- •Оттегі гомеостазының бұзылыстары
- •Гипоксия
- •Экзогендік (гипоксиялық) гипоксия
- •Эндогендік гипоксиялар
- •Тіндерде оттегінің пайдаланылмауынан дамитын гипоксия
- •Тіндерде қоректік заттардың тотығуы мен фосфорлану үрдістерінің бір-біріне ұласпауынан дамитын гипоксия
- •Гипоксия кезіндегі зат алмасулары мен физиологиялық міндеттемелердің бұзылыстары.
- •Гипероксия
- •Өкпенің газ алмастыру қызметін сипаттайтын қалыпты көрсеткіштер
- •Су мен электролиттер алмасуының бұзылыстары
- •Гипогидратация немесе сусыздану.
- •Гипогидрияны емдеу жолдарының негіздері.
- •Гипергидрия немесе сулану.
- •Гипернатриемия
- •Гипонатриемия
- •Кальций, фосфор, магний иондары алмасуының бұзылыстары
- •Гипокальциемия және гиперкальциемия
- •Фосфор иондары алмасуының бұзылыстары
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылыстары
- •Қандағы қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің реттелу жолдары
- •Жасуша ішілік қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің реттелу жолдары
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің (қсү) артериалық қандағы калыпты көрсеткіштері
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылыстары
- •Гиперкапния кезіндегі жүйелердің бұзылыстары
- •Семіздіктің жіктелулері
- •Біріншілік (идиопатиялық) семіру
- •Семірудің зардаптары
- •Гиперлипопротеинемиялар. Атеросклероз
- •Атеросклероз
- •Бауырда бос май қышқылдарынан үшглицеридтер мен бете-липопротеидтер түзілуі
- •Атеросклероздың патогенезі
- •Қан плазмасындағы майлар мен липопротеидтердің алмасулары
Семіздіктің жіктелулері
Семіздікті D.H. Ressesen (2001) кестесі бойынша анықталатын дене массасының индексі (ДМИ) мөлшерімен айқындайды (-кесте).
- кесте
Адамның бойы мен дене массасына сәйкес дене массасының индексі
(D.H. Ressesen, 2001 бойынша)
Бойы, см |
Дене массасының индексі, кг/м2
|
|||||||||||||
10 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
35 |
40 |
|
Дене массасы, кг |
||||||||||||||
145 |
41 |
43 |
45 |
47 |
50 |
52 |
54 |
56 |
58 |
60 |
62 |
64 |
75 |
86 |
147 |
42 |
45 |
47 |
49 |
51 |
54 |
56 |
58 |
60 |
62 |
64 |
67 |
78 |
89 |
150 |
44 |
46 |
48 |
50 |
53 |
55 |
58 |
60 |
62 |
64 |
67 |
69 |
80 |
92 |
152 |
45 |
48 |
50 |
52 |
55 |
57 |
59 |
62 |
64 |
67 |
69 |
71 |
83 |
95 |
155 |
47 |
49 |
52 |
54 |
57 |
59 |
61 |
64 |
66 |
69 |
71 |
74 |
86 |
98 |
157 |
48 |
51 |
53 |
56 |
59 |
61 |
63 |
66 |
68 |
71 |
73 |
76 |
89 |
101 |
160 |
49 |
52 |
55 |
58 |
60 |
63 |
65 |
68 |
71 |
73 |
76 |
78 |
92 |
104 |
162 |
51 |
54 |
57 |
59 |
62 |
65 |
67 |
70 |
73 |
76 |
78 |
81 |
94 |
108 |
165 |
53 |
56 |
59 |
61 |
64 |
67 |
70 |
72 |
75 |
78 |
81 |
84 |
97 |
111 |
167 |
54 |
57 |
60 |
63 |
66 |
69 |
72 |
75 |
77 |
80 |
83 |
86 |
100 |
113 |
170 |
56 |
59 |
62 |
65 |
68 |
71 |
74 |
77 |
80 |
83 |
86 |
89 |
103 |
118 |
173 |
58 |
61 |
64 |
67 |
70 |
73 |
76 |
79 |
82 |
85 |
88 |
91 |
106 |
121 |
175 |
59 |
63 |
66 |
69 |
72 |
75 |
78 |
81 |
85 |
88 |
91 |
93 |
109 |
125 |
177 |
61 |
64 |
67 |
71 |
74 |
77 |
81 |
84 |
87 |
90 |
94 |
97 |
112 |
129 |
