 
        
        КІРІСПЕ
Экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрғыдан жаңарудың басым бағыттары мен міндеттері елбасы жолдауында айқын көрсетілген: Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуі, тұрақты даму қарқынын сақтай отырып, Қазақстанның экономикасын әртараптандыру; Қазақстанның демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету; азаматтық қоғамның елдің әлеуметтік- экономикалық жағдайына сайма – сай дамуын, адам құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету; ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Осы тұрғыдан алғанда, Елбасы еліміздің экономикасын дамытудағы жер ресурстарын атап көрсете келе, жерді, табиғи байлықтарды және ондағы жылжымайтын мүліктермен қоса алғанда экономиканы ұстап тұрған киттердің біріне теңеген болатын.
Жалпы жер ресурстары бүкіл тіршіліктің негізі болып табылатындықтан жерді әр түрлі мақсатта пайдалану, одан экономикалық пайда қарату мәселесімен елімізде бірқатар мемлекеттік органдар мен басқа да түрлі меншік формасындағы құрылымдар шұғылданады. Соның ішінде, жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, жер қатынастарын жетілдіру, жаңа жер заңнамасын құру мәселелері Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігінің құзырында. Аталған мәселелер, еліміздің экономикалық ахуалын жетілдіру жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.
Соңғы жылдардағы жер ресурстарын басқару саласындағы кейбір жетістіктерге тоқталар болсақ, жер телімдерін нарық заңдылықтарына сәйкес пайдалануды қамтамасыз етіп, оған жүйелі негіз беретін жер кадастры құрылды. Жерге қатысты сапалық есептеу тетіктері, жерді ипотекалық несие алу үшін кепіл ретінде ұсыну мәселесі шешілді.
Бұл жағдай жерді орасан үлкен байлық көзі ретінде қалыптастырып, оны инвестиция салудың негізгі нысандарының біріне айналдырып, экономикалық қуатымызға қуат қосты.
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігіне алда Президент Жолдауынан туындайтын біраз жұмыстарды атқару қажет. Солардың бірі, Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына сәйкес орындалады.
Елімде жер ресурстары әлуетін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін жерді бағалау мен түгендеуге байланысты жұмыстар жүргізілетін болады. Сонымен қатар, ауылдық аймақтарды жобалау мен ұйымдастыру, мемлекеттік жер кадастры мен оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу және жетілдіру қажет .
Жер кадастрлық жұмыстарды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етудің, мемлекеттік жер кадастры, геодезия мен картографияның автоматтандырылған ақпараттар жүйесін қалыптастырудың маңызы арта бермек. Сондықтан бұл мәселелерге басты назар аударғанымыз жөн.
1. Шаруашылық туралы жалпы мәлімет
«Талас» ӨК, Жамбыл ауданындағы 1948 жылы бірнеше шағын ұжымдар негізінде ұйымдастырылған.
Бекітілген мамандану бойынша шарушылықтың нігізгі өндірістік бағыты- қант қызылшасын өсіру, ал іс жүзінде–сүтті, етті мал шаруашылығы. Шарушылықта бір елді-мекен Ойық ауылы бар, ол облыс орталығы Тараз қаласынан 20км- де, аудан орталығы Аса ауылынан 40 км- де орналасқан. Негізгі көлік торабы ретінде Алматы-Ташкент республика аралық маңыздығы автомагистраль жатады.
Ауылшаруашылығы өнімдерін өткізу және тауарларды алу Тараз қаласы, Аса және шөлдала станциялары арқылы іске асады. Шаруашылық мемлекеттік электр желісі арқылы электрленген.
1970 жылы «Казгипрозем» Жамбыл филиалы институтының мамандар тобы4мен шаруалық жерінің танаптық зерттеулері жүргізілген болатын және жобаны жасау кезінде төмендегі материалдар пайдаланады:
1980 жылы «Казгипрозем» Жамбыл филиалы институты мамандарымен шаруашылық ішіндегі жергеорналастыру жобасын қарастыру бойынша жұмыстар басталды. Суарылатын жерлердің үйлесімсіздігі және тұзданған әрі сортаңды жерлерге топырақтық–мелиоративтік зерттеу материалдарының жоқтығынан жоба қозғалмай қалды. Осыдан кейін шаруашылыққа әртүрлі себептерге байланысты жергеорналастыру жұмыстары жүргізілмеді.
