- •1 Билет
- •«Өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау» курсының құрылымы, мазмұны және міндеттері.
- •2 Тиімділік көрсеткіштерін талдау
- •3 Өнімді өндіру жоспарын орындау, олардың серпіні көрсеткіштерін талдау және есептеу.
- •2 Билет
- •1 Өндірісті ұйымдастыру туралы ғылымның даму тарихы.
- •2 Нарықтық белсенділікті сипаттайтын көрсеткіштерді талдау
- •3 Өткізу жоспарын орындау, олардың серпіні көрсеткіштерін талдау және есептеу.
- •1 Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы туралы түсінік.
- •2 Іскерлік белсенділік көрсеткіштерін талдау.
- •3. Өнімнің ассортименті және құрылымы көрсеткіштерін талдау және есептеу.
- •4 Билет
- •1 Өндірістік құрылымды анықтаушы факторлар
- •2 Маржиналдық талдаудың мәні мен міндеттері.
- •3 Өткізу нарығындағы өнімнің үлесін анықтау және талдау.
- •1 Өндіріс құрылымының түрлері.
- •2. Өнімді өндіру шығындарының жалпы сомасын талдау.
- •3 Өнім сапасы мен бәсеке қабілеттілігі көрсеткіштерін есептеу.
- •Өндіріс құрылымының түрлері.
- •Өнімді өндіру шығындарының жалпы сомасын талдау.
- •Өнім сапасы мен бәсекеқабілеттілігі көрсеткіштерін есептеу.
- •Негізгі өндірістің құрылымы, оны құру қағидалары.
- •Материалдық шығындарға факторлық талдау жасау.
- •Кәсіпорын жұмысының ырғақтылығын талдау және есептеу.
- •Кәсіпорын бөлімшелерін орналастыру қағидалары.
- •Материалдық шығындарды талдау.
- •Өнімді өндіру мен өткізуді жоғарылатудың факторлары және резервтері.
- •Өндірістік үрдістің негізгі сипаттамасы және оның құрылымы.
- •Шығын түрлерін жіктеу.
- •Өндіріс шығындарының классификациясы ш ығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
- •Экономикалық шығындар
- •Бухгалтерлік шығындар Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау және есептеу.
- •Өндірістік үрдістің негізгі қағидалары.
- •Еңбекақы қорын талдау
- •Жұмыс уақыты қорын пайдалану тиімділігі.
- •Өндірісті ұйымдастырудың ағындық нысандары, оның әр түрлері және экономикалық тиімділігі.
- •Еңбек уақытының қорын талдау
- •Еңбек өнімділігін және кәсіпорын персоналын пайдалану тиімділігін талдау және есептеу.
- •Нарық жағдайында өндірісті ғылыми-техникалық тұрғыдан дайындаудың мазмұны мен мәні.
- •Еңбек өнімділігін талдау.
- •Жалақы қорын пайдалану көрсеткіштерін талдау және есептеу.
- •Өнім сапасы мен оны анықтаушы факторлар.
- •Кәсіпорын персоналдарын тиімді қолдануын талдау.
- •Кәсіпорынның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін есептеп, талдау.
- •Өнім сапасының көрсеткіштер жүйесі және оларды унификациялауды анықтайтын әдістер.
- •Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау.
- •Негізгі қорларды пайдаланудың интенсивтілігі мен тиімділігі.
- •Өнімді стандарттау, оның қағидалары.
- •Техникалық жабдықтардың қолданылуын талдау.
- •Кәсіпорынның өндірістік қуатын, технологиялық қондырғыларын пайдалануды есептеп, талдау.
- •1.«Өндірістік инфрақұрылым» туралы түсінік.
- •2.Қорқайтарымын талдау.
- •3.Өнімді өндіру көлемі, қор қайтарымдылығы және қор рентабельділігі резервтерін есептеп, талдау.
- •1.Өндіріске техникалық қызмет көрсетудің мазмұны мен мәні.
- •2.Негізгі қорлардың тиімді қолданылуын талдау
- •3.Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін есептеп, талдау.
- •1.Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығының атқаратын қызметтері мен құрылымы.
- •2.Негізгі қорлардың техникалық жағдайын бағалау.
- •3.Кәсіпорын материалдық ресурстарын тиімді пайдалануды есептеп, талдау
- •1.Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістегі рөлі.
- •2.Өндіру және өткізу көлемін ұлғайту қорларын анықтау және оған әсер ететін факторларды талдау.
- •3.Өнім өндірудің жалпы шығындарын есептеп, талдау.
- •Өткізілген өнім шығындары деңгейіне факторлардың әсерін талдау
- •Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы, оның рөлі мен атқаратын міндеттері.
- •3. Өнім өндірудің жалпы шығындарын есептеп, талдау.
- •Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын деңгейіне талдау
- •Энергошаруашылықтың технико-экономикалық көрсеткіштер жүйесі.
- •Өнімнің құрылымы мен ассортиментін және бірқалыпты өндірісті талдау
- •3. Өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік құнын есептеп, талдау
- •Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын деңгейіне талдау
- •Кәсіпорын транспорты, өндірістік цехтардың жұмысын ұйымдастырудағы оның атқаратын рөлі.
