Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сын.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37.16 Кб
Скачать

63. Әдеби сынның ғылыми негіздері

64. Р.Бердебаев Әдебиетке өлеңмен келген ол елуінші жылдары әдебиет сыншысы ретінде танылды. Ғалым қазақ әдебиеттану ғылымының түрлі мәселелеріне арналған 32 кітап, 1200 мақала жазған. «Әдебиет және өмір», «Октябрь және қазақ әдебиеті», «Социалистік реализм туралы», «Роман және заман», «Қазақ прозасындағы замандас тұлғасы», «Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы», «Дәстүр тағлымы», «Қазақ романы», «Аңыздан романға», «Ғасырлар толғауы», «Қазақ тарихи романы», «Биік парыз», «Замана сазы», «Тарихи роман», «Мұхтар шыңы» секілді монографиялары мен кітаптары көпшілікке жол тартқан.

Дәуірдің жазушы шығармашылығына тигізер әсері, социалистік реализм әдісінің көркем әде­биеттегі көрінісі, сюжет пен мінез, замандас бейнесі, жанр сипаттары жайлы толғамды тұжырымдары бар. Ғалымның «Сарқылмас қазына», «Кәусар бұлақ», «Қазақ эпосы», «Эпос – ел қазынасы», «Эпос мұраты», «Жыршылық дәстүр», «Қазақ түркі эпостарының мәселелері» сияқты күрделі зерттеулері қазақ халқының аса бай эпостық мұрасының мәселелерін зерттеуге арналған. Ол «Қазақ тарихи жырларының мәселелері», «Фольклор шындығы», «Қазақ фольклорының тарихилығы», «Қазақ фольклористикасының тарихы», «Қазақ фольклорының поэтикасы», «Қазақ фольклорының типологиясы» секілді іргелі академиялық зерттеулердің жазылуына жетекшілік жасады, негізгі тарауларын жазысты.

Туысқан түркі халықтарының әдебиетіне, рухани байланыстарына, тарихи тамырларына арналған «Гүлстанның бұлбұлдары», «Достық кемесінде», «Байқалдан Балқанға дейін», «Жұлдыздар жарығы» кітаптары жарық көрген. «Ел боламыз десек...» атты кітабында ұлтымыздың алдында тұрған ұлы мұраттар руханият аясында батыл көтерілген.

65. 70-80жылдардағы қазақ әдебиетінің сыны. сын әрқашан әдебиеттің шыққан биігін танып-білу, оны қалыптастыру, алынар қамалды бағдарлау мақсатын көздейтінін ескерсек, көбіне-көп әдеби процесске тәуелді болатындығын ұмытпасақ, оның сол кездегі тіпті қазіргі жай-күйі өзінен-өзі айқындалады. Міне, осындай кезде толмаған Толстойлар мен шала Шекспирлерді насихаттау, дүниеге келтіру, таныту процесі басталмақ, 70-80 жылдарда осындай жайлар көп болды.

Әдебиет тарихы әуелі сыннан басталып, содан кейін көркем шығармаға кенелген кезеңді тарих білмейді. Пушкинсіз Белинский болмайтыны айдан анық. Әрине қолына қалам ұстағандардың бәрі Пушкин, оның үстіне білгендердің бәрі Белинский емес. Алайда сабасына қарай піспегі болары даусыз.

Осы тұрғыдан келгенде қазақ әдебиетіндегі сынның тармақтана да салалана көріну-көрінбеуі әдебиетіміздегі ізденіске тікелей байланысты. Әрине, өзіміздің жетіспеушілікті басқа әдебиетттердегі тәжірибе-практикалардан аңғарып, анау жоқ, мынау аз деп жар салу қажет те болар, бірақ шындықтан секіріп өтер ешкім жоқ. Сыншы ойын қанағаттандырып, кең жазира жайлауға бастайтын да, немесе тығырыққа тірейтін де өз әдебиетінің бүгінгі болмысы. Сол болмыстың жетіспегенін іздестіру, мол игілікке қол жеткізетін өрелі биіктерді меңзеу, аяққа оралғы болғандарға да, машыққа айналған штамптарға да қарсыкүресіп, әлгерінді жағаға жол бастау сынның негізгі арқауы. Осыған ұмтылған, кейбір ретте әдеби процеске демесін жасауға талпынған сын жауынгерлері болғанына көз жұмып қарауға бомайды. Қалай десек те, сыншылар әдебиет мүддесі жөніндегі игі талаптан тайып, әр ақы-жазушының жазғанын мақтау не даттауға ден қойып кетсе, домалақ сын да, жәреуке сын да, ожар сын көріне бермек. Сыншылар есеп-шартқа көп жүгініп, алақолдылыққа салынған шақта газет-журнал бетіндегі сынның авторы кім және қай шығарма туралы пікір айтып отырғаны аян болса, оның қалай жазыларын, не айтарын алдын ала топшалауға болатын көрінеді. Міне, бұл сынды өсірмейтін кесел ғана емес, жалпы әдебиет дамуына кесапатын тигізетін жұпалы дерт. Бұдан арылмай шығарма шындығын айту, оның табиғатын тану мүмкін емес.

