Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жұмыс уақыты.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50 Кб
Скачать
☆

1.2. Жұмыс уақытының түрлері.

Еңбек туралы күшіндегі заңнама жұмыс уақытының мына түрлерін қарастырады: ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған, толық емес жұмыс уақыты.

Қалыпты жұмыс уақыты. Еңбектің күн, апта, жыл бойғы, адамның дамуына және омір сүруіне зиянын тигізбейтін ұзақтығы қалыпты деп танылады. Еңбек туралы күшіндегі заңнамаға сәйкес кәсіпорындардағы (мекемелердегі, ұйымдардағы) жұмыскерлердің жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс (Еңбек ту­ралы Заңның 45 б. 2 т.). Бұл норма экономиканың саласына, кәсіпке, мамандыққа, лауазымға қарамастан, жәй, қалыпты еңбек жағдайларында жұмыс істейтін барлық жұмыскерлерге тарайды. Жұмыс уақытының аптасына 40 сағаттық ұзақтығы оның жоғары шегі болып табылады, егер заңда ерекше қарастырылмаған жағдайларда, оны жақтардың келісімі бойынша ұзартуға болмайды.

Жұмыс уақытының апталық ұзақтығы (40 сағат) қалыпты ұзақтықтағы жұмыс күнінен туындайтын шама. Еңбек туралы заңнамаға сәйкес 6 күндік жұмыс аптасында күнделікті жұмыстың ұзақтығы 7 сағаттан аспауға тиіс, ал еңбек жағдайы ауыр (зиянды) кейбір кәсіптердің жұмыскерлері үшін қысқартылған жұмыс күні қарастырылған.

Ұзақтығы қалыпты жұмыс күні мыналарға есептелген:

а) артық күш жұмсауды қажет етпейтін және жүйке тоздырмайтын жағдайларда жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге;

б) 6 күндік жұмыс аптасы жағдайында жәй календарлық тәулікке. Сондықтан да қалыпты ұзақтықтағы жұмыс күніне 6 күндік жұмыс аптасы болғандағы демалыс алдындағы қысқартылған күндер және 5 күндік жұмыс аптасы, сондай-ақ үздіксіз өндіріс жағдайындағы 8 сағаттық және өте ұзақ күнделікті жұмыс жатқызылмайды.

Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы еңбекті қорғау, оқуды өндіргіш еңбекпен табысты үйлестіру үшін қолайлы жағдай тудыру, өндіріске кәмелетке толмағандарды және еңбек қабілеті шектеулі адамдарды тарту мақсатында жұмыскерлердің кейбір санаттары үшін белгіленеді. Еңбек туралы заңнама 18 жасқа толмаған жұмыскерлер үшін ұзақтылығы қысқартылған жұмыс уақытын белгілейді. 16-дан 18-жасқа дейінгі адамдар үшін жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 36 сағат, ал 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін аптасына 24 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленген.

Ауыр қара жұмыспен және еңбек жағдайы зиянды жұмыспен айналысатын, арнайы тізімде көрсетілген кәсіптердің жұмыскерлері ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақытына құқылы. Бұл жағдайда өндірістердің, цехтардың, кәсіптердің және лауазымдардың тізімін, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды жұмыстар тізімін басшылыққа алу керек, олардағы жұмыстар жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға

6

құқық береді. Жалпы ереже бойынша, еңбек жағдайлары зиянды кәсіп немесе лауазым бойынша жұмыс атқаратын жұмыскерлерге ұзақтығы 36 сағаттан аспайтын жұмыс аптасы белгіленеді.

1 Ауыр қара жұмыс дегеніміз 300 ккал/сағаттан артық қуат жұмсауды қажет ететін, ауыр жүктерді қолмен көтеруді немесе жылжытуды керек ететін жұмыс.

