Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап денсаулыққ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.69 Кб
Скачать

53.Шетелдегі наркологиялық денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік жұмыстың ролі мен орнын ашып көрсетіңіз.

Әлеуметтік наркологиялық аурулар тобына маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, никотинизмді (темекі шегу) жатқызамыз. Наркологиялық аурулардың ең кең тараған түрі маскүнемдік болып табылады.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, «маскүнемдік – ішімдікті қолданудың кез-келген формасы, яғни қоғамда қабылданған дәстүрлі «тамақтану» нормасынан немесе нақты қоғамдағы әлеуметтік дағдылардың шегінен шығу».

Медицинада қабылданған анықтама бойынша, «маскүнемдік – бұл спирттік сусындарға деген әуестігі бар патологиялық ауру (психологиялық, физиологиялық тәуелділіктің туындауы), ал ішімдікті қолданбау нәтижесінде абстиненттік синдромның дамуына, сондай-ақ маскүнемдіктің күрделі жағдайында ішкі органдардың, жүйке жүйесінің бұзылуына және психикалық деградацияға алып келеді».

Әлеуметтік саясат тек маскүнемдерге ғана емес, сондай-ақ алкогольді пайдаланушы тұлғалардың антиәлеуметтік әрекеттеріне қоғамдық санкцияларды қарастыра отырып қоғамға да қатысты болуы керек.

Ішкілік және маскүнемдік мәселесі бүгінгі таңда салмақты әлеуметтік мәселе болып отыр. Ішкілік және маскүнемдік алкогольдік сусындарды асыра қолданудың әр түрлі деңгейлерін көрсетеді.

Алкогольді сусындарды пайдалануына қарай тұлғалардың келесідей топтары көрсетіледі (Ю.П. Лисициннің жіктеуі бойынша):

 Алкогольді ішімдіктерді қолданбайтындар;

 Алкогольді сусындарды сирек қолданатындар (мереке және отбасылық салтанаттарда ғана айына бір рет, аз мөлшерде ішу);

 Алкогольді сусындарды орнымен қолданатындар (айына 1-3 рет), аз мөлшерде, белгілі бір жағдайда (мереке, достармен кездесуде) қолданады және теріс қылықтарды көрсетпейді.

 Алкогольді асыра пайдаланушылар:

маскүнемдіктің алғашқы белгілері бар тұлғалар (алкогольді пайдалануға деген психикалық тәуелділік, ішу мөлшерін жоғалту), алкогольді көп мөлшерде, аптасына бірнеше рет және еш себепсіз қолданатын маскүнемдер, кез келген орындарда ішу;

алкоголизмнің айқын белгілері көрініс табатын тұлғалар, оларда алкогольге психикалық тәуелділікпен қатар физикалық тәуелділік, бас жазу синдромы (абстиненттік синдром) және тағы да басқа симптомдар, күрделі психикалық бұзылу симптомы (алкогольдік психоз);

Әлеуметтік жұмыс теориясында маскүнемдіктің әлеуметтік-медициналық мәселелері келесідей жіктеледі:

 медициналық мәселелер: ішімдік бауырдың, орталық жүйке жүйесінің бұзылуына; миокард инфарктінің туындау қаупіне, мидың қан айналымына, туберкулез, рак, созылмалы бронхитке әкеп соғады, ішімдікке әуес ата-аналар дүниеге дені сау емес бала әкеледі, сонымен қатар бала өлімі көбейеді және т.б.;

 әлеуметтік мәселелер: маскүнемдік қылмыстың, мүгедектіктің, өлім-жітімнің көбеюіне, аурудың өршуіне, яғни дені сау тұрғындардың көрсеткішінің төмендеуіне әкеледі;

 әлеуметтік-экономикалық мәселелер: ішімдікті шектен тыс қолдану еңбек қабілеттілігін төмендетеді, қоғамға материалдық-экономикалық залалын тигізеді, еңбек өндірісіне және т.б. әсер етеді.

Осылайша, профилактикалық бағыттағы әлеуметтік-медициналық жұмыс микроәлеуметтік ортадағы ішімдіктің жағымсыз әсерінің алдын алумен анықталады; қауіпті топтарды анықтау; ұжымда және отбасында тәрбиелеу мақсатындағы барлық іс-шара жүйелерін қолдану.

