- •1 Билет
- •«Өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау» курсының құрылымы, мазмұны және міндеттері.
- •2 Тиімділік көрсеткіштерін талдау
- •3 Өнімді өндіру жоспарын орындау, олардың серпіні көрсеткіштерін талдау және есептеу.
- •2 Билет
- •1 Өндірісті ұйымдастыру туралы ғылымның даму тарихы.
- •2 Нарықтық белсенділікті сипаттайтын көрсеткіштерді талдау
- •3 Өткізу жоспарын орындау, олардың серпіні көрсеткіштерін талдау және есептеу.
- •1 Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы туралы түсінік.
- •2 Іскерлік белсенділік көрсеткіштерін талдау.
- •3. Өнімнің ассортименті және құрылымы көрсеткіштерін талдау және есептеу.
- •4 Билет
- •1 Өндірістік құрылымды анықтаушы факторлар
- •2 Маржиналдық талдаудың мәні мен міндеттері.
- •3 Өткізу нарығындағы өнімнің үлесін анықтау және талдау.
- •1 Өндіріс құрылымының түрлері.
- •2. Өнімді өндіру шығындарының жалпы сомасын талдау.
- •3 Өнім сапасы мен бәсеке қабілеттілігі көрсеткіштерін есептеу.
- •Өндіріс құрылымының түрлері.
- •Өнімді өндіру шығындарының жалпы сомасын талдау.
- •Өнім сапасы мен бәсекеқабілеттілігі көрсеткіштерін есептеу.
- •Негізгі өндірістің құрылымы, оны құру қағидалары.
- •Материалдық шығындарға факторлық талдау жасау.
- •Кәсіпорын жұмысының ырғақтылығын талдау және есептеу.
- •Кәсіпорын бөлімшелерін орналастыру қағидалары.
- •Материалдық шығындарды талдау.
- •Өнімді өндіру мен өткізуді жоғарылатудың факторлары және резервтері.
- •Өндірістік үрдістің негізгі сипаттамасы және оның құрылымы.
- •Шығын түрлерін жіктеу.
- •Өндіріс шығындарының классификациясы ш ығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
- •Экономикалық шығындар
- •Бухгалтерлік шығындар Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау және есептеу.
- •Өндірістік үрдістің негізгі қағидалары.
- •Еңбекақы қорын талдау
- •Жұмыс уақыты қорын пайдалану тиімділігі.
- •Өндірісті ұйымдастырудың ағындық нысандары, оның әр түрлері және экономикалық тиімділігі.
- •Еңбек уақытының қорын талдау
- •Еңбек өнімділігін және кәсіпорын персоналын пайдалану тиімділігін талдау және есептеу.
- •Нарық жағдайында өндірісті ғылыми-техникалық тұрғыдан дайындаудың мазмұны мен мәні.
- •Еңбек өнімділігін талдау.
- •Жалақы қорын пайдалану көрсеткіштерін талдау және есептеу.
- •Өнім сапасы мен оны анықтаушы факторлар.
- •Кәсіпорын персоналдарын тиімді қолдануын талдау.
- •Кәсіпорынның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін есептеп, талдау.
- •Өнім сапасының көрсеткіштер жүйесі және оларды унификациялауды анықтайтын әдістер.
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау.
- •Негізгі қорларды пайдаланудың интенсивтілігі мен тиімділігі.
- •Өнімді стандарттау, оның қағидалары.
- •Техникалық жабдықтардың қолданылуын талдау.
- •Кәсіпорынның өндірістік қуатын, технологиялық қондырғыларын пайдалануды есептеп, талдау.
- •1.«Өндірістік инфрақұрылым» туралы түсінік.
- •2.Қорқайтарымын талдау.
- •3.Өнімді өндіру көлемі, қор қайтарымдылығы және қор рентабельділігі резервтерін есептеп, талдау.
- •1.Өндіріске техникалық қызмет көрсетудің мазмұны мен мәні.
- •2.Негізгі қорлардың тиімді қолданылуын талдау
- •3.Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін есептеп, талдау.
- •1.Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығының атқаратын қызметтері мен құрылымы.
- •2.Негізгі қорлардың техникалық жағдайын бағалау.
- •3.Кәсіпорын материалдық ресурстарын тиімді пайдалануды есептеп, талдау
- •1.Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістегі рөлі.
