- •1.Денсаулық ұғымына анықтама беріп, оған әсер ететін негізгі факторларды анықтаңыз.
- •3.Денсаулық өмір сүру стилі ретінде мән-мазмұнын ашыңыз.
- •5.Әлеуметтік,экономикалық факторлардың денсаулыққа әсерін түсіндіріңіз.
- •6.Денсаулық сақтауды адами қоғамның әлеуметтік жүйесі ретінде сипаттаңыз.
- •7.Денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
- •8.Антикалық кезеңнен бастап хіх ғ. Дейінгі денсаулық сақтау жүесінің даму тарихын мазмұндаңыз.
- •10.Щвеция ауруханаларындағы әлеуметтік қызметкердің рөлін сипаттаңыз.
- •11.Қазақстандағы ауыспалы кезеңдегі халық денсаулығы мен денсаулық сақтаудың ерекшелігіне тоқталыңыз.
- •16) Психикалық ауру адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің ерекшелігіне тоқталыңыз.
- •17) Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қорғаудың негізгі бағыттары: құқықтар мен кепілдемелерді сипаттаңыз.
- •18) Германиядағы медициналық әлеуметтік қызметкерлердің функциясын, орнын анықтаңыз.
- •19) Мемлекетпен кепілденген әлеуметтік қызметтерді сипаттаңыз
- •21) Денсаулық сақтау мекемелері және олардың түрлерін ашып көрсетіңіз
- •22) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен даму кезеңдерін сипаттаңыз
- •23) Шетелдегі халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгілерін көрсетіңіз
- •24) Әлеуметтік жұмыстағы деонтологияның негізгі мазмұнын қарастырыңыз
- •26) Әлеуметтік-медициналық жұмыстың басты бағыттарын ашып көрсетіңіз
- •27) Нашаға бағынушылықпен айналысатын мекемелер, олардың негізгі қызметтерін анықтаңыз
- •28) Психикалық ауру адамдармен әлеуметтік жұмыстың мәселелеріне тоқталыңыз
- •29) Психикалық бұзылыстардағы реабилитациялық бағдарламалардағы іс-шаралардың ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
- •30) Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың технологиясының ерекшелігін қарастырыңыз.
- •31) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың мазмұнын ашыңыз.
- •32) Әлеуметтік технология түсінігі,оның денсаулық сақтау жүйесінде қолданылу ерекшелігі
- •33) Әлеуметтік жұмыс технологиясының негізгі түрлерін көрсетіңіз
- •34) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік технологиясын сипаттаңыз
- •35) Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың жаңа технолгиясының жалпы сипаттамасын көрсетіңіз
- •36)Шетелдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік қызметкерлердің міндеттерін ашып көрсетіңіз
- •37)Үлкен жастағы адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс жүргізудің спецификасына тоқталыңыз
- •38)Онкологиялық аурулардың психологиялық мәселелеріне тоқталыңыз.
- •39) Гериатриялық орталықтар,геропрофилактикалық орталықтардың қызметтерін ашып көрсетіңіз
- •40) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби мінез-құлқын сомдаңыз
- •42) 20Ғ.Басындағы медициналық мекемелердегі бірінші әлеуметтік жұмыскерлерді қарастырыңыз.
- •43) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі: қазіргі жағдайы,мәселелері,болашағына талдау жасаңыз.
- •45.Денсаулық сақтаудағы қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
- •46.Қарт және егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыстағы деонтологияның мән-мазмұнын көрсетіңіз.
- •47.Егде жастағы адамдармен жұмыстағы әлеуметтік-психологиялық біліктіліктің қажеттілігін анықтаңыз.
- •49.Денсаулық сақтау жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық құжаттарға талдау жасаңыз.
- •50.Әлеуметтік жұмыстың профессионалды қызмет түрі ретінде қалыптасуындағы мәселелер, денсаулық сақтау жүйесінде кадрларды дайындау мәселелеріне тоқталыңыз.
- •51.Дамыған мемлекеттердегі денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік қызметкерлердің ерекшеліктеріне(ақш,Швеция,Ұлыбритания) талдау жасаңыз.
- •52.Қарттар мен егде жастағы адамдарға қызмет көосететін әлеуметтік қызметкерлердің кәсібилігіне қойылатын талаптардың мән-мазмұнын ашыңыз.
- •53.Шетелдегі наркологиялық денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік жұмыстың ролі мен орнын ашып көрсетіңіз.