1980 жылы Алматы кешендік ізденіс бөлімімен егістік жерлеріне топырақтық- мелиоративтік зерттеулер жүргізілді.
1990 жылы «Казгипрозем» Жамбыл филиалы институты мамандарымен суармалы жерлердің инвентаризациясы жүргізілді, соның нәтижесінде сумен қамтылмайтын 1255 га жер анықталды.
Із жүзінде жоғарыда тізімі келтірілген барлық материалдар толық көлемде падаланылды, тек жерге орналастыру сұлбасының басқасы, себебі суармалы жерлерге жасалған инвентаризация көптеген өзгерістерге ұшырады. Жобамаен, «Казграждансельпроект» инстутымен жасалған ауыл орталығын абаттандырудың 1981 жылғы бас жоспары ескерілмеген, ал қазіргі таңға елді мекеннің жобаланатын шекарасы осы кездегісімен тура келеді.
1.1 Табиғи климаттық жағдайы
Агроклиматтық аудандастыру жағынан, негізгі тәлімнің (участок) аумағы тау етегіндегі шөлейтті далалық құрғақ ыссы ауданға жатады. Шаруашылықтың климаттық жағдайлары Тараз метеостанциясы деректерімен сипатталады. Климаттық жағдайның ерекшелігі-күрт өзгермелі, салыстырмалы суық, қары аз желді қысы мен құрғақ ыстық жазы бар, күн мен түнде, қысы-жазы бойы ауа температурасы күрт аутқиды, қыс мезгілінен жазға тез алмасады, жаз мезгілінен қысқа ақырындап (ұзаққа созылған күзімен) ауысады.
Температуралық режимі күн радиациясымен тура байланысты. Ең ыстық айы – шілде (көпжылдық деректер бойынша орташа айлық температура +23,80 С). Ең суық ай – қаңтар – орташа айлық температурасы-5,70 С. Қыс кезеңінде ашық күндер көп болады.орташа қалыңдығы 30-40см тұрақты қар қабаты (кейбір жылдары- 10см) желтоқсан айының орта бөлігінде пайда болады. Топырақ 27см тереңдікке дейін тоңданады. Қар қабатының кетуі науырыздың ортасына келеді. Көктем термикалық тұрақсыздығымен сипатталады. Көбіне, ауа температурасының күртөсуі байқалады, кейде ауаның 00 –қа және одан да төменге түсуге болып тұрады. Жылдың бұл кезеңі үшін ауа-райының қолайсыз құбылыстары – сәуірдің екінші және мамырдың бірінші онкүндігіне келетін таңғы аязды күндер (заморозки) сипатты.Ауаның орташа тәуліктік температурасының +60 С арқылы өтуі наурыз соңына, ал +180 С арқылы өтуі – сәірдің басына келеді. Жазы құрғақ, жиі ыстық жел тұрады. Жел мен боран қатты тұратын күндер саны орташа саны – 54. күз салыстырмалы ұзақ және жылы. Ауаның орташа температурасының +100 С арқылы өтуі- сәуірдің басына келеді. Жазы құрғақ, жиі ыстық жел тұрады. Жел мен боран қатты тұратын күндер саны орташа саны -54. Күз салыстырмалы ұзақ және жылы. Ауаның орташа температурасының +100 С арқылы өтуі қазанға бірінші жартысында, кейде одан да кеш аяқталады. Орташа айлық температураның +60 С арқылы өтуі қазанның соңында байқалады. Алғашқы аяз түсу қыркүйектің үшінші онкүндігі мен қазанның алғашқы онкүндігінде жүреді.Жыл ішіндегі атмосфералық жауын-шашын мөлшері 324мм (орташа көпжылдық) құарйды. Бірақ жауын-шашын аса тұрақсыздығымен ерекшеленеді, кейбір жылдары оның мөлшері қатты ауытқулыққа ұшырайды.Қой малы үшін жайылым кезеңі 280күнге, ірі мүйізді қара үшін – 160 күнге созылады. Мойынқұм құмдарында орналасқан учаскенің климаттық жағдайлары, ауа температурасының қатты өзгеруімен және жаын-шашынның климаты – қарқынды егіншілікті тек суару жағдайында ғана жүргізуге мүмкіндік береді, ал тәлімді жерлерде тек дәнді дақылдар өсіруге мүмкіндік бар.
