Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖМ-214 анатомия.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
763.04 Кб
Скачать

25.Өкпе құрылысы,қызметі.

Әр өкпенің сегменттері немесе бронхөкпелік сегментінің терең қабаты өие ұсақ,қабырғалық бетінің көлемі 4-см-дей,өкпенің екінші реттік бөлшектерінен,lobuli pulmonis secundari,тұрады.Өкпенің қабырғалық беті,fasies costalis,дөңестеу келіп қабырғалардың ішкі бетімен және қабырғааралық бұлшықеттермен беттесіп орналасқандықтан,қабырғалардың батыңқылары айқын байқалады.Өкпенің медиалді беті,facies medialis,ойыстау келіп,артында омыртқалық бөлікке,pars vertebralis,алдында көкірекаралық бөлікке,pars mediastinalis,бқлінеді.Медиалді бетінің ортаңғы бөлігінде өкпе батыңқысы немесе өкпе қақпасы,hilus pulmonis,орналасқан.Көкеттік беті,facies diaphragmatica,ойыстау келіп,көкеттің дөңестеу келген бетімен беттесіп орналасқан.

Қабырғалары:бірқабатты эпителиймен қантамыр торларынан тұрады.Қазметі:тыныс алу қазметін реттеу.Тыныс алу бронхшаларымен көпіршіктер жолдары және көпіршіктер қапшалары бір-бірімен күрделі өзара жалғасып,өкпенің көпіршіктер тармақтарын немесе паренхимасын құрайды.Сыртқы пішіні жүзімнің шоғырына ұқсас,өкпенің анатомиялық-функционалдық бірлігіацинусты немесе arbor alveolaris,құрайды.Өкпенің ацинустарының жалпы саны 30 000болса,көпіршіктердің саны 300-350млн.Өкпенің беті,ауаны сыртқа шығарған кезде көлемі 35 м2,ауаны жұтқан кездегі көлемі 100 м 2-тай.Қорыта келгенде,өкпенің құрылысын бір сөзбен тұжырымдайтын болсақ,өкпенің бөлшектерін,өкпенің бөлшектері жинақтала келе өкпенің сегменттерін,бөліктері одан әрі оң және сол өкпені құрайтындығын айтуымыз керек.

26.Өкпе топографиясы.Өкпе pulmo,тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі.Ол кеуде қуысында,cavum thoracis,өкпеқаптың ішінде,pleura pulmonalis,орналасқан жұп мүше.Өкпенің сыртқы пішіні кесілген конус тәрізді,екі өкпенің өкпе ұшы apex pulmonis,және өкпе негізі,basis pulmonis,ажыратылады.Өкпе ұшы,apex pulmonis,алдынан қарағанда:I-қабырғадан 3-4см,немесе бұғана сүйегінен 2-3см жоғары орналасады,артқы бетінен қарағанда,ол ҮII-мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне тұрпалас орналасады.Өкпе негізі,basis pulmonis,жалпақ көкетпен беттесіп орналасқан.Екі өкпенің дөңестеу келген қабырғалық беті,fasies costalis,ойыстау келген төменгі көкеттік беті,fasies diahramatica,және көкірек аралық беті,fasies mediastinalis,ажыратылады.Сонымен қатар,екі өкпе беттерінің бір-бірімен өзара беттескен жерінде өткірлеу келген алдыңғы жиегі,margo anterior,төменгі жиегі,margo inferior,доғалау келіп,вертикалді орналасқан артқы жиегі margo posterior,ажыратылады.

27.Өкпе қапшығы,құрылысы,топографиясы,қызметі.

Өкпе сыртын жауып орналасқан,тұйық сірлі қап pleura.Топографиялық орналасуына қарай,қабырғалық немесе париеталді өкпеқап,pleura parietalis,және мүшелік немесе висцералді өкпеқап,pleura visceralis,бөлінеді.Қабырғалық,parietalis,өкпе паренхимасына тығаз жанасып жатады.Өкпе қақпасының төменгі бөлігінде көкетке өтіп,lig.pulmonalis құрап,париеталді өкпеқапқа,pleura parietalis,жалғасады.Мүшелік,visceralis,өкпенің сірлі қабатының сыртқы табақшасы.Сыртқы беті кеуде қуысы қабырғаларының ішкі бетін жабады,тұйық ішкі шандырмен,fascia endothoracica,тығыз байланысып,өкпеқап қуысына қараған беті сірлі сұйықтықты бөлетін мезотелий жасушалармен көмкерілген.