- •60.Психикалық бұзылыстардағы реабилитациялық бағдарламалардағы іс-шаралардың мазмұнына талдау ашыңыз.
42) 20Ғ.Басындағы медициналық мекемелердегі бірінші әлеуметтік жұмыскерлерді қарастырыңыз.
43) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі: қазіргі жағдайы,мәселелері,болашағына талдау жасаңыз.
Қазақстан Республикасында тәуелсiздiк жылдарында саланы реформалау қадамдары бiрнеше мәрте жасалды. Айталық, 1996-1998 жылдары денсаулық сақтау жүйесiне принциптi түрдегi жаңа екi элемент: сатып алушы мен сатушы қатынастарының және медициналық көмектiң көлемi мен сапасына байланысты сараланған еңбекақы төлемiнiң пайда болуына мүмкiндiк туғызатын денсаулық сақтауды қаржыландырудың бюджеттiк-сақтандыру моделi енгiзiлген болатын. 1999 жылдан бастап Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне сондай-ақ мемлекет меншiгiндегi және мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң басқару органдарына бағынышты амбулаториялық-емхана, аурухана ұйымдары, медициналық-санитариялық бөлiмдер, ана мен баланы қорғау, медициналық жедел жәрдем, сот-медициналық сараптама ұйымдары, диспансерлер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу, санитариялық-эпидемиологиялық, санаторий-курорттық, фармацевтикалық ұйымдар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерi және өзге де ұйымдар жатады.Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне, азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлдi орталық атқарушы органын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдары мен ұйымдары құратын емдеу-профилактикалық және фармацевтика ұйымдары енедi
Халыққа медициналық көмек ұйымдастыру
Азаматтарға ақысыз медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң қолайлығын және оны алуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң негiзiн:
— фельдшерлiк-акушерлiк пункт (дәрiгерге дейiнгi көмек);
— дәрiгерлiк амбулатория, емхана және учаскелiк аурухана (дәрiгерлiк көмек);
— аудандық орталық аурухана, диспансерлер (бiлiктi дәрiгерлiк көмек);
— облыстық аурухана, қалалық аурухана, диспансерлер, жедел медициналық жәрдем ауруханалары мен станциялары, республикалық орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының клиникалары (мамандандырылған дәрiгерлiк көмек) құрайды.
Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жай-күйі, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесiнiң дамуы соңғы онжылдықта оң үрдiстермен де, сол сияқты терiс үрдiстермен де сипатталды.Соңғы жылдары негiзгi медициналық көрсеткiштердi — тууды, өлiм-жiтiмдi, өмiр сүрудің орташа ұзақтығын тұрақтандыруға қол жеткiзiлдi. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендедi. Денсаулық сақтау саласында бiрқатар реформалар жүргiзiлді, олардың бір бөлiгi табысты iске асырылды, басқалары өзiнiң қисынды жалғасына жетпеді. Соңғыларына мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн құруды, отбасылық медицина моделiне көшуге әрекеттенудi жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтiк құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулi ұлғаюын оң өзгерiстер ретiнде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазiргi заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделi жөндеулер жүргiзуге және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне жаңа медициналық технологиялар енгiзуге мүмкiндiк туғызды. Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесiнде бiрқатар жұқпалы және басқа да ауруларға қатысты халық денсаулығының жай-күйінде оң үрдiстерге қол жеткізілді.Тұтастай алғанда қазақстандықтардың денсаулығы жай-күйiнiң қанағаттанғысыз болуына денсаулық сақтау жүйесiнiң алдын алудағы белсендiлiгiнiң әлсiздiгi, халық тарапынан өзiнiң денсаулығына жауапкершiлiктiң жеткiлiксiздiгi, денсаулық сақтау мәселелерiнде сектораралық өзара iс-қимылды тиiмсiз жүргiзу, сондай-ақ өтпелi кезеңнiң әлеуметтiк-экономикалық проблемалары себеп болды.Бүгiнгi таңда саланы дамытып отырған негiзгi бағдарламалық құжаттар оларды әзiрлеу сәтiндегi талаптарына барабар болған, алайда қазiргi уақытта олар экономикадағы, сол сияқты басқа да секторлардағы өзгерiстер қарқынынан кейiн қалып отыр. Осы құжаттарда белгiленген жекелеген iс-шаралар түпкілiктi нәтижеге бағдарланбаған, ал құрылымдық қайта құрулар, соның iшiнде қаржыландыру жүйесiн өзгерту үнемi дәйектi сипатқа ие бола бермейдi. Бүгiнгi күнi денсаулық сақтау жүйесiнiң жай-күйi қоғамды, мемлекеттi және саланың өзiн толық қанағаттандырады деп тұжырымдауға болмайды.Жинақталған проблемалар денсаулық сақтау саласын басқару қағидаттарын түбегейлі қайта қарауды талап етедi
44.ҚР-дағы азаматтардың денсаулығын қорғаудағы негізгі заңдарға талдау жасаңыз.
