Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы 25 билет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.04 Mб
Скачать
  1. Нарық жағдайында өндірісті ғылыми-техникалық тұрғыдан дайындаудың мазмұны мен мәні.

Нарық жағдайында өндірісті ғылыми-техникалық тұрғыдан дайындаудың мазмұны мен мәні. Оның негізгі міндеттері және жүзеге асыру кезеңдері.

Өндірістің дайындығы жаңа өнімді жасау мен өнім түрлерін жаңарту, жаңа технологияларды игеру мен қолданылып жүрген техникаларды жетілдіру бойынша өзара байланысты кешенді шараларды қамтиды. Кәсіпорында техникалық процесс 2 бағытта жүзеге асырылады: кәсіпорынның техникалық деңгейінің көтерілуі және олардың дайындайтын өнімінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту. Дайындалатын өнімнің техникалық-экономикалық деңгейін жоғарылату – белгілі бір өндіріс алдындағы жұмыстарды орындаумен, яғни өндірістің техникалық дайындығымен байланысты.

Өндірістің техникалық дайындығы - бұл жаңа өнімді өндіріске енгізу мен өңдеу және шығарылатын өнімді жетілдіру бойынша жоспарланған жұмыстардың, жаңа технологиялық процестердің өңдеуі мен игеруі бойынша, жетілдірілуі бойынша жұмыстардың жиынтығы. Техникалық дайындықпен көптеген мекемелер айналысады. Негізінен, бұлар ғылыми-зерттеу институттары теориялық, тәжірибелік, сынақтық жұмыстар жүргізіп, жаңа үлгілерді дайындайды. Техникалық дайындық нәтижесінде өндіріс жоспардағы дайындалатын өнімге қажетті құжаттарды алады. Олардың жасаған техникалық құжаттамасы кәсіпорындарға жіберіліп, онда конструкторлар, технологтар онымен одан әрі жұмыс істейді. Олар алынған құжаттаманы өздерінің жағдайларына қарай өңдейді, бейімдейді.

Өндірістің техникалық дайындығының негізгі міндеттері:

1. Өндіріске жаңа жоғарғы тиімді өнімді, технологиялық үрдістерді құру мен енгізу негізінде техникалық прогрестің үздіксіздігін қамтамасыз ету.

2. Өндірістің дайындығы мен жаңа өнімді игеру циклін қысқарту есептеледі.

3. Өнімнің материалдық сыйымдылығын, энергиялық сыйымдылығын төмендету, төмен қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану.

4. Шикізат пен материалды кешенді пайдалану, қалдықтарды жою, шығындарды қысқарту.

Өндірістің техникалық дайындығы келесідей сатыларға бөлінеді:

1. Ғылыми-зерттеу кезеңі - өндірістің даму келешектерін зерттеу, өндірісті одан әрі жобалау мен жаңа өндірісті игеру үшін ұсыныстарды дайындау. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына белгілі бір өнім түрлерін дамытумен және жетілдірумен байланысты, материалдардың жаңа түрлерін құрумен, технологиялық үрдістерді енгізумен, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды, басқаруды, жоспарлауды, есепті жетілдірумен байланысты мәселелерді өңдеу жатады.

2. Конструкторлық дайындау – жаңа өнім түрлерін жобалауға қатысты барлық мәселелер (машиналарды құрастыру, рецептілерді жасау және т.с.с.). Өндірістің конструкторлық дайындығы - бұл жаңа өнім құрылымын өңдеуді, игерілген өнімнің құрылымын жетілдірумен байланысты мәселелерді қарастырады.

3. Технологиялық дайындық технологиялық үрдістерді, еңбек пен материалдар шығындарының нормативтерін жобалау, техникалық бақылау әдістерін жасау, технологиялық үрдістерді тексеру, өңдеу мен енгізу мәселелерін қамтиды. Өндірістің технологиялық дайындығы - бұл жаңа технологиялық үрдістерді өңдеу және игерілгендерін жетілдіру.

4. Өндірісті экономикалық тұрғыдан ұйымдастыру. Өндірістің экономикалық дайындығы - бұл өндірістің техникалық дайындығын жоспарлау үшін нормативтерді бекіту; еңбек, материалдық, қаржылық және календарлық-жоспарлық нормативтерді есептеу; тиімді еңбек ақы жүйелері мен формаларын таңдау; өндіріс сметасы мен калькуляциясын өңдеу; жұмыс күшіне қажеттілікті есептеу; материалдың, жабдықтың қажеттілігін есептеу т.б.

Өндіріс ұйымдастырылуы - бұл өндірістің техникалық дайындығының жоспарын өңдеу, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың жобасын өңдеу, жұмыс орындарына қызмет көрсету мен жабдықтау жүйесі мен кестелерін дайындау, өндірісті қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.

Жаңа өнімді өңдеу, өнеркәсіптік өндірістің әдістері мен жаңа құралдарын өңдеу - ғылыми зерттеулер нәтижесіне негізделеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]