- •1.Жүректің жасына байланысты ерекшеліктері.
- •2.Жүректің қабырғасының құрылысы:
- •3.Жүректің топографиясы:
- •4.Жүректің қызметі:
- •5. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі
- •6.Жүректің веналары.
- •7.Жүректің жүйкеленуі
- •8.Жүректің клапандық аппаратының құрылысы
- •17. Көмей құрылысы , топаграфиясы , қызметі .
- •18. Көмейдің бұлшық еттері : құрылысы , қызметтері .
- •19 . Көмейдің шеміршектері , құрылысы .
- •20. Көмейдің байламдары мен буындарының құрылысы .
- •22.Бронхтар
- •25.Өкпе құрылысы,қызметі.
- •27.Өкпе қапшығы,құрылысы,топографиясы,қызметі.
- •30.Бүйрек,ren,жұп экскреторлық мүше.
- •31.Бүйрек топографиясы мен қызметі:
- •32.Несепағар құрылысы, жасына байланысты рекшеліктері.
- •34. Несепқуықтың құрылысы мен Жасқа байланысты ерекшелігі.
- •36)Несеп шығаратын өзектің құрылысы:
- •1)Еркек несеп шығаратын өзек қабырғаларының құрылысы:
- •2)Әйел несеп шығаратын өзек қабырғаларының құрылысы:
- •37)Несеп шығаратын өзектің топографиясы мен қызметі:
- •38) Еркек несеп жыныс мүшеолері. Жасқа байланысты ерекшелігі:
- •39)Атабез құрылысы, топографиясы мен қызметі,
- •51. Сыртқы жыныс мүшелері: құрлысы, топографиясы, қызметі.
- •52. Асқазан: құрылысы, топографиясы, қызметі, қанмен жабдықталуы.
- •54. Онекіелі ішек: құрлысы, топографиясы, қызметі қанмен жабдықталуы?
- •55. Мықын ішек: құрлысы, топографиясы, қызметі қанмен жабдықталуы?
- •56. Жуан ішек: құрлысы, топографиясы, қызметі қанмен жабдықталуы?
- •57. Асқазан мен жіңішке және тоқ ішектердің іштің алдыңғы қабырғасындағы проекциясы.
- •59. Жіңішке ішектің жасына байланысты ерекшеліктері?
- •61. Ұйқы безінің жалпы сипаттамасы. Балалардағы ерекшеліктері.
- •62. Ұйқы безінің құрлысы, топографиясы, қанмен жабдықталуы.
- •Қанмен қамтамассыз етілуі.
- •63. Ұйқы бездің іштің алдыңғы қабырғасына проекциясы.
- •64.Бауырдың қызметі. Балалардағы ерекшеліктері.
- •65. Бауырдың құрлысы, топограпиясы.
- •Топографиясы.
- •66. Бауырдың қанмен жабдықталуы мен жүйкеленуі.
- •67. Өт қапшығының құрлысы,топографиясы,қызметі.
- •68. Бауырдың іштің алдыңғы қабырғасына проекциясы.
- •70. Айырша без, құрлысы мен қызметі қанмен жабдықталуы.
- •91.Жұлынның қабықтары.
- •92. Жұлынның қанмен жабдықталуы
- •93. Жұлынның жастық ерекшеліктері
- •94.Мидың қанмен қамтамасыз етілуі
- •95.Ішкі ұйқы артериясының тармақтары,топографиясы
- •97.Жүйке жуйесінің жасына байланысты ерекшеліктері
- •98.Мидың ликвор жуйесі
- •99.Ми қарыншалары,олардың өзара байланыстары
- •100.Мидың буйір қарыншалары топографиясы,құрылысы
- •101.Мидың ііі –ші қарыншасы топографиясы,құрылысы.
- •102. Мидың іv –ші қарыншасы топографиясы,құрылысы.
- •103.Ликвор айналамы
- •104.Мидың торлы қабығының цистерналары
- •105.Мидың іv –ші қарыншасының торлы қабықасты кеңістікпен байланыстары.
- •106.Ми ликвор жүйесінің анатомиялық ерекшеліктері
- •107.Сүйектер байланысының құрылысына және қызметіне байланысты түрлері
- •108. Үзіліссіз байланыстар
- •109.Жартылай буындар
- •110.Буынның құрылысы
ЖМ-214
1.Жүректің жасына байланысты ерекшеліктері.
