- •50. Мемлекттік мұрағаттардағы есепке алу құжаттарын анықтаңыз
- •51. Ұмқ құжаттарының ғылыми анықтамалық аппарат жүйесін сараптаңыз
- •52. Мұрағат тізбектерінің ерекшелігін ашып көрсетіңіз
- •53. Тарихи анықтамаға сипаттама беріңіз
- •54. Мұрағат каталогтарына анықтама беріңіз
- •55. Жөнсілтеушіні құрастыру тәсілдерін көрсетіңіз
- •56. Мемлекеттік мұрағаттардағы ғаа жүйесінің принциптерін көрсетіңіз
51. Ұмқ құжаттарының ғылыми анықтамалық аппарат жүйесін сараптаңыз
Мұрағат пайдаланушыға мұрағаттық құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппаратты (анықтамалық-іздестіру құралы) (әрі қарай – ҒАА) (мұрағаттық құжаттарды және ондағы ақпараттарды іздеуге бағытталған, мұрағаттық анықтамаларда көрсетілген, мұрағаттық құжаттар сипатының жиынтығы) пайдалануға мүмкіндік жасайды. 320. Мұрағаттық құжаттардың құрамы мен мазмұны туралы (мұрағаттың ҒАА-ы жүйесі) өзара байланысты және өзара бірін-бірі толықтыратын бірыңғай ғылыми-әдістемелік негіздегі мұрағаттық құжаттар жиынтығына міндетті түрде мұрағатта жүргізу үшін мұрағаттық анықтамалар (істер, құжаттар тізімдемесі; жөнсілтерлер; жүйелік каталог) және қосымша мұрағаттық анықтамалар (көрсеткіштер; шолулар) кіреді. 321. ҒАА жүйесін жасау және дамыту кезінде саралау тәсілі қолданылады, ол мақсатқа лайық мұрағаттық анықтамалар құрамын және деректер базасын таңдауды, сипатты құру мен жетілдірудің белгілі әдістемесін таңдауды, анықтамалық аппараттың құрамын және анықтамалармен толықтыруды, ақпараттық маңыздылығына байланысты қормен жұмыс істеудің кезектілігін белгілеуді, олардың құжаттарының сипатын, олардың ғылыми-анықтамалық аппаратының құрамы мен жай-күйін, практикалық сұранысын қамтиды. 322. Мұрағатта қағаз тасығышта және/немесе автоматтандырылған режимде ҒАА жүйесінің жағдайына талдау жасау және есепке алу жұмыстары жүргізіледі (ҒАА жағдайын есепке алу журналы, картотека). 323. Мұрағаттық құжаттарды сипаттау (мұрағаттық анықтамаларға ақпараттар жасау) үш деңгейде жүргізіледі: 1) мұрағаттық қор; 2) сақтау бірліктері/есепке алу бірліктері; 3) мұрағаттық қор. 324. Керек болған жағдайда сипаттау мұрағаттық қор тобымен, сақтау бірліктері/есепке алу бірліктері тобымен, жинақтармен, мұрағаттық құжаттар тобымен, мұрағаттық құжаттардың бөлігімен жүргізіледі. 325. Мұрағаттық анықтаманың негізі сипаттау мақаласы болып табылады және онда төмендегі міндетті мәліметтер көрсетіледі: 1) ақпаратты сәйкестендіруші (мұрағат қорының, сақтау бірліктерінің/есепке алу бірліктерінің, мұрағаттық құжаттардың атаулары мен анықтамалық мәліметтері); 2) ақпараттың мазмұны мен құрамы туралы; 3) ақпаратқа қол жеткізу шарттары және оны пайдалану шарттары туралы; 4) мұрағаттық қордың тарихы туралы (мұрағаттық қордың деңгейі үшін). 326. Қажет болған жағдайда сипаттау мақаласына түпнұсқаның орны туралы; басқа мұрағат қоры құрамында қор құрушының мұрағаттық құжаттарының болуы және оларды сақтау орны туралы, библиография және тағы басқа қосымша мәлімет енгізіледі
52. Мұрағат тізбектерінің ерекшелігін ашып көрсетіңіз
Құжаттардың құндылығын сараптауды атқару барысында мұрағат сақтау мерзімі көрсетілген тұрпаттық және ведомстволық (салалық) құжаттар тізбесін басшылыққа алады. Аталған тізбеге кірмейтін жекелеген құжаттардың сақтау мерзімі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. Тұрақты сақталатын құжаттардың істер тізімдемесі, құжаттары (немесе олардың жылдық бөліктері) бекітілгеннен кейін нақты құжаттарды Ұлттық мұрағат қорының құрамына енгізу туралы шешімді Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының, Қазақстан Республикасының Президенті мұрағатының, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік мұрағаттарының, арнайы мемлекеттік мұрағаттарының және жергілікті басқару органдарының СТК қабылдайды. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (қаланың) мұрағаты осы Қағидалардың 1-9-қосымшаларына сәйкес толықтыру көздерінің қызметі барысында пайда болған тұрақты сақталатын істердің тізімдемелерін, құжаттарды (немесе олардың жылдық бөліктерін) қарап шығады және оны жергілікті басқару органының СТК бекітуіне дайындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаттары және арнайы мемлекеттік мұрағаттар мұндай тізімдемелерді өздері бекітеді. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның мұрағаты жеке құрам бойынша істер тізімдемесін осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес, түзетуге келмейтін зақымданған құжаттар туралы актілерді осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес, бар болған жағдайда сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерді осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы органның СТК-ның келісуіне дайындайды
