Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы 25 билет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.04 Mб
Скачать
  1. Өнімді өндіру шығындарының жалпы сомасын талдау.

Өнім (тауар, жұмыс және қызмет) өндіру және оны өткізу шығындары кәсіпорынның барлық шығындарының ең үлкен үлесін құрайды. Олар өнім өндіру процесінде негізгі құралдар, шикізат, материалдар, құрастырушы бұйымдар, жанармай мен энергияны, еңбекті пайдаланумен байланысты шығындардан және т.б. шығындардан қалыптасады.

Бухгалтерлiк есептiң №7 “Тауарлы-материалдық босалқылардың есебi” стандартына сәйкес өнімнің өндiрiстiк өзiндiк құнын қалыптастыратын шығындарды жоспарлауда, есепке алуда және талдауда оларды топтастырудың келесi түрлерi қолданылады: пайда болу орны, өнiм (жұмыс, қызмет) түрлерi және шығын түрлерi бойынша.

Өндiрiлетiн өнiмнiң (тауардың, жұмыстың және қызметтiң) өзiндiк құнын құрайтын шығындарды экономикалық мазмұнына сәйкес келесi элементтер бойынша топтастырылады:

-материалдық шығындар;

-еңбекақы шығындары;

-еңбекақыдан аударылатын аударымдар (әлеуметтiк салық);

-амортизация;

-басқа да шығындар.

  1. Өнім сапасы мен бәсекеқабілеттілігі көрсеткіштерін есептеу.

Өнім сапасы – бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі.

Сапаның көрсеткішін анықтау оның сандық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:

- Өлшеуші әдіс (аспаптар, приборлардың көмегімен)

- Тіркеу әдісі – бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық, стандарттау, сәйкестендірілумен анықталу мүмкін;

- Органолептік әдіс – адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсіндіру талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың биліктілігі, заңдылығына және қабілеттілігіне байланысты;

- Социологиялық әдіс – өнім, оның нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікілерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;

- Сарапшылық әдіс – мамандар тобы арқылы іске асырылады, мысалы дизайнерлер, дәм айырушылар.

Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөніндегі жеке көрсеткіштер қосылады.

Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы салада немесе кәсіпорындарда өнінің сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткіштерге жататындар мыналар:

  • сұрыптылылығы;

  • маркасы;

  • жүктелімі;

  • пайдалы заттың мазмұны;

  • өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі, т.б.

Жеке көрсеткіштер тым әр түрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.

Сонымен, тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалық және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алу үшін тиімділігі ұқсас тауар – бәсекелестер ерекшеленеді.

Бұл маңызды көрсеткішті анықтаудың бірнеше тәсілдері белгілі. Олардың ең көп таралғандарына қысқаша тоқталайық.

Бірінші тәсіл. Техникаға бәсекенің жарамдылығын анықтайтын белгісі – бұл тауарды тұтыну бағасы болып табылады. Ол мынадай формуламен анықталады:Бт = Бс + Шт

Мұнда: Бт- тұну бағасы;

Бс- сатылу бағасы;

Шт- бұл өнімді тұтынушылардың шығындары (оның барлық нормативтік мерзім ішіндегі қызметі).

Екінші тәсіл. Тауардың бәсекелестік жарамдылығын анықтағанда бұл тәсіл екі өлшемді еске алуы мүмкін; Өнімнің өзіндік құны, тауарды сату және оның салалылық деңгейі. Сөзсіз, бәсеке жарамдылығы артығырақ болатын тауар оны өндіруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен, ал сапа деңгейі бәсекелес тауарға қарағанда жоғарылау болатын болса.

Үшінші тәсіл. Бұл тәсіл техникалық деңгейін және сату бағасын есепке ала отырып, бәсекелестік тауарларды салыстыруға негізделген. Бұл тәсілге сәйкес басында салыстырмалы сапаның сандық көтсеткіштерінің деңгейі және базалық үлгілер мына формуламен анықталады: КК = ККә * ККт * ККс

Мұнда: КК- тауар денгейінің кешенді көрсеткіші;

ККә - эстетико-энерготикалық денгейінің кешенді көрсеткіші;

ККт - техникалық денгейінің кешенді көрсеткіші;

ККс - көрсеткіш кешенінің сенімділігі.

Төртінші тәсіл. Бұл тәсілде бәсекеге жарамдылықтың деңгейі қалай техникалық, солай эканомикалық параметірге салыстыру негізінде анықталады. Сонымен, техникалық параметрден сатып алушылар осындай ең жоғары деңгейде қызықтыратындарды таңдайды.

6-билет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]