1) Жаңа туған нәрестенің жүрегінің пішіні домалақ болады.Оның ені 2,7-3,9см ,ұзындығы 3,0-3,5 см құрайды.Жүрекшелер қарыншаға қарағанда үлкен болады,оң жақ жүрекше сол жақ жүрекшеден үлкенрек болады.Жүрек баланың өмірінің бірінші жылында өте қарқынды өседі және оның еніне қарағанда ұзындығы тез өседі. Баланың өмірінің бірінші жылында жүрекшелер қарыншаларға қарағанда жылдам өседі. 2-5 жасында қарыншада жүрекшеде бірдей өседі.Он жастан кейін қарыншалар жылдамрақ өседі. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің салмағы 24 г. Бір жасында 2есе үлкейеді, 4-5 жасында 3 есе үлкейеді , 9-10 жасында 5 есе үлкейеді, 15-16 жасында 10 есе үлкейеді, 5-6 жасқа дейін балдардың жүрегі қыздардың жүрегіне қарағанда үлкенірек болады. 9-13 жаста керісінше қыздардың жүрегі үлкенірек болады. 15 жаста қайтадан балдардікі үлкен болады. Жаңа туған нәрестенің жүрегі туылғаннан бастап 16 жасқа дейін 3-3,5 есе үлкейеді. Жаңа туған нәрестенің жүрегі жоғары және көлденеңінен орналасады.
2.Жүректің қабырғасының құрылысы:
2)Жүрек қабырғасы 3 қабықтан : ішкі эндокардтан, ортаңғы миокардтан және сыртқы эпикардтан тұрады.
Ішкі қабат эндотелийлі (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшадан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады. Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады — фиброзды сақина. Жүрекшелердің бұлшықетті қабаты қарыншалардың бұлшықетті қабатына қарағанда бірталай нашар жетілген, ол жүректің әр бөлігінің жасайтын қызметтерінің ерекшелігіне байланысты. Жүректің сыртқы беті сірлі қабықпен (эпикард) қапталған, ол жүрек маңы қапшығының (сөмкенің)- перикардтың, ішкі жапырағы болып табылады. Сірлі қабықтың астында аса ірі жүрек артериялары мен көктамырлары орналасқан, олар жүрек тіндерін қанмен қамтамасыз етеді, және жүректі невртендіретін (иннервация) жүйке жасушаларының, жүйке талшықтарының көп шоғыры орналасқан.
3.Жүректің топографиясы:
3) Жүрек топографиясы Жүрек кеуде аралығындағы ассимметриялы орналаскан. Оның көп бөлігі ортаңғы сызықтан солға карай жайғаскан, оң жағында тек оң жақ жүрекше мен қуыс веналар калады. Жүректің үзын білігі жоғарыдан төмен төмеқ оңнан солға, артынан алға карай қиғаш орналасып, бүкіл дене білігімен шамамен 40° бүрыш түзеді. Сондықтан жүректің оң жақ веналык бөлімі алға таман, сол жақ артериялды бөлімі артқа таман бүрыла орналасқан сиякты. Жүрек қабымен бірге өзінің алдыңғы бетінің көп бөлігінде (facies stemocostalis) өкпемен жабылып түрады, өкпенің алғы жиектері екі өкпекаптың сәйкесті бөліктерімен бірге жүректің алдынан өтіп, оның алдыңғы бетінің жүрекқап аркылы төске және V-VI кабырғалардың шеміршектеріне жанасатын жерінен баскасын алдыңғы кеуде кабырғасынан бөліп тұрады. Жүрек шекаралары кеуде кабыр-ғасына проекциялануы: жүрек үшының соғуы linea mammillaris sinistra-дан 1 см ішке қарай, бесінші сол жақ кабырғааралықта сезіліп тұрады. Жүрек проекциясының жоғарғы шекарасы үшінші қабырға шеміршек-терінің жоғарғы жиегі деңгейімен өтеді. Жүректің оң жақ шекарасы төстің оң жақ жиегінен 2-3 см оңға қарай, III қабырғадан V қабырғаға дейін өтеді; төменгі шекарасы көлденең V оң жак қабырға шеміршегінен жүректің ұшына қарай, сол жақ шекарасы V қабырға шеміршегінен жүрек үшына дейін өтеді Қарыншалардан шығар тесіктер (колқа мен өкпе сабауы) III сол жақ кабырға шеміршегі деңгейінде жатады; өкпе сабауы (ostium trunci pulmonalis) осы шеміршектің чөс жағындағы үшында, қолқа (ostium aortae) төстің артқы жағында сәл оңға қарай орналасады. Екі ostia atrioven-tricularia төстің бойымен, үшінші сол жақ кабырғааралықтан бесінші оң жақ кабырғааралыққа қарай жүретін түзу сызық бойында проекцияланады.