180 |
63 |
66 |
69 |
73 |
76 |
80 |
83 |
86 |
90 |
93 |
96 |
99 |
116 |
132 |
182 |
65 |
68 |
72 |
75 |
78 |
82 |
85 |
89 |
92 |
95 |
99 |
102 |
119 |
136 |
185 |
67 |
70 |
73 |
77 |
81 |
84 |
87 |
91 |
94 |
98 |
101 |
105 |
122 |
140 |
187 |
68 |
72 |
76 |
79 |
83 |
86 |
90 |
94 |
97 |
101 |
104 |
106 |
126 |
144 |
190 |
70 |
74 |
77 |
81 |
85 |
89 |
92 |
96 |
99 |
104 |
107 |
111 |
129 |
148 |
Қалыпты жағдайда ДМИ 25 кг/м2 болса, ол 30 кг/м2-ден асып кеткенде семіру дейді. Осыған байланысты семіздіктің келесі дәрежелерін:
ДМИ 25-29,9 кг/м2 аралығында толық денелі адам;
ДМИ 30-34,9 кг/м2 аралығында I дәрежедегі семіздік;
ДМИ 35-39,9 кг/м2 аралығында II дәрежедегі семіздік;
ДМИ 40- кг/м2 -нан астам аралығында III дәрежедегі семіздік – деп ажыратады.
Дененің толықтығын және I дәрежедегі семіздікті дұрыс емдәммен және физикалық жаттығулармен қалпына келтіруге болады.
II дәрежедегі семіздік:
√ денеде майдың, кейде теріні қатпарланып, жиналуымен;
√ физикалық жүктеме түскенде ентігу пайда болуымен, буындар мен белдің, және артериалық қысым көтерілуінен бас ауыруымен;
√ физикалық жүктемелермен, дұрыс емдәм және дәрі-дәрмектер тағайындау арқылы нәтижелі емдеуге болуымен – сипатталады.
III дәрежедегі семіздік:
√ денеде май тым артық жиналуымен, құрсақта және бұтта жиналаған май салбырап тұруымен, теріде қабынулық өзгерістер болуымен;
√ мардымсыз физикалық жүктемеден, тіпті тыныштық жағдайдың өзінде адамның ентігуімен, аяқтардың ісінуімен, бас ауыруымен т.с.с. ;
√ адамның еңбекке қабілеттілігі тұрмақ тұрмыстық жағдайда өзі-өзі күтуі ауырлауымен;
√ ем-домдық шаралардың нәтижесіздігінен хирургиялық операциямен емдеуге мәжбүрлік болуымен – көрінеді. Бұндай науқастарда дене массасының азаюы нәтижесінде май тініндегі қылтамырларда липопротеидлипаза ферментінің белсенділігі көтеріліп кетеді. Содан бұл фермент қан плазмасындағы липопротеидтермен байланысқан үшглицеридтерді ыдырататып, май қышқылдарын босатып шығарады. Соңғылары май жасушаларына қайта сіңіріледі.
Семіздік – организмде үшглицеридтердің тым артық жиналып қалуымен көрінетін дерттік жағдай. Ол біріншілік (идиопатиялық), салдарлық (екіншілік) – деп ажыратылады. Олар өз алдына: гипертрофиялық, гиперплазиялық, андроидтық, гиноидтық және араласқан түрлеріне бөлінеді.
Біріншілік семіру – май тіні мен гипоталамустың арасындағы гормондық байланыстардың бұзылыстарынан липостаздық нүктенің жоғары көтеріліп кетуімен көрінетін дерттік жағдай. Бұл кезде қабылданған тағамның қуаттық құндылығы оның шығындалуынан басым болып кетеді. Өйткені организмдегі май тіні мен гипоталамустың арасындағы байланыстардың өзгерістерінен адамның тамақ қабылдау тәртібі, жан-дүниесі мен белгілі бір өмір салтының таңдауы өзгереді. Бұндай адамдар тамақты артық ішейін деп ішпейді, бірақ жоғарыда көрсетілген өзгерістердің нәтижесінде тәбеті жоғары болудан, тойыну сезімінің аздығынан ішеді. Ол май жасушаларында өндірілетін лептиндердің аз өндірілуінен болады. Сонымен, біріншілік семіруді өзбетінше жүйкелік-эндокриндік дерттік жағдай – деп қарастыру қажет.
