Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КІРІСПЕ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39 Кб
Скачать
☆

1.2 Жер бедері

Негізгі учаске территориясының рельефін 4 ауданға бөлуге болады.

  1. Қаратау және үлкен бұрылтау жоталарының тау етегі және аласа тауларының қыраттары

  2. Тау етегі жазықтығы

  3. Аңғар тәрізді төмен жерлер

  4. Көл тәріздес ойыстар

Қаратау және Үлкенбұрылтаудың аласа таулы ауданы учаскенің батыс және солтүстік- батыс бөлігінде шамалы ауданды алып жатыр. Жер бетінің абсолюттік биіктік белгілері 800-900м. Тау етегі жазықтығы шарулықтың солтүстік- батыс бөлігін алып жатыр және оңтүстік- шығысқа көлбеулі бағытталған тегіс жазықтан тұрады.Тау етегі жазықтығы ақырындап, аңғар тәрізді ойысқа өтеді. Олар қырлы- төбешікті сипатта, жоталары жазыққа келген қыр- төбелер аңғар тәрізді ойыстар мен көл тәріздес төмен жерлермен кезектесіп отырады. Тау етегі жазықтығының бетінің жалпы еңістігі солтүстікке, солтүстік- батысқа қарай жердің абсолюттік биіктік белгілері 670-тан 700м аралығында ауытқиды. Бүкіл тауетегі жазықтығының территориясы негізінен ауылшаруашылығы дақылдары егістігі үшін пайдаланады.Аңғар тәрізді ойыстардың рельефі – тегіс шамалы қырлы-ойлы. Бұл ойыстар өзендер мен бұлақ арналарымен қиылысады, немесе олардың ішінде мейлінше тереңдетілген көк тәрізді ойыстар бар. Біршеше осындай ойыстар жазықты болып келеді және егістік егілген, сайлы-қырлы болып келген басқа да ойыстар шаруашылықта жайылым және шабындық ретінде пайдаланылады. Бірқатар батпақты ойыстар да қамыс құрағы өскен. Шаруашылықтың орталық бөлігінде – таскөл және ащыкөл сынды тұзды көлдер әлі де сақталған. Егістік танаптарындағы қараттардың көлбеулігі 1-30-тан аспайды. Негізгі бөліктің оңтүстік –батыс бөлігіндегі орналасқан богара егістік массивінде ғана, кей жерлерде қыраттардың көлбеулігі 90-тан аспайды. Осы егістіктерді пайдалану кезінде эрозияға қарсы шаралар жүргізу қажет.

1.3 Топырағы

Топырақ түзілудің, рельефтің, топырақ түзетін және табанында жататын топырақтың, грунт сулары жату тереңдігінің салыстырмалы әртүрлі жағдайына байланысты- топырақ түрінің әртүрлі болуына негіз болады.

Шаруашылық аумағында кеңінен тарағаны- тастылығы және механикалық құрамы дәрежесі жағынан туындалатын кәдімгі сұр тоырақ. Грунт сулары ұзақ тұратын орындарда шалғынды сұр және сұр-шалғынды топырақ түзілген.

Кәдімгі сұр-топырақ тау етегі жазықтығында, қараттардың төменгі бөліктерінде, өзеннің аңғарының жоғары терасаларында қалыптасқан. Қарашірікті жиектің қалыңдығы 30-50см. Топырақтағы қарашірік құрамы 1-3%. Барлық кәдімгі топырақтар кәдімгі топырақтар – карбонатты, тұзданбаған. Кәдімгі сұр топырақ егістікке жарамды топырақ болып табылады және багарлы және суармалы егіншілікте пайдаланылады. Шалғынды сұр топырақ, шамалы грунттық ылғандану жағдайындағы аңғар тәрізді ойыстарда тау етегі жазықтығы бойынша тараған. Кей жерлерде тұздалған, қарашірік құрамы 4,5-5,5% дейін. Брлық дерлік шалғынды – сұр топырақ суармалы егіншілікке пайдаланылады.

Шалғынды топырақтар аңғар тәрізді және көл кейіпті ойыстарда кеңінен тараған. Қарашірік жиегінің қалыңдығы 40-50см, ондағы қарашіріктің құрамы 1,2-2,2%. Бұл пайдалы егістік жерлері, суармалы егіншілікте пайдаланылады. Шалғынды топырақты тұзданған тәлімдер, малға азық ретінде падаланылады.

Негізгі бөліктің барлық топырақ түрлері механикалық құрамы жағынан сазды және саздақты, құрамында шаң-тозаңды және лайлы бөлшектердің көптігімен сипатталады және суару кезінде лайлануға тез ұрынады, құрғағанда кесек-кесек блып қалады, сондықтан суару кезінде кесек топырақтарды қопсыту және ұсату шараларын жүргізу қажет. Тәлімнің оңтүстік – батыс бөлігінде кей жерлері су эрозиясына ұрынған және эрозияға қарсы шараларды қажет ететін егістік массиві орналасқан.

1.4 ӨСІМДІГІ

Негізгі тәлім аумағы тау етегіндегі шөлейтті- далалық аймақты орналасқан.

Жалпы алғанда өсімдік қабаты шөлейтті болып келеді: біржылдық, екіжылдық және ксерофитті жартылай бұталар басым. Қаратау және Үлкенбұрылтаудың аласа таулары мен тау бөктері шаруашылықтың оңтүстік- батыс және солтүстік бөліктерінде эфермерлер (қалтық) мен ксерофитті көпжылдық шөптер: тар түйірлі жусан, сасық шөп басым.

Тәлімнің негізгі бөлігін алып жатқан көлбеулі тау етегі жазықтығында эфемерлі (қылтықты), жусанды – эфемерлі (ерте және күзгі жусан), егістік арасында шамалы тәлім ретінде кездесетін жайылым түрлері кездеседі.

Аңғар тәрізді ойыстарда, саздарда жыртылған жерлерде шамалы тәлімдер және жолақ ретінде әртүрлі ажырық іспеттес шөптер түрінде шалғынды топтамалар тараған. Бұл барлық шөп түрлері негізінен шабындық ретінде, кем дегенде- жайылым ретінде пайдаланылады.

Жалпы алғанда, шаруашылық аумағы үшін эфемерлі және арам шөп өсімдіктерінің аса көп болуы. 60-жылдары жүргізілген геоботаникалық зерттеулердің материалдарының деректері бойынша жусанды топтағы шөптердің аса көп мөлшерде болып, бұрын осы аумақтың өсімдік қабатының негізіг құрағынын көрсетеді.

1989 жылғы геоботаникалық зерттеулер негізі бойынша бір гектардағы құрғақ массидан алынатын орташа өнімділік 2,5- тен 3,9ц аралығында ауытқиды. Өнімділік жағынан жайылым сапасы негізінен нашар. Қоректілігі жағынан азық жақсы және орташа сапалы. Негізгі тәлімдегі жайылымдар бүткіл көктемгі –жазғы-күзгі кезең аралығында қой, жылқы, ірі қараны көп мөлшерде жоюға пайдаланылады, соның нәтижесінде шөп түрлерінен құнды көпжылдық дәнділер жоғалып, жабайы сортаңды және жусанды шөптер орын алады. Сондықтан жайылымдағы малды азайту керек. Мойынқұм тәліміндегі жоталы-төбелі құмдар жусанды- дәнді өсімдіктерден (жусан, метлин, осочка) мен гектарынан 3-4ц құрғақ масса алынатын өнімділіктегі бұталардан тұрады. Құмдағы жайылымдар күз-қыс- көктем мезгілінде қой және жылқы жоюға жарамды.