61. Әдеби сынның басқа салалармен байланысы.
ғалымдар әдеби сынды көркем әдебиет саласы деп қарастырды. Т.Кәкішев «сынның жазба әдебиетке тән жанр екендігі теориялық тұрғыдан анық тұжырымдалған шындық». Қирабаев С. «Сынның әдебиет жанрларының бірі екені, ал сыншының жазушы екені әдетте еш дау тұрғызбайды». Сын-ғылым, әдебиетану саласының бір саласы деушілер- А.С.Пушкин: «Сын-ғылым.Сын- әдебиет пен өнер туындыларындағы сұлулық пен кемшілікті ашып отыратын ғылым». С.Лихачев, Т.Шукшина-қолдаушылар. Қ.Жұмалиев : «Сын әдебиет туралы ғылымның бір түрі». З.Қабдолов «Әдебиет туралы ғылым негізінен үш салаға бөлінеді:әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны. Сын-сөз өнері. З.Баранов,В.Ковский. Қазақ халқының сөз өнеріне ерекше мән беруі, сөзге тоқтау қасиеті туралы. Қазақ шешендері мен билерінің , ақын-жыраулардың ұлттық талғаммен бірге эстетикалық көзқарастарды дамытудағы рөлі. Қазақ шешен билерінің тұлғасы,болмысы қазақ әдеби сынының тарихының басталуына себепші болған.Тарихта Бөлтірік би семсер тілді шешендігімен,билік,кесім айтуда тапқырлығымен көзге түссе,сөз атасы Майқы би тіл жүйріктігімен сөз өнерін керемет меңгерген.Әдеби сынның тарихында шешендік өнер жоғары бағаланған.Үйсін Төле бидің,қаз дауысты Қазыбек бидің,айыр тілді алшын Әйтеке бидің әдеби сынды дамытудағы рөлінің биіктігі.Шешендік өнерді зерттеудегі ғалым С.Негимовтың «Шешендік өнер»еңбегінің маңызы.»Ежелгі дәуір әдебиеті»,»Хандық дәуір әдебиеті»зерттеулерінің әдеби сынды дамытудағы рөлі.Сын-әдеби публицистика. Сын-журналистика.. Сын-эстетиканың сөз өнерін зерттейтін бір саласы. Сын көркем әдебиетпен бірге пайда болвп, бірге дамиды.Әдебиет бар жерде оның сыны да бар.В:Г.Белинский: «сынды өнер туғызған жоқ.Сол сияқты сын да әдебиетті туғызған жоқ».Көркем әдебиет пен сынды бөлуге болмайды.Бірінсіз бірі жоқ.Сын көркем әдебиет емес дейді.
62. «Қазақ» газетіндегі сыншылдық ой көрііністері. «Қазақ» – қоғамдық –саяси және әдеби газет 1913 жылы 2 ақпаннан бастап Орынборда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған. Тиражы –3000, кейбір мағлұматтарда 8000-ға жеткен. Бірінші редакторы белгілі ғалым, жазушы, қоғам қаураткері Ахмет Байтұрсынов, екінші редакторы қоғам қайраткері, жазушы Міржақып Дулатов бастырушы «Азамат» серіктігі. Кәрімов баспаханасында басылып тұрған. Газеттің 1918 жылғы сандарының редакторы Жанұзақ Жәнібеков.
Газетте XX ғасырдың басындағы қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірінің ең түйінді мәселелеріне, қазақ шаруашылығының жағдайына, жер мәселесіне, басқа елдермен қарым-қатынасына, оқу ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санаға, тарих пен шежіреге арналған құнды мақалалар жарияланды. «Қазақтың» басты бағыты ағартушылық мәселесін қамтыды. Өнер, білім жағынан қалың қазаққа бас көз болды. Мысалы: «оқу жайы», «Қазақша оқу жайы» атты мақалалар оқудың мән жайын, маңызын, әсіресе, «Қазақтың шаруасына, бір жақтан надандықтан кемшілік келген де, екінші жақтан білімсіздігін көріп тұрғандар басынып, елдігнен , теңдігіне қалдырып, тиісті сыбағасына қиянат істеп тұрғаны санасы бар қазаққа ескерерлік іс еді. Газет 1913 жылы жарияланған матеиалдарында оқудың мән жайын, маңызын айтып көпке түсіндіруге тырысса, екінші 1914 жылғы «Бастауыш мектеп» (№61), «Мектеп керектері» (№62), «оқу мезгілі» сияқты мақақаларында мектеп, медересе жайларын нақты көрсетіп мұқтаждарын айтады.
Оқу- ағарту мәселесіне «Қазақ» газеті көп көңіл бөліп, қазақ даласында жаңадан мектеп медреселер салудың қажеттілігі осы істің барысы туралы хабарларды кеңінен жариялап отырды. Сондай-ақ қазақ тілінде шыққан кітаптардың бағыт-бағдары, алатын орны жөнінде қысқаша сын мақалалар өте көп жазылды.
