- •Географиялық координаттар.Оларды топографиялық карта бетінен анықтау тәсілдері
- •Жердің пішіні мен көлемі. Жердің деңгей беті. Ф.Н. Красовскийдің референц- эллипсойды.
- •Геодезиялық өндірістегі процестер. Геодезиялық түсірістердің мәселелері, түрлері және қолданылуы
- •Тікбұрышты координаттар. Оларды топографиялық карта бетінен анықтау тәсілдері
- •Жер бедері және оны бейнелеу. Жер бедерін пландар мен карталарда бейнелеу әдістері
- •Сызықтарды бағдарлау. Азимуттар (нақты, магниттік), дирекциондық бұрыштар, румбтар. Оларды топографиялық карта бетінен анықтау тәсілдері
- •Теодолиттік түсіріс. Теодолиттік түсірістегі далалық жұмыстар
- •Геодезиялық тура және кері есеп
- •Топографиялық карталар номенклатурасы
- •Теодолиттің түрлері. Теодолиттің көмегімен горизонталь бұрыштарды өлшеу әдістері
- •Әуеғарыштық зерттеу әдісінің ерекшеліктері
- •Әфс және кфс әдістерімен түрлері
- •3. Аэрофотосуреттердің геометриялық қасиеттері
- •4. Суреттерді тарнсформациялау
- •Стереоскопиялық қоссурет
- •Шағылысу сәуле, оның алынуы және пайланылуы
- •Ғарыштық суреттер түрлері
- •8.Ғарыштық зымырандар пайдаланатын орбиталар
- •Ақз пайдаланатын «мөлдір терезе» диапазоны
- •Зымырандар үшін орбитаның параметрлері
- •11. Дешифрлеу түрлері, қасиеттері, көрсеткіштері
- •12. Жер бетіндегі нысандардың оптикалық қасиеттері
- •13. Күн сәулесін тіркеу әдістері
- •14. Электромагниттік толқындар спектрі
- •Көрінетін диапазондардағы суреттер
- •Радиолокациялық түсіріс және суреттер
- •17.Фотографиялық суреттер, олардың қасиеттері
- •18.Ақз пайдаланатын гаж бағдарламалар
- •19. Cуреттердің фотограмметриялық өнделуі
- •20. Әртүрлі табиғи зоналардағы нысандарды дешифрлеу
- •Картография Сұрақтары:
- •15.Нүктелердегі (пункт) жағдайларды генерализациялау. Сандық көрсеткіштерді.
- •3. Гаж бағдарламаларының қамтамасыз етілуі – қолданбалы бағдарламалардың стандартты пакеттерінің негізінде жүзеге асырылды.
- •Геоинформатика айналасында оқытылатын ғылыми пәндер мен технологиялар.
- •Геоматиканың геоинформатикадан айырмашылығы.
- •Геоинформатиканың қалыптасуы мен тарихи дәуірлерге бөлінуі.
- •15. Arcgis-та геокодтау
- •16. 17. Буферлі аймақтағы ArcGis жүйесіндегі параметр негізінде буферлі аймақтарды құру
- •20. Жер бедерінің сандық цифрлық үлгісін шешуде қолданылатын міндеттер.
Геодезия
Сұрақтар:
Географиялық координаттар. Оларды топографиялық карта бетінен анықтау тәсілдері
Жердің пішіні мен көлемі. Жердің деңгей беті. Ф.Н. Красовскийдің референц- эллипсойды.