28.Өкпеқапшығы қойнаулары,құрылысы,топографиясы.Өкпеқап синустары немесе қойнаулары,recessus pleuralis,деп париеталді және висцералді өкпеқаптың аралығындағы қуыс.Екі өкпеқаптың төменгі бөлігінде,қабырғалық өкпеқап пен көкеттік өкпеқаптың түйіскен жерінде орналасқан кең қабырға-көкет қойнауы, recessus costodiaphragmayicus;Қабырға көкірек аралық қойнау,recessus costomediastinalis,ол сол өкпенің алдыңғы жиегінің жүректік тілігінің,incisura cardiac,бойында орналасқан.

Өкпе сыртын жауып орналасқан,тұйық сірлі қап pleura.Топографиялық орналасуына қарай,қабырғалық немесе париеталді өкпеқап,pleura parietalis,және мүшелік немесе висцералді өкпеқап,pleura visceralis,бөлінеді.Қабырғалық,parietalis,өкпе паренхимасына тығаз жанасып жатады.Өкпе қақпасының төменгі бөлігінде көкетке өтіп,lig.pulmonalisқұрап,париеталді өкпеқапқа,pleura parietalis,жалғасады.Мүшелік,visceralis,өкпенің сірлі қабатының сыртқы табақшасы.Сыртқы беті кеуде қуысы қабырғаларының ішкі бетін жабады,тұйық ішкі шандырмен,fascia endothoracica,тығыз байланысып,өкпеқап қуысына қараған беті сірлі сұйықтықты бөлетін мезотелий жасушалармен көмкерілген.

29.Плевра қуыстары мен синустары.Өкпеқаптың париеталді және висцералді бөліктерінің аралығындағы саңылау өкпеқап қуысы,cavum pleuralis деп аталады.Өкпеқап қуысының аралығында қалыпты жағдайда,қимылсыз кезде1-2мл шамасындай сірлі сұйықтық болады.Тыныс алу кезінде сұйықтық өкпенің сірлі қабық аралығындағы үйкелісті жеңілдету қызметін атқарады.Сонымен қатар,кеуде қуысының қабырғаларын кеңейтуші,инспираторлық күш пен өкпенің талшықты тінінің әсерінен өкпеқап қабықтарының бір-біріне беттесуін қамтамасыз етіп,өкпеқап қуысында теріс қысымның пайда болуына байланысты өкпенің тыныс алу кезінде еркін жазылып,еркін қозғалуына ықпал етеді.

Өкпеқаптың жоғарғы бөлігі кеуде қуысынан жоғары,мойын аймағына өтіп,өкпенің ұшымен беттесіп,өкпеқап күмбезін,cupcla pleurae,құрайды.Өкпеқап күмбезі,алдынан қарағанда 1-қабырғадан 3-4см жоғары орналасып,арқа жағынан VII-мойын омыртқаның қылқанды өсіндісіне сәйкес келеді.Париеталді плевра:қабырғалық өкпеқап,pleura costalis,қабырғаның ішкі бетін,қабырғааралық ішкі бұлшықетті,шандырды жауып жатады.Бұл бөлік алдында кеуде маңында,артында омыртқа бағанасының тұсында көкірек аралық өкпеқапқа жалғасады.Көкірек арарлық өкпеқап,pleura mediastinalis,ол сагиталді жазықтықтың бойында орналасып,перикардтың сыртын,өкпе түбірінің сыртқы бетін жабады.Ол алдында және артында қабырғалық өкпеқапқа,төменде көкеттік өкпеқапқа ұласады.Көкеттік өкпеқап,pleura diaphragmatica,көкеттің кеуде қуысына қараған бетінің бұлшықеттерінің және оның жалпақ сіңірінің орталық бөлігінен басқа бөлігін жауып орналасқан.

Өкпеқап синустары немесе қойнаулары,recessus pleuralis,деп париеталді және висцералді өкпеқаптың аралығындағы қуыс.Екі өкпеқаптың төменгі бөлігінде,қабырғалық өкпеқап пен көкеттік өкпеқаптың түйіскен жерінде орналасқан кең қабырға-көкет қойнауы, recessus costodiaphragmayicus;Қабырға көкірек аралық қойнау,recessus costomediastinalis,ол сол өкпенің алдыңғы жиегінің жүректік тілігінің,incisura cardiac,бойында орналасқан.