54-55. Онкологиялық аурулармен әлеуметтік-медициналық жұмысты ұйымдастыру мен өзгешелігін көрсетіңіз.

Бүгінгі таңда ме­ди­ци­на са­ла­сы қарыштап да­мып келеді. Әлемде қаншама ар­найы ап­па­ра­ту­ра­лар шығарылып, адам­зат ба­ла­сы техниканың арқасында күрделі опе­ра­ция жа­са­тып, өмір сүруде. Алай­да, өкінішке қарай кейбір сырқаттың нақты емі әлі күнге дейін табылмай жатыр. Олар — онкологиялық аурулар . Мамандардың есептеулеріне қарағанда, елімізде жыл сай­ын осы дерт­ке ұшыраған 30 мыңдай адам анықталады.

Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан «Саламатты Қазақстан - 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасы мен Президенттің биылғы тапсырмасына сәйкес, онкологиялық жәрдемді дамыту бағдарламасы жасақталса, еліміз бойынша аталмыш дерттің саны азаятыны сөзсіз. Әр адам өз денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. Өзін-өзі күтіп, мезгілімен дұрыс тамақтанса, әрі ішімдік ішу мен шылым шегуден аулақ жүрсе, ондай адамға аурудың қай түрі де жоламайды. Ол үшін салауатты өмір сүру салтын сақтап, спортпен айналысуы керек. Бұл жөнінде атам қазақ «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп баяғыда-ақ айтып кеткен.

Онкология жоғары әлеуметтік маңызы бар мәселелердің біріне жатады,өйткені халық өлімінің ,жұмысқа деген қабілеттілігінің жойылуының және халықтың мүгедектенуінің негізгі себептерінің бірі осы онкология болып табылады.

Онкологиялық аурулардың психологиялық мәселелерін шешу жолдары келесідей:

-әртүрлі бағыттағы псих-қ қолдау көрсету топтарын ұйым-ру

-психологтардың қатысуымен ракпен ауыратын және рактан жазылған адамдармен кездестіру ұйым-ру

-муниципалды психолог-қ қызметті ұйымдастыру

-ақпараттық вакуумды жою

Бүгінгі таңда шетелде науқастармен хопистік қызмет жүргізіліп жатыр.Хопистік қызметтің негізгі мақсаты- науқасқа арнайы жағдайлар жасау және оның отбасына психо-әлеуметтік көмек көрсет. Ме­ди­ци­на тілінде «он­ко­ло­гия» гректің «қатерлі ісік» және «ілім» де­ген сөзін білдіреді. Ал «кан­цер» (рак не­ме­се обыр) терминін қолданысқа алғаш рет атақты ғалым Гип­по­крат енгізген. Ол обыр клеткаларының теңіз ша­я­ны сияқты шатасқан аяқтарымен адам денесіне жай­ы­ла та­рай­ты­нын анықтаған. Обыр клет­ка­сы адамның ба­сы­нан бақайшағына дейін кез­де­се береді. Тез өсіп, белгілі бір уақытта қан және лим­фа та­мыр­ла­ры арқылы ағзаның мүшелеріне та­рай­ды, не­ме­се ба­ла­лай­ды. Сөйтіп жы­лы­на 20 мил­ли­он адамның өмірін жал­май­ды. Бұл әрбір жетінші адамның өмірін осы обыр жал­май­ды де­ген сөз. Осы қорқынышты көрсеткішті азай­ту жо­лын­да дәрігерлер қолдан келгенін істеп бағуда.

Онкологиялық аурулардың және отбасының әлеуметтік –психологиялық мәселелерін шешу жолдары келесідей:

  • Әртүрлі бағыттағы психологиялық қолдау көрсету топтарын ұйымдастыру;

  • Психологтың қатысуымен ракпен ауыратын және рактан жазылған адамдармен кездесулер ұйымдастыру;

  • Муниципалды психологиялық қызметті ұйымдастыру, «сенім телефоны»;

  • «ақпараттық вакуумды жою»;

  • «онкологиялық ауруы бар адамдарға және олардың отбасыларына жақсы қарым-қатынас орнату мақсатында қоғаммен жұмыс жасау;

  • Клиенттердің психо-әлеуметтік проблемаларының пайда болуының алдын алу;

  • Коррекция мен реабилитацияның психотехнологиялары ,оларды қолдану.

