
- •I. Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері.
- •1.2. Жұмыс уақытының түрлері.
- •II Жұмыс уақытының режимі.
- •2.1. Жұмыс уақытының режимі.
- •III. Жұмыс уақытының есебі.
- •3.1. Жұмыс уақытын есепке алу.
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- •I.Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері
- •II.Жұмыс уақытының режимі.
- •III.Жұмыс уақытының есебі.
II Жұмыс уақытының режимі.
2.1. Жұмыс уақытының режимі.
Белгілі бір есепті кезендегі (апта, ай, т.б.) жұмыс уақыты мен демалу уақытының ара қатынасы (алмасуы) жұмыс уақытының режимі деп аталады. Жұмыс уақыты режимінің негізгі элементтеріне мыналар жатады: аптадағы жұмыс күнінің саны, күнделікті жұмыстың басталуы және аяқталуы, жұмыс ауысымының ұзақтығы және алмасуы.
Жұмыс уақытының режимі жұмыс аптасының типіне байланысты. Кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) қызметкерлері үшін екі демалыс күні бар 5-күндік жұмыс аптасы белгіленген. Бұл жағдайда күнделікті жұмыстың ұзақтығы жұмыс беруші жұмыс ерекшелігін, еңбек ұжымының пікірін және жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып бекіткен оның актілерімен немесе ауысымдық графиктерімен анықталады.
Егер өндірістің сипатына және кәсіпорындағы (мекемедегі, ұйымдағы) жұмыс жағдайларына байланысты 5 күндік жұмыс аптасын енгізу тиімсіз болса, онда бір демалыс күні бар 6 күндік жұмыс аптасы сақталады. Мысалы, 5 күндік жұмыс аптасы жалпы білім беретін мектептерге, кәсіби-техникалық, орта арнайы және жоғары оқу орындарына катысты емес.
Екі демалыс күні бар 5 күндік жұмыс аптасы жағдайындағы жұмыс аптадағы жұмыс уақытының заңнамада белгіленген жалпы ұзақтығы шамасында жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, 5 күндік жұмыс аптасы тек жұмыс уақытының режимін, оның құрылымын ғана өзгертеді, ал жұмыс уақытының (жұмыс аптасының) еңбек туралы заңнамада белгіленген ең көп ұзақтығын өзгерте алмайды.
Бескүндік немесе алтыкүндік жұмыс аптасын жұмыс беруші белгілейді, сондай-ақ ол жеке еңбек немесе ұжымдық шарттардың жағдайларымен анықталады.
Жұмыс ауысымы — бұл, күнделікті жұмыстың заңға, ұжымдық немесе жеке еңбек шартына сәйкес белгіленген ұзақтығы, оны жұмыскер графикке (кестеге) сәйкес тәулік ішінде атқарып шығуға тиіс. 5 күндік жұмыс аптасы жағдайындағы күнделікті жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыс беруші жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып бекіткен оның актілерімен немесе ауысым графигімен анықталады.
Кәсіпорындардың (мекемелердің, ұйымдардың) өндірістік қызметінің нақты ұйымдық-техникалық жағдайларына байланысты жұмыс графигі белгілі бір есепті кезеңге, яғни жұмыс аптасының орташа ұзақтығы сақталуға тиісті уақытқа белгіленеді. Қалыпты жұмыс уақытын кейбір айларда (календарь бойынша 6 күндік жұмыс аптасымен есептелген) артығымен немесе кем істесе, ол жұмыс графигін қайта қарауға негіз бола алмайды, егер жұмыс уақытының жалпы теңгерімі жұмыс сағаттарының есепті кезеңге белгіленген нормасына сәйкес
10
келетін болса. 40 сағаттық апталық норма болғанда 6 күндік жұмыс аптасында күнделікті жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы 7 сағаттан, 36 сағаттық апталық норма болғанда 6 сағаттан, 24 сағаттық апталық норма болғанда 4 сағаттан аспауға тиіс екендігі еңбек туралы заңнамада белгіленген (Еңбек туралы Заңның 47-бабы).
