізген маржандай ең асыл дүниелері. Алғашқы қауымдық құрылыстан бастап ХХ ғасырға дейін әр ұрпақ өкілі өздерінің соңғы жаңалықтарымен байыта түсті, сондықтан да ол өміршең. Дәл қазіргі кезеңде халықтың байырғы көркем өнеріне ұлттық бейнелеу тәсіліне баса назар аударылып, зерттеліп жатыр. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің негізінде көркем өнердің – кілем, киіз, киізден оюлап жасаған бұйымдардың әртүрлі байлықтары бар. Соның ішінде сырмақ, текемет, тұскиіздің алуан түрлері, айшықтап кесте тіккен қоржын, әбдіре, сандық тыстары, тағы да сондай үй тұрмысында қолданылатын айна қап, аяқ- қап, кереге қап сияқты заттар кездеседі. Оюлап киіз басу тек қазақтың ғана еншісіне тиген өнер емес, мал шаруашылығымен айналысатын басқа да кӛшпелі елдерге тән, ортақ нәрсе.

Қазақ қонақжай халық болғандықтан арнаулы бір бөлек қонақ үй өте сәндікпен безендірілген бұйымдар тұтылып, тұсқа айшықты тұс киіз ілініп, төрге оюлы текемет төселеді. Оюлы текемет көздің жауын алардай айшықты өрнекпен өрнектеліп, әр түсті шашақпен өте әсем безендірулері болады. Оның жасау жабдығы да күнделікті қолданылып жүргендердей емес, ерекшеленетін киіз үй бұйымдарының ішіндегі ең бағалы жасауы. Оюлы текемет тек өте силы қонақтардың құрметіне ғана ұсталатын болған. Көбінесе оюлы текеметті қызға жасау ретінде дайындайды.

Қазақтың халық шеберлерінің тағы қатты көңіл бөліп, сәндеп безендірген бұйымдарының бірі – «Тұс киіз». Тұс киізді де киіз үстіне ақ, қара, қызыл шұғадан өрнектеп дайындаған. Оның көлемі көп жағдайда (450х180) тік төрт бұрыш болып, керегеге тұтастай тұтуға жетерліктей болған. Тұс киіз - киіз үйдің жасауы ретінде сән берер жиһаз болғанымен керегеден суық ұрмас үшін жылулық қасиеті тағы қатты ескерілген. Сондықтан да оны қалың киізден жасап, үстіне әдемілеп, көркемдеп мәнерлі өрнек түсірді. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап шұғадан оюлап текемет жасау ісі кең тараған. Соның ішінде тұсқа құрылатын мауыт текемет, әбдіре, сандық тыстары, түндік баулар, есік пердесі, аяққаптар бар. Бұларды көк, сары, қызыл шұға үстіне гүл тектес басқа түсті ою жапсыру арқылы жасаған екен. Осындай бағалы матадан тігілетін тұс киізді әр түрлі жібек жіптермен әдемілеп кестелейді де, қалың киізге жапсырып тігеді. Киіз мұнда астар ретінде пайдаланады. Ол көбіне киіздің керегеден жел, суық жібермейтін қасиетін ескерткендіктен болар. Бертінірек XIX ғасырдың екінші жартысынан бері қазақ жерінде де түрлі кездемелер тарай бастағандарға киіз орнына қалың мақта маталары қолданылды. Бірақ тұс киіз сол ''тұс киіз'' деген атауымен сақтап қалды. Қазақстанның солтүстігінде осы күнге дейін тұс киізді матадан оюлап тігу дәстүрі сақталып келеді. Бағалы тұс киіздер қызға жасау ретінде жасалынды. Отау үйдің көркі болатын, мұндай жасаудың атқарар тағы бір міндеті бар. Ол жас келінді тіл көзден, жат пиғылдан қорғайды деген халық сенімі. Осындай қорғаушы міндетті атқарар халық ұғымында тағы бір қасиетті зат - үкі.

Қазақтың үкіні ырымдап қыз бұрымына, сәукелеге, жаңа туған сәбидің бесігі мен жас келіннің шымылдық, тұс киізіне қадаған. Үкі XIX ғасырдың соңында жасалған түс киізден де кездеседі. Сонымен бірге қазақ халқының сәндік қолданбалы қолөнерінің бір түрі киіз үйдің ішкі жинақ

жабдықтары. Үй шаруашылығындағы әйелдер қой яки түйе жүнінен иіріп, бояп киіз үйдің ішін жабдықтауға басқұр, алаша, тақыр кілем, қоржын, жабу тоқыған. Қазақстанның оңтүстік батыс аудандарында сондай-ақ Қызылорда облысының бәрінде дерлік қазір де түкті кілем тоқу дәстүрі кең тараған. Басқұр мен киіз басу үйдің керегесі мен уығының біріккен жерін жасыру мақсатымен жасалады. Ол екіншіден сәндік жиһаз есебінен де саналады. Сондықтан оны термелеп өрнек салып әсемдеп тоқиды. Киіз үйді жасауда ерекше сән беретін ақ басқұр да орама кесте әдісімен тоқылатын жалпақ тақта.