- •2. Өнімді өндіру және өткізу жоспарының орындалуын және оның динамикасын талдау
- •Тікелей материалдық шығындарды есептеп, талдау.
- •Қойма шаруашылығы, оның түрлері, міндеттері мен құрылымы.
- •Талдау әдістері жіктелуі.
- •3. Тікелей жалақыны есептеп, талдау.
- •Сурет 1. Жалақы мөлшері.
- •Қойма жұмыстарына есеп жүргізу, оның орналастыру және жарақтандыру.
- •Талдау әдістерінің түрлері.
- •Жанама шығындарды есептеп, талдау.
- •Жаңа техниканың тәжірибелік өндірісін ұйымдастыру.
- •Экономикалық талдау кезеңдері.
- •Жауапкершілік орталықтары бойынша шығындарды есептеп, талдау.
- •Жаңа техниканы дайындау және игеру үрдістерін жоспарлау және басқару.
- •Экономикалық талдау түсінігі және мәні.
- •Өнімнің өзіндік шығынын төмендету резервтерін есептеп, талдау.
1 Билет
«Өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау» курсының құрылымы, мазмұны және міндеттері.
Өндірісті ұйымдастыру – бұл заттық элементтердің және өндіріс үрдісіндегі адамдардың уақыт пен кеңістікте оңтайлы үйлесуіне бағытталған шаралар жүйесі.
Өндірісті ұйымдастыру дегенде материалдық ресурстарды шығару мақсатында, аз өндіріс шығындарымен талап етілетін көлемде өнімдерді белгіленген мерзімде шығару мақсатында еңбек және материалдық ресурстарды өндіріс барысында үйлестіруді ұйымдастыру түсіндіріледі.
Кез келген өндірістің технологиялық үрдісінің белгілі бір ізділігі болады, оның нәтижесі дайын өнімге айналады.
Өндірісті ұйымдастырудың міндеті ең аз уақыт пен ресурстар шығынымен ең жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ететін, кеңістік пен уақытта жүзеге асатын өндірістік үрдістер арасындағы өзара тәуелділікті анықтау. Басқаша айтқанда, өндірісті ұтымды ұйымдастыру үшін Не? Қайда? Қашан? деген сұрақтарға ғылыми негізделген түрде жауап беру керек
Өндіріс техникасы неғұрлым жетілген болса, өндірістің экономикалық көрсеткіштері де соғұрлым жоғары болады. Қабылданатын шешімдердің мүмкін варианттарын таңдау және оптималдысын негіздеу барысында экономикалық-математикалық әдістер, жетілген есептеу ұйымдастыру техникасы мен өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі қолданылады.
2 Тиімділік көрсеткіштерін талдау
Тиімділік – кәсіпорынның қаржылық қызметінің жалпылама көрсеткіші. Шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелерін пайдадан гөрі неғұрлым толық сипаттайды, өйткені оның шамасы нәтижеліліктің қолда бар және пайдаланылған ресурстармен арақатынасын көрсетеді. Тиімділік көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық қызметін бағалау үшін және инвестициялық саясат пен баға белгілеу үшін қолданылады. Тиімділік көрсеткіштерінің түрлері:
өндіріс пен инвестициялық жобалар шығынының тиімділігін (өзін-өзі өтеуді) сипаттайтын көрсеткіштер;
сатылым тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер;
капитал мен оның бөліктерінің табыстылығын сипаттайтын, активтердің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер.
Тиімділіктің осы көрсеткіштерінің бәрі теңгерімдік пайда, өнімді өткізуден алынған пайда мен таза пайда негізінде есептеледі.
3 Өнімді өндіру жоспарын орындау, олардың серпіні көрсеткіштерін талдау және есептеу.
Өнім өндіру жоспары келесі көрсеткіштерді қамтиды:өткізілген өнім(жалпы табыс), тауарлық өнім, жалпы өнімдер. Бұл бөлімнің негізгі бағалық көрсеткіші болып сатылған өнім табылады. Өткізілген өнім болып құны тұтынушымен немесе өткізуші ұйыммен төленген өнім болып табылады. Оның көлемі жоспарлау бойынша жабдықтауға арналған өнімдер бағасының соммасымен тапсырыс берушімен төлеуге арналған дайын өнімдер, жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер, халық тұтынатын тауарларға, жасалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және тағы басқа келісім – шарт бойынша өткізіліп жатқан өнімдер бағасы болып табылады
Тауарлық өнімдер өз құрамына: өндіруге жоспарланған дайын өнім (техникалық бақылау бөлімімен қабылданып, комплектіленіп дайын өнімдер қоймасына өткізілген), жартылай фабрикаттар, комплектілік бөлшектер мен қосалқы бөлшектер, кооперацияланған жабдықтар бойынша басқа жаққа жіберілуге арналған тауарлар, толықтай жөндеуге, құрал – жабдықтар мен құрылғылар құнының қосындысынан тұрады.
Жалпы өнім – барлық шығарылған дайын өнім мен көрсетілген қызметтер құнының қосындысынан тұрады, соның ішінде аяқталмаған өндіріс. Ол әдетте салыстырмалы бағамен анықталады.
