Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС экз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243.9 Кб
Скачать

19. Cуреттердің фотограмметриялық өнделуі

суреттерді өңдеу үшін кәсіпорындар сандық фотограмметриялық станциялармен, жоғары дәлдікті фотограмметриялық сканерлермен және басқа да мамандандырылған жабдықтармен, техникалық және ақпараттық қамтамасыз етумен жабдықталған: Photomod, Geomatica, Geomosaic, ERDAS, ENVI және т. б. Сандық фотограмметрия цехының мамандары аэрофототүсірім және космостық түсірім нәтижелерінің фотограмметриялық өңдеуі бойынша толық жұмыс кешенін орындайды:

1. Сандық стереотопографиялық түсiру бойынша өңделетiн жұмыстар:

- даярлау жұмыстары;

- маршруттық немесе блоктық фотограмметрия торларын құрастыру арқылы биiктік және пландық түсірімнің фотограмметриялық қойылтуы;

-стереоскопиялық түсiру;

- аймақтың сандық үлгiлерiн және жер бедерінің сандық үлгiлерiн жасау.

2. Ғарыштық түсiру және аэрофототүсiрудiң материалдары бойынша 1: 500 - 1: 200 000 масштабтарының ортотрансформациялау және ортофотопландарды құру;

3. Ортофотопландарды дешифрлеу және сандық фототопографиялық карталар мен пландардың түпнұсқауларын жасау Сандық фотограмметриялық жүйе. 20-шы ғасырдың соңында үлкен жадтың көлемдерi бар және жылдам әрекетті компьютерлердің пайда болуы, компьютерлік графика төңiрегiдегі табыс және суреттердi жазудың сандық әдiстері фотограмметриялық техниканың жаңа түрiнiң жасалуына әкелді, ол – сандық фотограмметриялық жүйе (СФЖ), 21-ші ғасырдың басында оптика-механикалық және аналитикалық құралдарды алмастырған. Сандық фотограмметрияның аппаратты – бағдарламалық құралдары. Сандық фотограмметрия үшін қазіргі замандағы бағдарламалық өнімдерге жатады: аппараттық – бағдарламалық Дельта кешені (1998 жыл). Ол суреттердің стереофотограмметриялық өңдеуінің барлық функцияларын жүзеге асырады және мәлiметтi алуы мен стереоскопиялық көрінісін келесі түрде көрсетеді:

- базистiк және топоцентрлік координаталар жүйесіндегі сандық полутонды стереоскопиялық геометриялық үлгiсi;

- жер бетi және объектілердiң жер бедері нүктелерінің үш өлшемдi құрылымдық сипаттамасы;

- көлденеңдер немесе профильдер арқылы жер бедерінiң екi өлшемдi сызықты сипаттамасы;

- жердегі нүктелер биiктiгінің матрицалық сипаттамасы.

«Сандық стереоплоттер» келесi негiзгi тәртiпте жұмыс iстейдi: «жоба», «сурет», «бағдарлану», «стереоөлшем», «стереоредактор». «Сандық стереоплоттер» Windows 95 ортасында жұмыс iстейдi. Жоғарыда аталған модульдер нақты есептердi шешедi, соның iшiнде:

- монокулярлық тәртіпте жеке сандық суреттер нүктелерiн өлшеу;

- стереожұптың тiрек нүктелер координаталарын өлшеу, стереожұптардың және үлгiлердiң сандық суреттерiнiң iшкi, өзара және сыртқы параметрлерiнiң бағдарлануын есептеу;

- түсiрудiң нормалды жағдайының базистiк жазықтығына бастапқы сандық фотографиялық суреттердің құбылуы;

- жердің нүктелер координаталарының стереоскопиялық визуалды және автоматты өлшеу.

Жерді пайдалану жоспарының жаңарту әдiстемесі: - сандық фотограметриялық станцияда фототриангуляцияның архивті моделін орнату; -сақталған контурларды табу үшін аймақты тексеру; - кері сызықытық-бұрыштық кертпені шешу үшін мәліметтерді алу мақсатында осы нүктелерді бақылау;

- фототриангуляцияның жалпы блогында нүктелердің теңестірілуі;

- жаңа контурлардың орналасуын есептеу және оларды сандық планға салу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]