Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖМ-214 анатомия.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
763 Кб
Скачать
☆

51. Сыртқы жыныс мүшелері: құрлысы, топографиясы, қызметі.

Сыртқы жыныс мүшелері: Еркек жыныс мүшесі, Ұма.

Еркек жыныс мүшесі (penis)

Алдыңғы бос бөлігі – денесі (corpus penis), ұшында несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі – ostium uretra externa. Жоғарғы алдыңғы беті – арқалық – dorsum penis деп аталады.Басы glans penis пен аяқталады. Кеңейген және тарылған бөлігі болады Артқы бөлігі – еркек жыныс мүшесінің түбірі – radix penis – қасаға сүйегіне бекіген. Еркек жыныс мүшесінің денесі жіңішке, жиырылмалы терімен жабылған. Жоғарғы беті – қасаға терісіне, төменгі беті – ұма терісіне жалғасады.Төменгі бетінің терісінде жігі – raphe penis орналасқан.Алдыңғы бетінде жыныс мүшенің басын жабатын қатпар – бүрікбас – preputium penis түзеді. Бүрікбас ерке жыныс мүшесінің терісіне жалғасып, еркек жыныс мүшесінің мойнына бекиді.Бүрікбас + еркек жыныс мүшесінің басының төменгі жағына frenulum preputii мен байланысқан.

Құрылысы: Еркек жыныс мүшесі 2 үңгірлі және кеуекті денеден тұрады.Үңгірлі дене (corpora cavernosa penis) цилиндр тәрізді, арьқы шеті ажырап қасаға сүйегіне бекитін – crura penis түзеді. 2 үңгірлі дене ақ қабықпен albuginea corporum cavernosum жабылған. Бұл үңгірлі дене аралығында septum penisti түзеді.

Кеуекті дене:Артқы жағында кеңейіп bulbus penis ті түзеді.Алдыңғы шеті – қалыңдап glans penis ті түзеді. Ақ қабықпен – tunica albuginea spongiosa мен қапталған. Ұзына бойы несеп шығаратын өзек өтеді – сыртқы тесікпен аяқталад. Еркек жыныс мүшесінің үңгірлі және кеуекті денелері ақ қабықпен қапталған дәнекер тінді қолқалардан тұрады. Өзара байланысатын, эндотелимен көмкерілген ұяшықтарды шектейді. Ұяшықтар қанмен толған кезде қабырғасы жазылып, үңгірлі дене ісінеді және тығыздалады.

Қызметі: 1. несеп қуықтан несепті шығару 2. Әйелдің жыныс жолына шәует жіберу.

Ұма (Scrotum)-Аталық жыныс безінде орналасқан 2 дербес камералы қалта. Еркек жыныс мүшесін түбірінен төмен және артта орналасқан. әр камерада аталық без орналасқан 7 қабат болады. 1. тері – cutis 2. бұлшық етті – tunica dartos 3. сыртқы шәует шандыры – fascia spermatica externa 4. аталық безді көтеретін б. е шандыры – fascia cremasterica 5. аталық безді көтеретін б. е -- musculus cremasterica 6. ішкі шәует шандыры—f. spermatica interna 7. аталық бездің қынапты қабығы – tunica vaginalis testis Tunica vaginalis testis екі табақтан тұрады: париетальді – lamina parietalis, вицеральді -- lamina visceralis.

Құрылысы:Ұманың терісі жіңішке, қатпарларға жеңіл жиналады, түсі қою, көптеген шаштармен жабылған. Терінің астында бұлшықеттік қабық tunica dartos, орналасқан, ол тері асты шелмайының туындысы. Бұлшықеттік қабықта бұлшықеттік жасушалар мен эластикалық талшықтар кездеседі, бірақ майлы жасушалар жоқ. Бұлшықеттік қабық оң аталық безді бөліп тұратын ұма қалқасын septum scroti түзеді. Ұманың бетінде ұма қалқасының беку сызығына сагиталді бағытталған ұма жігі rafe scrota сәйкес келеді. Бұлшықеттік қабықтың тереңінде, іштің беткей шандырының туындысы – сыртқы шәует шандыры жатады. Оның астында сыртқы қиғаш бұлшықет шандырының туындысы -- аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры, одан терең көлденең және ішкі қиғаш бұлшықеттерінің туындысы – аталық безді көтеретін бұлшықет, m. Cremaster орналасқан.

2. Әйелдің сыртқы жыныс мүшелері: 1. Қасаға 2. үлкен, кіші жыныс ернеулері 3. Қынап кіреберісі 4, Деліткі

Қасаға (pons pubis) Үстінен – іш аймағынан қасаға жүлгесімен Саннан жамбас – сан жүлгесімен бөлінеді Іш аймағына өтпейтін түкпен жабылған. Төмен қарай түк үлкен жыныс ернеуіне жалғасады. Қасаға аймағында тері асты негіз жақсы дамыған

2. Үлкен жыныс ернеулері (labia majora pudendi) сопақша пішінді қос тері қатпары. Ұзындығы 7-8см, ені 2-3см. Үлкен жыныс ернеуі жыныс саңылауын (rima pudenda) бүйірінен шектейді. Үлкен жыныс ернеуі бір-бірімен дәнекер арқылы қосылады.

Кеңдеуі –алдыңғы дәнекер comissura labiorum anterior .Тарлауы – артқы дәнекер comissura labiorum posterior .Ішкі бетімен бір – біріне қарайды, қызғылт түсті шырышты қабыққа ұқсаған. Терісі пигменттелген, май, тер бездері бар.

3. Кіші жыныс ернеулері (labia minora pudenda) ұзыннан келген қос жіңішке тері қатпары. Үлкен жыныс ернеулері арасындағы жыныс саңылауында қынап кіреберісін шектеп орналасқан. Қырлары жұқарған , бос майлы торсыз дәнекер тіннен құралған. Құрамында бұлшықет жасуша, эластикалық талшықтар, веналық өрімдер бар. Артқы қыры бір – бірімен қосылып- жыныс ернеуінің жүгеншігін – frenulum labiorum pudenda құрайды. Жоғарғы шеті деліткіге бағыталып 2 аяқшаға бітеді. Латералды және медиалды Латералды – деліткі үстін қоршайды. Латералды аяқшалар бір – бірімен қосылып деліткі күпегін - preputium clitoris түзеді.

Медиалды – қысқалау, деліткінің астынан келіп, қарсы аяқшамен қосылып – frenulum clitoris түзеді. 4. Қынап кіреберісі (vestibulum vaginale) 1. Бүйірінен – кіші жыныс ернеулерінің медиалды беттері 2. Артынын – қынап кіреберісінің шұңқыры. 4. Алдында – деліткі орналасқан. Кіреберісте – ostium vaginae Деліткімен қынапқа енетін жер арасында – ostium urethra externa. 4. Деліткі (clitoris) еркек жыныс мүшесінің үңгірлі денесіне сәйкес келеді. 2 үңгірлі дене (corpus cavernosum clitoris) аяқшадан басталады. Деліткінің: басы, денесі, аяғы болады. Ақ қабықпен қапталған. Ұзындығы 2,5-3,5см Деліткі – үстінен – preputium мен астынан – frenulum мен шектеседі.