Геодезиялық өндірістегі процестер. Геодезиялық түсірістердің мәселелері, түрлері және қолданылуы
Тікбұрышты координаттар. Оларды топографиялық карта бетінен анықтау тәсілдері
Жер бедері және оны бейнелеу. Жер бедерін пландар мен карталарда бейнелеу әдістері
Сызықтарды бағдарлау. Азимуттар (нақты, магниттік), дирекциондық бұрыштар, румбтар. Оларды топографиялық карта бетінен анықтау тәсілдері
Теодолиттік түсіріс. Теодолиттік түсірістегі далалық жұмыстар
Геодезиялық тура және кері есеп
Топографиялық карталар номенклатурасы
Теодолиттің түрлері. Теодолиттің көмегімен горизонталь бұрыштарды өлшеу әдістері
Трассаның бойлық қимасын салу, жоба нүктелерін анықтау, жоба сызығын қимаға салу
Мемлекеттік геодезиялық торлары. Пландық геодезиялық торларды ұйымдастыру әдістері
Жер бетіндегі ұзындықтарды өлшеу әдістері
Өлшеулер және олардың жіктелуі. Өлшеу қателіктері
Жер бетіндегі нүктелердің орнын анықтау үшін координаталар жүйесін пайдалану
Тахеометриялық түсіріс. Тахеометриялық түсірісті жүргізуге арналған аспаптар. Тахеометриялық кестелер.
Топографиялық карта және оның ғылыми-зерттеу және өндірістік практикада қолданылуы.
Көлбеу бұрыштарды өлшеу қағидалары. Көлбеу бұрыштарды өлшеуге арналған аспаптар. Теодолиттердің классификациясы.
Масштабтар, олардың дәлдігі
Геометриялық нивелирлеу. Геометриялық нивелирлеуде қолданылатын аспаптар
Географиялық координаттар.Оларды топографиялық карта бетінен анықтау тәсілдері
Жер бетіндегі нүктелердің орнын оның координаталары, яғни алынған координаттар жүйесінің бастапқы жазықтары мен сызықтарына қатысты ізделініп отырған нүктелерді сипаттайтын шамалар арқылы анықтайды. Геодезиядаөолданылған барлық координаттар жүйелері кеңістіктік және жазықтық жүйелері болып екіге бөлінеді. Координаталардың кеңістіктік жүйелерінің ішінде көпшілікке танымалысы географиялық координаталар жүйесі. Бұл жүйеде нүктенің жер бетіндегі орны жалпы дүниежүзілік масштабта анықталады. Оларды геогр.ендік және геогр.бойлық дейді. Геодезиялық ендік экватор жазықтығы мен берілген Р нүктесі арқылы өтетін тіктеуіш сызық арасындағы бұрыш. Ендік экватордан бастап, берілген нүктеге дейінгі географиялық меридианның доғасымен өлшенеді де, экватордан екі жаққа солт.қарай 0-90градусқа дейін өзгеріп отырады. Геодезиялық бойлық бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасындағы бұрыш. Бойлық бастапқы меридиан батысқа және шығысқа қарай 0-180градусқа дейін салынады. Географиялық координаталар жүйесі бүкіл жер шарына ортақ және олар астрономия, сфералық геометрия, картография, ғарыш мәселелрін шешуде жиі қолданылады.
Жердің пішіні мен көлемі. Жердің деңгей беті. Ф.Н. Красовскийдің референц- эллипсойды.
