
- •I. Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері.
- •1.2. Жұмыс уақытының түрлері.
- •II Жұмыс уақытының режимі.
- •2.1. Жұмыс уақытының режимі.
- •III. Жұмыс уақытының есебі.
- •3.1. Жұмыс уақытын есепке алу.
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- •I.Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері
- •II.Жұмыс уақытының режимі.
- •III.Жұмыс уақытының есебі.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясында жұмыс уақыты мен демалу уақыты азаматтардың демалуға құқығы ұғымымен байланысты (24 бап). Мемлекет жұмыс уақытының ең ұзақ мерзімін, демалудың апта сайынғы ең аз мөлшерін жене төленетін жыл сайынғы демалысты, сондай-ақ демалу құқығын жүзеге асырудың басқа да жағдайларын анықтайды.
Жұмыс уақыты – қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Оған, сондай-ақ, әкімшіліктің өкімімен белгіленген нормадан тыс орындалатын жұмыс уақыты да (мысалы‚ демалыс күндеріндегі жұмыс‚ т.б.) жатады. Еңбек заңнамасында жұмыс уақыты жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, жұмыс айының, жұмыс жылының ұзақтығымен өлшенеді. Жұмыс күні – қызметкердің кәсіпорында бір тәулік ішінде еңбек ететін мерзімі. Жұмыс күнінің ұзақтығы ғасырлар бойы әлеуметтік жанжалдардың нысаны болып келді. 20 ғасыр басында көптеген дамыған елдерде жұмыс күнінің ұзақтығы 10 – 12 сағат болып белгіленді. 1917 жылы Ресейде 8 сағаттық жұмыс күнін белгілеген декрет шығарылды. 1919 жылы Вашингтонда 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу туралы халықаралық келісім жасалды. Қазақстанда да 8 сағаттық жұмыс күні қабылданған
Жұмыс уақыты мен демалу уақытын құқықтық реттеудің мақсаты — еңбек ұзақтылығын белгілеу, сондай-ақ еңбекті қорғау, жұмыстан бос уақытта демалу құқығын қамтамасыз ету, дене тәрбиесімен айналысуға, рухани дамуға қажетті жағдайлар тудыру, мәдени-техникалық деңгейді көтеру, қоғамдық өмірге белсене қатысу.
Кәсіпкерлермен (мекемелермен, ұйымдрмен), олардың меншік түріне және шаруашылық жүргізуінің ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан, еңбектік құқық қатынастарында тұратын жұмыскерлердің жұмыс уақыты мен демалу уақытын қарастырамыз.
3
I. Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері.
1.1.Жұмыс уақыты ұғымы.
Жұмыс уақыты дегеніміз — жұмыс берушінің актілеріне және жеке еңбек шартының жағдайларына сәйкес жұмыскер өзінің еңбек міндеттерін орындайтын уақыты. Жұмыс берушінің актілеріне бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, т.б. жатады. Ал, жұмыс уақытында орындалуы тиіс еңбек міндеттеріне келетін болсақ, олар жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында жасалған жеке еңбек шартында көрсетіледі.
Жұмыс уақытының заңдық ұғымы мына нышандармен: а) еңбектік заңда, жұмыс берушінің актілерінде, ұжымдық немесе жеке еңбек шартында белгіленген ұзақтығы ретінде; б) кәсіпорынның (мекеменін, ұйымның) ішкі еңбек тәртібіне сәйкес жұмыскердің өз еңбек міндетін орындауға міндетті уақыт аралығы ретінде; в) еңбек ұзақтығын және жұмыс бойынша міндеттерді реттейтін норма немесе келісімге сәйкес жұмыскердің нақты жұмыс істеп шыққан уақыты ретінде сипатталады.
Нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайында мемлекеттің жұмыс күнін реттеу саласындағы міндеті түбірімен өзгереді. Соңғы уақытқа дейін жалданып жұмыс істейтіндердің барлығының жұмыс уақытының ұзақтығын нормалауды кәсіподақтарды қатыстырып мемлекет жүзеге асырып келді. Егер заңнамада басқадай қарастырылмаған болса жұмыс күні ұзақтығының нормасын кәсіпорын (мекеме, ұйым) әкімшілігі кәсіподақ комитетімен немесе жұмыскермен келіскенімен өзгерте алмайтын болған. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында тіптен басқаша — еңбек жағдайларын (оның ішінде жұмыс уақытының ұзақтығын) негізінен жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы келісім анықтайды. Мемлекет заң жүзінде тек жұмыс уақытының ең кеп ұзақтығын белгілейді (аптасына 40 сағат). Жеке еңбек шарттарында жақтардың келісімі бойынша жұмыс уақытынын қысқалау ұзақтығы көзделуі мүмкін. Егер жұмыс уақытының ұзақтығын азайту туралы келісім еңбек шартында көзделмесе, онда жұмыс уақытының заңда белгіленген ең көп ұзақтығы алынады.
Жұмыс уақыты жұмыскерге жүктелген еңбек міндеттерін орындаудан тысқары қаралмайды. Еңбектік құқық қатынастарының элементі ретінде жұмыс уақытын сақтау міндеті, бір жағынан жұмыскерге, екінші жағынан жұмыс берушіге жүктеледі. Ішкі еңбек тәртібінің ережелері жұмыскерді жұмысқа уақтылы келуге, жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығын сақтауға, жұмыс уақытын түгелдей еңбек өнімділігіне жұмсауға міндеттейді. Жұмыс беруші, өз кезегінде, барлық жұмыскерлердің жұмыс уақытын толық және өнімді пайдалануына жағдай тудыруға, жұмыстың уақытын толық жене өнімді пайдалануына жағдай тудыруға, жұмыстың белгіленген ұзақтығын, күнделікті жұмыс тәртібін, жұмыскерлердің демалу құқығын бұзбауға
міндетті. Нақты істелген уақытқа пайдаланылған жұмыс уақытын есепке
4
алу табелдерінде, жылдық табелдік карточкаларда және т.б. есепке алынатын жұмыс уақыты жатады. Демек, жұмыс уақытының ұзақтығы және режимін реттейтін құқықтық нормалардың қызметтік рөлі сонда, олар жұмыскердің өзінің жеке еңбек шараларын орындауын қамтамасыз етеді және оның демалу құқығына кепілдік береді.
5