Жұмыс күнінің (ауысымның) режимі, яғни күнделікті жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің ажырамас, құрама бөлігі болып табылады. Кәсіпорында (мекемеде, ұйымда) жұмыстың басталу және аяқталу уақыты жұмыс берушінің актісімен белгіленеді. Тиісті жағдайларда күнделікті жұмыстың ұзақтығы, оның ішінде күнделікті жұмыстың басталу және аяқталу уақыты жене демалу үшін және тамақтану үшін үзіліс жұмыс беруші жұмыс ерекшелігін, еңбек ұжымының пікірін ескеріп және аптадағы немесе басқа есептік кезендегі жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып бекіткен ауысымдық график бойынша анықталады.
Әкімгерлік мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс күнінің ұзақтығы мен режимі 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, күшіндегі еңбек заңнамасына сәйкес анықталады. Әңгіме бұл жерде мемлекеттік органдардың бүтіндей немесе оның кейбір бөлімшелерінің қалыпты және тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ететін әкімгерлік мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі жайында және де мұнда олардың кейінге қалдыруға болмайтын және алдын ала болжамдалмаған жұмыстарды орындау үшін демалыс күндері мен мереке күндері міндетті түрде жұмысқа келуі көзделген.
Еңбек заңнамасы жұмыскерлердің кейбір санаттары үшін жұмыс барысында арнайы үзілістер беруді қарастырған, олар жұмыс уақытының есебіне кіреді, сондықтан оған еңбекақы төлеу көзделген. Мұндай үзілістер мыналар үшін белгіленген:
а) жылдың суық кездерінде сыртта және іші суық жабық жерде жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін;
б) тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлер үшін. Жұмыскерлердің бұл көрсетілген санаттары үшін үзілістер саны мен олардың ұзақтығы жұмыс берушінің актісімен, жеке еңбек және ұжымдық шарттардың жағдайдарымен белгіленеді.
Өндірістік бөлімшелердің басшылары (мастерлер, цех, бөлім, участок бастықтары, т.б.) жұмыстың уақтылы басталуына және аяқталуына, жұмыс күнінің дұрыс және тиімді пайдаланылуына бақылау жасауға тиіс.
Мұндай бақылау жүзеге асырылғанда мыналар ескеріледі:
— жұмыскерлердің жұмысқа уақтылы келгендігін, кешіккендерді және жұмысқа келмегендерді анықтау;
— жұмыс уақытында жұмыскерлердің өз жұмыс орындарында
болуы, олардың түскі үзіліске уақытыңда кетіп, кешікпей қайтуы;
— жұмыс күні немесе ауысым аяқталғаннан кейін жұмыскердің
11
жұмыстан уақтылы кетуі;
— жұмыскердің жұмысқа жұмсаған нақты уақытын, бос тұрған уақытын және жұмыс уақытын толық пайдаланбаудың басқа түрлерін, оның себептерін анықтау. Ауысымдық графиктері. Егер кәсіпорында екі немесе одан көп ауысым белгіленсе, онда жұмыс уақытының режимі жұмыс графигімен реттеледі. Ауысымдық графигі кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібінің құрамдас бөлігі. Ауысымдық жұмыста жұмыскерлердің әрбір тобы жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығы аралығында жұмыс жасауға тиіс. Ауысым бойынша жұмыскерлер біркелкі алмасады. Бір ауысыммен екіншісіне ауысу жұмыс ерекшеліктері мен еңбек ұжымының пікірі ескеріліп, жұмыс берушінің актісімен бекітілетін ауысымдық графиктерімен анықталады.
