Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломдық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Белгіленулер мен қысқартулар

АТМ – ассинхpонды тpaнспоpты модуль;

АТС – автоматты телефон станциясы;

ОК – оптикалық кабель;

ОКЭ – oрталық күштік элемент;

ОТ – оптикалық талшық;

ТАЕ – Транс – Азиатты – Еуропа жолдың атауы;

ТОБЖ – талшықты – оптикaлық бaйлaныс жолы;

ТОК – талшықты – оптикaлық кабель;

ТОТЖ – талшықты - оптикалық тарату жолы;

ҰАСМ – ұлттық ақпapaттық супepмaгистpaль;

ЭҚО – электр қондырғыларын орнату;

DWDM – тығыз толқын спeктоpы бойыншм мультиплeкстeу;

FTTH (Fiber-to-the-home) – үйге орнатылған оптикалық – талшықты кабель;

GBE – гигабитті Ethernet;

PDH – плезиохронды цифрлықиерархия;

SDH/SONET – синхронды цифрлық иерархия;

WDM – толқындық мультиплексрлеу технологиясы.

Анықтамалар тізімі

Талшықтық – оптикалық кабель – мәліметтерді жарық көмегімен беруге арналған кабель, оның жеткізу жылдамдығы мен сапасы жоғары. Талшықты – оптикалық кабельді (ТОК) жасауда сәулежолдар пайдаланылады.

Кеңжолақты (көпарналы) жеткізу – мәліметті (дыбысты, кескіңді) бір мезгілде әр түрлі жиілікті арналар арқылы жеткізу, белгілі бір жиілік ауқымында жеткізу жиілігін тығыздау және әрбір арнаның өткізу жолағын модуляциялау арқылы атқарылады, жергілікті желілерде кеңейтілген өткізу жолағы 300 МГц.

Локальді желі (Локальная сеть; LAN) – шағын аумақты қамтитын (мекеме, кәсіпорын) және нысандар арасында сәйкесінше қысқа (500 метрден артық емес) байланыс желілерін пайдаланатын мәліметтерді тарату желісі.

Транспорттық желі – желілік тораптардың, желілік коммутациялық станциялардың немесе біріншілік желінің шеткі құрылғыларының базасында және олардың тарату желілерінде құрылады.

Электр өрісінің потенциалы деп электр өрісінде орналасқан нүктелік зарядтың потенциалдық энергиясының осы зарядтың шамасына қатынасын айтады.

Орталық күштік элемент – кабельдің ортасында механикалық төзімділігін жоғарлату үшін орналасады.Ол болат тростары мен шыныпластиктерден жасалынады.

Иілу биіктігі – екі тіректің арасында көлденең ілінген кабельдің ортасы жүктеменің немесе сыртқы климаттық әсерінен төмен түсуін айтамыз.

Серпімділік модулі - қалыпты кернеудің, соның өсерінен болган серпімді (сызықтық) деформацияға қатынасы.

Кіріспе

Оптикалық кабель – қазіргі таңдағы байланыс жүйесіндегі кең қолданыс тапқан байланыс жолының бір түрі. Қазіргі таңда ақпараттандыру тез даму үстінде. Жыл сайын таратылатын ақпараттардың таратылатын ағыны мен көлемі ұлғаю үстінде.Оларды таратуға дәстүрлі коаксиальды, симметриялық кабельдері салыстыру мүмкін емес болды. Бұл жағдайдан шығу оптикалық-талшықты қолдануға алып келді. Дәстүрлілермен салыстырғандағы артықшылығы: салмағы аз және габаритті, ұзын қашықтықтарға төселінеді, өшулер аз, өтпелі әсерлердің кемдігі, жиіліктерді жіберу мүмкіншілігі жоғары.Оптикалық-талшықты байланысты қолдану арқылы ақпараттарды тарату көлемі, кең таралған спутникті байланыс,радиорелейлі байланыспен салыстырғанда тез өстті, яғни оптикалық-талшықты тарату жүйесі жіберу жолағы кең болады.

Көпapнaлы ТОТЖ eліміздің мaгистpaльді, aймaқтық бaйлaныс жeлілepіндe кeң қолдaнылaды, сонымeн қaтap қaлaлық AТС-тep apaлapын қосaтын жeлілepдe қолдaнылaды. Бұл біp тaлшықты – оптикa apқылы әpтүpлі толқын ұзындығындaғы мәлімeттік дaбылдapды біp уaқыттa тapaтумeн түсіндіpілeді, жәнe дe оптикaлық кабель apқылы көп көлeмдe мәлімeттepді тapaтуғa болaды.