Салдарлық (екіншілік) семіру – бастапқы кездерінде адипоциттер мен гипоталамустың арасындағы байланыстарының қалыпты жағдайында организмде энергия шығындалуы азаюына және майлардың жиналуына әкелетін дерттік бұзылыстардың болуы салдарынан дамитын синдром. Ол әртүрлі эндокриндік аурулардың нәтижесінде байқалады.
Гипертрофиялық семіру – май жасушаларының жалпы саны өзгермей олардың іштеріндегі май тамшыларының көлемі ұлғайып кетуімен көрінеді. Қалыпты жағдайда оларың көлемі 0,3 мкл шамасында болса, гипертрофиясы кезінде 1,0 мкл-ге дейін ұлғаяды. Содан адипоциттердің көлденең диаметрі үлкейеді.
Гиперплазиялық семіру – май жасушаларының жалпы саны қалыптыдан көбейіп кетуімен көрінеді. Бұл кезде дененің салмағы өте үлкен мөлшерлерге жетуі мүмкін. Семірудің бұл түрі гипертрофиялық түріне қарағанда тым ерте жаста байқалады. Ол іштегі бала туылмай тұрып және емшектегі балалық шақ кездерінде кездесуі ықтимал. Бұл түрі дамуында тұқым қуалаушылықтың маңызы өте зор. Семірудің гиперплазиялық түрі ересек адамдарда да кездеседі. Жас балалардағы гиперплазиялық семіруге жүкті әйелдердің қантты диабетпен сырқаттануы, олардың тым артық тамақ ішулері, балаларды тым артық қоректендіру т.с.с. жағдайлар әкеледі.
Андроидтық семіру - майдың дененің жоғарғы бөліктеріне, іште және іш құрылыстарында жиналуы. Ол еркектерге тән семіру.
Гиноидтық семіру – майдың бөкседе, жамбаста, санда және дененің төменгі жақтарында, негізінен әйелдерге тән, жиналуы. Өйткені еркектер мен әйелдердің жыныстық гормондары май тінінің әр түрлі бөліктерінде α2-катехоламиндік рецепторлардың бөлінуіне әрқилы әсер етеді. Май тінінің әр түрлі бөліктерінде әртүрлі гормондар өндіріледі. Мәселен, гиноидтық семіру кезінде адипоциттерде эстрогендер артық өндірілуінен антиатерогендік әсер байқалады, ал андроидтық семіру кезінде андрогендер артық өндірілуден, керісінше, атеросклероз дамуына қауіп төнеді. Гиноидтық семіру жартылай гиперплазиялық түрде болады. Сондықтан оны емдәммен емдеу онша нәтижелі болмайды.
Араласқан семіру – андроидтық және гиноидтық түрлері біріккен түрде кездеседі және андроидтық түрге тән атеросклероз және оның асқынуларына көтеріңкі қауіп-қатер сақталады.
Сонымен қатар, майдың ішкі ағзаларда (ішек-қарын шарбысында, шажырқайда, ішпердесі артында) және тері астында жиналуларын ажыратады. Бұндай семіруді висцералдық (ішкі ағзалық) семіру дейді. Ол андроидтық семірумен қабаттасады және ішкі ағзалардың қызметтерінің екіншілік бұзылыстары дамуына ауыр қатер төндіреді. Өйткені ішкі ағзалардың май жасушалары катехоламиндердің әсерлеріне өте сезімтал болып келеді және инсулинге қарсы әсер ететін кахексинді көбірек бөліп шығарады. Сондықтан толық науқас адамдарда осы адипоциттер инсулинге төзімділік дамуына үлкен үлес қосады. Висцералдық май жасушалары өндіріп шығарған гормондық заттар мен майлардың ыдырау өнімдері қақпалық көктамыр арқылы тікелей бауырға бағытталады. Содан бауырда заттардың алмасуына және жүйелік қанайналымға қатты әсер етеді.
Тұжырымдай келе: гиперплазиялық, андроидтық және висцералдық семірулер гиноидтық, гипертрофиялық, тері астылық семірулерге қарағанда организм үшін зияндырақ екенін көрсеткен жөн.