Технологиялық процестері үзілісті де, үзіліссіз де кәсіпорындарда әртүрлі ауысымдық графиктері қолданылады. Ауысымдық графиктерінде мыналар қарастырылуға тиіс: тәулік ішіндегі ауысым саны, ауысымдардың ұзақтығы, ауысымдар бойынша жұмыскерлердің алмасу тәртібі, күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер, график бойынша демалыс күндері. Негізгі өндіріске қосалқы қызмет көрсетумен айналысатын жұмыскерлер үшін (құрал-жабдықтарды жоспарлы - алдын ала және басқадай жөндеу жұмыстарымен айналысатын) жұмыс аптасының 5 күндік графиктерін қолданғанда, өндіріс мүдделері ескеріліп демалыс күндері жұмыс аптасының негізгі өндірістің жұмыскерлері үшін демалыс болып келетін күндерімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Үзіліссіз жұмыстағы адамның өзін алмастыратын жұмыскер келгенше жұмысты тастап кетуіне тыйым салынған. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес жұмыскерді екі ауысымға қатарынан жұмысқа тағайындауға жол берілмейді. Сондықтан да, алмастыратын жұмыскер келмеген жағдайда ол жайында жұмыс жетекшісіне хабарланады, ол өз кезегінде, ауыстыратынды басқа адаммен алмастыруға жедел шара қолданады.
Белгіленген тәртіпте бекітілген ауысымдық графиктері жұмыскерлер назарына алдын ала ұсынылады.
Жылжымалы (оралымды) график. Жұмыстың жылжымалы (оралымды) графигі жұмыскерлердің өз әлеуметтік-тұрмыстық және басқа жеке мұқтаждықтарын өндіріс мүддесімен үйлестіру үшін қолайлы жағдай тудыру мақсатында енгізіледі. Жұмыстың бұл графигі экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындарда (мекемелерде, ұйымдарда) 5 күндік, 6 күндік жұмыс аптасы жағдайында да, жұмыстың басқа режимдерінде де қолданылуы мүмкін.
Жылжымалы (оралымды) жұмыс графигін жұмыс беруші жұмыскерлермен келісе отырып, оларды жұмысқа алғанда да, кейін де белгілей алады, егер олар осы кәсіпорында (мекемеде, ұйымда) белгіленген жәй график бойынша жұмыс істей алмайтын болса. Бұл график осы графикпен жұмыс істейтін цехтағы (учаскедегі, бөлімдегі) өндірістің, технологиялық процесс, еңбекті ұйымдастырудың және оның жағдайларының ерекшеліктері ескеріліп, жұмыс берушінің актісімен
12
енгізіледі. Жұмыстың жылжымалы (оралымды) график мерзімі шектелмей де, жұмыскер үшін қолайлы кез-келген мерзімге де белгіленуі мүмкін. Жылжымалы (оралымды) график жұмыскердің бірнеше ұйымда жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Жұмыстың жылжымалы (оралымды) графигі жұмыскерлерге күнделікті және апта сайынғы демалудың заңнамада белгіленген ұзақтығын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте тәуліктегі жұмыс уақытының барлық ең көп ұзақтығы 10 сағаттан аспауы керек, ал ауысым басталғаннан аяқталғанға дейін кәсіпорында (мекемеде, ұйымда) болу уақыты, төленбейтін үзілістерді қосқанда, 12 сағаттан аспауга тиіс.
Өндірістік және жергілікті жағдайларға байланысты жылжымалы (оралымды) график жұмыс уақыты мен демалу уақытының әртүрлі реж имдерімен әртүрлі варианттарда қолданылуы мүмкін. Бірақ, қолданылатын графиктердің міндетті шарты жұмыс уақытының 40 сағаттық жұмыс аптасына есептелген жылдық теңгерілімін сақтау болып табылады.
Жылжымалы (оралымды) график, әдетте, үш бөлімді қамтиды:
а) "бекітілген уақыт" — жұмыскер өз жұмыс орнында болуға міндетті уақыт;
б) "айнымалы уақыт" — осы уақыт аралығында жұмыскер жұмысты өз қалауы бойынша бастауға және аяқтауға құқылы;
в) "тамақтану және демалу үшін үзілістер" - "айнымалы уақыт" - 30 минуттан кем емес және 2 сағаттан артпайтын уақыт, оны жұмыскерлер демалуға және тамақтануға пайдалануы тиіс. Бұл кезең жұмыс уақытына саналмайды.