Қазіргі уақытта оптикалық-талшықты кабельдер көптеген елдерде өңдірілуде және қолданылыста.

Тарихына үңілсек бірінші әртүрлі қоспалы жарықтасығыш пайда болып,оның өшуі 1000 дБ/км құрады,сосын 20 дБ/км өшуі бар талшықты жарықтасығыштар 1970 жылы пайда болды.Бұл жарықтасығыштың жүрекшесі сыну коэффициентін жоғарылату үшін титан қосылған кварцты қолданылады.Ал сырты таза кварцпен қапталған.Келесі ұрпақ жарықтасығыштардың өшуі 4 дб/км дейін төмендеді (1974).Ал 1979 жылдары сипаттамасы жақсарған, толқын ұзындығы 1,55 мкм, ал өшуі 0,2 дб/км тең жарықтасығыштар пайда болды.

Заманға сай цифрлық біріншілік желі үш технологиялар негізінде құрылуы мүмкін: PDH (Plesiochronous Digital Hierarchy – Плезиохронды цифрлық иерархия), SDH (Synchronous Digital Hierarchy –Синхронды цифрлық иерархия) және АТМ.Біздің елімізде транспорттық желілер құру үшін негізінде алғашқы екі жүйе PDH және SDH кең қолданыс тапқан.

Талшықтардың негізгі екі түрі бар: көпмодалы және бір модалылар. Көпмодалылар өзі екіге бөлінеді: сатылы сыну коэффициенті бар көпмодалы, сыну коэффициентінің жайлап өзгеруі бар көпмодалы.

Оптикалық кабельді орындауға байланысты оны орнату жағдайы кеңейтілген түрде де болуы мүмкін (мысалы, су асты, объектілік, жер асты, кабельдік канализация және подвескага орналастыру үшін, яғни ілмелі).

Оптикалық кабельдің параметрлеріне: физикалық, механикалық, геометриялық және т.б. параметрлері жатады.

Қазіргі уақытта талшықты-оптикакалық бельдердің төрттен үші жер асты арқылы төселетіндігіне қарамастан кабельдерді тіректерде немесе бағаналарда монтаждау жарқын болашаққа ие.

Ілмелі талшықты – оптикалық кабельдерді қойылған дайын тіректер бойымен жүргізеді.Ілмелі талшықты – оптикалық кабель электромагниттік әсерлері жоғары жағдайында жұмыс істей береді.Және автокөлік трасса жолдарын мұқият алдын – ала дайындықты талап етпейді.Жер астына кабельді салу технологиясына қарағанда жеңіл болып келеді.Ілмелі талшықты – оптикалық кабель түрі басқа оптикалық кабельдің түрлеріне қарағанда, орнату уақыты мен құнын және пайдалану шығынын көлемі аз болып келеді.

Ілмелі оптикалық кабель деректерді модуляцияланған жарық импульстер арқылы оптикалық – талшық көмегімен тасымалданады.Бұл технология 120 километр арақашықтыққа дейін сигналды жоғалтпай,күшейткіштерсіз тарата алады.Басқа кабельдері қолданған кезде осындай нәтижелерді алу қиын.

Ілмелі кабельдерді пайдалану, яғни бағаналарға фазалық сымдармен бірге асылатын кабельдерді пайдалану бірқатар артықшылықтарға ие: ол найзағай әсерінен зақымдалмайды немесе қысқа тұйықталулар орын алмайды.Екінші жағынан кабельдің бұл түрі анағұрлым сенімді және кернеуі 150 кВ жоғары болып келетін электр желілерінде пайдаланыла алады.Кабельді фазалық және найзағай әсерінен қорғайтын қаптама ішіне салу – бүгінгі күні ең үнемді және кабельді дайын тұрған бағаналар арқылы жүргізудің ең жылдам және тиімді тәсілі болып табылады.Оптика-талшықты кабель сымдарға механикаландырылған құрылғылар көмегімен салынады.

Климаттық факторлар – ол кабельдің механикалық параметрлеріне зор ықпалын тигізеді.Кабельді орналастыру үшін, алдымен оның орналасқан ауданының климатық картасына көңіл бөлу керек.Ілмелі талшықты – оптикалық кабельге әсер ететін климаттық фактордың түрлері: найзағай разряды, жел жылдамдамдығы, көктайғақ кезінде мұз басуы және тағы басқа.