- •Географиялық координаттар.Оларды топографиялық карта бетінен анықтау тәсілдері
- •Жердің пішіні мен көлемі. Жердің деңгей беті. Ф.Н. Красовскийдің референц- эллипсойды.
- •Геодезиялық өндірістегі процестер. Геодезиялық түсірістердің мәселелері, түрлері және қолданылуы
- •Тікбұрышты координаттар. Оларды топографиялық карта бетінен анықтау тәсілдері
- •Жер бедері және оны бейнелеу. Жер бедерін пландар мен карталарда бейнелеу әдістері
- •Сызықтарды бағдарлау. Азимуттар (нақты, магниттік), дирекциондық бұрыштар, румбтар. Оларды топографиялық карта бетінен анықтау тәсілдері
- •Теодолиттік түсіріс. Теодолиттік түсірістегі далалық жұмыстар
- •Геодезиялық тура және кері есеп
- •Топографиялық карталар номенклатурасы
- •Теодолиттің түрлері. Теодолиттің көмегімен горизонталь бұрыштарды өлшеу әдістері
- •Әуеғарыштық зерттеу әдісінің ерекшеліктері
- •Әфс және кфс әдістерімен түрлері
- •3. Аэрофотосуреттердің геометриялық қасиеттері
- •4. Суреттерді тарнсформациялау
- •Стереоскопиялық қоссурет
- •Шағылысу сәуле, оның алынуы және пайланылуы
- •Ғарыштық суреттер түрлері
- •8.Ғарыштық зымырандар пайдаланатын орбиталар
- •Ақз пайдаланатын «мөлдір терезе» диапазоны
- •Зымырандар үшін орбитаның параметрлері
- •11. Дешифрлеу түрлері, қасиеттері, көрсеткіштері
- •12. Жер бетіндегі нысандардың оптикалық қасиеттері
- •13. Күн сәулесін тіркеу әдістері
- •14. Электромагниттік толқындар спектрі
- •Көрінетін диапазондардағы суреттер
- •Радиолокациялық түсіріс және суреттер
- •17.Фотографиялық суреттер, олардың қасиеттері
- •18.Ақз пайдаланатын гаж бағдарламалар
- •19. Cуреттердің фотограмметриялық өнделуі
- •20. Әртүрлі табиғи зоналардағы нысандарды дешифрлеу
- •Картография Сұрақтары:
- •15.Нүктелердегі (пункт) жағдайларды генерализациялау. Сандық көрсеткіштерді.
- •3. Гаж бағдарламаларының қамтамасыз етілуі – қолданбалы бағдарламалардың стандартты пакеттерінің негізінде жүзеге асырылды.
- •Геоинформатика айналасында оқытылатын ғылыми пәндер мен технологиялар.
- •Геоматиканың геоинформатикадан айырмашылығы.
- •Геоинформатиканың қалыптасуы мен тарихи дәуірлерге бөлінуі.
- •15. Arcgis-та геокодтау
- •16. 17. Буферлі аймақтағы ArcGis жүйесіндегі параметр негізінде буферлі аймақтарды құру
- •20. Жер бедерінің сандық цифрлық үлгісін шешуде қолданылатын міндеттер.
Тікбұрышты координаттар. Оларды топографиялық карта бетінен анықтау тәсілдері
Біршама қысқа арақашықтықтарға байланысты есептерді шешкенде тікбұрышты жазық координаталар пайдаланылады. Бұл жүйеде нүктелердің координаталары, ара қашықтықтары және бағыттары арасындағы байланыс аналитикалық геометрияның қарапайым формулаларымен өрнектеледі, мұның өзі есептеулерді айтарлықтай жеңілдетеді. Егер жер беті учаскесінің өлшемі жердің сфералылығын ескермеуге мүмкіндік беретін болса, онда геодезиялық жұмыстар жүргізген кезде тікбұрышты координаталардың шартты жүйесі жиі қолданылады, оның координаталар басы еркін таңдап алынады. Осы координаталар жүйесінің элементтері мынадай: абцисса осі, оның бағыты бастапқы меридианға , магниттік және осьтік меридианға параллель немесе еркін қабылданады. Горизонталь жазықтық координаталар осімен төрт ширекке бөлінеді. Математикада қолданфлатын тікбұрышты жазық коорд.жүйесінен айырмашылығы геодезияда оң тікбұрышты коорд.жүйесі қолданылады; онда ширектердің нөмерленуі солт.шығ.ширектен басталып, сағат тілінің бағыты бойымен жүргізіледі; мұның өзі геодезиялық есептеулер кезінде тригонометриялық формулаларды ешбір өзгеріссіз пайдалануға мүмкіндік береді. Тікбұрышты жазық координаталардың жалпы мем.жүйесінде жер бетіндегі нүктелердің орындары жазықтықта х,у тікбұрышты координаталарымен анықталады. Олар жазықтықта Гаусс Крюгердің тең бұрышты көлденең цилиндрлі проекциялау заңы бойынша проекцияланады. Сонда жер эллипсоиды бойлықта әрбір 6градус сайын меридиандарымен 60зонаға бөлінеді, олар полюстен полбске дейін созылады. Зоналардың саны батыстан шығысқа қарай Гринвич меридианынан жүргізіледі, ал Гринвич меридианы бірінші зонаның батыс шекрасы болып саналады. Әрбір зонаның ортадағы меридианы осьтік меридиан д.а.
