- •1 Билет
- •«Өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау» курсының құрылымы, мазмұны және міндеттері.
- •2 Тиімділік көрсеткіштерін талдау
- •3 Өнімді өндіру жоспарын орындау, олардың серпіні көрсеткіштерін талдау және есептеу.
- •2 Билет
- •1 Өндірісті ұйымдастыру туралы ғылымның даму тарихы.
- •2 Нарықтық белсенділікті сипаттайтын көрсеткіштерді талдау
- •3 Өткізу жоспарын орындау, олардың серпіні көрсеткіштерін талдау және есептеу.
- •1 Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы туралы түсінік.
- •2 Іскерлік белсенділік көрсеткіштерін талдау.
- •3. Өнімнің ассортименті және құрылымы көрсеткіштерін талдау және есептеу.
- •4 Билет
- •1 Өндірістік құрылымды анықтаушы факторлар
- •2 Маржиналдық талдаудың мәні мен міндеттері.
- •3 Өткізу нарығындағы өнімнің үлесін анықтау және талдау.
- •1 Өндіріс құрылымының түрлері.
- •2. Өнімді өндіру шығындарының жалпы сомасын талдау.
- •3 Өнім сапасы мен бәсеке қабілеттілігі көрсеткіштерін есептеу.
- •Өндіріс құрылымының түрлері.
- •Өнімді өндіру шығындарының жалпы сомасын талдау.
- •Өнім сапасы мен бәсекеқабілеттілігі көрсеткіштерін есептеу.
- •Негізгі өндірістің құрылымы, оны құру қағидалары.
- •Материалдық шығындарға факторлық талдау жасау.
- •Кәсіпорын жұмысының ырғақтылығын талдау және есептеу.
- •Кәсіпорын бөлімшелерін орналастыру қағидалары.
- •Материалдық шығындарды талдау.
- •Өнімді өндіру мен өткізуді жоғарылатудың факторлары және резервтері.
- •Өндірістік үрдістің негізгі сипаттамасы және оның құрылымы.
- •Шығын түрлерін жіктеу.
- •Өндіріс шығындарының классификациясы ш ығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
- •Экономикалық шығындар
- •Бухгалтерлік шығындар Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау және есептеу.
- •Өндірістік үрдістің негізгі қағидалары.
- •Еңбекақы қорын талдау
- •Жұмыс уақыты қорын пайдалану тиімділігі.
- •Өндірісті ұйымдастырудың ағындық нысандары, оның әр түрлері және экономикалық тиімділігі.
- •Еңбек уақытының қорын талдау
- •Еңбек өнімділігін және кәсіпорын персоналын пайдалану тиімділігін талдау және есептеу.
- •Нарық жағдайында өндірісті ғылыми-техникалық тұрғыдан дайындаудың мазмұны мен мәні.
- •Еңбек өнімділігін талдау.
- •Жалақы қорын пайдалану көрсеткіштерін талдау және есептеу.
- •Өнім сапасы мен оны анықтаушы факторлар.
- •Кәсіпорын персоналдарын тиімді қолдануын талдау.
- •Кәсіпорынның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін есептеп, талдау.
- •Өнім сапасының көрсеткіштер жүйесі және оларды унификациялауды анықтайтын әдістер.
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау.
- •Негізгі қорларды пайдаланудың интенсивтілігі мен тиімділігі.
- •Өнімді стандарттау, оның қағидалары.
- •Техникалық жабдықтардың қолданылуын талдау.
- •Кәсіпорынның өндірістік қуатын, технологиялық қондырғыларын пайдалануды есептеп, талдау.
- •1.«Өндірістік инфрақұрылым» туралы түсінік.
- •2.Қорқайтарымын талдау.
- •3.Өнімді өндіру көлемі, қор қайтарымдылығы және қор рентабельділігі резервтерін есептеп, талдау.
- •1.Өндіріске техникалық қызмет көрсетудің мазмұны мен мәні.
- •2.Негізгі қорлардың тиімді қолданылуын талдау
- •3.Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін есептеп, талдау.
- •1.Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығының атқаратын қызметтері мен құрылымы.
- •2.Негізгі қорлардың техникалық жағдайын бағалау.
- •3.Кәсіпорын материалдық ресурстарын тиімді пайдалануды есептеп, талдау
- •1.Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістегі рөлі.
- •2.Өндіру және өткізу көлемін ұлғайту қорларын анықтау және оған әсер ететін факторларды талдау.
- •3.Өнім өндірудің жалпы шығындарын есептеп, талдау.
- •Өткізілген өнім шығындары деңгейіне факторлардың әсерін талдау
- •Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы, оның рөлі мен атқаратын міндеттері.
- •3. Өнім өндірудің жалпы шығындарын есептеп, талдау.
- •Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын деңгейіне талдау
- •Энергошаруашылықтың технико-экономикалық көрсеткіштер жүйесі.
- •Өнімнің құрылымы мен ассортиментін және бірқалыпты өндірісті талдау
- •3. Өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік құнын есептеп, талдау
- •Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын деңгейіне талдау
- •Кәсіпорын транспорты, өндірістік цехтардың жұмысын ұйымдастырудағы оның атқаратын рөлі.