66. Ыбырай Алтынсарин қазақтың алғашқы сыншы ғалымдарының бірі. Ыбырайдың сыни көзқарастары туралы. «Қазақ хрестоматиясы»-жас ұрпақ үшін әрі оқулық,әрі көркем шығарма.Қазақ халық әдебиетінің үлгілері, төл туындылар және аудармалар , мақалалар жинағы-тәрбиелілік мақсатта жазылған дүниелер.Оның сыншылығы нағыз педагоготығынан көрінеді.Кітапта оқушы санасына жағымды әсер ететін шығармалар жас ерекшелік, ұлттық психология, баланың жеке мүддесі сияқты мәселелер негізінде іріктеліп қамтылған Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясының » демократиялық , әдеби ойдың жемісі екендігі.Әңгімелері мен мақалаларындағы сын жанрының көрінісі. Ы.Алтынсарин эстетикалық талап-талғамды қалыптастырудағы үлесі. 1879 жылы «Қырғыз(қазақ) хрестоматиясын» жасауындағы тарихи мәні. Ыбырай Алтынсариннің сыны-ғалым ретінде бой кӛрсетуі. Ы.Алтынсариннің «Қазақтарға орыс тылын үйретудің алғашқы нұсқасы» және араб әрпімен басылған «Мақтубат», мұсылман дінінің аят-хадисі негізінде жазған «Шарият-әл-ислам» атты оқулықтары.