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Конституциясына, “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” Заңға, “Халық денсаулығы” атты мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Републикасы азаматтарының денсаулығын қорғау тұрғысындағы мемлекеттік саясат мына принциптерге негізделген: мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері көрсететін дәрігерлік-санитарлық, дәрігерлік-әлеуметтік, дәрі-дәрмектік көмектің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету; олардың орындалуын қадағалаудағы жауапкершілігі; денсаулығынан айырылғаназаматтардың әлеуметтік қорғалуы, кепілденген дәрігерлік жәрдем шеңберіне сәйкес дәрігерлік жәрдем алудың әлеуметтік әділеттігі және теңдігі.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 29 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулығын қорғауға құқығы бар және медициналық көмекті тегін алуға кепіл беруі ҚР Үкіметінің 27.01.2014 жылғы №29 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 15.12.2009 жылғы №2136 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысымен бекітілген.
Бұл кепілдің негізгі ұстанымын қамтамасыз ету адам құқығын сақтау және адамның денсаулығын қорғау саласында және осы мемлекеттік кепілдің құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады.
Олар:
- профилактикалық шаралардың басымдылығы;
- әлеуметтік көмектің медициналық ұстанымы;
- басқарушылық және мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігі, кәсіпкерлік, мекемелердің және жеке форумнан тәуелсіз ұйымдар, лауазымды тұлғалардың адамдардың денсаулығын қорғауға қамтамасыз ету.
Адамдардың денсаулық құқықтарын қорғау саласында денсаулық қорғау жүйесінде жұмысшылардың сонымен қатар заңгерлердің пікірлері әрдайым ескеріледі. Қазақстан Республикасы азаматтары денсаулық қорғауда ажыратылмайтын құқыққа ие. Қоршаған ортаны қорғау, еңбек шартына қолайлы жағдай жасау, демалыс, тұрмыс, азаматтарды оқыту және тәрбиелеу тамақ сапасын жүргізу, сонымен қатар халықты дәрігерлік әлеуметтік көмекке шақыру бұл денсаулық қорғаудағы маңызды бағыттар.
Қазақстан Республикасы азаматына кез келген қалыпта тең құқықтан айырғанда, түрлі ауруларда қорғалуға кепілдік беріледі, ал айыпты жақ заң алдында жауапты болады. Заңдар жоғарғы мемлекеттік билікте заң шығару органдарымен қабылданады, бекітіледі, қоғамдық қатынастарда жүргізілуі реттеледі. Тәртіппен денсаулық сақтау жүйесімен қалыптастырылады, денсаулықты қорғаудың негізгі заңдылығы қамтамасыз етіледі және халық денсаулығын бекітеді. Адамның құқықтық қатынаста реттелуі және мемлекеттік ортада барлық адамның денсаулығын қорғау жүйесінен кете алмайды. Түрлі қалалардың конституциясында медициналық көмектің айырмашылығы қаралады. 1948 жылы азаматтардың жалпы құқықтық Декларациясының халықаралық масштабы қабылданды.
Азаматтар денсаулығын қорғау өз кезегінде қоғамдық құқықтық реттеу маңыздылығы 1990 жылға дейін Қазақстанда заң шығарушылықпен шектелді. «КСРО-ның негізгі заң шығарушылығы немесе денсаулық сақтау жөніндегі одақтық республика Қаз КСР заңдары», «Денсаулық сақтау» негізінде қабылданды. Әдебиеттерде көбіне медициналық көмектің мамандандырылған адамның құқығын қорғау денсаулығын сақтау және қамтамасыз ету мәселелерін жариялау көзделген.
Құқықтарды зерттеу әлеуметтік маңызды жағынан ғана емес, сондай-ақ олардың заңгерлік негіздерінің байланысы бір-біріне иерархиялық әсер етуімен де сабақтас. Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады.
Себебі адам денсаулығы — оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі – жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек.
