- •1.Денсаулық ұғымына анықтама беріп, оған әсер ететін негізгі факторларды анықтаңыз.
- •3.Денсаулық өмір сүру стилі ретінде мән-мазмұнын ашыңыз.
- •5.Әлеуметтік,экономикалық факторлардың денсаулыққа әсерін түсіндіріңіз.
- •6.Денсаулық сақтауды адами қоғамның әлеуметтік жүйесі ретінде сипаттаңыз.
- •7.Денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
- •8.Антикалық кезеңнен бастап хіх ғ. Дейінгі денсаулық сақтау жүесінің даму тарихын мазмұндаңыз.
- •10.Щвеция ауруханаларындағы әлеуметтік қызметкердің рөлін сипаттаңыз.
- •11.Қазақстандағы ауыспалы кезеңдегі халық денсаулығы мен денсаулық сақтаудың ерекшелігіне тоқталыңыз.
- •16) Психикалық ауру адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің ерекшелігіне тоқталыңыз.
- •17) Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қорғаудың негізгі бағыттары: құқықтар мен кепілдемелерді сипаттаңыз.
- •18) Германиядағы медициналық әлеуметтік қызметкерлердің функциясын, орнын анықтаңыз.
- •19) Мемлекетпен кепілденген әлеуметтік қызметтерді сипаттаңыз
- •21) Денсаулық сақтау мекемелері және олардың түрлерін ашып көрсетіңіз
- •22) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен даму кезеңдерін сипаттаңыз
- •23) Шетелдегі халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгілерін көрсетіңіз
- •24) Әлеуметтік жұмыстағы деонтологияның негізгі мазмұнын қарастырыңыз
- •26) Әлеуметтік-медициналық жұмыстың басты бағыттарын ашып көрсетіңіз
- •27) Нашаға бағынушылықпен айналысатын мекемелер, олардың негізгі қызметтерін анықтаңыз
- •28) Психикалық ауру адамдармен әлеуметтік жұмыстың мәселелеріне тоқталыңыз
- •29) Психикалық бұзылыстардағы реабилитациялық бағдарламалардағы іс-шаралардың ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
- •30) Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың технологиясының ерекшелігін қарастырыңыз.
- •31) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың мазмұнын ашыңыз.
- •32) Әлеуметтік технология түсінігі,оның денсаулық сақтау жүйесінде қолданылу ерекшелігі
- •33) Әлеуметтік жұмыс технологиясының негізгі түрлерін көрсетіңіз
- •34) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік технологиясын сипаттаңыз
- •35) Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың жаңа технолгиясының жалпы сипаттамасын көрсетіңіз
- •36)Шетелдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік қызметкерлердің міндеттерін ашып көрсетіңіз
- •37)Үлкен жастағы адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс жүргізудің спецификасына тоқталыңыз
- •38)Онкологиялық аурулардың психологиялық мәселелеріне тоқталыңыз.
- •39) Гериатриялық орталықтар,геропрофилактикалық орталықтардың қызметтерін ашып көрсетіңіз
- •40) Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби мінез-құлқын сомдаңыз
- •42) 20Ғ.Басындағы медициналық мекемелердегі бірінші әлеуметтік жұмыскерлерді қарастырыңыз.
- •43) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі: қазіргі жағдайы,мәселелері,болашағына талдау жасаңыз.
- •45.Денсаулық сақтаудағы қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
- •46.Қарт және егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыстағы деонтологияның мән-мазмұнын көрсетіңіз.
- •47.Егде жастағы адамдармен жұмыстағы әлеуметтік-психологиялық біліктіліктің қажеттілігін анықтаңыз.
- •49.Денсаулық сақтау жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық құжаттарға талдау жасаңыз.
- •50.Әлеуметтік жұмыстың профессионалды қызмет түрі ретінде қалыптасуындағы мәселелер, денсаулық сақтау жүйесінде кадрларды дайындау мәселелеріне тоқталыңыз.
- •51.Дамыған мемлекеттердегі денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік қызметкерлердің ерекшеліктеріне(ақш,Швеция,Ұлыбритания) талдау жасаңыз.