- •2.Өндіру және өткізу көлемін ұлғайту қорларын анықтау және оған әсер ететін факторларды талдау.
- •3.Өнім өндірудің жалпы шығындарын есептеп, талдау.
- •Өткізілген өнім шығындары деңгейіне факторлардың әсерін талдау
- •Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы, оның рөлі мен атқаратын міндеттері.
- •3. Өнім өндірудің жалпы шығындарын есептеп, талдау.
- •Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын деңгейіне талдау
- •Энергошаруашылықтың технико-экономикалық көрсеткіштер жүйесі.
- •Өнімнің құрылымы мен ассортиментін және бірқалыпты өндірісті талдау
- •3. Өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік құнын есептеп, талдау
- •Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын деңгейіне талдау
- •Кәсіпорын транспорты, өндірістік цехтардың жұмысын ұйымдастырудағы оның атқаратын рөлі.
- •2. Өнімді өндіру және өткізу жоспарының орындалуын және оның динамикасын талдау
- •Тікелей материалдық шығындарды есептеп, талдау.
- •Қойма шаруашылығы, оның түрлері, міндеттері мен құрылымы.
- •Талдау әдістері жіктелуі.
- •3. Тікелей жалақыны есептеп, талдау.
- •Сурет 1. Жалақы мөлшері.
- •Қойма жұмыстарына есеп жүргізу, оның орналастыру және жарақтандыру.
- •Талдау әдістерінің түрлері.
- •Жанама шығындарды есептеп, талдау.
- •Жаңа техниканың тәжірибелік өндірісін ұйымдастыру.
- •Экономикалық талдау кезеңдері.
- •Жауапкершілік орталықтары бойынша шығындарды есептеп, талдау.
- •Жаңа техниканы дайындау және игеру үрдістерін жоспарлау және басқару.
- •Экономикалық талдау түсінігі және мәні.
- •Өнімнің өзіндік шығынын төмендету резервтерін есептеп, талдау.
2 Маржиналдық талдаудың мәні мен міндеттері.
Маржиналдық талдау (зиянсыздық талдауы) нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Оның негізгі мүмкіндіктері:
Пайда соммасын өзгертетін факторлардың әсерін нақты есептеуге және осы негізде пайданың өсімінің құрылу және болжау үрдістерін басқару;
Сату көлемінің, тұрақты шығындардың зиянды деңгейін (табыстылық шегін) анықтау;
Ұйымның қауіпсіздік деңгейін (залалсыздық деңгейін) анықтау;
Алдыға қойылған пайдаө сімін алу үшін қажетті сату көлемін анықтау;
Өндіріс қарқынына, өнім ассортиментіне, баға саясатына, технологияға, құрал-жабдықтарға және т.б. шығындарды азайтып, пайданы өсіруге байланысты тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға негіз.
Маржиналдық талдау бір өнімге келетін айнымалы шығындардың, тұрақты шығындардың, бағаның және сату көлемінің арасында тиімді комбинацияларды іздеуге бағытталған. Сондықтан бұл талдау шығындарды айнымалы және тұрақты деп бөлмей мүмкін емес. Зиянсыздық – бұл бизнес не пайда, не зиян алып келмейтін жағдайы, табыс тек шығындарды жабады. Зиянсыз сату көлемін шығындарды жабу үшін сатуға қажетті,кейіннен қосымша сатылған бірлігі ұйымға пайда алып келетін өнім бірлігі санымен көресуге болады. Өткізілген өнімнің нақты санымен зиянсыз өнімнің сату көлемі арасындағы айырма бұл – қауіпсіздік аймағы (пайда зонасы), ол жоғары болған сайын ұйымның қаржылық жағдайы да тұрақты болады.
3 Өткізу нарығындағы өнімнің үлесін анықтау және талдау.
Өткізілетін өнім көлемі сатып алушының төлемі бойынша немесе өнімді жіберу бойынша анықталады; ағымдағы бағалылықты және салыстырмалылықты, жоспарлылықты білдірілуі мүмкін. Нарықтық экономика жағдайындағы бұл көрсеткіш бірінші дәрежелі мәнді сатып алады. Өнімнің қалай сатылуына, нарықта оған сұранысы қандай екеніне оның өндіріс көлемі тәуелді болады.