3 Зиянды (аса зиянды) жұмыс дегеніміз кейбір өндірістік факторлардың әсері жұмыс қабілетін төмендететін немесе ауруға шалдықтыратын не оның ұрпағының денсаулығына теріс әсер ететін еңбек жағдайы. Қауіпті (аса қауіпті) жұмыс дегеніміз еңбекті қорғау ережелерін сақтамаған жағдайда белгілі бір өндірістік факторлардың әсері бірден денсаулықтың нашарлауына немесе жұмыскердің жарақат алуына не өліміне әкелетін жұмыс жағдайы.

Ең кемінде жартысын нақты істеген күндер үшін ғана жұмыскерлерге жұмыс күнінің қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. Егер тізімде "толық жұмыс күні", "ұдайы айналысады", "ұдайы қызмет көрсетуші" деп көрсетілсе, онда жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы, бұл жағдайда, жұмыскердің зиянды еңбекпен толық қысқартылған жұмыс күні бойы айналысқан ретте белгіленеді. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы, сонымен қатар, қызметі тізімде қарастырылмаған, бірақ кейбір кездері еңбек жағдайы зиянды, тізімде қарастырылған өндірістерде, цехтарда, кәсіптер немесе лауазымдар бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлерге де белгіленеді. Бұл ереже, сонымен қатар, сырттан қамтылған ұйымдардың (құрылыс, құрылыс-монтаж, монтаж-жөндеу,т.б.), кәсіпорынның қосалқы және қосымша цехтарының (жөндеу, электрқуатын беру, т.б.) жұмысшыларының, инженер-техник қызметкерлерінің еңбек жағдайлары зи­янды, тізімге сәйкес жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына құқық беретін өндірістерде, цехтарда және учаскелерде жұмыс істеген күндеріне қатысты да қолданылады.

Еңбек туралы заңнамада мұғалімдер үшін және білім беру, медицина мекемелерінің, жоғары оқу орындарының жұмысы көтеріңкі жүйке-интеллектуалдық қызметпен байланысты қызметкерлері үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қарастырылған. Мысалы, нормативтік оқу жүктемесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтық қызметкерлеріне аптасына мына мөлшерде белгіленген: жалпы білім беру оқу орындарының бастапқы сатысы үшін — 20 сағат; жалпы білім беру оқу орындарының, бастапқы және орта кәсіби білім беру ұйымдарының негізгі және жоғарғы сатылары үшін — 18 сағат; мектепке дейінгі ұйымдар үшін — 24 сағат; мектептен тыс ұйымдар үшін — 18 сағат (балалар спорт мектептерінде — 24 сағат). Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі педагогтық қызметкерлер үшін нормативтік оқу жүктемесі 1999 жылғы 7 маусымдағы "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңында (40 б. 5т.), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы "Білім берудің мемлекеттік ұйымдарының

7

педагогтық қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесін бекіту туралы" №1262 қаулысында белгіленген. Сыныптан тыс, әдістемелік және тәрбие жұмыстарының сабақтарға дайындық, жазбаша жұмыстарды тексеру, т.б. жұмыстардың ұзақтығына регламент жасалмаған.

Мұғалімдер мен оқытушылардың сыныптан тыс жұмыстарының түрлері мен көлемі тиісті оқу орындарының ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен анықталады. Сондықтан да мұғалімдер мен оқытушылардың жұмыс уақыты педагогтық жүктемеден және ұйымдық-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын орындау уақытынан тұрады, ол жеке еңбек шартынан және оқу орнының ішкі еңбек тәртібінен туындайды. Жоғары оқу орындарының профессорларына, доценттеріне, аға оқытушыларына, оқытушыларына және ассистенттеріне 6 сағаттық жұмыс күні белгіленген. Профессор-оқытушылар құрамына оқу жүктемесін жоғары оқу орны оның біліктілік деңгейіне және қызметінің ерекшелігіне байланысты өзі белгілейді және ол бір ставканың шегінде заңнамада белгіленген оқу жүктемесінің нормасынан аспауға тиіс.

Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы медицина қызметкерлерінің көптеген санаттары (емхана, амбулатория, диспан­сер, т.б. дәрігерлері); I және II топтағы мүгедектер үшін де белгіленген.