67.Сәбит Мұқанов – сыншы. Әдебиетші ғалым, сыншы ретіндегі Темірғали Нұртазиннің мол әдеби мұрасының С.Мұқановтың сан-салалы шығармашылығын мұқият зерттеуге 1945 жылдан кіріскен 1951ж Белгілі ғалым Т.Кәкішев зерттеушінің «Жазушы және өмір» еңбегі жайлы.Ал белгілі сыншы, әдебиет саласында телегей теңіз іс атқарған.Кеңестік дәуірде ұлттық әдебиетіміздің іргетасын қаласқан, оның өсіп, өркен. Ғалым Қирабаев С.: «Т.Нұртазин С.Мұқановтың творчестолық табыстарын қазақ совет. Аталған монографияда автор С.Мұқанов шығармашылығының зерттелуіне және өзінің алдына Кітаптың «Қазақ совет әдебиетін жасау жолында» деген алғашқы тарауы Өзгерістер әкелген жаңа қоғамның идеяларынан бастау алғанжас қазақ әдебиеті, С.Мұқанов –қазақ поэзиясындағы өзіндік орны бар, талантты қаламгер. Ол Осыған орай зерттеудің бұдан былайғы тарауларында автор С.Мұқановтың лирикасын, «Лирикалары» атты тарауда әдебиеттанушы ғалым сөзді әдебиеттің негізгі салаларының Лириканың осы мүмкіндігі кеңес дәуірі тұсында жаңа түр, жаңа Махаббат, үй-іші, отбасы жайы, әдет-салт мәселелері тікелей қоғамдық, мемлекеттік Зерттеуші С.Мұқановтың лирикалық шығармаларын осы тұжырымды негізге ала отырып лас лириканың табиғаты да жаңарып, өзгерді дейді ол. C.Мұқанов та өзінің лирикасында ірі әлеуметтік мәселелерді көтерді. Лириканың1919 жылы «Бостандық» өлеңін жазғанынан былай қарай С.Мұқановтың қаһарманы Т.Нұртазин 1919 – 1926 жылдар арасындағы ақынның лирикалық кейіпкерлеріндегі. Сондай - ақ, С.Мұқанов лирикасындағы сюжеттілік элементі мен қаһармандарының екіншісінің түп негізі қате деген тұжырым жасайды. Ғалым 20-жылдардың бірінші жартысында топ адамдардың, ұжымның сезімін білдіруге,Қай тұста да ізденіс, соны қадамдардың қиындыққа кезігіп, қателіксіз «Дауылды дәуірге сай екпінді ырғақ табу, өлеңнің метрикалық дәуірге сай екпінді ырғақ табу, өлеңнің метрикалық өлшемін өзгерту,Сыншы 1929 – 1932 жылдары С.Мұқановтың қазақ поэзиясының түрін 1933 жылы «Известия» газетінде жарияланған ақынның «Майға сәлем» деген Автор ақынның «Майға сәлем» өлеңін тақырып ауқымының кеңдігі, терең мағыналылығы, көркемдік ерекшеліктері тұрғысынан талдайды.Өзінің ақындық серпінін әлеуметтік Зерттеуші С.Мұқановтың 1930 жылдарда жазылған «Колхозды ауыл осындай», «Малшының С.Мұқанов лирикасының бір парасы – Отан қорғау тақырыбына арналған. Т.Нұртазин ақынның соғыстан кейін де дағдыланған қалпынан таймай бейбіт Екінші, жазушының таланты эпостық (сюжетті) шығарма жазуға бейім. С.Мұқановтың Үшінші, болашақ ақын жас шағында батырлық жырларды, қиссаларды, ғашықтық Одан ары қарай автор нақты деректер мен материалдарға сүйене С.Мұқановтың сюжетті кесек дүниелер жасаудағы шығармашы-лық ізденістері, әсіресе, «Батырақ», «Сәбит –поэманы көп жазған ақын. Т.Нұртазин ақынның қаламынан шыққан «Батырақ» поэмасын ақын 1925 жылы –қазақ ауылында тап күресі Сыншы кезінде орыстың ұлы ақыны, шаруа қауымының жаршысы Некрасовтың С.Мұқановтың «Батырақ» поэмасына дейінгі шығармаларда да кедей-батырақтар бейнесі болған. Сыншы бұл тұсқа да түсінікпен қарап, бұрыннан бар соқпақтармен. Зерттеуші сондай-ақ, поэманың негізгі кейіпкерлерінің бірі Қозыбақтың бойындағы толқу,С.Мұқановтың «Сұлушаш» романы 1928 жылы жарияланады. Алғаш басылып шыққан.мАвтор нақты деректер келтіре отырып, «Сұлушаштың» ауыз әдебиеті материалдарына.Бұл жайында қазақтың көрнекті сыншысы А.Нұрқатов «Сыншы өзінің алғырлығын, Ғалым романдағы ерекше айқындалып, тұлғаланған конфликт –махаббат драмасын да, Романның шебер қиюласқан композициясына, өлең құрылысындағы буын мөлшеріне, соған. Сондай-ақ негізінен реалистік стильде жазылған романның бойында кездесетін романтикалық «Батырақ» поэмасындағы секілді «Сұлушаш»романында да ауылдың кедейлері, езілгендер.Ақынның кейіпкер көңіл-күйін сұлу табиғат көркімен ұштастыра жырлаудағы тапқырлығына,С.Мұқановтың 1935 жылы жарық көрген «Ақ аю» поэмасы.Поэмада Ленинград қаласынан шыққан Челюскин мұз жарғыш кемесінің Солтүстік Ақынның ауыл батырақтарының төңкеріске келу жолдарын бейнелейтін «Қанды көл», « образдары нақтылы жинақ, айқын сюжетті, композициялары ширақ; көрікті, Ал басқа поэмаларына сыншы тұлғаланып жетілмеген, сыны да сәні С.Мұқановтың жазушылық өрісі мейлінше кең, талай жанрға бата қалам Сыншы С.Мұқановтың прозасына тоқталардан бұрын осы жанрдың біздің әдебиетіміздегі даму тарихына шолу жасайды. Мұнысы даЗерттеуші бұған дейін шығарамашылық талантын поэзияға жұмсап жүрген С.МұқановтыңС.Мұқанов 20-жылдарда проза саласында жинаған азды-көпті тәжірибенің нәтижесінде «Александр»С.Мұқановтың «Қазақтың көркемдік жағынан толысқан» романын жасап, зор табысқаҚоршаған әдеби ортаның, прозалық дәстүрдің жазушыға әсері, маңызы зор1920 жылдардың аяғында көлемді романмен үлкен прозаға келген С.Мұқанов Отызыншы жылдардағы С.Мұқановтың роман саласындағы қадамы «Теміртастан» басталды. Бұл Зерттеуде саяси-моральдық мәселемен байланысты бір топ адамның зұлымдығын әшкерелейтін С.Мұқановтың ең құнарлы шығармасы саналатын «Ботакөз» романы бірінші рет Зерттеуші кітапта нақты деректерге сүйене отырып романның жазылуынан, автордың Зерттеуші романның басында сюжетке арқау болған тап қайшылықтары мен Сюжетке арқау болған өмір қайшылықтарын өзара қиюластырып, қызғылықты Өмір күресінде қатып-пісіп төңкерістік жолға түскен Ботакөз, қалың бұқараның Зерттеуші С.Мұқановтың «Сырдария» романын жаңа дәуірді, еңбек тақырыбын жыр Сыншы ғасырлар бойы ырқ бермей келген Сырдарияны жуасытып, сабасына Роман кейіпкерлерінің күш-қуатын халықтың тапқа бөлінген кездегідей өздерінің ішіндегі Кейінгі жылдары С.Мұқанов өзінің «Өмір мектебі», «Адасқандар» романын жаңартып, Сыншы жоғарыда аталған жазушының романдарын ғалым бір топқа қосқан.