- •2. Өнімді өндіру және өткізу жоспарының орындалуын және оның динамикасын талдау
- •Тікелей материалдық шығындарды есептеп, талдау.
- •Қойма шаруашылығы, оның түрлері, міндеттері мен құрылымы.
- •Талдау әдістері жіктелуі.
- •3. Тікелей жалақыны есептеп, талдау.
- •Сурет 1. Жалақы мөлшері.
- •Қойма жұмыстарына есеп жүргізу, оның орналастыру және жарақтандыру.
- •Талдау әдістерінің түрлері.
- •Жанама шығындарды есептеп, талдау.
- •Жаңа техниканың тәжірибелік өндірісін ұйымдастыру.
- •Экономикалық талдау кезеңдері.
- •Жауапкершілік орталықтары бойынша шығындарды есептеп, талдау.
- •Жаңа техниканы дайындау және игеру үрдістерін жоспарлау және басқару.
- •Экономикалық талдау түсінігі және мәні.
- •Өнімнің өзіндік шығынын төмендету резервтерін есептеп, талдау.
2 Іскерлік белсенділік көрсеткіштерін талдау.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:
1.Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді
2. Негізгі құралдардың айналымдылығы
3.Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті
4. Ағымдағы активтер немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті.
5.Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті
3. Өнімнің ассортименті және құрылымы көрсеткіштерін талдау және есептеу.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесіне өнімді өндіру мен өткізу ассортименті мен құрылымы елеулі әсер етеді. Өндірілетін өнімнің ассортименті мен оның құрылымын анықтауда нарықтағы сұраныс пен кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігін, яғни қолда бар материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді етіп пайдалану жағдайын есепке алу қажет. Ассортимент – әрбір түрі бойынша шығарылған көлемі көрсетілген өнім атауларының тізімі. Ал өнім ассортиментінің құрылымы – бұл кәсіпорынның жалпы өндіріс көлеміндегі әрбір өнім атауының өндіріс көлемінің үлесі. Өнім ассортиментін талдау ассортимент бойынша жоспардың орындалуын бағалаудан басталады. Номенклатура бойынша жоспардың орындалуын бағалау номенклатурадағы өнімнің негізгі түрлері бойынша олардың жоспарлы және нақты өндіру көлемдерін салыстыруға негізделеді. Номенклатура – бұл коды көрсетілген бұйымдар атауының тізімі. Ассортимент бойынша жоспардың орындалуын бағалау төмендегі үш әдіс бойынша жүзеге асырылады:
1) ең аз пайыз әдісі бойынша;
2) бұйымдар атауының жалпы тізіміндегі орындалған өнім өндіру жоспарының үлес салмағын анықтау;
3) ассортименті бойынша жоспардың орындалу коэффициентін есептеу.
Ассортимент бойынша жоспардың орындалу деңгейінің көрсеткіші ретінде жоспардың орындалу коэффициенті қолданылады. Жоспардың орындалу коэффициенті ассортименті бойынша жоспардың орындалуында есепке алынған нақты өндіріс көлемін жалпы жоспарланған өндіріс көлеміне бөлу арқылы анықталады. Мұнда жоспардан артық өндірілген өнім ассортимент бойынша жоспардың орындалу коэффициентін есептеуге қосылмайды.
4 Билет
1 Өндірістік құрылымды анықтаушы факторлар
«Фактор» сөзі латын тілінен аударғанда - жасаушы, өндіруші, жасалып жатқан процестің қозғалыс күші немесе оның қажетті шарттарының бірі деп түсіндіріледі. Нарықтық экономикаға әр түрлі факторлар әсер етеді. Оларды түрлі белгілеріне қарай топтауға болады. Қызметтердің бағыттылығына байланысты барлық факторларды 2 топқа біріктіруге болады: позитивті және негативті.
Позитивті – бұлар кәсіпорынның қызметіне оңтайлы әсер ететін факторлар, негативті – керісінше.
Пайда болу орнына байланысты барлық факторларды ішкі және сыртқы факторлар деп топтайды. Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің қызметіне тәуелді болса, кәсіпорынның өзі оларды тудырады. Мысалы, кәсіпорында материалдық ынталандыру жүйесі жақсы жасалынып, енгізілген, соның арқасында жұмыскерлердің еңбекке деген ынтасы артқан, ал бұл өндірістің тиімділігінің артуына жағдай туғызды. Басқа да мысал, залалды еңбек жағдайлары бар кәсіпорындар оларды жақсарту үшін ештеңе де жасамаған. Соның нәтижесінде жұмысшылардың шаршауы мен ауру-сырқаулары тез артқан, ал, бұл ақырында ақаулары бар өнімдердің көптеп шығарылуына оны сату көлемінің төмендеуіне әкеліп соқтырды. Бірінші жағдайда ішкі фактор позитивті рөлді атқарса, екінші жағдайда негативті рөл атқарады.
Барлық ішкі факторларды объективті және субъективті факторларға бөледі.
Объективті факторлар – бұлар басқару субъектісіне тәуелді емес жағдайлардан (мысалы, дүлей апаттар) туындайтын факторлар. Субъективті факторлар басқару субъектісіне толығымен тәуелді болады. Олар барлық уақытта көз алдында болып, оларға талдау жасалынып тұрады.