56.Денсаулық сақтау мекемелеріндегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыстың ерекшелігін ашып көрсетіңіз. 57.Мүгедектердің құқықтарын қорғайтын құқықтық актілері және олардың басты әлеуметтік мәселелеріне талдау жасаңыз.

Мүгедектік латын сөзі «инвалид» аударғанда «жарамсыз» деген мағынаны білдіреді. Мүгедектік  бұл ауру, жарақат т.б. әсерлердің салдарынан тұлғаның өмірлік іс-әрекеттері шектеліп келумен сипатталады. Мүгедектіктің қазіргі мағынасы аурулардың, жарақаттар нәтижесінде денсаулығы бұзылған, соның кесірінен өмірлік іс-әрекеттері шектелген және әлеуметтік қорғауды және көмекті қажет ететін адам дегенді білдіреді. Мүгедектіктің негізгі белгісі сырттай өмірлік іс-әрекеті шектелуден көрінетін (өзіне-өзі қызмет көрсетуден толықтай немесе жартылай айрылған, өз бетімен қозғала алмайтын, қарым-қатынас жасай алмайтын, өз мінезін қадағалай алмайтын, оқи және еңбек ете алмайтын) денелік ресурстардың жетіспеушілігі бар тұлғалар. Отбасында, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалары бар ортада, әлеуметтік мәселелерді зерттеу және оны шешу жолдарын анықтау мамандардың өзекті бағыты болмақ. Соңғы кездері мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі қоғамның назарына ие болып отыр. Мүгедектер мәселесі адам өмір сүретін – отбасы, интернат үйлері, жалпы әлеуметтік ортадан, яғни, әлеуметтік мәдени контекстен тыс түсінілуі мүмкін емес. Мүгедектік, яғни адамның мүмкіндігінің шектеулі болуы тек қана медициналық құбылыс емес. Сонымен қатар, бұл мәселені түсінуде және оның салдарларының алдын алуда құқықтық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, экономикалық және басқа да факторлар маңызды орын алады.

Осылайша, мүгедектік адам іс-әрекетінің мәселесі ретінде, атап айтсақ, мүмкіндігінің шектелуіне байланысты бірнеше негізгі аспектілерден тұрады:

1) құқықтық;

2) әлеуметтік-орталық;

3) өндірістік-экономикалық;

4) анатомиялық-қызметтік;

5) психологиялық.

 Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаты: 

      1) мүгедектiктiң алдын алуға; 

      2) мүгедектердi әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға; 

      3) мүгедектердiң қоғаммен етене араласуына бағытталған.

 Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау принциптерi

      Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаты: 

      1) заңдылық, iзгiлiк, адам құқықтарының сақталуы; 

      2) әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк берiлу, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету; 

      3) мүгедектердiң денсаулық сақтауға, бiлiм алуға және қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткiзуi мен тең құқылы болуы; 

      4) мемлекеттiк органдардың мүгедектердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктермен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауы; 

      5) мүгедектiк белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу принциптерi негiзiнде жүргiзiледi.1991ж. «Мүгедектерді қорғау туралы заң» қабылданды.

58.ВИЧ және ЖҚТБ ауруларымен әлеуметтік-медициналық жұмыстың өзгешілігіне жан-жақты талдау жасаңыз. 59.ВИЧ және ЖҚТБ аурулармен әлеуметтік-медициналық жұмыс технологиясы мен нормативті-құқықтық базасы, кешенді тексеру және емдеумен қамтамасыз етудің мазмұнын ашыңыз. Практикалық әлеуметтік жұмыста «иммунды дефицит» ұғымын ағзадағы әр түрлі инфекцияларға қарсы тұрып бере алатын қасиеттің төмендеуі және мұның себебінен көптеген аурулардың пайда болуы деп түсіну қажет.

1981 жылы АҚШ-та алғаш рет ЖҚТБ (жұқтырған қорғаныш тапшылығы белгілері) ерекше симптомдардың және сирек кездесетін аурулардың жиынтығы ретінде қарастырылды. 1983 жылы бұл аурудың қоздырғышы анықталды – адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы (АҚТҚ).

