Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС экз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243.9 Кб
Скачать
  1. Сызықтарды бағдарлау. Азимуттар (нақты, магниттік), дирекциондық бұрыштар, румбтар. Оларды топографиялық карта бетінен анықтау тәсілдері

Геодезиялық барлау жұмыстарын атқарған кезеңде көбіне жүру маршрутын, яғни жер бетіндегі түсіру жұмыстарының бағытын бағдарлауға тура келеді. Жердегі сызықты бағдарлау дегеніміз, оның бағытын бастапқы бағыт арқылы табу. Геодезияда бастапқы бағыт ретінде меридиан пайдаланылады. Сызықтың бағытын анықтайтын бұрыштар ретінде шын азимуттар, магниттік азимуттар және дирекциондық бұрыштар қызмет етеді. Осы бұрыштар бастапқы бағыттан бастап сағат тілінің бағыты бойымен 0градустан 360градусқа дейін өлшенеді. Шын азимут деп, сағат тілінің бағыты бойымен бастапқы меридианның солт.бағытынан осы белгілі бір алынған бағытқа дейінгі есептелетін горизонталь бұрышты атайды. Қандай да бір АВ сызығының А нүктесінде анықталған азимут тура азимут деп, ал В нүктесінде анықталған азимут кері азимут д.а. тура және кері азимуттар арасындағы байланыс мына формулалармен өрнектеледі А=A+180+γ. Мұндағы γмеридиандардың жақындасуы, яғни иеридиан абцисса осіне немесе остік меридианға параллель сызық арасында берілген нүктедегі бұрыш. Бұл бұрыштың мәні берілген нүктедегі әр зонаның осьтік меридианнан қашықтауына байланысты болады, әрі 0градустан 3градусқа дейін ауытқуы мүмкін. сызықты азимут бойынша бағдарлау кезінде меридиандар жақындасуын есепке алу қажеттілігі даладағы өлшеулерді өңдеуді қиындатады, сондықтан азимуттар көбінесе жоғары геодезияда қолданылады. магниттік азимут деп, сағат тілінің бағыты бойымен магниттік меридианның солт.бағытынан белгілі бір алынған бағытқа дейін есептелетін горизонталь бұрышты атайды. Магниттік азимуттар компаспен немесе буссроьмен өлшенеді. Жер бетінің әрбір нүктесінде магниттік бұрылудың шамасы әр түрлі және 500жылға жуық кезең ішінде магнит тілі өзінің орнынан шамамен 22,5градусқа екі жаққа ауытқиды. Демек, сызықты меридиан бойынша бағдарлау тек қана жер бетінің шағын учаскелерінің пландарын жасаған кезде ғана қолданылады. карталар мен пландарды координаталардың зоналық жүйесінде жасаумен байланысты, геодезияда дирекциондық бұрыш жиі қолданылады. дирекциондық бұрыш дегеніміз осьтік меридианның солт.баңытынан немесе абсцисса осінің оң бағыты бойымен осы бағытқа дейін есептелетін горизонталь бүрыш екендігі шығады.

  1. Теодолиттік түсіріс. Теодолиттік түсірістегі далалық жұмыстар

Белгілі бір жер территориясының жай жапсарын 1:500-1:5000 масштабтағы пландарда жер бедерінсіз кескіндеу үшін жүргізілетін горизонталь түсіріс теодолиттік түсіріс д.а. осы жұмыстарда бұрыш өлщеу аспабы ретінде теодолит қолданылады, ал ара қашықтықты өлшеу ленталар және оптикалық қашықтық өлшеуіштер пайдаланылады. Теодолиттік түсіріс геологиялық барлауда, тау кен ісінде, ауыл шаруашылығында, құрылыста т.с.с.пайдаланылатын мәліметтерді алу үшін жүргізіледі. Теодолиттік түсіріс үшін тірек жүйесі әдетте теодолиттік жүрістер жүйесі түрінде құрылады да, олардың нүктелерінен ситуацияны түсіре отырып, қажетті нүктелердің орнын полярлық әдіспен, перпендикуляр және жарма әдістерімен, сонымен қатар әр түрлі бұрыштық және ұзындық қиыстырулар көмегімен анықтайды. Теодолиттік түсіріс дайындық, далалық және ғылыми өңдеу жұмыстарынан тұрады. Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай жапсарын кескіндеудің қажетті дәлдігіне сүйеніп, түсірістің масштабын таңдайды да, қолдағы бар картографиялық материалдарды мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялықтірек жүйесінің пункттері болса, онда олардың орналасқан жерінің схемесын жасап, каталогтан координаталарын жазып алады. Далалық жұмыстардың құрамына мынадай жұмыстар енеді:

  • Жергілікті жерді рекогносцировкалау және пункттерді бекіту;

  • Түсірістің пландық негіздеуін жасаған кезде бұрыштарды және сызықтардың қзындығын өлшеу;

  • Жергілікті жердің контурын түсіру;

  • Түсіріс негіздеуінің пункттерін мем.немесе жергілікті жүйе пункттеріне байланыстыру.

Теодолиттік жүрістер тұйықталған, тұйықталмаған және біржағы байланыстырылған болуы мүмкін. тұйықталған теодолиттік жүріс, әдетте, геодезиялық негіздеудің пунктіне байланысқан тұйық көпбұрыш түрінде болады. тұйықталмаған жүрістер басы мен аяғында геодезиялық негіздеудің координаталары белгілі пункттеріне тірелуі тиіс. Бір шеті геодезиялық негіздеудің пунктіне байланыстырылып, ал екінші шеті еркін қалса бұл жүріс бір жағы байланыстырылған жүріс д.а. теодолиттік жүрістерді жүргізу кезінде мына жұмыстар істеледі:

  • Теодолиттік жүрістердің бұрылу нүктелерін қазықшамен, шегемен, үлкен шегемен, металл трубалармен және бағаналармен бекітеді, олардың жанындағы белгілерде нүкте нөмерлері, жұмысты жүргізіп отырған мекеме аты орындаған жылы көрсетіледі;

  • Бұрыштарды T15 ,T30 ,2T30 және т.б.техникалық теодолиттердің көмегімен бір толық тәсілдер жолымен 30”дәлдікпен өлшейді. Теодолитті орнату нүктесінің үстіне дәлдігі (5-10)мм қателікпен центрлейді.

  • Сызықтың ұзындықтарын 20метрлік өлшеуіш лентамен немесе рулеткамен тура және кері бағытта өлшейді:өлшеудің екі нәтижесін және олардың орта мәнін арнайы дайындалған журналға жазады. Әрбір қабырғаның екі рет өлшенген ұзындығының арасындағы айырмашылығы 1разрядты жүрістерде ұзындық 1:2000нан, ал 2разрядты жүрістерде 1:1000нан аспауы керек.