Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС экз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243.9 Кб
Скачать
  1. Геодезиялық өндірістегі процестер. Геодезиялық түсірістердің мәселелері, түрлері және қолданылуы

Геодезиялық жұмыстар далалық және ғылыми өңдеу жұмыстары болып бөлінеді. Далалық жұмыстардың ең басты мазмұны өлшеу болып табылады, ал ғылыми өңдеу жұмыстары есептеу графикалық процестерден тұрады. Өлшеу процесіне пландар мен карталар жасау үшін немесе арнайы мақсаттар, мысалы, трассалар жүргізу, барлау траншеялары мен құралыстарын бөлу үшін жүргізілетін жер бетіндегі өлшеулер жатады. Топографиялық геодезиялық өлшеулер мынадай элементтерді қамтиды:горизонталь және вертикаль бұрыштар, еңкіш, горизонталь және вертикаль қашықтықтар. Осыларды өлшеу үшін әртүрлі геодезиялық аспаптар қолданылады. оларға мыналар жатады:а)қашықтықтарды өлшеуге арналған аспаптар өлшеуіш ленталар,сым, рулеткалар, оптикалық қашықтық өлшеуіштер, жарық қашықтық өлшеуіштері және т.б.ә)бұрыш өлшеуіштер аспаптары:теодолиттер, буссольдар, гониометрлер және т.б.;б)вертикаль биіктіктерді өлшеуге арналған аспаптар:нивелир, рейкалар және т.б.; геодезиялық өлшеулер нәтижелері тиісті журналдарға енгізіледі және дала жағдайында түсірілген объектінің схемалық сызбалары жасалады, ол абрис д.а. Есептеу процесі өлшеулердің сандық нәтижелерін жүйеге келтіру мен өңдеуден және оларды пайдалануға неғұрлым жарамды түрге келтіруден тұрады. Есептеуді жеңілдету, керекті нәтижелерді тез табу және есептеу жұмыстарының дұрыстығын дер кезінде тексеріп отыру үшін барлық есептеулер белгілі бір схемалар бойынша жүргізіледі, ал бұл схемалар есептеулердің әрбір түріне арнайы талдап жасалады. Есептеу жұмыстарын жеңілдету үшін әртүрлі қосымша құралдар:кестелер, графиктер, номограммалар, электрондық есептеуіш машиналары және т.с.с.қолданылады. графикалық процесс өлщеу және есептеу нәтижелерін белгіленген шартты белгілерді сақтай отырып, мәліметтердісызба түріне келтіруден тұрады. Геодезияда сызбалар топографиялық жұмыстардың түпкі өнімі болыр табылады. Одан арғы есептеу мен жобалау олардың негізінде жүргізіледі. Сондықтан сызба және графикалық салынуының сапасы жоғары болуы тиіс. Жергілікті жердің картасы мен планын жасау үшін жүргізілетін геодезиялық өлшеулер процесін түсіріс д.а. егер түсіріс нәтижесінде жердегі заттардың, объектілердің контурлары мен өзара пландық орны, яғни жергілікті жердің жай жапсары анықталатын болса, онда түсіру горизонтальдық д.а. егер жердің жай жапсарынан басқа жердің бедері түсірілетін болса, онда түсіріс топографиялық д.а. Қолданылатын аспаптардың аттары мен әдістерге байланысты түсірістер мынандай түрлерге бөлінеді:

А) Теодолиттік түсіріс жердің контурлық планын алу үшін теодолит мен өлшеу лентасынының көмегімен орындалатын геодезиялық жұмыстардың түрі. Теодолиттік түсірістер кезінде горизонталь бұрыштар мен арақашықтықтар өлшенеді.

В) Тахеометриялық түсіріс тахеометр деген аспап арқылы жүргізіледі. Тахеометр арқылы горизонталь, вертикаль бұрыштар, қашықтық және биіктік өсімшесі анықталады.

Г)Мензулалық түсіріс мензула және кипрегель арқылы жүргізілетін жұмыс. Бұл түсірудің нәтижесінде қашықтықтың горизонталь проекциясы мен биіктік өсімі анықталады, план тікелей далада сызылады.

Д)Аэротопографиялық түсіріс әуеде ұшып жүріп, жер бетін аэрофотоаппаратпен суретке түсіру арқылы план мен карта жасаудағы жұмыстар.

Е)жердегі стереофотограмметриялық түсіріс арнайы жерде тұрып фототеодолит арқылы жүргізілетін жұмыстар. Түсірулердің срңғы екі түрі кенорындарын ашық әдіспен қазып алуда өндіріс орындарында кеңінен тараған.

Ж) нивелирлеу арнаулы аспаптардың көмегімен пункт биіктіктердің айырмасын, яғни биіктік өсімділерін анықтау тәсілдері.

Геодезиялық түсірулердің материалдары уақыт өткен сайын көнере береді, өйткені жергілікті жерде шаруашылыққа пайдалану процесі жүріп жатады: жаңа объектілір салынады, пайдалы қазбаларды қазу жүргізіледі, т.с.с. Оның үстіне физика географиялық жағдайларда өзгеріп отырады, солардың бәрі топографиялық карталарда бейнеленіп көрсетілуі тиіс. Топографиялық карталарды қазіргі заманға сай жасап тұру үшін, оларды уақытылы жаңартып отыру керек.