Жылжымалы (оралымды) графикпен жұмыс істеуге құқылы жұмыскерлер, уақыттың белгілі бір кезеңіндегі олардың жеке мүдделері ескеріліп, жалпы белгіленген график бойынша да жұмыс істей алады.
Жылжымалы (оралымды) график бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлерді белгіленген жұмыс уақытынан тысқары жұмысқа тартуға Еңбек туралы Заңның 49 (мерзімінен тыс жұмыстарды шектеу), 50 (мерзімінен тыс сағаттардың ең көп саны), 51 (жұмыскерлердің келісімінсіз мерзімінен тыс жұмысқа жол берілетін ерекше жағдайлар), 56 және 59 (демалыс күндердегі жұмысқа тыйым салу, кейбір жұмыскерлерді демалыс күндердегі жұмысқа тартудың айрықша жағдайлары) баптарында көрсетілген тәртіпте және негіздерде ғана жол беріледі.
Жылжымалы (оралымды) график бойынша және толық емес жұмыс уақыты жағдайындағы жұмыстарды қатар істегенде (егер ол күшіндегі заңнамада көзделген болса) жұмыскердің жұмыс уақытының нормасы тиісінше азаяды, ол жұмыс уақытының апталық немесе айлық нормаларына сәйкес түзетіледі.
Жылжымалы (оралымды) график бойынша жұмыстың жағдайын бұзған жұмыскерлер үш айға дейінгі кезеңге бұл графикті пайдалану
құқығынан айырылады, ал әрекетті қайталаған жағдайда олар тәртіптік
13
жазаға тартылып, жұмыстың жалпы белгіленген режиміне көшіріледі.
Жылжымалы (оралымды) график бойынша жұмыс жұмыскерлерді құрылымдық бөлімше (цех, учаске, бөлім) және бүтіндей кәсіпорын (мекеме, ұйым) масштабында өткізілетін жалпы шараларға қатысудан босатпайды. Өндірістік қажеттілік болғанда жұмыс беруші жұмыскерді бір айға дейінгі мерзімге жұмыстың жалпы белгіленген режиміне уақытша көшіре алады.
Практикада жұмыс уақытын реттеудің басқа да әдістері қолданылады. Мысалы, кәсіпорыннан едәуір қашықтықта орналасқан өндірістік учаскелердегі жұмыс вахталық әдіс арқылы ұйымдастырылады. Бұл әдістің ерекшелігі сонда, мұндай учаскеде жұмыс істеген кезінде бригада сол жерде арнайы тұрғызылған жайда тұрады және тиісті уақыт өткеннен кейін ол өзінің тұрақты тұратын жеріне, кәсіпорнына қайтады. Заңнамаға сәйкес объектіде жұмыс орындау және вахталық мекендегі ауысымаралық демалу 15 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
Айрықша жағдайларда, жұмыс беруші ұйым жұмыскерлерінің өкілдерінің келісімімен кейбір объектілердегі вахта ұзақтығын 30 күнтізбелік күнге дейін белгілей алады. Бұл ретте жұмыс ауысымының ұзақтығы 10-12 сағатқа дейін ұзарады және тиісінше ауысымаралық үзілістер мен апта сайынғы демалу уақыты қысқарады. Артық істеген уақытына өтем ретінде бригадаға есептік кезең ішінде демалуға қосымша күндер беріледі.
Кейбір кәсіпорындарда, өндіріс ерекшеліктері ескеріліп кейде жұмыс күні (ауысымы) ұзақтығы белгісіз бөлікке ("ұсақталған" жұмыс күні) бөлінеді, атап айтқанда қалалық тасымалдау көлігінің жүргізушілері, сауда қызметкерлері, т.б. Бұл жағдайда жұмыс уақытының жалпы қосындысы ең көп тәуліктік нормадан аспауға тиіс.
14