Өте ертеден келе жатқан, өз құндылығын жоғалтпай осы заманға дейін жеткен халық қолөнерінің бір түрі – кілем тоқу өнері. Бізге дейін жеткен әдебиеттердегі деректерге сүйенсек, түкті кілем тоқу өнері Орта Азия мен Қытайда кеңінен тарап дамыған. Өте ерте заманда тоқылған түкті кілем б.э.д. V-ғасырда жоғары таулы Алтайдағы Пазырық қорғанынан қазған кезде табылған. Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарында киіз үйге тақыр кілем, түкті кілем тоқу көп кездеседі. Қайсы бірінің аты-жөні де белгісіз, бірақ ісі мәшһүр талантты халық шеберінің жасаған затына таңдай қақпай қарай алмайсыз. Шебердің қолөнер орнына қарай сәндік әшекейді таңдап, оны бүгінгі ұрпақтың да зор бағасына лайық көркемдіктің ең бір жоғарғы сатысына дейін көтеріп безендіре білгені, бізді ғажап таң қалдырады. Көріп көңіл толтырар мұралар бір күннің, бір жылдың емес ғасырлар бойғы халық мәдениетінің, өнерінің көрінісі. Мұнда әр ұрпақтың үлесі бар. Міне, осының бәрі қазақ мәдениеті өз алдына өз өзгешеліктері бар мәдениет болып қалыптасып, кейінгі замандарда толықтырылып, өркендетілген дәуірімізге және қазақтың ерте замандағы мәдениеті мен халық өнерінің сабақтас екендігін байқауға мүмкіндік береді.

Өзінің талай тайпалардан құралған ата-бабалардың ғасырлар бойындағы дәстүрлерін бойына жиған қазақ халқы өз талғамына өз талабына сай күнбе - күнгі тұрмыста қажет бұйымдарды өндіруді өрістеткен. Бұл бұйымдар алғашқы кезде рудың, елдің, үй-ішінің керегіне, кейінірек сауда алмасу қажетіне өндірілетін болған. Қазақтың халық шеберлері жасаған, үлкен талғаммен өрнек-теліп істелінген бұйымдарды студенттерге таныстырып, олардың нұсқаларын жариялап отырудың ғылыми маңызы зор, өйткені бұл қазақ халқының этногенезінің аса маңызды тың мәселелерін шешуге, оның ұлттық дәстүрлері мен өзгешеліктерін анықтауға көмектеседі.

Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің гүлдене түсуі өскелең

ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен

шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді. Бүгінгі

таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап зерделеудің, оның

айналасындағы тәлім-тәрбие мол тәжірибе негізін-де жасөспірімдерді

тәрбиелеудің қажеттігін тудырады. Сондай қажеттіліктің бірі – халықтың

қолөнері, сол өнердің тәлім - тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ

тәрбиесінде тиімді пайдалана білу. Бұл мәселенің нәтижелі жүзеге асуы

студенттердің қолөнер бойынша толық білім сапасын және оның

студенттердің тәрбиесіне пайдалана алу іскерлігі мен қабілетін қажет етеді. Оның үстіне қолөнер өзінің бай тарихи, терең мазмұны, эстетикалық, эмоционалдық тұрғыда әсер етіп олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсетіні сөзсіз.

Ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуіне байланысты ұмыт бола бастаған ұлттық өнер, атамұра, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің қайта жаңғыруына мүмкіндік туды. Жеткіншектердің ұлттық қайта өсу негіздерін қалыптастыру үшін:

- «өне көзі халықта» дегендей елде бар мол қолөнер үлгілерін жинақтау;

- халық қолөнерінің адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиесіне, рухани

дамуы мен мәдени білімдерінің жетілуіне әсерінің басым екенін ескеру мен

оны іс жүзінде асыру мақсатында студенттерге меңгерту;

- қолөнерді түпкілікті жете зерттейтін болашақ мамандар даярлау үшін

қолөнердің түрлерін мәні мен маңызын, эстетикалық әсер қуатын, тарихи дамуын жан-жақты саралау;

- қолөнер түрлерінің атауларының мағыналық және тілдік жағынан талдау, бейнелеу жолдары мен технологиялық әдіс-тәсілдерін анықтай түсудің заңды, объективті қажеттігі арта түседі.

Жеткіншектердің халық өнерін игеруі – еңбек сүйгіштікке, әсемдікке талаптандырып, халқының тарихын біліп, ұлтымыздың көнеден келе жатқан қолөнерін, салт дәстүрін, халық мәдениетін терең жан-жақты үйренуге, мәдени мұрасын қадірлеп дәстүрін жалғастыруға, халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасын ұғуға, ұлттық тәлімнің сыры мен ерекшелігін білуге баулиды.

Қолданбалы қолөнер тек ою-өрнек қана емес, олар математикалық

ойдың, есептің, бұрыштар өлшемдерінің, өң-түс, сабақтастықты жан-жақты

шығармашылықпен ойландыратын тәрбие құралы болып есептеледі.