- •I. Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері.
- •1.2. Жұмыс уақытының түрлері.
- •II Жұмыс уақытының режимі.
- •2.1. Жұмыс уақытының режимі.
- •III. Жұмыс уақытының есебі.
- •3.1. Жұмыс уақытын есепке алу.
- •III.Жұмыс уақытының есебі.
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- •I.Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері
- •II.Жұмыс уақытының режимі.
III. Жұмыс уақытының есебі.
3.1. Жұмыс уақытын есепке алу.
Еңбек заңнамасында жұмыс уақытына есеп жүргізудің екі түрі белгіленген: күнделікті және жиынтықты. Күнделікті есеп жүргізуде жұмыскердің әр күнгі істеген жұмыс уақыты есепке алынады. Мұндай есеп жүргізгенде бір күнгі артық істелген уақыт екінші бір күннің кем істелген уақытының есебіне жатқызылмайды. Жұмыс уақытының жиынтық есебін жасаған кезде қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген орташа жұмыс күні мен жұмыс аптасының ұзақтығы сақталуға тиісті шамадағы кезең есептік кезең болып танылады. Басқаша айтқанда, жұмыс уақытының жиынтық есебін жүргізгенде неғұрлым ұзақтау есептік кезең (ай, жыл, науқан, тоқсан) алынады. Есептің мұндай түрінде осы есептік кезеңнің кейбір күндері артық істелген жұмысты осы кезеңнің басқа күндері кем істеп өтемін қайтаруға болады. Жұмыс уақытына жиынтық есеп жүргізудің ерекшелігі, сонымен қатар, әр апта сайынғы демалыс күндерінің болмауы.
Жұмыс уақытын күнмен есептеу есеп жүргізудің ең көп таралған түрі. Жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануға шектеулі, заңда қатаң көзделген жағдайларда ғана жол беріледі. Мысалы, Еңбек туралы Заңның 52 бабына сәйкес өндіріс (жұмыс) жағдайлары бойынша қызметкерлердің белгілі бір санаты үшін белгіленген апта сайынғы жұмыс уақытының сақталуы мүмкін емес, үздіксіз жұмыс істейтін ұйымдарда, жекелеген өндірістерде, цехтарда, учаскелерде, бөлімшелерде және кейбір жұмыс түрлерінде жұмыс уақытының жиынтық есебін жүргізуге жол беріледі. Жұмыс уақытының жиынтық есебі, сонымен қатар, жұмыстың ұзақтығы, кейбір күндері сақталмайтын өндірістерде (мысалы, теміржол көлігіндегі локомотивтік және поезд бригадалары, т.б.) істейтін жұмысшылар мен қызметкерлер үшін де енгізіледі.
Екі демалыс күнмен 5 күндік жұмыс аптасы жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындарда (мекемелерде, ұйымдарда) жұмыс уақытының күн сайынғы және жиынтық есебі бірге қолданылуы мүмкін. Күн сайынғы жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы ауысымдық графигі бойынша алдын ала анықталады, сондықтан оны дәл есептеуге болады, күн бойынша есептің артықшылығы сол. Сонымен қатар, жұмыс уақытының нормасы — әр жұмыс күні үшін еңбек белгілі бір есеп кезеңі үшін (апта, ай, т.б.) беріледі, бұл жұмыс уақытын жиынтық есептеудің белгісі. Бұл көрсетілген ережелер жұмыс уақыты ұзақтығының және жұмыс уақыты нормасының есепті кезең үшін графикте белгіленгеннен артық істелген жұмысты және ол жұмыстың өтемін қайтару мәселесін шешу үшін маңызды рол атқарады.
Жұмыс уақытының жиынтық есебі жұмыс берушінің актісімен енгізіледі және ол қалыпты жұмыс күнін белгілеу мүмкін емес жекелеген өндірістің, цехтардың, учаскелердің, бөлімшелердің қызметкерлері үшін ұжымдық шартта белгіленеді. Мұндай есепте тиісті есепті кезеңге сәйкес
15
келетін, жұмыс сағатының белгіленген санынан аспайтын жұмыс қалыпты деп саналады. Егер қызметкердің іс жүзінде нақты істеген жұмыс уақыты есепті кезеңдегі күнделікті жұмысының (ауысымының) немесе жұмыс уақыты нормасының ұзақтығынан асып түссе, онда жұмысты артық істегендік орын алады. Артық істелген жұмыстың сипатына қарай тиісті өтемнің түрі анықталады. Күнделікті жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы графикте белгіленгендегіден асқан жағдайда, мұндай жұмыс мерзімінен тыс жұмыс деп есептелінеді, жалпы ереже бойынша оған жол берілмейді (Еңбек туралы Заңның 49-бабы).