Ұжымдық және жеке еңбек шарттарын жасағанда жұмыскерлердің жұмыс уақытының ұзақтығы заңда белгіленген қалыпты немесе қысқартылған жұмыс уақытының ең көп ұзақтылығынан аспауға тиіс, бірақ кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) қызметкерлерінің кейбір санаттары немесе түгелдей ұжымы үшін ұзақтылығы кем жұмыс уақыты енгізілуі мүмкін.

Толық емес жұмыс уақыты. Толық емес жұмыс уақыты жұмыскер мен жұмыс беруші арасыңдағы келісім бойынша жұмысқа қабылдау кезінде де, одан кейін де белгіленуі мүмкін. Толық емес жұмыс уақытын қысқартылған жұмыс уақытынан ажыратып қарау керек, себебі, жоғарыда аталып өткендей, ол заңнамада белгіленген қалыпты жұмыс уақытынан кем. Бұлардың айырмашылығы еңбекақы төлеу тәртібінде. Егер ұзақтылығы қысқартылған жұмыс уақыты үшін еңбекақы толық төленетін болса, ол толық емес жұмыс уақытында істелген жұмыс үшін еңбекақы қанша уақыт істегеніне қарай немесе өндірген өніміне байланысты төленеді.

Толық емес жұмыс уақыты қандай да бір себептермен толық жұмыс

уақытын өткере алмайтын адамдарды (мүгедектерді, зейнеткерлерді, үй

шаруасындағы әйелдерді, т.б.) өндіріске тарту мақсатында енгізіледі. Толық емес жұмыс уақыты басқа жұмыспен де айналысатындар үшін, сондай-ақ толық ставкаға жұмысқа алынған (штат кестесіне сәйкес) адамдар үшін белгіленеді.

Толық емес жұмыс күңі жұмыскердің өтініші бойынша да белгіленеді. Жұмыс беруші өндірістің мүдделері мен мүмкіндіктерін ескере отырып мұндай өтінішті қанағаттандыруға құқылы. Толық емес

8

жұмыс уақыты жағдайындағы жұмыс жұмыскердің еңбек құқықтарының көлеміне (жыл сайынғы демалыс ұзақтығы, еңбек стажы, т.б.) қандай да бір шек келтіре алмайды.

Түнгі уақытта жұмыс істеушілер үшін қандай да бір ерекшеліктер белгіленген. Жұмысты тоқтатуға болмайтын жағдайда, мысалы технологиялық процесі үзілмейтін өндірісте; байланыс бөлімшелерінде, медициналық мекемелерде, көлікте, т.б. салаларда ғана түнгі уақыттардағы жұмысқа жол беріледі. Жұмыскерлер еңбегінің жағдайларын жеңілдету және еңбекті қорғау мақсатында заңнама түнгі жұмыстарға шек қою, түнгі уақыттағы жұмыстың (ауысымның) ұзақтығын қысқарту жөнінде арнайы шаралар жүргізуді көздейді, ондай жұмыстарға жұмыскерлердің кейбір санаттарын тартуға тыйым салады.

18 жасқа толмаған жұмыскерлерді және түнгі уақыттағы жұмысқа тыйым салынған медициналық қорытындысы бар басқа адам­дарды түнгі уақыттағы жұмысқа тартуға болмайды. Жүкті әйелдерді түнгі уақыттағы жұмысқа тарту үшін міндетті түрде олардың келісімі болуға тиіс (Еңбек туралы Заңның 48-б. 2 т.)

Кейбір жағдайларда мүгедектер түнгі жұмысқа жіберіледі, егер оған олардың келісімі болса және ұсынылған жұмысты атқаруға дәрігер тыйым салмаған болса.

Түнгі уақытқа кешкі сағат 10-нан таңғы сағат 6-ға дейінгі кезең жатады. Ауысым түнгі деп саналады, егер жұмыс уақытының кемінде жартысы түнгі уақытқа келсе.

9