Ғылым мен техниканың көптеген салалары жердің жасанды серіктері мен ғарыштық ракеталарды ұшыруда, авиацияда, теңізде жүзу, радиобайланыс т.б.,әсіресе жер бетін картада дұрыс кескіндеу, жердің пішіні мен көлемін дәл білуді қажет етеді. Жер Кун жүйесіндегі планеталардың бірі және оның қыртысы әртүрлі қыраттар мен ойпаттардан тұрады. Жердің шамалы ғана бөлігі (20%)құрлық,ол 71% д.ж.мұхит алып жатыр. Д.ж.мұхиттың орташа тереңдігі 3800метрге жуық, ал құрлықтағы кейбір таулардың, мәселен, Эверестің биіктігі 9000 метрге жетеді. Теңіз деңгейінің биіктігі 875метрге тең. Сонымен құрлықтың көлемі д.ж.мұхитқа қарағанда едәуір аз және де құрлықтың мұхит тереңдігі, қыраттармен салыстырғанда онша биік болмағандықтан, мұхит деңгейін жердің пігіні ретінде қабылдау қажеттігі туды. Сол себептен, жер беті үшін шамамен д.ж.мұхит пен теңіз суларының тыныш жағдайына сәйкес келетін деңгей беті алынады.құрлық астына ойша жіберілген мұндай бет тұйық фигура жасайды және кез келшен нүктесінде жердің ауырлық центріне бағытталған тіктеуіш сызықты тік бұрыш жасап қиып өтеді. Яғни мұндай тұйық беттің кез келген нүктесі ауырлық күшінің бағытына перпендикуляр. Осы деңгей бетпен шектелген денені геоид д.а. геоидттың пішінін күрделі, оның пішіні мен көлемін дәлірек анықтау үшін, жер бетінің барлығына өлшеулер жүргізіледі. Жердің өз осьінде айналунан оның бетінде күн мен түн алмасып, күн тәулігі анықталады. Жердің айналу осьн тік бұрыш жасап және оның дәл ортасын кесіп өтетін жазықтықты экватор жазықтығы дейді. Экватор жазықтығы мен жер бетінің қиылысу сызығы экватор д.а. жердің айналу осі арқылы өтетін жазықтық меридиан жазығы делінеді де, пл сол жазықтықтардың жер бетімен қиылысқан сызықтары меридиандар д.а. Халықаралық келісім бойынша , лондондағы гринвич обсерваториясы арқылы өтетін меридиан бастапқы меридиан д.а. сөйтіп, геодезияда жердің пішіні үшін жер эллипсоиды деп аталатын сфероид алынады. Меридиандардың әртүрлі жерлеріндегі градустың ұзындығын біле отырып, жердің пішіні мен көлемі анықталады. Жер эллипсоидының көлемдерін әр елдің ғалымдары бірнеше рет анықтады. Жер эллипсоидының көлемін 1940 ж үлкен дәлдікпен Ф.Н Красовский мен А.А Изотовтардың басқаруымен орыс ғалымдары да анықтады а =6378245,b=6356863, @=1-298,2. Алынған бұл өлшемдер 1946 ж үкіметтің қаулысы бойынша еліміздің барлық геодезиялық және картографиялық жұмыстары үшін қабылданып алынып, Красовский эллиосоиды деп аталған болды. Осы орайдаайта кететін бір жай, ол кейбір елдерде геодезиялық өлшеулер нәтижесінде шығарылған өз эллиосоидтарының қолданылатындығы. Олар сол немесе бірнеше елдің территориясын толық не ішінара қамтиды. Мұндай эллипсоид референц эллипсоид д.а. Референц эллипсоид нақты бір елде геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін өолданылатын, жер денесіне белшілі үрде бағдарланған, нақты көлемі анықталған эллипсоид. Сөйтіп қазірге кезде Красовский референц эллипсоиды тек ресейде ғана емес, бүкіл ТМД және бат.Еуропаның бірнеше елдерінде қолданылады. Бұрынғы кеңестер одағы, Бат.Еуропа мен АҚШтың гравиметриялық және астрономиялық өлшеулері нәтижесінде алынған жер эллипсоидының көлемі басқа елдердегі анықтамаларға қарағанда, қолданылған материалдардаң аумағы жағынан да, оларды өңдеудің дәлдігі жағынан да неғұрлым басым. 1960ж Жердің үш жасанды серіктерін бақылаудың нәтижесинде жер сфероидының қысыңқылығы @=1+298,2 тең, ал АҚШ ұшырылған Жердің 13жасанды серіктерін бақылау арқылы @=1+238,31 тең екендігінің анықталулары Красовский өлшеулерінің д.ж.маңызы бар екендігінің айқын дәлелі. Жер пішіні көлемі өте жоғары дәлдікті қажет ететінгеодезиялық тірек торларын құруда толық ескеріледі. Ал, жер бетінің шағын учаскелерінде геодезиялық жұмыстармен қатар, көптеген инженерлік есептерді шығаруда эллипсоид сығылушының аз(@=1+300) болмағандығын, жердің пішіні үшін шарды (R=6371,11км.)қолдануға да болады.