Жұмыс сағаттарының нормасынан артық жұмыс істеу графикте көзделген болса, ол жалпы түсінік бойынша мерзімнен тыс жұмыс болып табылмайды. Мұндай жағдайды ұйымдық-техникалық және өндірістік себептермен түсіндіруге болады, егер жұмысты ұзақтығы бірдей (7 немесе 6 сағаттық) ауысымдармен ұйымдастыру мүмкін болмаса, жұмысты артық істеу қалайда болады (мысалы, төрт бригадалық графикте) Жұмысты артық істеудің мерзімнен тыс жұмыстан айырмашылығы сол, ол ерекше жағдайларда емес, алдын ала көзделіп жасалынады. График бойынша жұмыс артық істелгенде, қызметкерге сол есепті кезеңде қосымша демалыс күндері беріледі.
Жылжымалы (оралымды) графикті тиімді пайдаланудың бірден бір шарты — жұмыс істелген уақытты дәл есепке алу және әрбір қызметкердің жұмыс уақытын неғұрлым толық және тиімді пайдалануын нақты бақылау. Жұмыс уақытына жиынтық есеп енгізілген өндірістерде, цехтарда, учаскелерде және бөлімдерде жылжымалы (оралымды) графикпен жұмыс істегенде қызметкерлер апталық нормасын апта, ай немесе сол бөлімшеде есептік ретінде қабылданган кезең ішінде жасауы мүмкін.
Жұмыстың вахталық әдісінде жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленеді. Бұл жағдайда жұмыс уақытының есебі айға, тоқсанға немесе одан ұзақ мерзімге жүргізіледі, ол бір жылдан артпауға тиіс. Есепті кезең барлық жұмыс уақытын, ұйымның тұрған жерінен немесе жиналатын пункттен жұмыс орнына дейін баруға және кері қайтуға кететін уақытты, сондай-ақ сол вахта кезеңіне келетін демалу уақытын қамтиды. Бұл орайда есептік кезеңі ішіндегі жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы еңбек заңнамасында белгіленген нормадан аспауға тиіс (Еңбек туралы Заңның 43-бабы).
Жұмыс уақытын пайдаланудың есебі арнайы табельдерде, жылдық табельдік карточкаларда, т.б. жүргізіледі. Демалыстың барлық түріндегі қызметкерлердің, олардың уақытша жұмысқа жарамсыз, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау, іссапар кездеріндегі, жұмыс уақытына саналатын үзілістер кезіндегі (суық кездері ашық жерде істейтіндер үшін, т.б.) және басқа жағдайлардағы уақыттарының есебі жұмыс берушінің актілері, еңбекке жарамсыздық парақтары, іссапар куәліктері және басқа құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
16
Қорытынды
Сонымен жұмыс уақыты дегеніміз - жұмыс берушінің актілеріне және жеке еңбек шартының жағдайларына сәйкес жұмыскер өзінің еңбек міндеттерін орындайтын уақыты. Жұмыс берушінің актілеріне бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, т.б. жатады. Ал, жұмыс уақытында орындалуы тиіс еңбек міндеттеріне келетін болсақ, олар жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында жасалған жеке еңбек шартында көрсетіледі. Еңбек туралы күшіндегі заңнама жұмыс уақытының мына түрлерін қарастырады: ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған, толық емес жұмыс уақыты.
Белгілі бір есепті кезендегі (апта, ай, т.б.) жұмыс уақыты мен демалу уақытының ара қатынасы (алмасуы) жұмыс уақытының режимі деп аталады. Жұмыс уақыты режимінің негізгі элементтеріне мыналар жатады: аптадағы жұмыс күнінің саны, күнделікті жұмыстың басталуы және аяқталуы, жұмыс ауысымының ұзақтығы және алмасуы. Еңбек заңнамасында жұмыс уақытына есеп жүргізудің екі түрі белгіленген: күнделікті және жиынтықты.
Жеке жұмысымды қорыта келе айтатыным мына алмағайып заманда жұмыс уақытын сақтамау, Еңбек заңын өрескел бұзу жиі кездесіп отыр. Осы жақында ғана Қытай Халық Республикасының мұнай-газ саласындағы мемлекеттік компаниясы қазақстандық жұмыскерлерді 10-12 сағат жұмыс істетіп, оларға тек қана 13 мың теңгенің көлемінде айлық төлеп отырғандығын теледидардан көрсетті. Өз құқықтарын жете түсінбегендіктен жұмыскерлер жұмыс уақытының бұзылуына мән бере қоймайды.
Тек қана пайда табуды көздеген кәсіпкердің өз бетінше жеке меншік кәсіпорнында өзі ғана 8 сағаттан артық еңбек етуіне тыйым салынбаған. Сондықтан шамадан тыс жұмыс істеуіне болады. Өйткені табысқа жету маңдай терімен келеді емес пе?!
17
