Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап денсаулыққ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.69 Кб
Скачать

31) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың мазмұнын ашыңыз.

Халық денсаулығының жай-күйі қоғамның әлеуметтік бағдарлылығының ,мемелекеттің өз азаматтарының алдындағы жауапкершілік дәрежесін сипаттайтын әлеуметтік кепілдіктерінің интегралды көрсеткіші болып табылады.қазақстан мемлекеттік қалыптрасуы кезінде елеулі эканомикалық құлдырауға ұщырап ,әлеуметтік салада,соның ішінде кеңес уақытында құрылған және негізінен жұмыстың сандық көрсеткіштеріне бағдарланған медициналық ұйымдарды икемсіз жүйесінен тұратын денсаулық сақтау жүйесіндегі елеулі оңталандыру жүргізді.Соңғы жылдары Қазақстан едәуір эканомикалық өсуге қол жеткізді,осының нәтижесінде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулі өсті(соңғы үш жылда екі рет),сондай-ақ олардың одан әрі дамуының преспиктивалары жасалды.Әлеуметтік бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрі де саланың дамуына елеулі түрде кқңіл бөлуге ниеттенді.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша азамат денсаулығының тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты екендігіне қарамастан,мемлекеттік қоғамдық денсаулық сақату жөніндегі күш-жігері эканомикалық және әлеуметтік прогресске қарай өсе түсуге тиіс.Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның 2030 жылғы кезеңге дейінгі Даму стратегиясын,Президенттің “Бәсеге қабілетті Қазақстан үшін,бәсекеге қабілетті эканомика үшін,бәсекеге қабілетті халық үшін!” атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген.Бағдарламада ҚР-а қолжетімді,сапалы әлеуметтік бағдар ұстанған және эканомикалық тиімді денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталған қажетті эканомикалық,әлеуметтік,ұйымдастырушылық және басқа да шаралардың жиынтығын белгіленген.Денсаулық сақтаусаласында бірқатар реформалар жүргізілді,олардың бір бөлігі табысты іске асырылды,басқалары өзінің қисынды жалғасына жетпеді.Соңғыларына денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс мамандығының енгізілуін жатқызуға болады.Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыстың орын алғанына аздаған уақыт болса да,қазіргі кезде еліміздің бірнеше қалаларында тұрғындарға медициналық-алдын алушылық қызметкөрсететін емханаларда әлеуметтік қызметкерлер жұмыс атқарады.Қалалық емханаларда әлеуметтік қызметкерлерге арналып штат бөлінген.Әлеуметтңк қызметкерлер денсаулық сақтау министрлігінің “денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкердің қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқауды бекіту туралы” 2011 жылдың 20-шы желтоқсанындағы №907 бұйрығына сәйкес қызмет атқарады.Әлеуметтік қызметкер көрсететін арнайы әлеуметтік қызметтің түрі мен көлемі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен “Денсаулық сақтау саласындағы арнайы әлеуметтік қызметкерді көрсету стандартын бекіту туралы” 2009 жылдың 30 қазанындағы №630 бұйрыққа сәйкес ұсынылады.Арнай әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің іс-әрекеті аймақтық қағида бойынша жүзеге асырылады.Әр әлеуметтік қызметкер 4-5 аймақтық участкеге бекітілген.Бекітілген участкелеріндегі әлеуметтік жағдайлары нашар,жалғызбасты,мүгедек,өмір жолында дұрыс жолдан адасып,нашақорлыққа,маскүнемдікке салынған әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандармен тікелей қызмет етеді.Әлеуметтік қызметкерлердің негізгі мақсаттық обьектілері:әлеуметтік жағдайы нашар,аз қамтылған отбасылар,жұмыссыздар,70-тен асқан қарт кісілер және қарттығына байланысты өзіне қызмет көрсете алмайтын жалғызбасты қарт адамдар,психикалық ауытқулары бар,онкологиялық ауруларға ұшыраған науқастар,кәмелетке толмаған,жалғысбасты аналар,көп балалы отбасыла,девиантты жүріс-тұрыстағы балалармен жасөспірімдер,тұрмыстыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандар,алкоголизм және нашақорлыққа душар болған адамдар және мүмкіндігі шектеулі жандар.Әлеуметтік қызметкерлер тұрғындар ішінен бастарына түскен қиындықтары бар,жан күйзелісіне ұшыраған,әлеуметтік кері әсері бар нашар жағдайға душар болған жандарды анықтап,осы жағдайлардан шығуларына көмек көрсетуге ұмтылады.Оның негізгі тапсырмасы жоғарыда көрсетілген жайттарды туғызатын қоғам факторларын анықтау.Емханадағы әлеуметтік қызметкерлердің негізгі міндеттеріне:

-клиенттің мәселесін,қажеттіліктерін кешендік бағалау,қорғау мен тәуекел факторларының деңгейін зерттеу,әлеуметтік бағдарламаларды жоспарлау

-Медициналық қызметкерлермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп,науқастың әлеуметтік-медициналық қажеттілігін қанағаттандыру

-Салаутты өмір салтын насихаттау,отбасын жоспарлау бойыншаалдын алу жұмыстарын жүзеге асыру

-Халықты әлеуметтік маңызы бар аурулар түрімен ақпараттандыру

-Медициналық қызметкерлерді және қаралушыларды адам құқығын реттейтін нормативтік құжаттармен таныстыру

-Өз-өзіне көмек топтарын,клубтарын құру

-Әлеуметтік ұйымдар мен науқас арасында делдалдық қызмет атқару

-Қаралушылардың арнайы әлеуметтік қызметкерге қажеттілігін үйіне бақылап бару арқылы бағалау

Емханадағы әлеуметтік қызметтің маңызы өте зор.Еліміздің әрбір азаматының денсаулығының жақсы болуы,оның тек физиологиялық жағдайына ғана байланысты емес,сонымен қатар әлеуметтік-психологиялық жағдай ескерілуі қажет.Осы мәселені шешуде әлеуметтік қызметкер үлкен үлес қосады.