ЖҚТБ-ны зерттеу эпидемиологиясының бастапқы кезеңдерінде халықтың алғаш осы ауруға ұшыраған белгілі тобы анықталып, бұл топтарды «тәуекел тобы» деп атады. Бұл топқа көбіне гомо- және би- сексуалдар, күре тамырдың ішіне наркотик қабылдағыштар жатады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтеріне сәйкес, қазіргі кезде біздің планетамызда АҚТҚ жұқпалы ауруы 65 млн-нан астам адамда табылған. Соңғы 25 жылдағы көрсеткіштер бойынша, АҚТҚ 25 млн-ға жуық адамның өліміне себеп болып, қоғамға қауіпті әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарына енгізілді. Бұл ауру пайда болғаннан бастап бүгінгі таңға дейін дүниежүзінің барлық аймағына тарап, пандемия сипатына ие болды.

АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдар білікті медициналық көмекті ЖҚТБ-мен күрес және Профилактикалау Орталықтарында ала алады. Диспансерлік тіркеуге қояр алдында тексеру жүргізіледі, яғни, тексеру мақсатына диагнозды нақтылау, АҚТҚ-инфекциясының деңгейін анықтау және қосалқы туындаған ауруларды анықтау кіреді. Алғашқы тексеру кезінде науқаста бірге болатын аурулар анықталып, АҚТҚ-инфекциясының ағымын қиындатып, күрделі жағдайға алып келуі мүмкін. Бұдан кейін тағы қайта тексерулер жүргізіледі. Тексерулердің жиілігі АҚТҚ-инфекциясының деңгейіне және қосалқы туындаған аурулардың асқынуына байланысты болады.

АҚТҚ жұқпалы ауруы күрделі эмоционалды және әлеуметтік сипаттағы зардаптар туғызады. АҚТҚ ауруының жазылмайтындығы, өлімнің жақын екендігі туралы ақпараттар адамның күрделі эмоционалды реакциясын тудырады. Көптеген пациенттердің көңіл-күйі өзгеріп, олар өздерінің тұлғалық маңыздылықтарын төмен сезінуіне дейін барып жатады.

АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдар мамандық таңдау немесе өзгерту, жұмысқа тұру, кәсіби өсу және отбасы құру сияқты көптеген мәселелерге тап болады. Сонымен қатар, мұндай адамдарда уайым, қорқыныш сезімдері пайда болып, физикалық тартымдылықтың және қаржылық тәуелсіздіктің жоғалуы байқалады, болашаққа байланысты қайғырулар мен ауруды басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін жағдайындағы кінә сезімдері және осы ауруға деген аггресивті мінез-құлық пайда болады.

Осындай көптеген мәселелерді шешуге көмектесу мақсатында АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдарға арнайы психологиялық көмек көрсету мекемелері ашылып жатыр. АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдарға психологиялық көмек жеке кеңес түрінде немесе отбасылық психотерапия формасында жүргізіледі.

Психотерапевтикалық әсер пациенттің өміріне жағымды түрде өзгерістер алып келеді, белгілі бір қызметке стимул тудырады, психологиялық күрделі жағдайдайлардан шығу мүмкіндігін туғызады, өмірлік стереотипінің өзгеруіне дайын болуына көмектеседі және жаңа өмірлік перспективаларға бейімделу процестерінің дұрыс жүруіне де әсер етеді.

АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдарға психоәлеуметтік кенес берудің артықшылықтары келесідей:

1) адамды қолдау, осы ауруға байланысты өмірінің өзгеруі және ары қарай өмір сүруі оның жеке жауапкершілігіне тікелей байланысты екендігіне сендіру;

2) өз-өзін сыйлау деңгейін жоғарылату;

3) уайым мен қорқыныш сезімдеріне төтеп беру.

ЖҚТБ профилактикасының негізіне гигиенаны сақтау, жыныстық бұрмалауларды профилактикалау, нашақорлық пен жезөкшелікке қарсы ақпараттық-ағарту жұмыстары кіреді. Халықпен ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу мақсаты – адамдар арасындағы өзінің денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру; АҚТҚ-ны жұқтыруға алып келетін іс-әрекеттерді азайту.

Ақпараттық-ағарту жұмыстарының адамдарға әсер етуі төмендегідей кезеңдерден тұрады:

  1. Әлеуметтік-психологиялық топтың ақпаратты қабылдау деңгейін ескере отырып, ЖҚТБ туралы және АҚТҚ-ның таралу жолдары туралы сапалы ақпараттар.