Өткізілетін өнім, базистік есептеу және тізбек қарқынының өсуі және өсімі, шығару динамикасын зерттеуде талдаудан басталады
билет
1 Өндіріс құрылымының түрлері.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы деп оның бөлімшелерінің, цехтардың және қызметінің өнім өндірісі процесіндегі олардың өзара байланыс формаларын құраушы құрамы болып табылады.
Өндірісті ұйымдастыру формаларының сәйкестілігі мен оның элементтеріне байланысты өндіріс түрлері – жаппай, сериялы және жеке дара болып бөлінеді.
Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт ішінде үздіксіз шығарылатын шектеулі номенклатуралық бұйымдар немесе материалдардың әрбір жұмыс орнында елеулі мөлшерде қатаң қайталанатын процестерді сипаттайды.
Жаппай өндіріс – ұқсас немес бірнеше біртипті өнеркәсіптік бұйымдарды үзіліссіз дайындаумен сипатталады.
Жаппай өндіріс түрінің артықшылықтары:
Жаппай өндірістің экономикалық артықшылығы мына төмендегілерден байқалады:
- мамандандырылған жоғары өнімді жабдықтарды және өндірістік үрдістерді кешенді түрде механикаландыру және автоматтандыруды қолдану;
- жабдықтарды қайта құру және оларды жетілдіруге байланысты уақыт ысырабының жоқтығы;
- өндіріс үрдістерінің ұзақтылығын қысқарту, еңбек өнімділігін және оның сапасын арттыру;
- өндірістік қуаттарды едәуір тиімді пайдалану және өнімнің өзіндік құнын елеулі кеміту.
Жаппай өндіріс түрінің идеалды нұсқасы болып, өндірістік үрдістердің операцияларының нәтижелі шикізатты іске қосудан бастап, дайын өнімнің шығарылуына дейінгі бұйымдар қозғалысының үзіліссіздігі саналады.
Сериялы өндіріс - жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің түпкілікті және көп емес бұйымдардың номенклатурасын айғақтайды. Өнімді шығарудың көлеміне және номенклатуралық айырымына байланысты ұсақсериялы, орта сериялы, ірі сериялы өндіріс болып табылады.
Ұсақсериялы өндіріс кәсіпорны өнімнің шектелген номенклатурасын дайындайды және мерзім сайын қайталанады.
Өндіріс
түрі жұмыс орынның мамандану деңгейімен
немесе сериялық коэффицентпен анықталады:
Кс =
Мұндағы: Кс - сериялық коэффицент;
р - жұмыс орынның саны;
ч - әрбір өнімді дайындау барысындағы орындалатын операцияның
орташа саны;
п - өңделетін бұйымның саны.
Егер сериялық коэфицент 5-тен жоғары болмаса, өндіріс - ірі сериялық, ал сериялық коэфицент 5-20 дейін болса, онда өндіріс орта сериялы, 20-40 дейін болса - ұсақ болып есептеледі.
Сериялы өндіріс түрінің артықшылықтары:
кең номенклатуралы біртектес өнімдерді тұрақты шығарып тұруы;
жұмыс орнының бірнеше операцияларды жүргізуге мамандануы,
өндірілетін өнімдер мен бөлшектерді партиямен шығару;
қол жұмысын барынша қысқарту мүмкіндігі;
өндірісте қолданатын аспаптар мен технологиялық мамандандырылған құралдар түрін кеңінен қолдануы;
өндірісті игеруде орта білікті жұмысшылар санының көп болуы;
өндіріс циклының ұзақ еместігі;
өндірілген өнім сапасын тексеру үрдісінің автоматтандырылуы.
Жеке дара өндіріс – шығарылатын өнімнің кең номенклатурасын, сол сияқты көмекші операцияларға уақыт шығындарының көп жұмсалуы, еңбек өнімділігінің төмен және өнімнің өзіндік құнының жоғары болуын сипаттайды.
Жеке дара өндіріс түрінің артықшылықтары:
номенклатурасы көп әртүрлі өнімдерді өндіру мүмкіндігі;
жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру қағидаларына сәйкес
ұйымдастыру;
әртүрлі құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы технологияны қолдану;
технологиялық үрдісінде өнімді қолмен жинауда жоғары білікті жұмысшылардың,
оның ішінде іскер жұмысшылардың саны жеткілікті болуы;
өндіріс циклының ұзақтығы;
аяқталмаған өндіріс көлемінің көп болуы.