68.З.Қабдолов – әдебиет теориясын негіздеушілердің бірі. Ұлттық сөз өнерінің теориялық танымының негізін қалаған ұлы Ахмет Байтұрсынұлы болса, ал оның қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы ретінде қалыптасуы мен дамуына академик Зейнолла Қабдолов сіңірген еңбек айрықша бағалы. Жалпы түркі дүниясындағы әдебиет теориясына арналып жазылған тұңғыш еңбек А. Байтұрсынұлының қаламынан шыққаны біздер үшін зор мақтаныш. Бірақ сол бір аса құнды кітап, ұзақ уақыт бойы ғылыми айналымға енбей, оқыту үдерісінде қолданыс таппай келді. Сондықтан да әдеби-теориялық ілімнің өркен жаюына Зейнолла Қабдоловтай тұлға қажет болды. Зекең мұны ғалымдық, ұстаздық, азаматтық, адамдық болмысымен түйсініп, ұрпақ үшін атқарылатын осы бір абыройлы іске бүкіл ынта-жігерін сала кірісті. Сөйтіп, ол қазақ әдебиеттану ілімінің осы тың саласын жаңа биіктерге көтерді.

Бұл туралы алғаш 1976 жылы жарық көрген өзінің атақты «Сөз өнері» кітабының 1992 жылғы басылымында академик Зейнолла Қабдолов: «Жетпісінші жылдарға шекті студент-филологтардың қолында жүрген бірден-бір құрал – Қажым Жұма­лиевтің орта мектепке арналған «Әдебиет теориясы» ғана; ал Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» (1926), Есмағамбет Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелері» (1940) атты кітаптары белгілі себептермен пайдалануда болмағаны мәлім», – деп жазған-ды. Сөйтіп осынау «жоқтың» орнын толтыру

бақыты Зекеңе бұйырды. Құдай берген таланты мен дарынының және ерінбес еңбектің арқасында ол қазақ әдебиеттануындағы әдебиет теориясы мектебін қалыптастырып, қазақ әдебиеттану ғылымының алыбына айналды.

Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» 1926 жылы басылып шықса, Зейнолла Қабдоловтың «Сөз өнері» 1976 жылы жарық көрді. Әрине, алғаш «Әдебиет теориясының негіздері» деген атпен 1970 жылы жарық көргенін біз жақсы білеміз. Бірақ Зекеңнің әдебиет теориясы жайлы еңбегінің даңқы қазаққа «Сөз өнері» деген атпен жайылды. Бұл кітаптың өзіндік ерекшелігін 1976 жылғы алғашқы басылымында Зекең өзі тасқа басқан маржандай етіп жазып кеткен: «Кітаптың атын да затына лайық «Сөз өнері» деп, үйреншікті үлгіден гөрі біраз өзгертіп алуды жөн көрдік. Дәл осылай атау осы кітаптың мазмұнына сай келеді. Өйткені, бұл кітапта әдеттегідей теориялық қағидалар қалыптастырудан гөрі сөз өнерінің әрі қиын, әрі қызық құпиялары хақында жалпы жұртпен кеңесу, еркін сырласу жағы басым».

Әдебиетші болам деген қазақ баласы осы «Сөз өнерін» жаттап өсті. «Сөз өнері» шыққан жылы біз «Әдебиеттануға кіріспе» пәнін оқып жүр едік, кітапты іздеп жүріп сатып алып, Зекеңнен қолтаңба алдық. Бір күні Зекеңнің дәріс сабағында ұстаз оқып жатқан тақырыппен үнемі тастамай алып жүретін әдебиет теориясы жайлы кітаптағы тақырыпты салыстыра қалмасым бар ма, Зекең өз кітабын үтір-нүктесіне дейін жаттап алған екен. Мұндай таңқалмаспын! Сонда ғана барып Зейнолла Қабдоловтай дана ұстаздың «Сөз өнерін» үлкен жауапкершілікпен, «жүз ойланып, мың толғанып», әдебиет теориясының өзекті мәселелерін жан жүрегінің сығындысы етіп жазып шыққанына көз жетті. Сондықтан да ол ұстаз жадынан өшпестей орын алып, кез келген сәтте көз алдына келе қалар сананың сәулелі суреті болып сақталып қалған. Ендеше, «Әдебиет танытқыш» қазақ әдебиеттану ілімінің бас кітабы болса, ұстаздық, ғалымдық, жазушылық үш құдіреттің таразы басын теңгеріп ұстаған академик-жазушы. Зейнолла Қабдоловтың «Сөз өнері» – «ар ісінің» қағидаттарын «ар ісінің» ғылымына айналдыра білген ғұламаның ғалымдық көрсеткіші іспетті бас кітабы.