  2. Ақпараттарды білімге айналдыру, ақпараттандырудың тиімділігін бағалау мақсатында тексерулер жүргізу (кеңес, анкета, сұраунама немесе тест арқылы).

  3. Алынған білімді тәуекел іс-әрекеттерге қарсы пайдалануға, салауатты өмір салтын жүргізуге сендіру.

  4. Сендіру ЖҚТБ және Нашақорлықпен күресті жүргізуге тек қана Денсаулық қорғау органдары мен Мемлекет емес, сонымен қатар, адамның өзінің қауіпсіздігіне және денсаулығына деген жауапкершілігі де әсер етеді деген ойдың, мінез-құлықтың қалыптасуының негізі ретінде карастыру.

Ақпараттық-ағарту жұмыстарының негізгі принциптеріне:

  1. Жүйелілік. Мақсатты ақпараттардың кез-келген жерде адамның санасына жүйелі түрде әсер етуі.

  2. Жинақтылық. Бұған келесілерді жатқызамыз:

  • Түрлі формалар, әдістер мен оқу құралдарын қолдану;

  • Халықтың әлеуметтік мобильділігін қалыптастыруға қызығушылық білдіргендердің барлығына қатысу: әкімшілік, педагогтар, медицина қызметкерлері, психологтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әлеуметтік жұмыскерлер және т.б.

  1. Иерархия (жүргізу деңгейі):

  • индивидуалды деңгей (кеңес беру және т.б. формалары);

  • топтық деңгей (халықтың мақсатты тобымен жұмыс);

  • популяциялық деңгей (БАҚ арқылы ақпараттандыруға шақыру: радио, телевидение, газет-журналдар).

  1. Мақсаттылық, яғни, ақпараттық-ағарту жұмыстарының нақты бір халық тобына бағытталуы.

Мақсаттылық топтар жастық, әлеуметтік, кәсіби, мінез-құлық ерекшеліктеріне қарай анықталады.

Мақсаттық топқа келесілер жатады:

  • АҚТҚ-инфекциясын, наша қолданушылар мен басқа да әлеуметтік маңызды ауруларды профилактикалау бағадарламаларын бірге орындаушылар;

  • жұмыс орнында тәуекел факторларына ие тұлғалар;

  • ауруды жұқтыру мүмкіншілігі жоғары тұлғалар (жыныстық қатынастар қызметіндегі әйел адамдар мен олардың клиенттері, гомосексуалдар, нашақорлар және т.б.);

  • тұтқындар, әскери қызметкерлер, әскерге шақырылатындар т.с.с.;

  • АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдар мен ЖҚТБ науқастары.

  1. Айғақтылық және ғылыми негізділік: ақпарат шынайы болуы тиіс, және ақпаратты әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық ғылыми істерді жүргізу негізінде ұсыну қажет.

  2. Қолжетімділік және дифференцияланғандық, яғни мақсаттық топтағы адамдардың ерекшеліктерін ескере отырып, оларға берілетін ақпарат сол адамдарға тиесілі тілде жүруі керек.

  3. Уақыттылық.

Ақпараттық-ағарту жұмыстары көбінесе жастар мен жасөспірімдер арасында жүргізіледі. Ағарту жұмыстарын шағын аудиторияларда өткізген абзал және басқалардан бұрын қатысушылардың бұл мәселеге қатысты көзқарастарын анықтау мақсатында арнайы сұраунамалар өткізген жөн. Қорыта келе, ВИЧ-инфекциясының әлеуметтік маңызды, қауіпті екендігі жұқтырғаннан кейін 10 жыл ішінде өлімге міндетті түрде алып келетіндігі, отбасы мен қауымдастықтың бұзылу себептерінің бірі деп танылуы, мемлекеттің экономикалық өмір сүру деңгейін төмендетуімен анықталады. Сондықтан, әлеуметтік жұмыскерлер медициналық қызметкерлермен біріге отырып, АҚТҚ-ның таралуының алдын алу, клиенттерінің салауатты өмір салтын жүргізуіне себепкер болу және осының барлығына байланысты көптеген маңызы бар санитарлық, ағарту шараларын жүргізу қажет.