Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сын.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37 Кб
Скачать

70. Әдеби сынның қалыптасуы.

Көркем өнер халықтың рухани қажетін өтеп, талап-талғамын қалыптастырыды. Халық еш уақытта өнерсіз өмір сүрмейді, демек өнер бар жерде талғам бар.

Көркем әдебиет жанрлары бірден қалыптаспайды, оның элементтері таным бесігінде ұзақ тербетіледі. Ұсақтан іріге, майдадан күрделіге ұмтылу барысында әр түрлі арналардан нәр алады, қоғамдық-әлеуметтік және эстетикалық ой-пікірлердің оянуына, өсіп-жетілуіне жағдай жасалады.

Халықтық эстетика

Сын — жазба әдебиетке тән және кенжелеп туатын жанр. Сын элементтерінің халықтық эстетикадан көрінуі, ауыз әдебиеті үлгілерінің молдығы, оның ғасырдан ғасырға мұра болып сақталуы, халықтық түсінік-талғам жасауы.Халықтық эстетиканың негізі — әсемдікті танып-білу, сұлулықты қастерлеу, ажарсыз бен келісізді мінеу, жақсылықты дәріптеп, жаиандықпен күресу. Ол жайында ой-тілек білдіргенімен, эстетикалық талдау жасамайтындығы. Халықтық эстетика элементтері халықтың ауыз әдебиеті үлгілерінде, әсіресе юмор мен сатиралық нұсқаларда жиі кедесуі. Сыншылық ой-пікірдің мол арнасы — ақындар айтысы. Әдеби сын элементтерінің әсері, өнерге қойылар халықтық талап-тілектің айқындалуы.

71. Әдеби сынның қоғам өміріндегі ролі осы жөніндегі Серік Қирабаевтың айтқан пікірі бар.

Сын деген нәрсе қоғамның қажеттілігінен туады. Кешегі заманда қоғамдық ой-пікірдің өзі сынды талап етті. Ел басшылығы да өзара сын деген принцип ұстанды. Сосын мұндай сындарды ешкім кек тұтпады, «адамға көмектеседі, алға бастырады» деп түсінетін. Сын болған соң артық-кемі болмай тұрмайды. Артық айтылған сындар да болып жатты. Бірақ сол сындардың барлығын қабылдау бір міндет секілді еді. Қабылдамасаң, қоғамның тәртібіне көндікпегендей қараласың. Сондықтан болу керек артық-кем сынды көп көрген біздің аға жазушыларымыз іштей таусылса да, бәрін көтерді. Мұхтарлар, Сәбиттер солай өтті өмірден. Ол кезде кішіпейілдік деген қасиет болатын адамдарда. Өзін алға шығарып, «мен» деп кеудесін ұрмайтын. Мұхтар, Сәбиттерге қалай мақтанса да жарасар еді. Олар ондайға барған жоқ. Оны олардың жамандығы деуге болмайды. Қоғам болған жерде адамы болады. Сол қоғаммен ынтымақтасып, келісіп өмір сүресің. Келіспегеніңе көнетін өмір жоқ. Кейін ол заман кетті, «мен» деген әңгіме шықты. Елдің бәрі классик. Ол кезде ұлы деген сөз Абайдан басқа ешкімге айтылмайтын. Әуезов, Мұқанов, Мүсіреповтер ұлы деген сөзді естіген емес. Ал, Алаш қайраткерлері ондай сөзді естімек түгілі, аттары аталмады. Қалай болса да ол кезде халық кішіпейіл, ізетті еді. Қазір бәрі ұлы, бәрі менмен. Атына бір ауыз сөз айтсаң, көтере алмайды. Қабылдағысы келмейді. Жау көреді. Қырық пышақ болып кикілжіңдесу осыдан басталатын болды. Мен елуінші жылдардың бас кезінде біраз өткір сын жазған адаммын. Әбділда Тәжібаевтің шығармалары жөнінде жаздым. Асқар Тоқмағамбетовтің «Қазақ әдебиеті» газетіне шыққан «Айтылмаған әңгіме» атты поэмасын оқып, «Айта алмаған әңгіме» деп мақала жаздым. Сол Асқар маған мінез көрсеткен жоқ. Дихан Әбіловтің өлеңмен жазылған романына да үлкен сын жаздым. Кейін сол шығармасын Дихан қайта өңдеп жазды. Ол үшін мені жау көрген емес. Әуезовтің шығармасына да бірқатар сындар айтылды. «Абай» романының бірінші, екінші кітабы шыққанда мақтаулар да, сын, ескертпелер де айтылып жатты. Ғабит Мүсірепов, Темірғали Нұртазиндер мақала жазды. Мұхтар да соның бәрін ескерді. Ғабеңнің сынағаны Мұхаң шығармасында ағайынды бес жігіттің бірінің әйеліне бірі баратын жерлері бар еді, соны айтты. «Қазақ халқында осындай әдет бар екен деп басқа жұртқа күлкі боламыз ғой» деген Ғабиттің сөзімен Мұхтар санасты. «Абай» романының бірінші томына шыққан сол жерін кейін алып тастады. Мұқаңдар қабылдаған сын. Сын қашан да керек.