Жер бедері және оны бейнелеу. Жер бедерін пландар мен карталарда бейнелеу әдістері
Жер беті топографиялық карталар мен пландар горизонтальдар, шартты белгілер және биіктіктерді жазу арқылы кескінделеді. Құрлық бетіндегі абс.биіктіктері бірдей нүктелерлі бірітіретін қисық тұйық сызықтар горизонтальдар д.а.Жер бедерін горизонтальдарм ен кескіндеген кезде олардың тек бүтін санмен алынған биіктіктері ғана пландар мен карталарда көрсетіледі. Екі дәйекті горизонтальдар биіктігінің айырымы қиманың биіктігі, ал пландағы горизонтальдардың ара қашықтығы төсеу д.а. жер бедерінің пішінін айыруды және нүктелердің биіктігін анықтауды жеңілдету үшін картадағы әрбір төртінші немесе бесінші горизонтальдар қалыңдатылады. Осындай мақсатпен горизонтальдарға перпендикулярқысқа сызықшалар қойылады, олар беткейдің төмендейтін бағытын көрсетіп, бергштрих д.а. карталарда горизонтальдар қоңыр түспен көрсетіледі, оларды Балтық теңізінің деңгейінен есептелетін абс.биіктігімен жазады. Горизонталь биіктігін көрсететін цифрларды жазғанда олардың табаны еңкіштің төмендеу жағына қарай бағытталған болуы тиіс. Жер бетнің пішіндері мынадай болып бөлінеді:жазық, қырат, қазан шұңқыр, жота, өзек және кезең. Таудың ең биік жері шың, ал тау табаны тау етегі д.а. жазық жалпақ пішінді болып келеді. Егер жазықтың мұхит деңгейінен абс.биіктігі 200метрден аспайтын биіктікке жатса, онда оны ойпат д.а. мұхит деңгейінен есептегенде 200метрден жоғары, бірақ 500метрден аспайтын биіктікте жататын жазықтарды қыраттар д.а. мұхит деңгейінен 500метрден астам биіктікте жатқан жазықтар таулы үстірттер д.а.жер бетінің дөңестігі күмбезге немесе конусқа ұқсас келетін жерлер биіктігіне қарай тау немесе төбе д.а. таулар биіктігіне қарай аласа, орташа және биік болады. Өзек жердің созылған ойлы жері, ол бір бағытта біртіндеп төмендейді. Өзектің ең аласа жері, яғни екі беткейдің қиылысқан жері суағар немесе тальвег д.а. өзекке қарама қарсы біртіндеп әр бағытта созыла орналасқан жер бетінің дөңес пішіні жота делінеді. Таудың шыңы, қазан шұңқырдың түбі, өзектің ең аласа жері жер бедерінің өзіне тән нүктелері, суайрық және суағар жер бедерінің өзіне тән сызықтары д.а. Карталар мен пландарда ашық кен, үйінді, бөгет, қорымдар және т.с.с.объектілер арнайы шартты белгілермен көрсетіледі. Горизонтальдар мен шартты белгілерге қосымша ретінде картада төбелердің ұшар басындағы, суайрықтарының бұрылыстарындағы, ойпаң жерлердегі өзіне тән нүктелердің биіктіктері жазылады.
