Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС экз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243.9 Кб
Скачать
  1. Ғарыштық суреттер түрлері

Ғарыштық суреттің негізгі түрлері: 1.Жарық диапазондағы суреттер; 2.Жылу инфрақызыл диапазондағы суреттер; 3.Радиодиапазондағы суреттер.

Жарық диапазондағы суреттер. Бұл спектр диапазонына көрінетін, жақын және орта ИҚ- диапазон кіреді және оған Күн энергиясының көп бөлігі келеді. Жарық диапазондағы түсіру спектрдің бұл бөлігінде атмосфераның мөлдірлігіне байланысты («мөлдір үлескісі») мүмкін болады. Жарық диапазондағы суреттер келесі үш топқа бөлінеді: фотографиялық; теледидарлық және сканерлік; фототеледидарлық.Фотографиялық суреттер – авиациялық немесе ғарыштық тасымалдаушыдағы фотоаппарат (объектив+фотопленка) көмегімен алынған және аппарат жерге қонғаннан кейін өңделетін суреттер. Бұл әдістің кемшілігі - пленканың Жерге қайтуы және ғарыш кеме бортында оның бітіп қалу мүмкіндігі. Бірақ бұл әдіс арқылы жоғары геометриялық және фотометриялық ерекшеліктерімен ең жоғары сапалы суреттер алынады. Жер маңы орбитадағы (100-400 км) суреттер мүмкіндігін он сантиметрге дейін жеткізуге болады, бірақ бұндай суреттердің аудан шолулығы аз болғандықтан оларды географиялық мақсаттарда қолданбайды. Фотодеректерді пайдалануына қарай фотосуреттерді ақ-қара, түрлі-түсті, спектрозоналды, көпзоналды, синтезделген деп бөледі.Теледидардық және сканерлік түсіру нысандарды жедел бақылайды. Сканерлейтін элементі ретінде тербелмелі айна табылады. Ол жергілікті жерді ғарыштық аппараттың қозғалуына көлденең бақылайды, айна сәулені нысанға жібереді, ары қарай фотоқабылдаушыға, мұнда сәуле электр импульсына айналып, соңынан жерге радиоканалдар арқылы жіберіледі. Айнаның тербелісі бейненің жолағын түзеді, сканерлік бейнелер ғарыштық аппараттардың қозғалуына қарай жеке жолақтарды қосу есебінен алынады. Жергілікті жердің жолағын сканерлеу жолымен қарау «жолақтық қашау» деп аталады. Сканерден алынған суреттер сыртынан растр жолақтарының болуымен ерекшеленеді, олар мүмкіндігі жоғары суреттерде тек үлкейту кезінде ғана көрінеді. Сапасы бойынша сканерлік түсіру фотографиялықтан кем түседі, себебі сканерлік суреттердің мүмкіндігі біршама аз.Фототеледидарлық суреттерді тасымалдаушыда орнатылған теледидарлық камера көмегімен алады. Ол бейненің экспозициялары арасындағы ар қашықтықта электромагниттік сәулесімен саналады және радиоканалдар арқылы жерге жіберіледі, мұнда тұтынушының суретті жедел алуы мен түсіру үрдісі бірге жүреді.

Жылу – инфрақызыл.Бұл диапазон кең таралған және 3-тен 1000 мкм. дейінгі зонаны қамтиды. Бірақ оның сәулелерінің көп бөлігі атмосферадан өтпей қалады. Сол сигналдар арқылы құрастырылған бейнелер – жылу инфрақызыл сурет - түсірім нысанның кеңістіктегі тіркелген температуралық айырмашылыгын алынады. Сондықтан бұндай суреттерде суық нысандар ашық түсті, жылылары – қара түсті болады.Жылу диапазонындағы суреттер әдетте түсірудің басқа түрлерін толықтырып отырады, себебі ол «өзінің» спектр диапазонында жұмыс жасайды. Ол жылу энергиясын бөлетін әртүрлі құбылыстарды зерттеуде, орман өрттерін, жылу және атом электростанцияларын мониторингылауда пайдаланылады.

Радиодиапазондағы суреттер. Арa қашықтықтан зерделеу үшін радиотолқындардың ультрақысқатолқынды диапазонының 1 мм.- 10 м. толқындары пайдаланылады. Ол ресейлік әдебиеттерде өте жоғары жиілік, ал американдық әдебиеттерде микротолқынды деп аталады. Бұл диапазон атмосфера әсерінен (мөлдір үлескісі 2 см-ден 10 м) біршама тәуелсіз. Пассивті радиометрия, мұнда Жердің өзінің сәулеленуі жүреді, ал активті радиометрияда шағылысқан жасанды сәулелену тіркеледі. Пассивті радиометрлік түсіру микротолқынды сәулеленуді тіркейтін микротолқынды радиометр көмегімен жүреді. Радиосәулелену сигналдары бойынша радиометрлік сурет құрастырылады, мұнда берілген диапазонда әр түрлі сәулелену қасиеттерімен сипатталатын нысандар бейнеленеді. Радиометрлік суреттер топырақтың ылғалдылығын, судың тұздылық дәрежесін, грунттардың мұздану дәрежесін, теңіз мұздарының жасын анықтауды және т.б. қамтамасыз етеді. Пассивті радиометрия әдісінің болашағы бар, бірақ қазірше өңделу үстінде және шектеулі түрде қолданылады. Радиолокациялық суреттер алу үшін тасымалдаушыда жергілікті жерді маршрутқа көлденең қарайтын принцип бойынша әрекет ететін антеннасы бар белсенді радиосәуле көзі орнатылады. Жерге жіберілетін сигнал жер бетінен әр түрлі шағылысады және тіркегіш аппаратураларымен әр түрлі қабылданады. Алынған суретте жер бетінің кедір-бұдырлығы, микробедер, жыныстар құрамы көрінеді. Радиолокациялық суреттер мұхиттық зерттеулерде толқын, су бетіндегі желдерді зерттеуде, геологияда жер асты суларының линзасын іздеуде, ауыл шаруашылығында - өсімдік жағдайын зерттеуде, сондай-ақ жерді картографиялауда және т.б. қолданылады.