Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап денсаулыққ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.69 Кб
Скачать

24) Әлеуметтік жұмыстағы деонтологияның негізгі мазмұнын қарастырыңыз

Деонтология (гр. deon - қажеттілік және logos ілім; қажеттілік туралы ілім) - этиканың парыз, жалпы қажеттілік туралы (ізгілік талаптары білдіретіннің барлығы) қарастыратын бөлімі. Терминді алғаш Бентам жалпы ізгілік теориясын белгілеу ұшін қолданған.

Деонтология ұғымы сөздіктерде көптеген түсіндірмелерге ие: «Түпкі мағынасы бір, орыс тілінің қолданысына енген 25000 шетел сөзінің түсіндірме сөздігінде» деонтология «(грек тілінен deon, ontos – қажетті, logos - сөз) – мораль, адамгершілік туралы ғылым» - «Орыс тілінің құрамына енген шетел сөздер сөздігінде» деонтология «адамның міндеттері, құқықтары және адамгершілігі туралы ілім» ретінде түсіндіріледі;  - Н.Г. Комлева редакциясын басқарған «Шетел сөздерінің сөздігінде» деонтология «[грек тілінен deon (deontos) - парыз, + logos-ілім] – 1) этикалық теорияның бір тарауын құрайтын парыз жөніндегі ілім; 2) кәсіби міндетін атқару кезіндегі медицина қызметкерінің өзіндік мінез-құлық ұстанымдары мен әдеп қағидаларының жиынтығы (емделушілер мен дәрігерлерге қатысты)» ; - «Этика сөздігінде» деонтология «(грек тілінен deon – парыз және logos – ілім; парыз туралы ілім) – адамгершілік талаптарын ұйғарым түрінде көрсететін жалпы парыз мәселелерін қарастыратын әдеп бөлімі» . Деонтология терминін алғаш рет Бентам (1834) адамгершілік теориясын тұтас ілім ретінде көрсету үшін енгізген. Джереми (Иеремия) Бентам (Jeremy Bentham) – (1748-1832 жж.) философ, заңгер, экономист және Лондон университетінің негізін салушыларының бірі. Ғылымда утилитаризм (utilitas - пайдалы) теориясының бағытын құрастыруымен танымал, оның тұжырымдауынша − адамның әрбір іс-әрекеті басқа адамдарға пайда әкелуі тиіс. Негізгі ғылыми еңбегі «Деонтология не мораль туралы ғылым» деп аталады. И.Бентам өз тұжырымдамасын «деонтология» деп атады, бұл бағыт КСРО-да сонау 1917 жылғы революция кезінен бастап белгілі болды, «патша тәртібінің мұрасын» жоққа шығарып, жазалау қаупін төндіріп, үкімет әр ғылымның, оның ішінде медицинаның ең басты құрамдас бөлігі болып табылатын әдеп мәнін жоюға тырысып, тыйым салдыАлайда адамгершілік пен парыз туралы ілім ретінде деонтология пәні «аз көлемдіге» айналып, «деонтология» термині әдеп ілімінде қажетсіз болып шықты. Әдеп саласының мамандары сөздігінен осы терминнің жоғалуға шақ қалуы кездейсоқ емес. Дегенмен «деонтология» атты ерекше ғылым жойылмай, «құпия өмірін» жалғастырды. «Инкубациялық кезең» бірнеше онжылдыққа созылып, ақыр соңында «деонтология» медицинадан бастап спортқа дейінгі әлеуметтік тәжірибенің түрлі саласына бағытталған ғылымның маңызды бөлігіне айналды.  - педагогикалық деонтология – ұстаздың кәсіби парызына сәйкес мінез-құлқы туралы ғылым (К.М.Левитан, Г.М.Кертаева, Г.А.Қараханова, , А.Е.Күдерина, Д.Д.Есімова, Ү.А Ажигалиева және т.б.); - медициналық деонтология – медицина қызметкерлерінің көмек сұрап келген адамдарға қатысты құқылық, кәсібилік, моральдық міндеттері мен тәртіп ережелері туралы ілім (А.Ф.Билибин, Б.Е.Вотчал, Ф.П.Гааз, А.А.Грандо, Н.Н.Пирогов, И.С.Сук, Н.В.Эльштейн және т.б.); - психологиялық деонтология – «көмек ұсынушы - көмекті қабылдаушы» сияқты өзара әрекеттесудің, жәрдемдесуші мамандардың моральдық сенімділігін қамтамасыз ететін тұлғаның психологиялық тетіктерінің этикалық аспектілерін зерттейді . (М.А.Гулина, А.А.Крылов, И.В.Силуянова, А.И.Юрьев т.б.); - әлеуметтік деонтология – әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқы принциптерін және кәсіби-этикалық нормаларын зерттейді (Л.М.Анисимова, Н.Ю.Гурьевич, Л.П.Козыревская, Д.П.Котов, Г.П.Медведева, т.б.); - құқықтық деонтология – заңгердің кәсіби мінез-құлқы кодексі жөнінде жинақталған мағлұматтар жүйесін белгілейтін заң Сонымен осының бәрін саралай келе, біз деонтологияны «адам-адам» жүйесіне қызмет ететін мамандардың парызына адалдығы мен кәсібіне сәйкес саналы әдеп және құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешені жатады деп қорытамыз.

25) ҚР-дағы нашақорлық денсаулық сақтаудағы әлеуметтік мекемелердің жұмыс істеу спецификациясын көрсетіңіз.

Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр.Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді.Ұлыбритания,БельгияГрекияИрландияКанадаФранция және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу ИранҚытайСингапурАҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтары жөніндегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әзірленіп, маусым айында қабылдандыБүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр, бұл нәубеттің әрбір үйге, әрбір сыныпқа, әрбір отбасына енуі мүмкін – шұғыл қимылдау қажет. Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі жандардың өмірі. Солардың әр қайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беруіміз керек.Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған жерде бір де бір іс табысты аяқталмайды. Күш-жігерімізді біріктіріп, елдегі қоғамдық есірткі иммунитетін құруға бағыттауымыз керек. Ең бастысы–есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесе отырып, күресуіміз қажет