- •52.Қарттар мен егде жастағы адамдарға қызмет көосететін әлеуметтік қызметкерлердің кәсібилігіне қойылатын талаптардың мән-мазмұнын ашыңыз.
- •53.Шетелдегі наркологиялық денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік жұмыстың ролі мен орнын ашып көрсетіңіз.
- •60.Психикалық бұзылыстардағы реабилитациялық бағдарламалардағы іс-шаралардың мазмұнына талдау ашыңыз.
1.Денсаулық ұғымына анықтама беріп, оған әсер ететін негізгі факторларды анықтаңыз.
Денсаулық дегеніміз- ағзада аурудың немесе физикалық кемістіктің жоқ болуы ғана емес,ол табиғи, рухани және әлеуметтік аман-есендік болып табылады. Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы. Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды.
Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оны организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды. Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.
Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар.
Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бөлінеді.::1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс - тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі.Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді. «Артык салмақ - аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау - адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Балаларды сундетке отырғызу - терінің таза болуына септігін тигізеді. Намаз оку - тазалықты сақтап, буын қозғалыстарының белсенділігін арттырады. Әрбір адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Ұзақ өмір сүрудің негізгі шарты - денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек.
2.Денсаулық адамның әлеуметтік өмірінің құндылығы мен негізі ретінде мазмұнын ашыңыз.Денсаулық - адам өмірінің басты кепілі. Әрбір дені сау адам қоғамның басты байлығы. Жеке адамдардың денсаулығынан қоғамның денсаулығы қалыптасады. Денсаулық адамның негізгі көрсеткіші болып саналады. «Денсаулық - зор байлық», «Дені саудың - жаны сау», «Халқың сырқат болса, қабырғаң сөгіледі» деген халықтық даналық сөздерде үлкен мән бар.Әрбір адам өз денсаулығын сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстануы қажет. «Қазақстан - 2030» бағдарламасында салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары нақты атап көрсетілген. Елімізде 1997 жылы «Азаматтардын денсаулығын сактау туралы» арнайы заң қабылданған.Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектептерде арнайы «Салауаттану» пәні оқытылады.Денсаулық дегеніміз біріншіден - аурудын немесе дене кемістігінің болмауы. Екіншіден - адамның денесінің, рухани жан дүниесінің қалыпты жағдайы, өміріне қажетті әлеуметтік жағдайлардың болуы. Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет. Еліміздегі экономикалық жағдайдың өзгеріп нарықтық қатынастардың дамуы, қоғамның әлеуметтік тұрғыда жіктеле бастауы ол мүмкіншіліктердің бірдей болмауы және осы теңсіздіктің балалардың тұлға болып қалыптасуына да өз ықпалын тигізетіні анық. Ал бұл кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың көбеюіне әкеліп соғады. Есірткі құмарлық жасарып келеді. Бұл – дабыл соғарлық жағдай. Бүгін Республикамыздағы тұрақты есірткі құмарлардың 2/3 бөлігін жасөспірімдер мен 25-30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Балаларда да есірткіні тұтынатын жағдайларда болады. Мамандардың айтуынша есірткіні татып көрген немесе оқтын-оқтын тұтынған адамдардың жартысынан астамы 13-17 жаста жасаған. Есірткі құмарлықтың үдеп бара жатқаны қылмыстық ахуалдың күрт нашарлауына тікелей әсер ететіні анық. Сондықтан жастарды улап, халықтың болашағына қатер төндіріп жатқан бұл дертке аяусыз күрес ең бірінші өзіміз, отбасымыз және мектепте басталуы қажет. Еліміздің ертеңгі тізгіні жастар қасында мемлекетіміздің алдына қойып отырғаны елулікке ену стратегиясы жүзеге асу үшін жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз елімізді елулік қатарынан көре аламыз. Сол үшін өз денсаулығымызды өзіміз күтуіміз қажет. ӘЛЕУМЕТТІК ДЕНСАУЛЫҚ - бұл ең алдымен өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіну, қоғамда және қоғам өмірінде өз жетістіктерін сезіну. Мұнда өндірістік қатынас пен профессионалды сапаның орны айқын. Маңызды және материалды жағы - қандай адам болса да, қажеттіліктермен қамтамасыз етілуі (яғни, оның жұмыс істеуі, шеберлігі мен тәртібі).