Осыған мысал ретінде жапондардың сумо күресімен шұғылданатын күрескерлердің толықтығын келтіруге болады. Олар, тым артық салмағына қарамай, өздерінің денсаулығын ұзақ уақыт сақтай алады. Өйткені бұл күрескерлердің артық дене салмағы қанықпаған май қышқылдарымен толықтырылған арнайы дәстүрлі түрде тамақтануына байланысты дамиды және олар ұдайы ауыр қимыл-қозғалыстарда болады. Ал қимыл-қозғалыстың аздығынан семіру кездерінде май негізінен ішкі ағзаларда жиналады.
Сонымен, майдың организмде жалпы жиналуынан көрі оның дененің жекелеген бөліктерінде жиналуы дерттануда маңыздырақ деуге болады.
Липостаздық жүйенің өзгерістері және біріншілік семірудің патогенезі
Майдың май тінінде жиналуы (липогенез) липопротеидлипаза ферментінің қатысуымен жүреді. Бұл фермент май тінінің қан қылтамырларындағы эндотелий жасушаларының сыртқы беттеріне шығып, ішектерде және бауырда өндірілген липопротеидтерден үшглицеридтерді ыдыратып шығарады. Май қышқылдары эндотелиоциттерден өтіп, жасуша аралық кеңістіктерге, артынан май жасушаларына ауысады. Оларда глицериннің қайта әтірленуі және меншік үшглицеридтердің қалыптасуы болады. Артық тамақтанғанда және біріншілік семіру кездерінде липопротеидлипазаның белсенділігі көтеріледі. Оның белсенділігі артуына инсулин ықпал етеді.
Май жасушаларында май глюкозадан да түзіледі. Инсулин май тінімен глюкозаның қамтылуын күшейтіп, одан май түзілуін арттырады. Липогенез α2-адреномиметиктердің әсерлерінен де күшейеді. Глюкокортикоидтық гормондар майлардың әрі түзілуін, әрі ыдырауын арттырады. Олардың әсері катехоламиндердің май жасушаларына пермиссиялық (қолдаушы) әсерінен байланысты болады. Дененің әр түрлі бөліктерінде орналасқан май тіндерінде катехоламиндерді қабылдайтын адренорецепторлардың жиынтықтары да әрқилы болудан гиперкортицизм кезінде глюкокортикоидтардың әсерлерінен май негізінен бетте, мойында және дененің жоғары жақтарында артық түзіледі. Бұл кезде аяқ-қолдарда липогенез, керісінше, азаяды.
Майлардың ыдырауын (липолизін) май жасушаларының іштерінде болатын гормонға тәуелді липаза ферменті қамтамасыз етеді. Ол ц-АМФ- тәуелді протеинкиназамен әсерленеді. Адипоциттердің сыртқы беттеріндегі рецепторларға норадреналин әсер етуден аденилатциклаза әсерленіп, май жасушаларының ішінде ц-АМФ көбеюден липолиз күшейеді. Бұл катехоламин май жасушаларына β3-адренорецепторлары арқылы әсер етеді. Осыған байланысты біріншілік семіруге бейімділігі бар адамдардың адипоциттерінде β3-адренорецепторлардың әсерленуі төмен болады. Осыдан майлардың ыдырауы кеміп кетеді.
Аденогипофиздің гормондары: кортикотропин, соматотропин, лютеотропин, тиреотропин, липотропин және қалқанша бездің гормондары, симпатикалық-адренергиялық жүйенің қозуы майлардың ыдырауына әкеледі. Осыдан қанда май қышқылдары мен глицерин көбейеді. Май қышқылдары онда әлбуминмен байланысып бауырға тасымалданады. Біріншілік семіруге бейім адамдарда глицериннің көп бөлігі қайтадан үшглицеридтерге айналады. Сонымен бұндай адамдардың адипоциттері үшглицеридттерден айырылғысы келмейді. Липолизге қажетті гормондық липаза ферментінің белсенділігін инсулин тежейді. Сол себептен гиперинсулинизм кезінде (инсулинге тәуелсіз қантты диабеттің 2-түрінде және инсулинома кездерінде) адамның салдарлық толып кетуі байқалады.
